2- тапсырма
Байдың көлшігі туралы жұмбақ
Бір байдың ауласында көлшік (пруд) болыпты. Көлшігі тең төртбұрышты екен. Төрт бұрышында төрт ағаш өсіп тұрыпты.
Бір күні бай көлшіктің көлеміне көңілі толмай, үлкейткісі келіпті. Ол үшін өзіне бақташыны шақырыпты. Бай бақташының алдына үш шарт қояды:
- Көлшікті екі есеге ұлғайту керек
- Бірақ көлшіктің формасы өзгермеу қажет
- Және ағаштар орнынан қозғалмау керек.Суға батпау керек,
Бақташы басын қатырып, ақырында байдың үш шартында орындап, көлшікті ұлғайтыпты.
Риза болған бай бақташыға бір қап алтын беріпті.
Бақташы көлшікті қалай үлкейтті?