kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?РНА? ПЕН ЖАЛ?АУ.ЖАЛ?АУДЫ? БАЙЛАНЫСУЫ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

БІЛІМДІЛІК: О?ушыларды? ж?рна? пен жал?ау жайында ал?ан білімдерін ке?ейту, пысы?тау.  С?здегі  ж?рна? пен жал?ауды  таба білу.                                                                                                           ДАМЫТУШЫЛЫ?: ?исынды ойлау, ал?ан білім, білік, да?дыны ?олдану да?дыларын дамыту.О?ушыларды? с?здік  ?орын  байытып,с?з ??рамына  талдау да?дыларын  арттыру.

 Т?РБИЕЛІК: о?ушыларды білімділікке, ?йымшылды??а, е?бек?орлы??а, бірін-бірі сыйлау?а т?рбиелеу.

 К?ТІЛЕТІН   Н?ТИЖЕ:

а) О?ушылар білуі тиіс: с?з, с?здерді? жазылу емлесін, т?бір мен ?осымша туралы т?сінікті білулері тиіс. Сонымен ?атар, ?осымшаларды? ж?рна? пен жал?ау болып б?лінетіндігін білулері тиіс

. ?) О?ушылар игеруі тиіс: т?бір с?зге алдымен ж?рна?, со?ынан жал?ау жал?анатынды?ын. С?здерге ж?рна? жал?ау ар?ылы с?з ма?ынасын ?згертуді игерулері тиіс.

 б) О?ушылар ме?геруі тиіс: жа?а с?з жасайтын ?осымшалар мен с?здерді бір-бірімен байланыстыратын ?осымшаларды бір-бірінен ажыратуды. С?зді ??рамына ?арай талдауды ме?герулері тиіс.

САБА?ТЫ?  ТИПІ: ашы? саба?.                                                                                     САБА?ТЫН  Т?РІ: пысы?тау саба?ы                                                                                            ?ОЛДАНЫЛАТЫН  ?ДІСТЕР: т?сіндіру, ми?а шабуыл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?РНА? ПЕН ЖАЛ?АУ.ЖАЛ?АУДЫ? БАЙЛАНЫСУЫ.»

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ЖҰРНАҚ ПЕН ЖАЛҒАУ.ЖАЛҒАУДЫҢ БАЙЛАНЫСУЫ.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:


БІЛІМДІЛІК: Оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Сөздегі жұрнақ пен жалғауды таба білу. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту.Оқушылардың сөздік қорын байытып,сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

ТӘРБИЕЛІК: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

а) Оқушылар білуі тиіс: сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс

. ә) Оқушылар игеруі тиіс: түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатындығын. Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сөз мағынасын өзгертуді игерулері тиіс.

б) Оқушылар меңгеруі тиіс: жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс.

САБАҚТЫҢ ТИПІ: ашық сабақ. САБАҚТЫН ТҮРІ: пысықтау сабағы ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия.

КӨРНЕКІЛІГІ: Слайд, сызба, үлестірмелі қағаздар.

. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

І.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

-Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау салтымыз

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз.

Психологиялық дайындық.

Сабақтың ұраны. Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

-Балалар,сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әденовтың тәлім сәнінен бастайық: -Әрбір адам -Досым,сыныптасым. –Әрбір сабақ -Үйрену,оқу,іздену.

-Әрбір ісің -Тірлік,бірлік,адамдық.

-Әрбір сөзің -Шындық,бірлік,адалдық. Олай болса,балалар,бүгінгі сабағымызды әрбір ісімізге мұқият болайық.


// ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

293-жаттығу –Мәтінді көшіріп жазу.Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазу.Мәтінге ат қой.Қар сөзіне жалғанған қосымшалар жұрнақ па,әлде жалғау ма.Бұл сөздердің қай сөзбен байланысты екенін анықта.

Биыл қыс суық болды.Қар қалың жауды./Ненің/Қардың түсі аппақ.Үлкендер үй маңындағы/нені/қарды тазалады.Балалар/неден/қардан аққала жасады.

-Балалар,қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма,жұрнақ па*-ЖАЛҒАУ.

Не себепті жалғау деп ойлайсындар*

СЕБЕБІ,ОЛ СӨЗ МАҒЫНАСЫН ӨЗГЕРТІП,СӨЗБЕН СӨЗДІ БАЙЛАНЫСТЫРЫП ТҰР.

Білімді жан-жақты тексеру:

-Топпен жұмыс


1 топ 2топ 3топ

Түбір мен қосымша Жұрнақ Жалғау

Осы тақырыптар бойынша 5 мәлімет жазасыңдар.Ереже міндетті тұрде,мысал келтіру керек.


/// Жаңа оқу материалды пысықтау.

/Оқулықпен жұмыс.Дәптермен жұмыс/

Дәптерімізді ашайық .

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып.

Көркем етіп жазайық.

-Бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазу.

Көркем жазу минуты.

Ж ж

жалғау

ереже:Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар:бірі-жұрнақ,екіншісі-жалғау

Түбір сөзге жұрнақ,жалғау да жалғана береді.Жұрнақ бұрын,жалғау жұрнақтан соң жалғанады.Жалғаулар сөздерге жалғанғанда жалғанатын сөзінің әуеніне қарай жалғанады,яғни сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай.ОҚУ-ЛЫҚ-ТА,ҰШ-ҚЫШ-ПЕН,ЖЫР-ШЫ-ЛАР.

ТІРЕК-СЫЗБАМЕН ТҮСІНДІРУ:

ТҮБІР

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.Түбір сөз-сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі,негізгі қазығы, ұйытқысы,жаңа сөз жасаудың мағыналы бөлшегі.

ҚОСЫМША


Сөздің түбірге жалғанған бөлігі.Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз,ал түбір мен қосымшадан құралып тұрған сөзді қосымшалы сөз дейміз.Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар:бірі-жұрнақ,екіншісі-жалғау.

ЖҰРНАҚ ЖАЛҒАУ

Сөз мағынасын өзгертетін қосымша. Сөз бен сөзді байланыс- Жеке сөздердің түбіріне жалғанып,бірде тыратын қосымша.Түбір жаңа мағыналы сөз,бірде жалғанған сөздер мен жалғауларды сөздерінің формасын ғана өзгертетін бір-бірімен сәйкестіндіріп

сөз бөлшегін жұрнақ дейміз. түбірге қосқан жалғау Жұрнақ екі топтағы сөздердің бірін - . Қазақ тілінде қосымшаның

СӨЗ СӨЗ жұрнақ түрі мол да, жалғау тудырушы түрлендіруші түрі-төртеу ғана.Олар көп-

тік, септік,тәуелдік,жіктік

жалғаулары.

297-жаттығу.

Мысалдарды іштей оқып.Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын тап.Ол

Сөздерді жалғаусыз айтып көр.Сонда сөздер дұрыс байланыса ма.*

-Қарамен жазылған сөздердің жалғауын табу.

Ұлуды сипаттап бер.

1топ 2топ 3топ

Ұлуды үйіме біздің

-Фонетикалық қосымшалы сөздерге талдау жасау СКТТ-технологиясы

бойынша

ҰЛУДЫ

1.Бұл сөз жуан буынды сөз.Себебі,сөздің құрамындағы дауысты

дыбыстар жуан дауыстылар.

2.Ұ-лу-ды болып үш буынға бөлінеді.Себебі,-ұ-буыны жалғыз дау-

ысты дыбыстан тұр.-лу-ды-буындары ашық буын.Себебі,буын

дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталыптұ

3.Ұлу- болып бір жағдайда тасымалданады.Бұл сөз үш буыннан

ды тұрғанымен тасымалданбайды.Себебі,жалғыз дауысты

дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды.

4.Ұлу+ды сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.

Себебі,түбірдің соңғы буыны жуан болғандықтан оған жалғанатын

қосымшаның да жуан нұсқасы келіп тұр.

Үйім


1.Бұл сөз жіңішке буынды сөз.Себебі сөздің құрамындағы

дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.

2.Үй-ім болып екі буынға бөлінеді.Үй-ім буын тұйық буын .

Себебі,буындар дауысты дыбыстардан басталып,дауыссыз

дыбыстарға аяқталып тұр.

3.Бұл сөз Үй—болып бір жағдайда тасымалданады.Себебі,екі

буыннан тұр.

4.Үй+ім сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.

Себебі,түбірдің соңғы буыны жіңішке болғандықтан оған жалғанатын

Қосымшаның да жіңішке нұсқасы келіп тұр.


Біздің

1.Бұл сөз айтылу,жасалу,жасалу жолдарына қарай-

жіңішке буынды сөз .Себебі,сөздің құрамындағы

дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.

2.Бұл сөз біз-дің болып екі буынға бөлінеді.Себебі,сөздің

Құрамында екі дауысты дыбыс бар,Біз-дің-буыны бітеу буын.

Себебі,буын дауыссыз дыбыстан аяқталып тұр.

3.Бұл сөзБІЗ-болып бір жағдайда тасымалданады.Себебі,екі

дің буыннан тұр.

4.Сөзде түбір мен қосымшанының арасында буын үндестігібар.Біз+дің

дің

////ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

298-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазу.

-Әр топ екі сөйлемнен дәптерге көшіріп жазу.


Мектептің жанында кітапхана бар.Кітапханадан балалар кітап алып оқиды.

Мен кітапты көп оқимын.Кітаптан көп нәрсе білуге болады.

Оқыған кітабымның атын жазып жүремін.Мен кітапты таза ұстаймын.

-Жалғау не үшін қажет екенін айт*

Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер*

1топ-2м 2топ-2м 3топ-2м


/////СЕРГІТУ СӘТІ

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға,солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.


АУЫЗША-299-жаттығу

-Берілген сөздерге жұрнақ пен жалғауды қатарынан жалғап айт.

1топ-МАЛ +ШЫ+ЛАР 3топ-ЖАҢА +ЛЫҚ+ТАР

2топ- БІЛ +ГІШ+ТЕР Ұш+ақ+тар

-Сөздерге жұрнақ пен жалғаудың қайсысын бұрын жалғадың*Осыдан өзің қандай қорытынды жасай аласың* //////САБАҚТЫ БЕКІТУ

300-жаттығу-Суреттегі зат атауларына-шы-жұрнағын қосып оқы.

Сол сөздерді сөз құрамына талда.

Қойшы-қой төрт түліктің бірі-шы- жұрнағы жалғанып,қой бағатын

адамға айналды.

Шалғышы-шы- жұрнағы жалғанған кейін не істеді*

Сөздің мағынасы өзгерді ме*

-Сонымен,-шы-жұрнағы қой, шалғы сөзіне қандай қызмет атқарды.

-Ендеше-жұрнақ дегеніміз не*

-жалғау дегеніміз не*

Мысал келтіріңдерші*

ОЛАЙ болса,жұрнақ та, жалғау да жалғап сөз құраңдаршы*

-Мынау,ненің суреті:Жылқы+шы+лар.

-Түбірі қайсы*Қай сөзбен шығып тұр*

Жұрнағы қайсы*-лар-нені көрсетіп тұр*

/Жылқы бағатын адамның көп екенін білдіріп тұр.Жұрнақ жалғаудан

бұрын жалғанады.Жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.

-Қандай қорытынды жасауға болады*

///////ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

-Сабағымызды қорытындылау үшін қазір мен сендерге.конверттер

таратып беремін ,конверттерде әріптер бар.

-Әріптерді пайдалана отырып ,сөздер құрастырасыңдар,сөздің түбірі

мен қосымшасын атыратасыңдар.

1.Балапан .2Өрмекші.3.Суретші.

1Қыста. 2Алманы.3Қағазға

1Айна.2Өнерлі.3.Орындық

-Сонда,балалар,сендердің құрастырған сөздеріне нелер жалғаныпты.

Жұрнақтар мен жалғаулар.

-Түбір деген не*

-Қосымша деген не*

-Жұрнақ деген не*

-Жалғау деген не*

-Сөз құрамына не жатады*

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ-301-жаттығу ,108 бет


Медеу мұзайдынында тақырыбына әңгіме құрау

-БАҒАЛАУ





























































































































Ой ашар. Үй тарпсырмасы тексеріледі. 4-5 оқушыдан үйге берілген 339-жаттығу сұралады. «Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрау.

Миға шабуыл. Өткенді қайталау. Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме? - Иә, алғымыз келеді. - Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма? - Дайынбыз.

1. Бойлаған сайын тереңге, Шығасың биік белеске. (Білім)

2. Есіктен кіреді, Төрге қарай жүреді. (Суық)

3. Сақалы жоқ шашы бар, Бет-аузы жоқ басы бар. Белін бекем байлаған, Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)

Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды.

- Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не? –

Түбір сөз дегеніміз не? - Жұрнақ деген не?

- Жалғау деген не?

ІІІ. Жаңа оқу материалын тысықтау. (Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс) 340-жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлер оқиды. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды. Оқушыларға қосымша тапсырма айтылады. Шоқан туралы не білесің? Оқушылар білгенін айтады мұғалім толықтырады.

341-жаттығу. Мәтінге ат қойылады. Бір оқушы тақтаға шығып орындайды. Басқалары да дәптерлеріне көшіріп жазады. Қар дген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазады. - Балалар, қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма жұрнақ па? - Жалғау. - Не себепті жалғау деп ойлайсыңдар? - Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.

342-жаттығу. Оқушылар бірігіп ребусты шешеді. Шешуінде шыққан балықшы деген сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. Сергіту сәті. (электронды)

343-жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандардың жалғау екендігін дәлелде. Наурыз ді Бала ға Қала ның Көмір да

IV. Рефлексия-бағалау кезеңі. - Қазір балалар біз сендермен мынандай

1. Екі әріптен құралып, Жүруші едім мал болып. Жалғанды да бір әріп, Шыға келдім шал болып. (ат - ата)

2. Үш әріптен құралып, Ұшып жүрген құспын, «Ақ» жұрнағын жалғасаң, Бір ұлт болып шықтым. (қаз - қазақ)

3. Алғашқыда балық аулар, Балықшының құралы едім. Жалғанды да бір әріп, Бәрің жұтар не болдым? (ау - ауа)

V. Қорытындылау. - Сабағымызды қорытындылау үшін қазір мен сендерге, конверттер таратып беремін, конверттерде әріптер бар. Әріптерді пайдалана отырып сөздер құрастырасыңдар, сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратасыңдар

. 1. Балапан 2. Өрмекші 3. Суретші 4. Қыста 5. Оқуды 6. Алманы 7. Қағазға 8. Айна 9. Орындық 10. Өнерлі - Сонда балалар, сендердің құрастырған сөздеріңе нелер жалғаныпты? - Жұрнақтар мен жалғаулар. VI. Үйге тапсырма беру. 344-жаттығу. VII. Бағалау. 
Источн


ик: http://bilimkozy.idhost.kz/2230-sabak_2_synyp_class.html








Жұрнақ пен жалғау

  • Сатжан

 

  • 26 тамыз 2013

 

  • 6744

 

  • 0

  • 0

Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кесте, венн диаграмма
Әдіс – тәсілі: түсіндіру сұрақ – жауап әңгімелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы

І. Ұйымдастыру кезеңі «психологиялық тренинг»
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім
Туған тілім – анам тілі – өз тілім
Туған тілім – далам тілі – өз тілім
Туған тілім – адам тілі – өз тілім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді
- жаттығу
Қойшы – қой төрт түліктің бірі – шы жұрнағы жалғанып, қой бағатын адамға айналды.
Шалғышы – шы жұрнағы жалғанғаннан кейін не істеді? Сөздің мағынасы өзгерді ме?
- Сонымен -шы жұрнағы қой, шалғы сөзіне қандай қызмет атқарды.
- Ендеше – жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдерші
- Олай болса жұрнақ та, жалғау да жалғап сөз құраңдаршы.
Мынау ненің суреті: жылқы + шы + лар
Түбірі қайсы?
Қай сөзден шығып тұр?
Жұрнағы қайсы?
- лар нені көрсетіп тұр? (Жылқы бағатын адамның көп екенін білдіріп тұр.
Жұрнақ жалғаудан бұрын жалғанады. Жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.

«Ауызша» қарамен жазылған сөздерге қарайық.
Шекарашы сақшысы
Шекарашы деп кімді айтады?
Біз қай елдермен көршіміз «Қытай Ресей» Қазақстан арасын шекара дейді. Ендеше Қазақстан жерін күзететін адамды шекарашылар дейді.
Шекара облыспен облыстың арасында мектептің арасында ауылмен ауыл шекарасы бар.
Шекарашы сөзінің түбірін тап.- шы жұрнағы неге сөз мағынасын өзгертіп тұр.

2. Сақшысы дегенді қалай түсінеміз? Күзетте тұратын адамды айтады.
Ребус шешу:
Әдептілік
351 - жаттығу
1. Оқушының оқуы
2. Мағынасын ашу.
3. Жатқа жазу

4. Сөз құрамына талдау
- Оқушы тақтада орындайды «1 о»
- Дұрыс жазды ма? Жөндейік, қатемізді тексереміз
- Сөз құрамына талдау «2 о»
Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең

Кім жылдам ойыны
Сөз ------------------ Түбір ---------- Жұрнақ ---------- Жалғау
Бүркітшілер
Өнерпаздар
Арбакештер

Бүгін ауа райы қандай? Мектепке келе жатқанда не байқадыңдар, қыс туралы күнделікті сабағымызда айтылып жүр.
Қыс, аяз, мұз, қар, боран

- Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құраймыз, жұрнақ пен жалғауды бір сөзбен не дейміз?
- Қосымша
- Ендеше құраған сөйлемдеріңнен қосымшалы сөйлемдерді табыңдаршы.

Қорытынды: Қосымшалардың түрлерін бір - бірімен салыстырайық.
Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі, қасиеттері бар екен.

Венн диаграммасы
Жұрнақ --------------------------- Жалғау

Үйге тапсырма:














Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз құрамын анықтау, жаттығулар орындай отырып жұрнақ пен жалғауды ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық: сауатты жазу,байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отаншылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, бағалау парақтары, оқулық

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, саяхат картасы,карташалар, суреттер, ойындар.

Күтілетін нәтиже: жұрнақ пен жалғауды ажыратады

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. 1.     Кіріспе.

-Бүгін сабағымызда біз саяхатқа барамыз. Ол еліміздің бас қаласы.

-Қалай аталады?

-Астанада біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, әсем ғимараттарымен танысамыз,түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ол қалаға немен баруға болады?

( автобус, пойыз)

-Пойызбен бару үшін бізге не керек? (билет)

-Мен сендерге билетті алып қойдым. Қазір билеттеріңді алып вагондарыңа барып жайғаса беріңдер. (Оқушылар топпен отырады )

-Жолаушы азаматтар! Сіздерге сәт сапар тілеймін!

ІІ. Өткенді қайталау

-Жолымызды қысқарту үшін мен сендерге сұрақ қояйын:

-Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? (Жұрнақ пен жалғау)

-Жұрнақ деген не?

-Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді.

-Жалғау деген не?

-Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.

-Түбір деген не?

-Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейді.

-Бүгін де осы тақырыппен жұмыс істейміз.

-Сабағымыздың мақсаты қандай?

-Дәптерімізді ашып күнді жазамыз.

-Сонымен, біз Астанаға да жетіп қалдық.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-аялдама «Бәйтерек»

Оқушыларға карташа таратылады. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.

Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бірақ айдаһар  ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.

Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһардыкөріп, садақпен атып өлтіреді.

Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.

Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді. Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.

Тақтаға шыққан оқушыны өздері бағалайды.

2 – аялдама «Думан» 

-Думан деген не?

-Оның ішінде не бар?

-«Думан» ойын – сауық орталағы. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.Онда океанариум,кинотеатр, «Джунгли» аттракционы, боулинг, қонақ үйі, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.

Кестеге сәйкестендіру (интерактивті тақтамен жұмыс)







 

Балықшы, киноны, ойыншық, балалар, теңізші, мұхиттан,суық, көлшік, алаңдар, Думанды.

3-аялдама«Хан шатыр»

-Ханшатыр несімен атақты?

-Ойын-сауық орталығы, онда балалардың көңіл-күйін көтеруге барлық жағдай жасалған.Олай болса біз де  «Хан шатырда» би билеп, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Шығармашылық тапсырма: «Тиісті қосымшаны жалға»

Әр топқа түбір сөздер мен қосымшалар беріледі. Оқушылар тиісті қосымшаны жалғап, сөз құрамына талдайды.

құрылыс, үй,қала,ғимарат, қонақ        -шы, – ім,-кер, -ге, -ші

ел, дос, кәсіп, Астана,сурет         -лер, -ты, – ны,-ші, -лі

егін, комбайн, өзен, би, өнер         -ма, -қа, -тық, -ші, -шы

4-аялдама «Пирамида»

Тиісті қосымшаны қойып көшіріп жаз. (интербелсенді тақтада орындау)

Пирамида –  бейбітшілік пен келісім сарай…. Оны салған көрнек… британ… сәулет… Норман Фостер.  Пирамида… табанында опера зал… бар. Жоғары бөлігінде ғимарат… негізгі бөлме… бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселер…, мұражайлар, көрме залдар… орналасқан.

Осымен біздің саяхатымыз да аяқталды.

Кәне бірге бәріміз,

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен,

Сыныпқа кеп қонамыз.

-Бәйтеректе үлкен тілек кітабы бар, алақаныңды қойып тілек айтуға болады. Кәне, біз де өзіміздің тілегімізді білдірейік. Қазақстанымызға не тілейміз?

Әр топтан 1оқушы шығып тақтаға тілектер жазылған «алақанды»іледі.

-Осы сөздердің ішінен түбір сөзді келесі топтың оқушылары тауып берсін.

Тілектер:

Ашық аспан      денсаулық

Тыныштық       бейбітшілік

Бақыт      молшылық

Байлық     амандық

Береке      ынтымақ

Достық    ұзақ өмір

 

ІҮ. Қорытынды.

-Саяхаттан алған әсерлеріңді «смайлик» арқылы салып берсеңдер.

Рефлексия «Күн сәулелері».

Барлығымыз күннің бір сәулесіміз деп елестетейік. Бүгінгі сабақтан не білгендеріңді стикерге жазып ілейік.

Ү. Бағалау.

-Ал енді, әр оқушы өзін қалай бағалайды?





Оқушылар тақтаға шығып өз бағаларын қояды.

Мұғалім оқушыларға өз бағасын  қояды.

ҮІ. Үйге тапсырма: 305,306-жаттығу,109 бет



Жұрнақ пен жалғау

3 сәуір 2014 - Админ

Сабақтың мақсаты

түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту;
2/Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бәлінетіндігі туралы мағлұмат беру; Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту;
3/Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;

Өткізген: Аяпбергенова А.Б

 



 

 

27.01.14.

Қазақ тілі

 

Сабақтың тақырыбы

Жұрнақ пен жалғау

 

Сабақтың мақсаты

түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту;
2/Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бәлінетіндігі туралы мағлұмат беру; Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту;
3/Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;

 

Оқу нәтижелері

СТО әдістері:. Болжау әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, жазба, жаттығу жұмысы, проблемалық-ізденіс әдісі

 

 

 

Түйінді идеялар

Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту

 

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Топпен жұмыс

Уақ

ыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс — әрекеті

2 мин

I.Ұйымдастыру кезеңі.

 

Топқа бөлу.

Тренингті оқушылардың іс-қимыл әрекеті арқылы көрсетуі.

«Түбір», «жұрнақ», «жалғау».

5

Слайд №1

Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасында зәулім үйде Қосымша  деген атайдың екі немересі өмір сүріпті.Біреуінің аты –Жұрнақ, екіншісінің аты Жалғау. Олар бірге ағаш жарып, бірге су тасып тату өмір сүріпті. Бір күні  бұлардың үйіне Түбір атты атасының досы қонаққа келіпті.  Атасы екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты. Бірақ олар барғысы келмеді. Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім бұрын тапсырманы орындаса, сол Түбір атайдың қасыңда қалады-деді. Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауға көмектесейік.

 

 

 

 

 

 

Сөздің бар ғой сан қыры,

Жанды етейік жансызды

Жұрнақ, жалғау арқылы.

5

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Таза ақ парақ қағазын балаларға көрсетіп: Балалар, мына ақ қағазды көргенде көз алдына не елестейді?

Оқушылардың ойларын тыңдау

— Ендеше балалар, тыңдайықшы

Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Ақ көрпесін жамылып,

Мүлгіп жатыр айнала.

— Бұл қай мезгіл, балалар?

— Дұрыс ақ

— Қыс мезгілінде тағы қандай табиғи құбылыстар болады?

— Қыс мезгілінің де тамаша жақтары бар емес пе? Кім айтады?

— Дұрыс айтасың, ендеше атайықшы.

 

 

Балалар, биыл ақпан айында Сочи қаласында не болады? 7 ақпанда   2014 года Сочи қаласында  XXII қысқы  Олимпиадасы  ашылады.

— Ендеше бүгінгі сабағымыз осы қысқы ойындарға арналады.

Сабақта сендер түбір мен қосымша туралы білімдіріңді ойын сабақ арқылы одан әрі жетілдіре түсесіңдер.

 

 

 

 

  Қар, қыс, сүт, шекер, қабырға, балмұздақ т.с.с

-

 

 

 

 

 

қыс

 

Аяз, боран, суық, қар жауады.

 

 

 

 

Қысқы ойындар.-

 Шаңғы, шана, коньки тебу. Қар қуыршағын жасау, Қармен атысу т.с.с.

Қысқы олимпиада.

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

3

 

5

 

 

 

 

 

 

5

ІҮ. Мағынаны тану

а) Топпен жұмыс, топқа бөлу

1. Болжау әдісі арқылы әр топ өз аттары туралы не білетіндерін айту.

1-тапсырма

«Түбір» тобына тапсырма

 

 

«Жұрнақ» тобына тапсырма

«Жалғау» тобына тапсырма

Дәптермен жұмыс

— Көркем жазу сәті

 

Ж/ж Ж/ж
Жұрнақ.Жалғау.

2-тапсырма/»Жалғастыр» ойыны.
Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ ,үшінші оқушы жалғау айтады, төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.

Сергіту сәті

3-тапсырма. Жұмбақ шешу

4-тапсырма

Оқулықпен жұмыс: Өзіндік жұмыс

295-жаттығу.Түбір сөзге тұсындағы жалғаудың тиістісін жалғау.

Қорытынды: -Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?

Бағалау: Өзін өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға  1 ұпайдан беріледі.Бағалау парағының үлгісі5ұпай  — «5»,   3-4ұпай  - «4», 1-2 ұпай – «3».

Үй жұмысы: 298 жаттығу.

 

 

 

1.Мәтінді оқы, түбір сөздерді теріп жаз.

Күн суытты.Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар киініп далаға шықты.Олар шана, шаңғы тепті.

2.Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасын бөліп жаз.

Қар жауды.Мұзқатып қалды.Балалар далаға шықты.Олар шаңғы тепті.

3. Мақалдан қосымшалы сөзді тауып жаз.

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

/   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестені толтыр:

 

 

 

 

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ж?РНА? ПЕН ЖАЛ?АУ.ЖАЛ?АУДЫ? БАЙЛАНЫСУЫ.

Автор: Апсеметова Жаркынай Тайшымановна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303634


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства