kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік р?міздер ма?танышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? аса ма?ызды мемлекеттік белгілер- р?міздер ж?ніндегі білімдерін жан-жа?ты сарап?а салу, олар?а мемлекеттік белгілерді? аса ма?ызды екенін ??ындыру, оны ерекше ??рметтеп, ма?тан т?ту керектігін ашып к?рсету. 2. Дамытушылы?: Ой-?рісін, танымды? ?абілетін, жеке дара т?л?а ретінде дамыту. 3. Т?рбиелік: Отаншылды?, ?лтжандылы??а, ?з елін, тегін, тарихын с?юге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік р?міздер ма?танышым»

Тәрбие сағатының тақырыбы Мемлекеттік рәміздер мақтанышым
Білімділік:  Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер     жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
 2. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
3. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер т.б. 
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні  орындалады
 Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
 Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.   ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»-делінген.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан–жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
  1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
  Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
 Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн–тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
  Асқақтаған Гимн. Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді  түрегеліп жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Гимні музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Гимнның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл Гимннің сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
 Осы көк туымызды желбіретіп ұстап, гимнді асқақтата шырқайтын біздерміз.
Біз Қазақстан Республикасының сенімді болашағымыз! Осы рәміздеріміздің еңсесі ешқашан түспесін, оны кір шалмасын, мәртебесі өсе берсін.!
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.
Олай болса, өз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлейік!
 Бұл–біздің Гимн!
 Бұл–біздің Ту!
Бірге:Бұл–біздің Елтаңба!
Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар............(Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады............(Гимн)
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.


Қазақстан Республикасының Рәміздері

ҚР рәміздері

Мемлекеттік туымыздың аспан текті зеңгір көк тусті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол - адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк тус ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді.
Аспанкөк түс - қазақтың ұлттық бояуының реңі. Ұлттың менталитеті, танымы, мәдениеті мен бұл түске деген айырықша ілтипаты осы ойға жетелейді.
Табиғат - көшпелілердің өмір суру ортасы ғана емес, бүкіл тіршілігінің ажырамас бөлігі. Табиғаттың төл баласы қазақ та айналасының бәріне көгілдір арман көз әйнегімен қарайтындай. Ашық аспан, көк тіреген биік таулар, мөлдір сулар, көкжиекпен астасқан көкмайса қырлар - бәрі де бір ғана ғажайып тәңірлік түс зеңгір көк реңмен жан баурайды. Тіпті, кейде жасыл түстің өзі көктей көрінеді. Жасыл шөп деудің орнына көк шөп дейміз. Құс төресі ару аққудың өзінің көгілдірін іздейміз. Тегін бе? Әрине, жоқ. Жан жылуы, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен адалдық, жақсылыққа сену тәрізді ұлттың менталитетін құрайтын қасиеттер де аспан көк түске байланысты образдар бойына қапысыз сіңірілген. 
Ата-бабаларымыз көтерген бөрілі байрақ атауы -"Көк асаба". Олар жай бөрі емес, "көк бөріні" кие тұтқан. Аспан түстес асыл ту астында қайырсыз қас дұшпанның қабырғасын қақыратып, кең-байтақ атамекенінің әр сүйемін көлденең көк аттыдан қызғыштай қорыған қайсарлығымен айдай әлемге танылды. Тарихта көшпелілер мәдениеті деген атпен белгілі бітімі бөлек өркениетті орнықтырды.
Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек -сондай айтары мол астарлы айшықтар. Олармен бірге халқымыздың тарихи зердесі де қайта оянғандай.
Күн образы - байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі (шеңбер) өміршеңдік нышаны деп саналады.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран - дала бүркітінің де орны бөлек. Тарихшы Рашид-ад-диннің куәлік етуіне қарағанда, Оғыз хан ұлыс үлестірген кезде үлесіне ұшы-қиыры жоқ киелі кең дала тиген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін ұсынған екен. Нышандық мәніне келер болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағу нышаны. Сонымен бірге жолына кесе-көлденең тұрып, аяқтан шалғысы келетіндерді топшысымен қағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
Қазақстан Туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапты. Біріншіден - бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі. Екіншіден - ол күн астында тұр. Қанатында Прометей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемі әсер қалдырады. Үшіншіден - қозғалыс үстінде бейнеленген. Асқақ арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай. Рәміздік тұрғыдан алғанда бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.
Қазақы дүниетанымда қыран құсқа байланысты еркіндік, асқақтық, тәкәппарлық, қайрат-жігер, биік мұрат, кең пейілділік пен жан тазалығы тәрізді ғажайып ұғымдар ойға оралады. 
Мемлекеттік туды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті ("Қош-қар мүйіз") жолақ. Бұл өрнек сонау сақ дәуірінен белгілі.
Ұлттық ою-өрнек - халқымыздың қолданбалы өнерінің ең ұлы жетістіктерінің бірі. Ол - қазақ мәдениетінің ең бір төлтума түрі. Мамандардың пікірінше, онда көшпелілердің көркемдік танымы барынша жарқын көрініс тапқан. Бүгінгі күнге дейін жеткен ою-өрнектер талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінің, талай ғасырларға созылған үздіксіз ізденісінің жемісі.
Дәстүр бұзылмаған, Ұлттық ою-өрнектер сонысымен ерекше бағалы. 
Алтынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемі зерленген рәміздік жеке белгілердің бояуы Мемлекеттік тудың шымқай зерен көк реңімен әдемі үйлесім тапқан.
Ресми анықтамаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы кумбез тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала кун сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар".
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер тура дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пошымға (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.
Әлемдік тәжірибеде сыртқы түр-пішіні әр алуан ел-таңбалар кездеседі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының пішіні - дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішіне орналастырылған. Рәмізтануда кең тараған кескін әлемге алғаш шығыстағы көшпелілер өркениетінің өнер туындысы ретінде тараған. Мән-мағыналық жоралғысы: тіршілік белгісі, өмір нышаны. Әдетте жас жұбайлардың үйлену тойына ша-қыру қағаздарының сыртында өзара айқасқан қос шеңбердің суреті салынуының, тіпті бір-бірімен дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г. Фелькерзам көшпелілердің дөңгелек шеңберге деген ықыласы бөлек екенін тап басып таныған.
Елтаңбаның басты белгі-нышаны (герб) - рәміздің негізгі көркемдік-идеялық жүгін арқалап турған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар - одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қисыны табылып, керегелердің көрінісі де берілген.
Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ дүние космосының кішкене көшірмесіндей әсер қалдырады. Қазақстандықтардың ортақ шаңырақтағы тату-тәтті тірлігі, ортақ Отан тағдырына деген жауапкершілік идеялары - шаңырақ образына қатысты туындайтын ойлар мен әсерлердің бір парасы. Табылған көркемдік шешім жа-расымдылығымен әрі жаңашылдығымен назар аудартады.
Көшпелілер мәдениетінде шаңырақтың пайда болуы ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктеріне және соған орай ойлау жүйесінде орныққан ұғымдармен тығыз байланысты. Ол сырттай аспан күмбезіне қалай ұқсаса, оның адамдардың ішкі жан-дүниесінде тіршіліктің аса маңызды заттық құралы ретінде сәулеленуі де сондай ақиқат.
Шаңырақ - отбасының, одан да асыра алғанда бүкіл адамзат ұясының нышаны. "Шаңырақ" ұғымының әлеуметтік мәні зор. Елтаңбадағы қасиетті қара шаңырақ бейнесі: "Асыл діңгек аман болсын. Алтын бесік мәңгілік тіршілік әлдиімен тербеле берсін. Үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла шаншысқан еншілес ел-жұртқа да бірге бақыт тілейік. Ортақ шаңырақ-биік, ортақ босаға- берік болсын. Отанымызға талмай адал қызмет етуге жазсын", - деген өрелі ойларға жетелейді. Барлық ұлттар өкілдерінің жанына жақын образдық жүйе жалпы адамзаттық игіліктер аңсарына ұштасар ұлы ниет-терге бастайды.
Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі деталь - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі.
Жылқы жануары батылдық, көрегендік пен айырықша ерік-жігер нышаны деп есептеледі.
Ат - көшпелілердің өмірлік серігі. Мінген көлігі ғана емес. Ет пен қымыз - қазақ тағамының негізі, тері - киім, жал - музыка аспаптарының шегі. Жауынгерлік өнерде, дәстүрлі спорт түрлерінде, ұлттық ойындарда ("көкпар", "бәйге", "құс салу", "қыз қуу", т.б.) да сұлу да берік текті тұлпарлар кең пайдаланылады.
Қазақ дүниетанымында жылқы - адам тектес. Басқа жануарлардың бәрі де тек адамға қызмет етеді, ал жылқы алдында адамның өзі бас иіп, қызмет етуге әзір.
Елтаңбада қыран қанатты қос тұлпар - қос пырақ бейнесі бедерленген.
Қанат - асқақ арман нышаны. Бул жерде ол еңсесі биік, дәулеті тасыған тәуелсіз мемлекет құру жөніндегі ел мұратын еске салады. Қанатты тұлпарлар - елдің өсіп-өркендеуіне, дәулеті тасып дамуына қатысты табиғи тілектердің, сол сияқты қоғамдағы әр түрлі мүдделермен және ғаламдық өркениет үміттерімен үйлесім табуға деген ұмтылыс пен ізгі ниеттің де көрінісі.
Биікке ұмтылу, дамудың төменгі сатысынан жоғарғысына дейін көтерілу - әлемдік өркениет мұраттарының бірі. Асқақтық, самғау, биік мақсаттарға жету деген үғымдар адам үшін де, қоғам үшін де қастерлі. Күйкілік қораштыққа жатады.
Қанат образының терең рәміздік мәнінің Мемлекеттік елтаңбада жақсы жарасым табуы - жалпы мәдениет заңдылықтарының, оның ішінде нышандық емеуіріннің, типологиялық образ жасау мүмкіндіктерін пайдалану жемісі. 
Мемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай мүйізді әпсаналық арғымақтар бейнеленген. Олар киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Ортақ үйіміз - қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Тәуелсіз елімізді көздің қарашығындай қастерлеп, сол жолда жан сала қызмет ету -қиялдағы қанатты пырақтар бейнесінің астарында жатқан басты лейтмотивтердің бірі.
Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға меңзейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының рәміздік астарында аса ауқымды мән-мағыналар жатыр. Оның ел өмірінде ерекше орын алуының сырын да осындай терең қатпарлардан іздеу керек.
Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі бояу алтын түсті рең. Рәмізтану дәстүрі бойынша алтын-байлықтың, әділдік пен кеңдіктің белгісі. Графикалық түрде көп нүктемен белгіленеді.
Елтаңбада көгілдір түс те бар. Ол алтын түсті рең-мен әдемі жарасым тапқан.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының мағыналық және көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімі, сол сияқты, оны жасаудағы жоғары кәсіби шеберлік білгір мамандар тарапынан жақсы баға алып жүр.
Гимн
Мемлекеттік әнұран - елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді.
Өнер туындысының маңызды саяси-әлеуметтік міндет атқаруының астарында айырықша сыр бар. Ол өнердің адам жанына әсер етіп, оның іс-қимылы мен ой-аңсарына тікелей ықпал ету қасиетімен байланысты.
Саз бен сөз арқылы өмірдің бүкіл бояуын, тағдырдың барлық мағыналық-әсерлік болмысын танытуға болады. Олар адам баласының ішкі дүниесін, жан ауаны мен асқақ аңсарын жайып салып, жеткізудің ең қүдіретті қүралдары саналады.
Музыка мен поэзия әлеміне енген адам тылсым табиғат ырғағын тап басып, керемет күйге бөленеді. Ал ырғақ болса табиғи және әлеуметтік болмыстарды біріктіру арқылы адам жанында бүкіл тіршілікке деген ортақтас-тық сезім оятады.
Мемлекеттік әнұранға да елдің намысының туы, ары-ның айнасы, жоғары отаншылдық рухының көрінісі ретінде қараған жөн. Соған лайық ән мен сөз табу қай халықтың да арманы болса керек.
Ұлы композитор Мұқан Төлебаевтың Евгений Брусиловский және Латиф Хамидимен тізе қосып отырып шығарған әйгілі әуені қазақ елінің әнтұмары міндетін 1944 жылдан бері атқарып келеді. Ғаламдық қан төгістегі жақын қалған жеңіс рухы, соған орай көтерілген халқымыздың ұлттық рухы өлмес өнер туындысының дүниеге келуіне тікелей ықпал еткен тәрізді... 
Мамандар Мемлекеттік әнұран әуенінің музыкалық жарасымын, жанға жайлы әсерлілігін және өзгеше оптимистік рухтағы өршілдігін бөле-жара атайды.
Гимн әуенінің өзіндік болмысы тамыры тереңде жатқан ұлттық музыка мәдениеті ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бірқатар ғалымдар қазақтың қобызы / Бәйге шарттары жарияланар тұста осы орайда болашақ авторларға қалай көмектесуте болады, алдын ала бағыт-бағдар сілтеген жөн бе деген ойлар да туды. Бірақ қасиетті іске дайын қалып ұсына қою қиын дегенге тоқтадық. Расында да, тарихи зерде ұрпақтан ұрпаққа ұластырған халықтық таным тағлымы, "әнұран жыры" деген қасиетті ұғымдар ақын миының мың градустық домнасының от-жалынынан қайнап шыққанда қандай қорытпаға айналарын қалай болжап білерсің?! Ел тұмарына айналар асыл сөз, жүрегіміздің ең бір нәзік қылын тербелтер төл жырымызға айналатын аруақты өлең жазу, ең алдымен, бәйгеге түскен жүйріктің, хас таланттың өзіне түсер салмақ болса керек. Сөйтіп, елдігімізге тән ерлік бүл жолы ақындардан күтілді.
Жан-жақты сыннан сүрінбей өтіп, маңдайы жарқы-рап келген жыр-жоба дүлдул ақындарымыз: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Түманбай Молдағалиев, жас ақын Жадыра Дәрібаева бірігіп жазған мәтін болып шыққаны белгілі. Ол - ел Парламентінің сессиясында бекітілді.
Озып шыққан творчестволық топтың сыры неде болуы мүмкін? Тегінде, алдымен, құрамының сәтті іріктелуінде болса керек. Авторлардың ортақ творчестволық қуатында жоғары поэтикалық шеберлік, зор шығар-машылық және өмірлік тәжірибе айырықша орын алады. Авторлардың үшеуі - Қазақстанның халық жазушысы және әрқайсысы 300-400 ән мәтіндерін жазған. Олардың арасында Мәскеудің әдебиет институтын бітірген, қазақ және орыс тілдерінде қатар жыр жазып жүрген жас ақынның болуы да үсынылған жобаға жаңашылдық рең беруге әсер еткендей.
Әнұран үш шумақ пен қайырмадан тұрады. Олар біртұтас шығарманың қүрамдас бөліктері әрі маңызды құрылымдық элементтері.
Мемлекеттік әнұранның мазмүндық-идеялық мәні туралы сұраққа жауап бергенде, оның авторларының бірі М. Әлімбаев былай дейді: "Біздің ойымыз бойынша бірінші шумақта Қазақстанның ерлікке толы өткені ту-ралы тақырып, ал екінші шумақта - көптеген халықтар-дың тағдырын бір арнаға тоғыстырған республикаға айналған қазіргі Қазақстан тақырыбы қамтылды. Үшінші шумақта келешекке көзқарас жөнінде сөз болады. Қа- йырмада біз Қазақстан халқының бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді көздің қарашығындай сақтау қажеттілігі туралы айтқымыз келді".
Әнұран қашан да дәуір рухынан туады. Халықтың тағдырымен байланысты ойларды кәделеп, халықтың жүрегін билеген ортақ сезімдерге негізделеді. Қазақ-стан Республикасының тұңғыш әнұранының мәтіні де -оны өмірге әкелген тарихи кезеңнің туындысы.
Мемлекеттік әнұран - өзгеше рухани туымыз. Бағзы бабалар ақылды - сары, денені - қызыл, ал рухты - көк туспен бейнелейді екен. Бұл ретте мемлекеттік тудың көк шулан реңі де ерекше мағынаға ие болады. Ал әнұранда халқымыздың бостандық сүйгіш көңілі, тари-хи тамырының тереңдігі және болашаққа деген үміті көрініс тапқан. Ол бізді көне де киелі қазақ жерінде, бейбітшілік пен береке, татулық пен ізгілік мәңгі салтанат құра беруі жолында бірігуге шақырады.



























































































Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштіксезімін қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропадабет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.
Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн,арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшiШәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түстүркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiңтазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимн

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!










Руслан:
 Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

Балауса:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

  Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды .
Босағада  қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
1-топ:  Өзіңдікі туың да,
             От пен ауа, суың да.
              Жаса Қазақстаным,
              Белді бекем буын да!
2-топ:   Елтаңбасы елімнің
              Неткен көркем, әдемі.
              Тұнығындай көңілдің
              Ортада аспан әлемі.
3-топ:   Әнұраным, жан ұраным,
              Айтар әнім, сөйлер сөзім.
              Туған жерім-сағынарым,
               Мәңгі-бақи шырқалады



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мемлекеттік р?міздер ма?танышым

Автор: Кенжебаева Нурсулу

Дата: 21.03.2016

Номер свидетельства: 308466


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства