kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

???ы?ты? жауапкершілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

бльышщооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооччччччччччччьтттчьббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббччччччбббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббб

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«???ы?ты? жауапкершілік »

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Құқықтық жауапкершілік»

Мақсаты:

1.Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.

2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе сөз

2. «Жоғалтушы-табушы» ойыны

3.«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

4. Эссе жазу. (тақтада ілулі тұрған тақырыптар бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау)

Мұғалім: Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян етілген.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті.

Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл — құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән қауіпті дерт.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі — оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.

Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы.

«Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп анықталған.

Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.

Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы ата – аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.

Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады»

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.

Құқық - қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.

ІІ. Бөлім «Жоғалтушы-табушы» ойыны

1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)

2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)

3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет

1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)

5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)

6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)

7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)

8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)

10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)

11. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)

12. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)

13. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)

14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)

15. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)

16. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)

17. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)

18. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)

19. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге

құқығы бар)

20. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)

ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)

3. Ақырын жүріп... (анық бас)

4. Асыл тастан ... (өнер жастан)

5. Тура биде ... (туған жоқ)

6. Ұрлық түбі ... (қорлық)

7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)

8. Әдепті бала ... (арлы бала)

9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)

10. Әділ істің ... (арты игі)

IV. бөлім. Эссе жазу. (тақтада ілулі тұрған тақырыптар бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау)













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
???ы?ты? жауапкершілік

Автор: Хамзина Айнагуль Есмагуловна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156696

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтары"
    ["seo_title"] => string(73) "ok_ytu_mien_ok_u_t_zhiribiesindieghi_zhan_a_t_sildierdin_tiimdi_zhak_tary"
    ["file_id"] => string(6) "437586"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510111785"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Тәрбиеші-болу бақыт""
    ["seo_title"] => string(22) "t_rbiieshi_bolu_bak_yt"
    ["file_id"] => string(6) "416147"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494999488"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Жеке т?л?аны? бостанды?ы мен жауапкершілігі "
    ["seo_title"] => string(54) "zhiekie-tu-lg-anyn-bostandyg-y-mien-zhauapkiershilighi"
    ["file_id"] => string(6) "169348"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423399931"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Ба?ыт сыры"
    ["seo_title"] => string(13) "bak-yt-syry-1"
    ["file_id"] => string(6) "316892"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460198522"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Ба?алау критерийлерін ?олданып о?ушыларды? саба??а деген жауапкершілігін арттыру. "
    ["seo_title"] => string(95) "bag-alau-kritieriilierin-k-oldanyp-ok-ushylardyn-sabak-k-a-dieghien-zhauapkiershilighin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "151238"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420652258"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства