kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а жылды? ертегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а жылды? ертегі

?атысатындар:

А?ша?ар: Арты?бай Д.М.-2 Д класс жетекшісі

Батыр: Жал?асбаев М.-10 Б класс о?ушысы

?ар?а:

Шырша: Д?рмен??лова Л.Ж.-3 В класс жетекшісі

1-?ара?шы: 10 Б класс о?ушысы

2-?ара?шы: 10 Б класс о?ушысы

?ыс:

Аяз ата:Жал?асбаев М.-10 Б класс о?ушысы

Си?ыршы:Ізбасарова ?.-3 В класс ата-анасы

?ой:

Маймыл:

Мыстан кемпір: Абжанова Г- мектеп психологы

?оян:Башиева Б-3 В класс ата-анасы

Аю: Бержанова М.- 3 В класс ата-анасы

Керекті жабды?тар: ?ар ?иыршы?тары, айна, 2 т?рлі-т?сті ?а?аз, 8 ?айшы, 8 желім, 2 кішкентай шырша

Барысы:

А?ша?ар:Армысыздар а?айын! Б?гін ?лкен мереке. Жа?а жыл мерекесі. Енді б?лдіршіндерімізді орта?а ша?ырайы?.

(Балалар кіріп, шыршаны айнала т?рады)

(М??ды ?уен ойналады)

А?ша?ар: Боран борап, ел мазасын алатын,

Келді уа?ыт терезеге аяз ?рнек салатын.

Біра? биыл ?згеше,

?ыс мезгілі келмей жатыр, не істейміз?

Енді оны біздер ?айдан іздейміз?

(Батыр келеді)

Батыр: М??айма, А?ша?ар ?ыз оны іздеп табамын.

?ысты іздеп ?айда болса да барамын.

А?ша?ар: Сенімен мен де бірге барайын,

?иын ша?та бір к?деге жарайын.

(Музыка ойналады. Жол?а шы?ады. Шырша жанына келеді)

Батыр: Ей шырша, ?ысты? досы сен екенін білеміз.

Досы? ?айда іздеп оны келеміз.

Шырша м??айып:

Неге сонша кешікті деп

Досымды к?нде ойлаймын.

?ыс келмесе балалармен

Мерекені ?алай тойлаймын?

Менде досым ?ыс екеуміз с?йлесіп, хабарласып т?ратын айна бар еді. Біра? еш н?рсе к?рсетпей т?неріп т?р.

Батыр: Жа?сы, Шырша бикеш, айнаны бізге к?рсет, себебін аны?тайы?. Шырша айнаны береді. ?астарына ?ар?а  ?шып келеді.

?ар?а: ?арр-?арр Орманда?ы жа?алы?ты

??ла?ыма ілемін.

Не себепті айнаны?,

Т?нергенін білемін.

?аррр-?аррр ?ара?шы оны си?ырла?ан.

?ыс мезгілін ?натпайтын.

Си?ыр с?зді мен естідім,

?абілетім бар ?мытпайтын.

А?ша?ар: Ал ?ане айтшы ол ?андай с?з?

(А?ша?арды? ??ла?ына сыбырлайды)

А?ша?ар:Ра?мет, ?ар?а са?ан,

Той-думан тілеймін са?ан.

(А?ша?ар айна?а ?арап)

А?ша?ар: Айнам мені? айнам

Жан-жа?ы?ды жайнат.

?ысты? ?айда кеткенін

Б?рін бізге сайрат.

?ара?шы: (??йындатып ж?гіріп келеді, ?ара?шы ?уені ойналады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а жылды? ертегі»

Жаңа жылдық ертегі

Қатысатындар:

Ақшақар: Артықбай Д.М.-2 Д класс жетекшісі

Батыр: Жалғасбаев М.-10 Б класс оқушысы

Қарға:

Шырша: Дәрменқұлова Л.Ж.-3 В класс жетекшісі

1-қарақшы: 10 Б класс оқушысы

2-қарақшы: 10 Б класс оқушысы

Қыс:

Аяз ата:Жалғасбаев М.-10 Б класс оқушысы

Сиқыршы:Ізбасарова Ә.-3 В класс ата-анасы

Қой:

Маймыл:

Мыстан кемпір: Абжанова Г- мектеп психологы

Қоян:Башиева Б-3 В класс ата-анасы

Аю: Бержанова М.- 3 В класс ата-анасы

Керекті жабдықтар: Қар қиыршықтары, айна, 2 түрлі-түсті қағаз, 8 қайшы, 8 желім, 2 кішкентай шырша

Барысы:

Ақшақар:Армысыздар ағайын! Бүгін үлкен мереке. Жаңа жыл мерекесі. Енді бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

(Балалар кіріп, шыршаны айнала тұрады)

(Мұңды әуен ойналады)

Ақшақар: Боран борап, ел мазасын алатын,

Келді уақыт терезеге аяз өрнек салатын.

Бірақ биыл өзгеше,

Қыс мезгілі келмей жатыр, не істейміз?

Енді оны біздер қайдан іздейміз?

(Батыр келеді)

Батыр: Мұңайма, Ақшақар қыз оны іздеп табамын.

Қысты іздеп қайда болса да барамын.

Ақшақар: Сенімен мен де бірге барайын,

Қиын шақта бір кәдеге жарайын.

(Музыка ойналады. Жолға шығады. Шырша жанына келеді)

Батыр: Ей шырша, қыстың досы сен екенін білеміз.

Досың қайда іздеп оны келеміз.

Шырша мұңайып:

Неге сонша кешікті деп

Досымды күнде ойлаймын.

Қыс келмесе балалармен

Мерекені қалай тойлаймын?

Менде досым Қыс екеуміз сөйлесіп, хабарласып тұратын айна бар еді. Бірақ еш нәрсе көрсетпей түнеріп тұр.

Батыр: Жақсы, Шырша бикеш, айнаны бізге көрсет, себебін анықтайық. Шырша айнаны береді. Қастарына қарға ұшып келеді.

Қарға: Қарр-қарр Ормандағы жаңалықты

Құлағыма ілемін.

Не себепті айнаның,

Түнергенін білемін.

Қаррр-қаррр Қарақшы оны сиқырлаған.

Қыс мезгілін ұнатпайтын.

Сиқыр сөзді мен естідім,

Қабілетім бар ұмытпайтын.

Ақшақар: Ал қане айтшы ол қандай сөз?

(Ақшақардың құлағына сыбырлайды)

Ақшақар:Рақмет, қарға саған,

Той-думан тілеймін саған.

(Ақшақар айнаға қарап)

Ақшақар: Айнам менің айнам

Жан-жағыңды жайнат.

Қыстың қайда кеткенін

Бәрін бізге сайрат.

Қарақшы: (Құйындатып жүгіріп келеді, қарақшы әуені ойналады)

Экологиялық апат деген қарақшымын.

Ауа-райын күрт жылытып, зауыттардан қара түтін қаптатып,

Қоқыс-қалдық төккесін,

Соныменен қыс патшаның әбден қыстым өкпесін. Ха-ха-ха

Батыр: Ей қарақшы жекпе-жекке батыр болсаң шық!

Қыс мезгілі жер бетіне керек екенін ұқ!

Қарақшы: Жер бетіне күнде қоқыс шашып,

Ажал тұқымын мен егем.

Соны тазалап жүретін

Керек емес қыс деген.

Батыр: Арам пиғылың сенің тоймас

Ойлағаның бола қоймас

(Қарақшы мен Батыр қылыштасады Қылыштасқан дыбысты үнтаспа арқылы қою. Батыр жеңіп, Қарақшы қашады.)

Қарақшы: Әй, Батырсымақ, шайқас мұныменен бітпейді, досымды ертіп келіп, бәрібір жеңемін. (деп кетеді)

Батыр: Балалар енді ештеңеден қорықпаңдар. Ана қарақшылар сендер сияқты басқа да балаларды қорқытып жүрер. Мен сол жаққа барайын. Сау болыңдар, балалар.

1-оқушы: Рахмет сізге батыр аға. Мен де өскенде сіз сияқты батыр боламын.

(Батыр кетеді)

(Ақшақар айнаға келіп:)

Ақшақар: Айнам менің айнам

Жан-жағыңды жайнат

Қысты біздер құтқардық

Енді ол жайында сайрат

(Сахнаға қыс келеді)

Қыс: Сәлем достар аман ба

Елге жету айналып еді арманға

Құтқардыңдар рахмет менің достарым

Ал мынау менің Жаңа жылдық шашуым. (Қар қиыршықтарын шашады)

Ойын: Қар қиыршықтарын жинау

Екі топқа бөлінеді. Қар қиыршықтарын жинап, шелектерге салу.

Хоровод: Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.

Ақшақар: Ау жарандар, қараңдар

Жауып тұр қар себелеп

Көкте толды жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек

Би: Ақшақарлар биі

(Музыка ойнап, қарақшылар қайтып кіреді.)

1-қарақшы: Айттым ғой мен сендерге досымды ертіп келемін деп. Міне менің досым.

2-қарақшы: О-о-о қараңдар қандай ағаш өсіп тұр? Жақсы болды, осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (екі қарақшы шырша жанына жата кетеді) Түу мыналар неғып жүрген балалар. Бізге кедергі жасап. Біз демалатын жер іздеп жүрміз. Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.

Шырша: Құрметті қарақшылар. Сіздер менің ағашымның түбіне келіп демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.

2-қарақшы: Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын? Не көлеңкеңді аяп тұрсың ба не? Қайдағы мереке?

Шырша: Балалар менің жанымда Жаңа жыл мерекесін қарсы алмақшы.

2-арақшы: Ха-ха-ха Жаңа жыл дейді ғой. Қайдағы Жаңа жыл? Сендерге бүгін Жаңа жыл тұрмақ ескі жыл да болмайды. Мен қазір үлкен қаруымды алып барлығыңды жайратып тастаймын. Әй достым жүр қаруымызды алып келейік. Бұларға көрсетейік. Қарашы өздерін бізге ұйқы бермей. (А-а-а- деп есінейді) Тезірек ұйықтасақ қой шіркін!

2-оқушы: Қарақшы ағай бізге тимеші. Біз шуламай ақырын ғана жүреміз. Мереке болсыншы. Бұл меркеені біз 1 жыл күттік қой, ия балалар.

3-оқушы: Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар. Сосын бізбен бірге мерекеде болыңыздар. Аяз ата келеді. Көп кәмпит әкеледі. Біз сіздерге де береміз.

1-қарақшы:

-О-о-о Кәмпит дегенді біз жақсы көреміз. Жарайды келістік. Сендер бір әдемі өлең айтыңдар. Біз ұйықтап алайық.

Хоровод: «Аппақ, аппақ, жапалақтап»

Аппақ, аппақ, жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, алақай Аяз ата

Келіп қалды алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Шырша: Балалар біздің мерекемізді қыздыратын Аяз ата ғой. Атамызды қалай шақырамыз. Айқайласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесек екен а?

(Залға сиқыршы келеді)

Сиқыршы:Сәлеметсіңдер ме балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр? Жақсы ма?

4-оқушы: Жоқ. Мерекеміз көңілді өтпей жатыр. Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды. Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз. Сиқыршы апай бізге көмектесіңізші.

(Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді.)

1-қарақшы:-Бұл не айқай шу? Түу түк ұйқым қанбай қалды ғой. Неге шулайсыңдар а? Мынау кім өзі, а-а-а Аяз ата ма? Кәмпит әкелдің бе? Сенде көп кәмпит бар деп еді ғой.

Ақша қар: Жоқ қарақшы ағай бұл аяз ата емес. Сяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз. Біз сіздер оянып кетер деп, қорқып айқайлай алмай тұрмыз.

1-қарақшы: Дұрыс-дұрыс. Бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?

5-оқушы: Бұл сиқыршы

1-қарақшы: Өй осындай сиқыршы бола ма екен? Әй сен рас сиқыршысың ба? Қане сиқыршы болсаң 1 шелек алтын, күміс берші. Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ. Бір машина толтырып алтын берші. О-хо мен бай болар едім. Қане тезірек бер. Мына қылышты көріп тұрсың ба? Манағы батырсымақ жоқ па әйтеуір.

Сиқыршы: Мен сендерге ештеңе бере алмаймын. Өйткені мен қайырымды сиқыршымын. Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Қане одан да мына балалардың тілегін орындайын.

2-қарақшы:Қайдағы балалардың тілегі Сен тек біздің тілегімізді орындайсың. Қарақшылар сиқыршыны ұстап алып қолын артына қайырады.

Қарақшылар: Тез тілегімізді орында

Сиқыршы: Босатыңдар қалтамнан сиқырды таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын. (балаларға қарап көзін қысады.)

Сиқыршы: Абра-кадабра сим салабим .Мына қарақшылар мейірімді, әрі көңілді болсын. Балалар қане бәріміз бірге

Балалар:Абра -кадабра сим салабим

(Осы кезде қарақшылар күлімдеп)

1-қарақшы:-О-о-о қандай сүйкімді балалар. Қандай әдемі балалар. Киімдері сондай керемет екен. (Барып балаларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып құшақтайды.)

Бір-біріне қарап:

2-қарақшы: Біз не осы мейірімді болып кеткенбіз бе? Ой қызық е. Мейірімді қарақшылар бола ма екен? О ғажап! Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды. Сендерге ше балалар? Балалар қане бірігіп билеп жіберейік.

Флешмоб

Шырша: Қарақшыларымыз қайырымды болды. Сиқыршы сізге көп-көп рахмет.

Ақшақар: Ал енді Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата!

(Залға мыстан кемпір кіреді.Қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар.)

Мыстан кемпір:

Асау желмен алысқан

Аяз әжелерің асығып

Шаршап келді алыстан

Төрге мені отырғыз!

Уф-белім-ай

Ақшақар:Балалар мынау кім?

Балалар: Мыстан кемпір

Шырша: Мыстан әже. Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз? Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз. Аяз әже болушы ма еді?

Мыстан кемпір: Неге осы сол бәрі кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз. Ол келсе қуанасыңдар. Оны 1 жыл бойы күтесіздер а? Неге 1 рет болса да мені шақырмайсыңдар? Мен де ол сияқты кәрімін, жасым үлкен міне биыл 240 жасқа келдім. Менде сыйлы құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді. Сендер мені шақырмасаңдар да, мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің де ол сияқты таяғым, қолғабым,тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Мыстан әже болады. Ал қане менің сол жаман шалдан қай жерім кем? Қане балақай менің атым Аяз әже деп айтшы. (осылай біраз балаға айтқызады)

Мыстан кемпір: О-хо-хо Енді Жаңа жыл менің мерекем. Жылда енді мені күтетін боласыңдар.

Ақшақар: Мыстан әже. Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен. Сіз оларды қайдан алдыңыз. Ал Аяз атамның кәмпитке толы қапшығы қайда? Қазір мен атама телефон шалып, мән-жайды білейін.

(Ақшақар Аяз атаға телефон шалады)

Ақшақар: Алло, аяз ата.

Аяз атаның даусы: Амансың ба, қызым. Мен мерекеге келе жатқам. Қайдан шыққанын білмеймін, Мыстан кемпір ұстап алып байлап кетті. Таяғымды, қолғабымды, бас киімімді алып кетті. Сеннен хабар болып қалар деп отыр едім.

Ақшақар: Ата қазір көмекке барамын. Мыстан әже мында жүр. Таяғыңыз, бас киіміңіз бар, ал бірақ сыйлық толы қапшығыңыз жоқ. Қазір тауып сізге жетеміз. Күтіңіз.

Ақшақар: Шырша, балалар енді қайттық? Аяз атамызды Мыстан әже ұстап алып, байлап кетіпті. Көмектесу керек.

1-қарақшы: А-а-а Қап бәлем. Ұстаңдар қане Мыстанды

(Қарақшылар Мыстан кемпірді қуып ұстап алады.)

Сиқыршы: Қане Мыстан Ақшақарға Аяз атаның киімдерін, қапшығының қайда екенін айт. Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберемін. Мәңгілік қатып тұрасың.

Мыстан кемпір: Жо-жоқ Мұзға айналдыра көрмеңдер. Мә-мә алшы осыны.

(Ашуланып бәрін бере салады)

Ақшақар: Ал қапшығы қайда?

Мыстан кемпір: Ол менде жоқ,-деп тағы да қашады.

Қарақшылар: Ұстаңдар. Ол өтірік айтады.Көмектесіңдер балалар. Балалар ұстап әкеледі.

Сиқыршы: Сен не мәңгілік мұз болып қатып тұрғың келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?

Мыстан кемпір:Түу-у қоймадыңдар ғой. Мен оны бір жерге тығып кеткен едім. Өзімше кәмпитке тойып шай ішемін ғой деп едім

Шырша: Ал Ақшақар сен қарақшы ағаларыңмен барып, Аяз атаны құтқарып алып кел. Қапшықты берсін Тездетіңдер енді.Мен оған дейін балалармен бірге бола тұрайын.

(Ақшақар мен қарақшылар Мыстан кемпірді алып кетеді)

Шырша: Ал балалар менің құрметіме шырша туралы ән білесіңдер ме? Ендеше Аяз ата келгенше бәріміз ән айтайық.

Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.

Шырша: Балалар Аяз ата да жақындап қалған шығар. Ол келгенше бишілеріміздің тамаша биін тамашалайық.

Би: Танго

Шырша: Ал енді Аяз ата да келіп қалған болар. Бәріміз бірге шақырайық.

-Аяз ата, Аяз ата

(Аяз ата мен Ақшақар келеді. Артында Қарақшылар бар.)

Аяз ата:Аяулы аналарға,

Ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға

Бәріңе, бәріңе де сәлем бердім.

Асау желмен жарысып,

Келіп жеттім алыстан

Амансыңдар ма балалар?

Ақшақар: Аяз ата қарашы балалардың киімдері қандай әдемі! Шырша да әдемі безендіріліген. Біз сізді ертіп келгенше балалармен осы Шыршамыз көңіл көтерді.

Аяз ата: Айналайын Шыршажан. Рахмет саған. Менің балаларыммен көңіл көтергеніңе.

Ендеше тұрмайық. Шырша шамын жағайық.

Бәріміз бірге

Қане шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат,-деп айтайық

(Барлығы айқайлайды. Шырша жанады.)

Ақшақар: Ал енді балалар шыршаның жану құрметіне ән шырқайық.

Келді міне жаңа жыл

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге

Жаңа жауған ақ ұлпа

Қар жамылды даламыз

Балаларды сағынта

Келді аяз атамыз

Айдай ару ақша қар

Көмекшісі сол екен

Аяз ата ақ сақал

Сыйлықтары мол екен

Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап

Жаңа жылда баршамыз

Шаттанайық кел ойнап

Аяз ата:

Ал енді Ескі жылымыз қайда жүр. Жолын Жаңа жылға берсін.

Ескі жыл, қой жылы:

Дұрыс айтасыз ата. Жаңа жылдың да келетін уақыты болып қалды. Мен де кетейін.

Шырша: Менің жанымда той тойлауға сонау Африкадан қонақтар келе жатқан сияқты ғой.

Би: Чунга –чанга

(Би соңында маймыл келіп, шыршаны айналып билеп жүреді)

Аяз ата: Әй мынау Жаңа жылымыз Маймыл ғой.

Маймыл: Құр қол келмейін деп, сонау Африканың сәлемін ала келдім.

Аяз ата: Жарайсың Маймылжан. Көңілімізді бір көтеріп тастадың.

Қой:Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Келер жыл саған аманат

(Қол алысып құшақтасады.)

Ескі жыл: Аяз ата, Ақшақар , балалар, шырша ал жақсы сау болыңдар. 12 жылдан кейін кездескенше.

(Қой қоштасып, кетеді)

Шырша: Балалар жаңа жыл Маймылдың құрметіне ән шырқайық.

Хоровод: Жаңа жыл
Көк шыршамыз ырғалып  
Жатыр дала- қыр нағып 
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып ! 
Жарасатын еліме , 
Төрлет жылым төріме ! 
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне ! 
Қайырмасы : 
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! 
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр . 
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! 
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр. 
Шыршамызға шам жағып, 
Қараймыз ғой тамсанып, 
Би билейік , ал кәнекей ән салып ! 
Аяз ата әніміз, 
Ақшақарың сәніміз , 
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз! 
Күлімдесін күніміз , 
Жалындасын жүзіміз , 
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз ! 
Жаңа жылым шаттығым, 
Арайланып атты күн, 
Тілейікші елімізге сәтті күн .!

Ақшақар: Қане балалар, енді бар өнерлеріңді ортаға салыңдар. Аяз ата шаршағанын бассын.

Тақпақтар:

6-оқушы:Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым

7-оқушы:Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда

8-оқушы:Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
9-оқушы: Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
10-оқушы: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
11-оқушы:Боранмен буып белді.

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін

Нұрға бөлеп біздің елді

12-оқушы: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді

13-оқушы: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

14-оқушы: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

Шырша: Ата, біздің балаларымыз шетінен өнерлі екен. Сізге арнап би билеп береміз дейді.

Аяз ата: О, айналайындар. Балалар қане бәріміз бірге билейік онда.

Би: Буги-буги

Аяз ата: Мұндай ән айтып, би билеп жатқан балалардан айналдым. Қане ақша қар қызым мына қапшық толы кәмпиттерді бер балаларға бір тойып жесін.

(Ақшақар кәмпит таратады)

Шырша: Аяз ата «Сыйға сый» дегендей сіз бізге тәтті кәмпит беріп қуантып жатырсыз. Біз де сізді ән айтып қуантайық.

Хоровод Шырша жыры

1.Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын

Қ-сы

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биде билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

2.Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында аяз ата жүр

Қуанады балаша

3.Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын

Ақшақар: Балалар өнерлерің керемет екен. Мен енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия.

Қазір менің артымнан қайталайсыңдар

-Біз көңілді балақаймыз

Ойынға да біз тоймаймыз.

Шапалақ та ұрамыз

Аяқпен де соғамыз.

Құлақты да қалқитып,

Басымызды шайқаймыз.

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз.

Он, жиырма ,қырық

Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.

Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.

Бірнеше рет ойнау.

Шырша:

Ата менде бір ойын өткізсем бола ма?

Аяз ата: Шыршажан ойын ойнағанды кім жақсы көрмейді? Ойната ғой.

Шырша: Әр кластан 2 ата-ана, 2 оқушыдан шықсын. Сіздерге түрлі-түсті қағаздар беріледі. Сол қағаздардан шырша ойыншықтарын жасап, шыршыларды безендірулеріңіз керек.

(Ойын ойналады)

Шырша: Ойыншыларымыз шыршаны безендіріп болғанша бәріміз шыршаны айналып ән айтайық, балалар.

Хоровод: «Жаңа жыл»

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Тамаша,Тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Көрікті, бөрікті.

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.

Қала нұр, дала нұр.

Құтты болсын Жаңа жыл.

Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр.

Шырша: Әніміз де аяқталды. Ойыншыларымыз да шыршаны безендіріп болған болар..

Аяз ата: Шыршаны керемет безендірген екенсіңдер.Қане ақшақар қызым, сыйыңды бер мына балаларға.Ал балаларым менің сыйым мұнымен біткен жоқ. Мен көп хат алдым. Барлығың маған хат жазыпсыңдар. Риза болдым балпандарым. Сендерді қуантайын деп, барлығыңның тілектеріңді орындауға тырыстым. Осы жазған хаттарыңның ішішнен 1-2-еуін оқып, өз қолыммен табыстайын.

(Аяз ата 2 хатты оқып сыйын береді)

Аяз ата: Қалғанын мына ақшақар қызым мен шыршаға беріп кетемін. Сол табыстайды. Себебі менің баратын жерім көп.Көптеген балалар күтіп отыр мені.Жарай ма балалар. Ал мен кетейін. Сау болыңдар.

Ақшақар: Балалар Аяз атаны бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол!

(Аяз ата шығып, кетеді)

Ақшақар:: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Шырша:Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға

Ән:Жаңа жыл келді

1.Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көкейімде сайрап сан арман

Бізді тосады бақыт алдан

Қ-сы

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа

2.Жетелейді арман алысқа

Саған да бұл сезім таныс па?

Жаңа жылым мынау еліңді

Жеткізе бер жаңа табысқа

Қ-сы

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа




















Жаңа жыл кешіне оқушылардың қатысымы


Оқушының аты-жөні

Класы

Киетін костюмі

Номері

1

Аманғали Меруерт

2 Д



2

Әбдіқалиев Әліби



3

Бержанова Ақмерей



4

Бөкенбаев Дәулет



5

Бөлеген Жоламан



6

Данабеков Нұрхан



7

Ермекбаев Алихан



8

Жалмағамбетова Жансая



9

Жақсыберген Толғанай



10

Жалғас Темірлан



11

Ибрагим Нұршат



12

Кеңшілік Іңкар



13

Ниеталин Сабыржан



14

Нұрмұханова Сағыныш



15

Нұралина Ақмаржан



16

Жұмабай Айдар



17

Жұмабай Айбар



18

Өмірбаев Ғибрат



19

Сайлыбаев Дәулет



20

Сақтағанова Жангүл



21

Сұлтанов Сұңқар



22

Серік Әділжан



23

Торғаев Дарын



24

Түгелбай Анар



25

Уразбаев Арман



26

Шынболатова Алуа



27

Аңсапов Тамирлан

3 В



28

Абдіғали Аружан



29

Бердімұратова Наргиз



30

Дүзбаев Ерасыл



31

Дүзбаева Аружан



32

Жалғасбай Расул



33

Жалғауов Али



34

Жамбыл Жанат



35

Жолдыбай Ақбота



36

Загретдинов Диас



37

Ибраим Яссауи



38

Қалдымұратова Нұрзат



39

Қапанова Әлия Жеңісқызы



40

Құлекенова Гүлмарал



41

Мәжитова Ғалиябану



42

Мұратов Нұржан



43

Нованова Динара



44

Нұрымбетова Шапағат



45

Саматқызы Дильназ



46

Серікова Айгерім



47

Серікова Жансая



48

Теміржан Алуа



49

Төлеуов Мадияр



50

Хамит Найман




Хоровод: Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.

Хоровод: «Жаңа жыл»

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Тамаша,Тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Көрікті, бөрікті.

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.

Қала нұр, дала нұр.

Құтты болсын Жаңа жыл.

Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр.


Хоровод Шырша жыры

1.Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын

Қ-сы

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биде билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

2.Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында аяз ата жүр

Қуанады балаша

3.Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын

Келді міне жаңа жыл

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге

Жаңа жауған ақ ұлпа

Қар жамылды даламыз

Балаларды сағынта

Келді аяз атамыз

Айдай ару ақша қар

Көмекшісі сол екен

Аяз ата ақ сақал

Сыйлықтары мол екен

Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап

Жаңа жылда баршамыз

Шаттанайық кел ойнап

Келді міне жаңа жыл

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге

Жаңа жауған ақ ұлпа

Қар жамылды даламыз

Балаларды сағынта

Келді аяз атамыз

Айдай ару ақша қар

Көмекшісі сол екен

Аяз ата ақ сақал

Сыйлықтары мол екен

Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап

Жаңа жылда баршамыз

Шаттанайық кел ойнап

Хоровод: Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.

Хоровод: «Аппақ, аппақ, жапалақтап»

Аппақ, аппақ, жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, алақай Аяз ата

Келіп қалды алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Жа?а жылды? ертегі

Автор: Арты?бай Д.М,Д?рмен??лова Л.Ж

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272850

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Жа?а жылды? ертегі:  ««К?лте ?ызды? сауы? кешіне баруы»» "
    ["seo_title"] => string(63) "zhan-a-zhyldyk-iertieghi-kultie-k-yzdyn-sauyk-kieshinie-baruy-1"
    ["file_id"] => string(6) "156840"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421496704"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Жаңа жылдық ертегі" атты 2019 Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(65) "zhana_zhyldyk_ertegi_atty_2019_zhana_zhyldy_karsy_alu_ertengiligi"
    ["file_id"] => string(6) "494124"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1546913777"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош келді?, жа?а жыл! 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(26) "koshkieldinzhanazhyl4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "287579"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454504262"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) ""Күлше қыздың сауық кешіне баруы" жаңа жылдық ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(69) "kulshie_k_yzdyn_sauyk_kieshinie_baruy_zhan_a_zhyldyk_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "374866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483329273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства