kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А??уды? ?анатында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, ?азіргі Райымбек (б?рын?ы Нарын?ол) ауданыны? ?арасаз ауылында д?ниеге келген. Алайда, ??жаттар бойынша а?ынны? ту?ан к?ні а?панны? 9-нда тойланады. Б??ан тиісті а?ынны? анасы На?иман апа былай деген: «М??а?алиым 1931 жылы наурыз айыны? 8-інде д?ниеге келген болатын. Жа?ылысуым м?мкін емес. Себебі балам мынау ф?ниді? есігін аш?аннан біраз уа?ыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз к?же жасаймыз деп к?тіп отыр?анбыз.» М??а?али Ма?атаев атында?ы ?деби сыйлы?ты? лауреаты Ораза?ын Ас?ар а?ынны? екінші ту­?ан к?ніне байланысты мынадай с?з айта­ды: «Ал ??жат бойынша М??а?али 9 а?пан­да д?ниеге келген. Б?л ку?лікті а?ын ес білген кезде сол кездегі сайлау нау?анына байланысты ?зі жаздырып ал?ан екен».[1] Азан ша?ырып ?ойыл?ан аты - М?хамет?али.[2] ?кесі ?арапайым шаруашы:колхозда сушы, шал?ышы болып істеген. М??а?али ?йді? т???ышы бол?ан, оны? артынан бір ?ыз ж?не ?ш ?л туыл?ан. А?ынны? ?арындасы мен ал?аш?ы інісі ерте к?з ж?м?ан. Со??ыларыны? есімдері - То?тарбай мен К?рпеш. ?аза? д?ст?рі бойынша ?йді? ал?аш?ы баласы ата-?жесінен т?рбие алуы тиіс, сонды?тан М??а?али ?жесі Тиынны? ?олында ?сіп, анасын же?гесіндей ?абылдайды. Балалы? ша?ы со?ыспен ?атар ?ткендіктен, а?ын та?дырды? ащы д?мін ерте татады("Не?ді сені? а?саймын,бала ша?ым?"). М??а?алиді? ?кесі 1941ж Калиниград майданында ?аза табады.[3]

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А??уды? ?анатында»

«Асу» гуманитарлық-техникалық колледжі







«Аққудың қанатында»
















«Аққудың қанатында» - атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жыл толуына арналған фестивалінің сценарийі.

( ЖОБА)

Өткізілетін орны – Астана қаласындағы М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы

Өткізілетін уақыты – 3.02.2012ж

Фестивальдің мақсаты:

Қазақ поэзиясынның мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен танысутыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Көрнекілік құралдар:

Ақын портреті, слайдтар, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.

Сахна безендірілген.

Сахна қабырғасында ақынның портреті.

Шымылдық жабық.

15-00


(сахна ішінде)


(№ 1 трек «Шұғыла», сахна ашылып біткенше музыка ойнап тұру керек)


Жайғасып жатыр ақырын,

Зал толы жырдың достары

Тыңдамақ абзал ақынын,

Ардақты оның ел – жұрты


Ақын ше?! Ақын келмеді.

Бос күтті төрде бір орын.

Күмбірлеп сонда кернеді,

Сөз алып асыл жыры оның.





Жүргізушілер: «Асу» гуманитарлық – техникалық колледжінің оқытушысы Бәзілғаламова Сәуле және ақын Шахаризат

  • Қайырлы күн, қадірлі өлең сүйер қауым!

  • Армысыз ардақты ағайын!

Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашу үшін, алғысөз алғашқысы «Асу» гуманитарлық – техникалық колледжінің директоры әрі құрылтайшысы Ли Вячеслав Николаевичке беріледі.

Келесі кезекті Астана қаласы «Білім басқармасынан» келіп отырған Ляззат Жаппарқызына береміз.

(Шымылдық ашылады.

Домбыраның баяу үні естіледі

Сахнаға қазақ драма театрының әртісі шығады).

«Мұқағали» спектакілінне Мұқағали ақынның образын бейнелеп береді.

(гүл ұсынылады)

1 жүргізуші:

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының әртістері Жанқалдыбек Төленбаев және Гүлбаршын Қылышбай.


  1. жүргіуші:

Күллі адамзат баласын алып құшағында тербеткен табиғат анадан өміршең ой түйіп, бұлқынған шабыт алмаған ақын – жазушы кем де кем болар!


1 жүргізуші:

Сол ойымыздың айғағы, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев поэзиясында домбыраның қос ішегіндей қатар үйлесім тапқан адам мен табиғаттың ғажап үндестігі жайында бүгінгі 80 жыл толу кешінде сыр шертпекпіз.

2-ж.

Осы кешке арнайы шақырылған қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

  • ақын Серік Тұрғынбеков.

  • «Білім басқармасы» кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Ләззат Жаппарқызы.

  • ҚР жаратылыстану академиясының вице – президенті Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлы.

  • Білім басқармасының әдіскері Әлібекова Ғалия Шәкерқызы

  • Ақын Бақытжан Тобаяқов

  • Осы кештіің өтуіне атсалысып, әсем ғимарат ұсынған Жанат Тұрысбекқызы

1-жүргізуші.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,

  1. жүргізуші :

  • деп ақынның өзі жырлағанындай, қазақтың ақиық ақынына, тірісінде берілмеген атақ пен даңқ, ақын өмірден өткеннен кейін өзі іздеп тапты.


1-жүргізуші:

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! –


  1. - жүргізуші:

мұңдаған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндерін халық болып тойлайтын болды.

Бүгін де сіз бен біз болып ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931дүниеге келген.


1 -ж:

Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға,

Мен болмасам болмайын сол аман ба?

О, тәңірім неткен жан қайырылмайтын,

Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?


2 жүргізуші:

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.



  1. жүргізуші:

Ақын сезімінің сырлы сиясынан туған ән.

«Фариза қыз»

Орындайтын: Сейдахметов Шахиризат.


2 жүргізушІ: (сахнаға қонақты шақыру)

Сахнамыздың төріне Мұқағали жайлы ой тарқатса деген ниетпен қазақтың арқалы ақыны Серік Тұрғынбеков ағамызды шақырамыз.


1 жүргізуші: фон ойналады «Шұғыла»

«Жақындық сезінем-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,


2ж:

(ән орындалып болған соң хабарлау)

«Күрең күз»

«Мұқағали әндері» фестивалінің 1 орын жүлдегері Әнуаров Азат


1 жүргізуші:

Лебізіміздің легін тыңдамаққа сахнаға ақын Бақытжан Тобаяқов ағамызды шақырамыз.


  1. жүргізуші:

Қадірменді қауым, сыншыл да сыршыл ағамыздың өз дауысын бүгінгі жас толқынның бірі естіп білсе, бірі естімеген болар.

Бүгінгі кешіміздегі ең асыл мұралардың бірі, Мұқағали Мақатаевтың сол бір қатпары мол жылдардан қалған қазақ экраны мен радиосынан, әдебиет шыңынан ойып орын алған алтын дауысына назар аударалық.

(«Пай-пай өмір» трек)





  1. жүргізуші:

(музыкамен оқылады, «Шаттық» трек)


«Менің жазғандарым бір ғана бүтін поэма яғни адамның өмірі, һәм өлімі, қайғысы мен қуанышы туралы поэзия» - деп ақынның өзі айтқандай, өмірдегі қуану, қайғыру, жанжалдасу, достасу, махаббаттасу, үйлену сияқты өмірдің қилы баспалдақтарын поэзия тілі арқылы кестелеген ақын адамның көңіл- күйін табиғаттың таңғажайып құбылыстармен байланыстыра отырып, бір бүтін поэма етіп көрсетеді. Бұл Мұқағалиға ғана тән қасиет.


1 - жүргізуші:

(музыкамен оқылады, «Япурай» трек)


«Аққулар ұйқтағанда» - поэмадан үзінді оқитын Әлібек Ақбота.


1- Жүргізуші:

(Ақынның күнделігінен оқылым) Сағынғанда: трек).

Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмандар! Өмір тола қауіп,абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандық пен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды . ...Бір сөзбен айтқанда,сүйе де,жек көре де біліңдер,бірақ арқашан адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді бағалай біліңдер!

  • Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсендер ғой мені...

Мұқағали Мақатаев

25 мамыр 1974 жыл

2 – жүргізуші:

  • Ән «Ойлан балам» - орындайтын Сыдыкова Раушан


  1. жүргізуші:

Біреулермен алмастырып жең ұшын,

Жасап жүрсем жаным сүймес келісім.

Барлығы да поэзия сен үшін.

(ФОН «Күз» 7 трек.)

(Жакетова Мөлдір.)

Сахнада «Назерке» ансамблі «Шалқыма» биімен

2 жүргізуші:

Мұқағали ақынның тағдыры – айрықша тағдыр. Оның әлі зерттеліп, анықталатын өмірбаяны көп – ақ. Ауруханада жатқанда өмірінің өтіп жатқанын сезіп, жанталаса күніне 7-8 өлеңнен жазуы, бізге айта алмай кеткен ойының көптігінің дәлелі. Ақиық ақынның жырларын алдарыңызда ақтармаққа арқаланып келген жалынды жастарымызды шақыруға рұқсат етіңіздер.


(Әділбек Әйгерім

Сембина Гүлзада

Мұсабаева Шолпанай,

Гольм Андрей, Рудик Евгении )

(Сұлтанова Фариза «Мен сені сағынғанда»)

( Хамитов Еркебұлан «Мен донормын»)

(Садыбекова Фариза «Майгүлге»)


  1. жүргізуші:

Мұқағали ағамыздың қай өлеңін алсаңыз да, елінің ыстық ықыласына ие болған. Бүгінгі бір ғана кеште, барлық өлеңдері мен әндерін сыйғызу мүмкін болар ма?

Сол әсем әндердің бірі – «Сен көріктісің»

Орындайтын – Қоңырбаев Аян


2 жүргізуші:

Ақынды ақын оятпаса болмайды,

Ақынды ақын таяқтаса ол – қайғы.

Ақынды ақын сүйемесе болмайды,

Ақынды ақын күйелесе cол – қайғы.


  1. жүргізуші:

Бүгінгі жыр тойына қатысып отырған студенттердің арасында Тау тұлға ақынның жырларын жанына серік етіп, шығармашылық өнерімен айналысып жүрген жас ақындарымыз да бар. Біртуар ақын ағасына арнап өзінің жан тебіренісін ақ параққа ақтара келген жас қаламгер Хамитов Еркебұланды жүрек туындысымен сахнаға шақырамыз.


2 жүргізуші:

Ең бірінші бақытым халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса мен бармын қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің


1 жүргізуші:

Ал екінші бақытым тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей – кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


2 жүргізуші:

Бақытым бар үшінші Отан деген

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай ақ кел дағы от ал менен.


1 жүргізуші:

Ән «Сарыжайлау» - орындайтын Буянжаргал Кенжегүл (артында би биленеді)



1 жүргізуші:

Мұқағали атамыздың өлеңдерінен шабыт алмаған адам жоқ шығар.

Қазақтың қай баласынан сұрасаңыз да, «Мұқағали ағамыз тірі болса, жүзіне қарап тұрып, өлеңдерінің мен үшін қаншалықты қымбат, өміріме азық екендігін айтар едім» - дейтін, тағы да бір ізбасарының ағасына арнауын қабыл алыңыздар.


( Әлібек Ақбота)

(өз өлеңімен)


  1. жүргізуші:

Сахнада аққу биі.






1 жүргізуші:

Өзінің саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері талай болашақтарға көшеді.

Сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызға жаңғырған жырларына құлақ салайық.

(сахнаға Жалғас, Самал, Данияр, Гүлзада, Шайзат шығады. )


2 жүргізуші:

Өмірдің шуақты күндерімен бірге көлеңкелі кездерін де қатар өткізген ақынның қай – қай жырында да жалаң жұқалтаң ойдың көлеңкесін де сезбейсіз. Шынымен Мұқағалидың бір өлеңі бір елдің қазынасындай көрінеді. Оның идеялық, көркемдік қуаты мол шығармалары ұлттық рухани әдебиетіміздің алтын қорына қосылды.


Қазынам бар

Біреуге берсем бе екен.

Өкпелейді ау бермесем,

Берсем - бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?!


1 - жүргізуші:

Не шығады бәрін де сүйем деуден,

Бәрін де сүйемін деп иемденген.

Бәрін де мен де сүйем

Айтпан бірақ,

Отырып оңашада күйер кеудем.

Күйер кеудем...

Сондықтан күйінемін.

Жасырман жырымда сол жиі менің,

Жыр жазу кім біледі ермек шығар

Ақын болу

Неғылған қиын едің.


  • Ән «Бақыт деген» - орындайтын Бәзілғаламова Сәуле






2 жүргізуші:

Қазақ халқының маңдайына біткен жарық , шұғылалы жұлдызы маңайынан әділеттілік пен шынайы достықты іздей жүріп туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінен туған, рухыңның падишасын оятар патриоттық өлеңдер жазса,


1 Жүргізуші:

жасандылық пен жағымпаздықты сынар өткір өлеңдер қалдырып, адамзат өмірінің шын бақытын бейнелеген лирикалық сұлу сырға толы жырларымен туған халқының жүрегінде мәңгілік өпес орын алды. Бұл ғасырдан ғасырға созыла бермек.


(Осы сәтте Мұқағали Мақатаев отырған қалпында сахнадан көрінеді)

(Мұқағалидың өз даусымен «Нұр жауып тұрған көктемде» оқылады)


  • Мұқағали Мақатаевтың «Нұр жауып тұрған көктемде» әнін Әнуаров Азат бастайды, залдағы көрермен қосылып шырқайды.

(Қатысушылар сахнаға шығады. Барлық залдағы көрермен қосылып ән шырқайды, баянның сүйемелдеуімен).


Қонақтар лебізі:

  • ҚР жаратылыстану академиясының вице – президенті Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлы.

  • Білім басқармасының әдіскері Әлібекова Ғалия Шәкерқызы

  • Ақын Бақытжан Тобаяқов

Кешіміздің ой түйінін естімекке:

  • «Асу» гуманитарлық – техникалық колледжінің атқарушы директоры Манханова Амангүл Сапарғазықызына сөз кезегін ұсынамыз.

  • (Мәдина Ералиева «Мың алғыс саған тағдырым»)

Кештің жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы: Бәзілғаламова Сәуле Бөкейханқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
А??уды? ?анатында

Автор: Базылгаламова Сауле Бокейхановна

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292432

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ж?РНА?  ПЕН  ЖАЛ?АУ.ЖАЛ?АУДЫ?   БАЙЛАНЫСУЫ."
    ["seo_title"] => string(38) "zhurnakpienzhalgauzhalgaudynbailanysuy"
    ["file_id"] => string(6) "303634"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457579384"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Аралара мен шыбындар"
    ["seo_title"] => string(22) "aralara_mien_shybyndar"
    ["file_id"] => string(6) "379860"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1484543820"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ашық сынып сағаты "Жеңіс туы желбіре""
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_synyp_sag_aty_zhien_is_tuy_zhielbirie"
    ["file_id"] => string(6) "414606"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494526701"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "сабактын такырыбы : журнак пен жалгау "
    ["seo_title"] => string(39) "sabaktyn-takyryby-zhurnak-pien-zhalghau"
    ["file_id"] => string(6) "182697"
    ["category_seo"] => string(3) "ork"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425572150"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Тесты; ?аза?стан тарихынан тест с?ра?тары"
    ["seo_title"] => string(39) "tiestykazakstantarikhynantiestsuraktary"
    ["file_id"] => string(6) "269702"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1450888910"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства