kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің елім - Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

  •  Оқушыларды мәнерлеп оқыту, сахналық көрініс көрсету,Қазақстан мемлекетінің ұлттық нышандары туралы айту, ұлттық белгілердің мән-жайынан мағлұмат беру және тарихи елеулі оқиғалармен таныстыру арқылы білімдерін молайту.
  •   ҚР-ның тәуелсіздігін алғалы бері жеткен жетістіктеріне, рәміздеріне шолу жасаумен бірге, ел байлығы: пайдалы қазбалары мен кен орындарына тоқталу арқылы оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын, талғамдарын және Отанға деген патриоттық сезімін дамыту.
  •    Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту,өз жерін, елін және туған өлкесі мен байлықтарын қорғуға, өз елінің рәміздерін сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің елім - Қазақстан»

Менің елім-Қазақстан


Тәрбие сағаттың мақсаты:

А) Оқушыларды мәнерлеп оқыту, сахналық көрініс көрсету,Қазақстан мемлекетінің ұлттық нышандары туралы айту, ұлттық белгілердің мән-жайынан мағлұмат беру және тарихи елеулі оқиғалармен таныстыру арқылы білімдерін молайту.

Ә) ҚР-ның тәуелсіздігін алғалы бері жеткен жетістіктеріне, рәміздеріне шолу жасаумен бірге, ел байлығы: пайдалы қазбалары мен кен орындарына тоқталу арқылы оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын, талғамдарын және Отанға деген патриоттық сезімін дамыту.

Б) Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту,өз жерін, елін және туған өлкесі мен байлықтарын қорғуға, өз елінің рәміздерін сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау,сұрақ-жауап.


Сабақтың көрнекілігі: магнитафон, суреттер,мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, Әнұран жазылған планшет, Елтаңба, Жалау, плакат.


Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Аяулы да ардақты ұстаздар!

1-жүргізуші: Білімді ұрпақ!

2-жүргізуші: Бүгінгі Сіздердің назарларыңызға «Менің елім- Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Отан- адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын адамдардың атамекені.

1-жүргізуші: Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы, Біздің өлкеміздің табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады.

2-жүргізуші: Бірнеше кен байлықтарымыз бар, атап айтсақ: темір, мұнай, фосфор, марганец, хромит, алтын, тұз, т.б.

1-жүргізуші: Қазақстан солтүстігінде- Ресеймен, оңтүстік шығыста- Қытаймен, оңтүстікте- Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан, Батыста- Каспий арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.


2-жүргізуші:Қазақстан, менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап- дей келе, еліміздің өсіп-өркендеуі, қол жеткізіп отырған табыстары өркениетті елдер қатарынан көрініп отыр. Олай болса, еліміздің рәміздері жайлы тыңдайық.

Болат: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, ту болмады дегенге?

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар

Болмаған,- деп-Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен, таңба?!

Аяулым:Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесін.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі деп білерсің.

Еске белгі-ұранда,

Сары алтындай сақталған.

Күн,шұғыла, қыран да,

Алтын түспен апталған.

Сол жағында матаның,

Қызыл түсті жолақ тік:

Мұратындай атаның,

Әсем өрнек ол ұлттық.

Көк байрағы бабаның-

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Мияты әке, баланың-

Қазақстан Жалауы!

Арайлым: Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар-

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы-

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ- жұрт панасы,

Уықтар - күн сәулесі.

Сүйсіндірген өзіңді,

Түсіне біл таңбаны:

Аңызда ұшқыр, төзімді,

Пырақ-халық арманы.

Жоғарыда түсер көз,

Бес тармақты жұлдызға.

Ал «Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл-қызға.

Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай белгіміз-

Маған, саған қымбатты,

Елтаңбасы ол-еліміз!-деп ақындарымыз жырлағандай, халқымызда ұлттық ту да, елтаңба да, әнұран да бар. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге қастерлеуге әрбір қазақ баласы міндетті.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

1-жүргізуші:Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауратқан таңдардан сені іздедім?-деп ақын ағамыз М.Мақатаев жырлап өткендей ендігі кезекті көркем сөзге береміз.

Оқитындар: Саят пен Әділет

Руфия: Балалар, қарап отырсам әрбір өркениетті мемлекеттің өзінің әсем де, сұлу астанасы бар екен. Олай болса, еліміздің бас қаласы...

Бәрі: Астана.


2-жүргізуші:1997 жылғы 10 желтоқсан жаңа Астананың туған күні болып тарихымызға алтын әріппен жазылды.Дүние жүзі картасында жаңа «Астана» қаласы пайда болды. Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып

Көңілім әнді ұғады

Жүрегім бойы жылытып-дегендей өзінің әсем әнін Саят тарту етеді.Әннің аты «Қазақ елі».


Сабина: Беу, Астана, ардақты ақ қаласың,

Жасап жатыр туған ел салт-жорасын,

Туған күнің Астана құтты болсын,

Бақыт пен ортаймастай бақ орнасын.


Аяулым: Әлдеқалай түспейді адасып нұр,

Астанаға сұлу тәж жарасып тұр.

Жап-жаңа бұл Астана әлемдегі,

Көшелермен бой түзеп таласып тұр.


Болат: Жаңа жырға бөлеймін Астананы,

Маған шипа ақпанда ақ бораны.

Маңдайына береке, бақ қондырған,

Жаңа заман ол- жаңа астанасы.


1-жүргізуші:Қазақстан унитарлы мемлекет болып саналады. Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген және елімізде ірі де, әсем де пайдалы қазбаларға бай қалалр көп.Ендеше сол қалаларды ортаға шақырайық.

Алматы-жері жайсаң облыс.

Ақтөбенің ақ тартысы мол ырыс.

Атырау-мол Қазақстан мұнайы.

Жамбыл-жайлау, шұрайлы, қазыналы.

Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы.

Көкшетаудың көп-көгілдір аймағы.

Қарағанды- қара алтынның қоймасы.

Қостанай-құт,қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда- күрішті, сыр сағасы.

Орал-көне Ақжайықтың жағасы.

Өскемен-өр шығыста Алтай аясы.

Павлодар-қара Ертістің саясы.

Қызылжар-солтүстігім орманды.

Семей-аңыз, Шығыстаудай қорғанды.

Талдықорған-жер жаннаты көң бағы.

Астана-Арқада ыстық алқабы.

Шымкент-ыстық,оңтүстігім мақталы.


1-жүргізуші: Міне, табиғат-ананың бізге берген кереметтерімен қалайша мақтанбаймыз!

2-жүргізуші: Алайда, осы табиғат-ананың бізге берген сыйын қорғай, аялай алмасақ мынадай жағдайда душар болуымыз әбден мүмкін.

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Ендеше, еліміздің экологиялық жағдайына байланысты 3 сынып оқушыларының дайындаған шағын көрінісін тамашалаңыздар.


Көрініс:

Қарт:О, адамдар туған еліңді, ата-қонысыңды, Отаныңды тастап қайда барасың?

Кемпір:Кетпеске амал барма, елім тозып, өзен-көлім құрғап, жерімнің тоз-тозы шықты ғой.

Қарт:О, Жер-Ана, неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған? Сенімен бірге бүкіл далам түнеріп тұр.

Жер-Ана:Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын? Қаршы мына байтақ далама, не болып жатыр, нені көрмеді! Мен де тоздым, ел де тозды. Қарашы, мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалап шалқақтаған шағалаларым қайда, теңізді қақ жарып өтіп жатқан кемелерім қайда, теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның қаңқасы қалды. Адамдардың көпшілігі ауруғу шалдықты. О, Адамзат не ойың бар?!(Жер-Ана иіліп отырады.)

Қарт:Туған жерді сүю- парыз,

Сүю үшін- білу парыз.

Күзетінде туру- парыз,

Қасиетін ұғу-парыз.


2-жүргізуші:Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай сұлу кезімде

Би билеймін дөңгелеп.

«Қазақ биі» билейтіндер:Аяулым мен Сабина


1-жүргізуші:Отаным, кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорған-ды.

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.

2-жүргізуші:Қазақ батыр ел деймін,

Ұл мен қызды ер деймін.

Ата-қоныс жерімді,

Мен ешкімге бермеймін.

Хор: «Менің елім»


1-жүргізуші: Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам- менің.


2-жүргізуші: Орманы –пүліш, бұлағы-күміс,

Қазақстан Республикам- менің.

Таулары заңғар, өзені ырыс,

Қазақстан Республикам- менің.


1-жүргізуші: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.


2-жүргізуші:Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде!

Өзіңдікі Туың да,

От пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буында!


1-жүргізуші: Сондықтан, елдің болашағы мен ертеңі, жас ұрпақ-Сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші, ел үміті ақтау- Біздермен өлшенбек.


2-жүргізуші: Қадірлі қонақтар, аяулы ұстаздар мен достар бүгінгі «Менің елім- Қазақстан» атты мерекелік тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің елім - Қазақстан

Автор: Бекбулатова Шынар Жанбаевна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 354841

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Мені? Отаным,Елім ?аза?стан! "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-otanym-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "242664"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445517797"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мені?  Т?уелсіз ?аза?станым!»"
    ["seo_title"] => string(32) "mienin-t-uielsiz-k-azak-stanym-1"
    ["file_id"] => string(6) "290104"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454923264"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Т?уелсіз   елім-?аза?стан! "
    ["seo_title"] => string(29) "t-uielsiz-ielim-k-azak-stan-1"
    ["file_id"] => string(6) "208992"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430994377"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты Мені? елім - ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-mienin-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "265894"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450036415"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Т?уелсіз елім - ?аза?станым» ерте?гілік сценариі "
    ["seo_title"] => string(55) "t-uielsiz-ielim-k-azak-stanym-iertien-ghilik-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "169473"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423411990"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства