kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым» 

Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, презентация

 


Барысы:  Құрметті оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мемлекеттік рәміздер мақтанышым»»

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым»

Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, презентация



Барысы: Құрметті оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.



Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.



Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырамыз.

Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы -
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.

Ендеше елтаңба жайлы, оның мағынасы жайлы түсінік беріп отейікші

1-оқушы: Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен  Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
2-оқушы: Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.
Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.
Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

Ту жайлы айтып отейік

3-оқушы:

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры  ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

 Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                         Түсіндей боп көгімнің

Ән:Көк тудың желбірегені

4-оқушы:

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі халқымыздың.
5-оқушы: Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.
Мұғалім: Мемлекеттік туымыздың авторы кім?
Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Мұғалім: Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
6-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
7-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?
8-оқушы: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер

Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар
1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?

4. Еліміздің жер көлемі
5. Қазақстанда қанша облыс бар?

6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі?

8. ҚР - ның тұңғыш президенті кім?
9.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз

10. ҚР - ның рәміздерін атаңыз


Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

Ел нышандары

 Қош сау болыңыздар.























«№5 мектеп-лицей» КММ











«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым»







Өткізген: Жұмағұлова Ж.М.

Сынып: 8 «Г»













2020-2021 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым»

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 02.04.2021

Номер свидетельства: 577360

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Викторина "Мемлекеттік р?міздер" "
    ["seo_title"] => string(34) "viktorina-miemliekiettik-r-mizdier"
    ["file_id"] => string(6) "179344"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424976684"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Мемлекеттік р?міздер - ма?танышым! "
    ["seo_title"] => string(37) "miemliekiettik-r-mizdier-mak-tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "158451"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421748421"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Мемлекеттік р?міздер ма?танышым"
    ["seo_title"] => string(39) "miemliekiettik-r-mizdier-mak-tanyshym-1"
    ["file_id"] => string(6) "308466"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458583119"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Р?міздер ма?танышым 4 сынып т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(46) "r-mizdier-mak-tanyshym-4-synyp-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "132091"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416288606"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Р?міздерім-ма?танышым"
    ["seo_title"] => string(22) "rmizdierimmaktanyshym1"
    ["file_id"] => string(6) "330881"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464437272"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства