kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күлше қыздың сауық кешіне баруы" жаңа жылдық ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық ертегі  «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Барысы:

Хоровод: Зырлайды шанамыз

 (Шыршаны айнала тұрады)

( Барлығы би  билеп, ән айтады)

Ән:Жаңа жыл келді

 (Маймылдар әуен ырғағымен шыршаны айналып билеп шығады)

1-маймыл Назарбек 4 Д:Бүлдіршіндер, балалар

Өсті жылда бойларың

Көп ойларды игеріп

Шарықтады ойларың

2-маймыл Айбар 4 Д:Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Қоштасамыз біз бүгін

Жасадық көп жақсылық

3-маймыл Аслан  4 Д:.Балаларым балғындарым

Алғысым көп айтар менің

Дәл осылай артығырақ

Қарсы алыңдар тауық жылын

4 -маймыл Олжас 4 Д:Ал,балалар тұрмайық

Тауықтай жаңа жыл да бар

Оны ортаға алып біз

Қоштаса билеп алайық

Би: Маймылдар

(маймылдар кетіп, ергежейлілер билеп кіреді.)

Би: Ергежейлілер

1 ергежейлі Жалғас 2 Б:Біз сүйкімді ергежейлі,

Орманда біз тұрамыз,

Біз сүйкімді ергежейлі

Ертегіні бастаймыз.  

2 ергежейлі Ислам 2 Б:Орманды біз қорғаймыз

Қазынаны жинаймыз,

Бізді енді танисыңдар

Біз құрттақандаймыз

3 ергежейлі Нұржан 2 Б:Сиқырлы біз әлемненбіз

Ертегіні айтамыз біз

Мейірімді ханымыз жар салады

Баршаңызға, жар іздеуге ханзадаға

(Ортаға күлшеқыз кіреді.)

(Өгей шешесі кіреді, қасында екі қызы бар )

Өгей шешесі:  Күлшеқыз бері кел!(аяғымен жерді ұрып)

(Әуен естіліп, ергежейлі  қолындағы қағазды оқиды.)

Ергежейлі (оқиды) Ислам 2 Б:  Қайырлы күн! Барлық қыздар қауымын ойын сауық кешіне шақырамыз. Ханымыз солай бұйырды.

(Ергежейлі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)

Өгей шешесі Лариса С:  

Рахмет, өте қуаныштымыз.  

Міндетті түрде барамыз

Күлше қыз киім дайында

Ойын сауық кешіне

үшеуміз бірге барамыз. (Екі қызы ортаға шығып, шаттанып билейді)

Күлше қыз Нұрзат 4 В: Ооо, мен де кешке барамын

1 қыз Ақбота 4 В: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2 қыз Мәдина 4 Д: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

 Онда қандай көңілді

Шам шырақтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)

(Өгей шешесі қолында екі шелегі бар ортаға шығады, біреуінде горох , екіншісінде – фасоль қағаздан қолдан жасалған)

Өгей шешесі Лариса С:  

Тапсырма мен ойлап таптым,

Көңілді сен босатпа,

Біз келгенше кешімізден

Мыналарды жинақта!

(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)

Өгей шешесі Лариса С:  

Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі  

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі

(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)

Күлше қыз Нұрзат 4 В:(басын ұстап) :

Не істеймін енді мынаны

Қалай жинап үлгерем?

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:  Балалар Күлше қызға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия. Жұмыстан біз қашпаймыз,

Бәрін жинап тастаймыз!

Ойын:  "Бұршақтарды жинақтау"

(Балалар ойын ойнайды)

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Күлше қыз сен көңіліңді түсірме. Көрдің ғой біздің балалардың саған қалай көмектескенін. Одан да мына әсем шыршаға арнап ән айтайық. Қане балалар Күлше қыздың көңілін көтерейік.

Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

(Ортаға патша мен ханзада шығады)

Ханзада Найман 4 В: 

Ойын сауық кештерің

Көңілсіз болды  мен үшін (есінеп)

Патша Мирас 11 Б:

Ұлым жан – жағыңа қарашы,

Бәрі  қандай тамаша.

Көңіл көтер жараса.

Қаршалар  қандай тамаша.

(Ортаға қаршалар шығып «Қаршалар» биін билейді)

Би: «Қаршалар»

Ханзада  Найман 4 В:

Шаршатты бұл қаршалар,

Қызықты нәрсе табыңдар!

Ән: Неге, неге Нұрадин Аяулым 4 Д

(Ортаға Өгей шешесі қыздарымен шығады)

Өгей шешесі Лариса С:

Мәртебелі патшамыз,

Қонақтарды қарсы алып,

Ортаға бері шығыңыз

Би билейік ән салып.

Би:  Чунга чанга 4 В  

(Патша, Өгей шешесі бәрі қосылып билейді)

(Би біткеннен кейін патша, ханзада, өгей шешесі, 2 қызы шыршаны тасалап кетіп қалады)

(Күлше қыз ортаға шығып жылайды, күлшеқыз әуені ойнап тұрады)

(Ортаға  сиқыршы ханшайым  шығады қолында сиқырлы таяғы бар)

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңізге қуанып

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Жылама қызым  жылама

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың

Сенде кешке барарсың. 

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

Бәрінде сіз білесіз.

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Қолымнан келеріде көп!

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

Қандай ғажап адамсыз,

Ризамын мен өмірге,

Ойын сауық кешіне,

Кір көйлекпен қалай барамын.

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Аймен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

Құпия сиқыр таяғы

Ергежейлілер көмекке келер біздерге

(сиқырлы таяғымен сермейді,ергежейлілер келіп, күлше қызды киіндіруге алып кетеді)

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Балалар шыршаларың қандай әдемі?

Ал бірақ ол неге жанбай тұр? Мұндай үлкен мерекеде шырша шамы жану керек балалар.  

Мінекей жасыл шырша

Қуаныш жалпыға

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

(Балалар бәрі бірге)

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

(барлығы айтады, шырша шамы жанады)

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Қане босқа тұрмайық

Бар өнерді сынайық

Сиқыршы ханшайымға

Қандай өнер сыйлайық

Би: «Топ-топ, хлоп-хлоп»

Ән: «Жаңа жыл» 2 Б  Бөлекбаева Еркеназ

(Осы уақытта Күлше қызды әдемі киіндіріп ергежейлілер ортаға алып шығады.)

Сиқыршы ханшайым Әсел С:

Тыңда қызым бері қара

Айтар сөзім бар саған

Сағат тілі он екіні соққанда

Сиқыр күші жоғалар!

Күлше қыз Нұрзат 4 В : Жарайды. Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.

(Сиқыршы ханшайым  мен Күлше қыз қоштасып шырша артына кетеді.)

Патша Мирас 11 Б: 

Алыс аймақ жерлерден

Келді әдемі сұлулар

Қарашы олардың ән-билерін.

Сұлулыққа көз тоймар

(Осы кезде залға Күлше қыз кіреді)

Патша Мирас  11 Б:Бұл не деген бейбастық

Тағы қонақ келген бе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің қай жақтан?

Ханзада Найман 4 В:Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім.

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел билейік танысып.

(Ханзада мен күлше қыз билейді. Балалардың бәрі қосылып билейді)

Ханзада Найман 4 В: Мен сіздің осы сарайда қалғаныңызды қалаймын.

Күлше қыз Нұрзат 4 В: Бұл кешті мен ұмытпаймын,

Бірақ та мен қала алмаймын.

(сағат тілі он екіні соғады)

Күлше қыз Нұрзат 4 В: Ханзада қош болыңыз!

үлше қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар  тоқтатып алады)

Аяз ата Асанали К:

Тоқта, ботам, асықпа

Бүгінгі кеш ерекше,

Бәріміз қарсы алайық 

Жаңа  жылды ерекше!

Ақша қар Мерей 6 В:

Айтқан тілек жаңа жылда,

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

 Жаңа жыл да келіп қалды,

Тілек тілер уақыт болды.  

Аяз ата Асанали К: 

Армысыңдар жарандар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?

Өгей шешесі мен қыздары Лариса С, Ақбота 4 В, Мәдина 4 Г:

Аяз ата бізді кешіріңіз!

Енді біз адал, мейірімді боламыз.

Ақша қар Мерей 6 В:  Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Ия

Ән:Жаңа жыл

(Бәрі қосылып, би билеп  айтады)
Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

       Келді тағы жаңа жыл

       Қуантумен біздерді

       Құтты болсын қуаныш

       Құттықтаймыз сіздерді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күлше қыздың сауық кешіне баруы" жаңа жылдық ертеңгілігі»


5 орта мектеп












 «Күлше қыздың

сауық кешіне баруы»

(2017 жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігінің сценарийі)





Жауаптылар: 2 Б класс Сатаева Б.А.

4 В класс Дәрменқұлова Л.Ж.

4 Г класс Смағұлова Ә.Е.








2016-2017 оқу жылы

Жаңа жылдық ертегі  «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Қатысатындар:

Маймылдар: Кәрібаев Айбар, Барлықов Аслан, Жәңгіров Олжас, Қонақбай Назарбек-4 Д класс оқушылары

1 ергежейлі: Жәңгіров Жалғас-2 Б класс оқушысы

2 ергежейлі: Марленұлы Ислам-2 Б класс оқушысы

3 ергежейлі: Сағынбаев Нұржан-2 Б класс оқушысы

Өгей шешесі: Сәрсенбаева Лариса-мұғалім 

Күлше қыз: Қалдымұратова Нұрзат-4 В класс оқушысы

1 қыз: Жолдыбай Ақбота-4 В класс оқушысы

2 қыз: Жәйбергенова Мәдина-4 Г класс оқушысы

Ханзада: Хамит Найман-4 В класс оқушысы

Жүргізуші ханшайым: Дәрменқұлова Ләззат- 4 В класс жетекшісі

Патша:Жалғасбаев Мирас-11 Б класс оқушысы

Сиқыршы ханшайым: Смағұлова Әсел-4 Д класс жетекшісі

Аяз ата: Кушкимбаев Асанали-мұғалім

Ақша қар: Жалғасбаева Мерей-6 В класс оқушысы

Тауық: Сатаева Бағдат-2 Б класс жетекшісі

Маскарад қонақтары ханшайымдар: ата-аналар

Ақша қарлар: Ата-аналар Ізбасарова Әсемгүл, Қалжанова Жансұлу, Егімбаева Әсемгүл, Тебенова Гүлден, Тенисбаева Ләззат, Изимова Сағира



Керекті жабдықтар: Қар ұлпалары (ата-аналар биіне), ергежейлінің қағазы, қар қиыршықтары (горох, фасоль орнына), 2 шелек



Бағдарламада:

Би: Ақ ұлпалар (ата-аналар биі)

Би: Маймылдар 4 Д

Би: Ергежейлілер 2 Б

Би:Қаршалар биі 4 В, 4 Д қыздары

Би: Чунга-чанга 4 В

Би: «Топ-топ, хлоп-хлоп» 4 В

Би: Ақшақарлар биі 2 Б, 4 В, 4 Д

Би: «Әсем ән» 4 В

Би: Балапанадар биі Бағдат С, 2 Б класс оқушылары

Хоровод: Зырлайды шанамыз

Хоровод: Орманда шырша туыпты

Хоровод: Келді міне жаңа жыл

Хоровод: Шырша жыры

Хоровод: Жаңа жыл

Ән: Жаңа жыл (бәрі бірге)

Ән: «Неге,неге» Нұрадин Аяулым 4 Д

Ән: «Жаңа жыл» Бөлекбаева Еркеназ 2 Б

Ән: Жаңа жыл келді (бәрі бірге)

Ойын: «Көршіңді тап»

Ойын:Паровоз

Ойын:  "Бұршақтарды жинақтау"








Барысы:

(6 ата-ана ақ қарлар шыршаны айналып билейді. Қолдарында қар ұлпалары. Есік алдында тұрған балаларға қолдарындағы ақ қарлардан қар үйіндісін жасап тұрады. Балалар әсем әуеннің ырғағымен залға кіреді)

Хоровод: Зырлайды шанамыз

(Шыршаны айнала тұрады)

Ақбота 4 Д:Армысыңдар халайық!

Бармысыңдар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Шұғыла 4 Д:Ертегі әлемі, неткен әдемі!

Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды

Қане балақай байқашы, мән беріп қарашы

Достардың барлығы, үлгерді ме санашы.

Сағинұр 4 Д:Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып

Жалғасады жырға –жыр.

( Барлығы би  билеп, ән айтады)

Ән:Жаңа жыл келді

(Маймылдар әуен ырғағымен шыршаны айналып билеп шығады)

1-маймыл Назарбек 4 Д:Бүлдіршіндер, балалар

Өсті жылда бойларың

Көп ойларды игеріп

Шарықтады ойларың

2-маймыл Айбар 4 Д:Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Қоштасамыз біз бүгін

Жасадық көп жақсылық

3-маймыл Аслан 4 Д:.Балаларым балғындарым

Алғысым көп айтар менің

Дәл осылай артығырақ

Қарсы алыңдар тауық жылын

4 -маймыл Олжас 4 Д:Ал,балалар тұрмайық

Тауықтай жаңа жыл да бар

Оны ортаға алып біз

Қоштаса билеп алайық

Би: Маймылдар

(маймылдар кетіп, ергежейлілер билеп кіреді.)

Би: Ергежейлілер

1 ергежейлі Жалғас 2 Б:Біз сүйкімді ергежейлі,

Орманда біз тұрамыз,

Біз сүйкімді ергежейлі

Ертегіні бастаймыз.  

2 ергежейлі Ислам 2 Б:Орманды біз қорғаймыз

Қазынаны жинаймыз,

Бізді енді танисыңдар

Біз құрттақандаймыз

3 ергежейлі Нұржан 2 Б:Сиқырлы біз әлемненбіз

Ертегіні айтамыз біз

Мейірімді ханымыз жар салады

Баршаңызға, жар іздеуге ханзадаға

(Ортаға күлшеқыз кіреді.)

(Өгей шешесі кіреді, қасында екі қызы бар )

Өгей шешесі:  Күлшеқыз бері кел!(аяғымен жерді ұрып)

(Әуен естіліп, ергежейлі қолындағы қағазды оқиды.)

Ергежейлі (оқиды) Ислам 2 Б:  Қайырлы күн! Барлық қыздар қауымын ойын сауық кешіне шақырамыз. Ханымыз солай бұйырды.

(Ергежейлі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)

Өгей шешесі Лариса С:  

Рахмет, өте қуаныштымыз.  

Міндетті түрде барамыз

Күлше қыз киім дайында

Ойын сауық кешіне

үшеуміз бірге барамыз. (Екі қызы ортаға шығып, шаттанып билейді)

Күлше қыз Нұрзат 4 В: Ооо, мен де кешке барамын

1 қыз Ақбота 4 В: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2 қыз Мәдина 4 Д: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

 Онда қандай көңілді

Шам шырақтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)

(Өгей шешесі қолында екі шелегі бар ортаға шығады, біреуінде горох , екіншісінде – фасоль қағаздан қолдан жасалған)

Өгей шешесі Лариса С:  

Тапсырма мен ойлап таптым,

Көңілді сен босатпа,

Біз келгенше кешімізден

Мыналарды жинақта!

(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)

Өгей шешесі Лариса С:  

Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі  

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі

(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)

Күлше қыз Нұрзат 4 В:(басын ұстап) :

Не істеймін енді мынаны

Қалай жинап үлгерем?

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:  Балалар Күлше қызға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия. Жұмыстан біз қашпаймыз,

Бәрін жинап тастаймыз!

Ойын:  "Бұршақтарды жинақтау"

(Балалар ойын ойнайды)

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Күлше қыз сен көңіліңді түсірме. Көрдің ғой біздің балалардың саған қалай көмектескенін. Одан да мына әсем шыршаға арнап ән айтайық. Қане балалар Күлше қыздың көңілін көтерейік.

Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

(Ортаға патша мен ханзада шығады)

Ханзада Найман 4 В: 

Ойын сауық кештерің

Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)

Патша Мирас 11 Б:

Ұлым жан – жағыңа қарашы,

Бәрі  қандай тамаша.

Көңіл көтер жараса.

Қаршалар қандай тамаша.

(Ортаға қаршалар шығып «Қаршалар» биін билейді)

Би: «Қаршалар»

Ханзада Найман 4 В:

Шаршатты бұл қаршалар,

Қызықты нәрсе табыңдар!

Ән: Неге, неге Нұрадин Аяулым 4 Д

(Ортаға Өгей шешесі қыздарымен шығады)

Өгей шешесі Лариса С:

Мәртебелі патшамыз,

Қонақтарды қарсы алып,

Ортаға бері шығыңыз

Би билейік ән салып.

Би: Чунга чанга 4 В

(Патша, Өгей шешесі бәрі қосылып билейді)

(Би біткеннен кейін патша, ханзада, өгей шешесі, 2 қызы шыршаны тасалап кетіп қалады)

(Күлше қыз ортаға шығып жылайды, күлшеқыз әуені ойнап тұрады)

(Ортаға  сиқыршы ханшайым шығады қолында сиқырлы таяғы бар)

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңізге қуанып

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Жылама қызым  жылама

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың

Сенде кешке барарсың. 

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

Бәрінде сіз білесіз.

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Қолымнан келеріде көп!

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

Қандай ғажап адамсыз,

Ризамын мен өмірге,

Ойын сауық кешіне,

Кір көйлекпен қалай барамын.

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Аймен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

Құпия сиқыр таяғы

Ергежейлілер көмекке келер біздерге

(сиқырлы таяғымен сермейді,ергежейлілер келіп, күлше қызды киіндіруге алып кетеді)

Сиқыршы ханшайым Әсел С: 

Балалар шыршаларың қандай әдемі?

Ал бірақ ол неге жанбай тұр? Мұндай үлкен мерекеде шырша шамы жану керек балалар.

Мінекей жасыл шырша

Қуаныш жалпыға

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

(Балалар бәрі бірге)

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

(барлығы айтады, шырша шамы жанады)

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Қане босқа тұрмайық

Бар өнерді сынайық

Сиқыршы ханшайымға

Қандай өнер сыйлайық

Би: «Топ-топ, хлоп-хлоп»

Ән: «Жаңа жыл» 2 Б Бөлекбаева Еркеназ

(Осы уақытта Күлше қызды әдемі киіндіріп ергежейлілер ортаға алып шығады.)

Сиқыршы ханшайым Әсел С:

Тыңда қызым бері қара

Айтар сөзім бар саған

Сағат тілі он екіні соққанда

Сиқыр күші жоғалар!

Күлше қыз Нұрзат 4 В : Жарайды. Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.

(Сиқыршы ханшайым мен Күлше қыз қоштасып шырша артына кетеді.)

Патша Мирас 11 Б: 

Алыс аймақ жерлерден

Келді әдемі сұлулар

Қарашы олардың ән-билерін.

Сұлулыққа көз тоймар

(Осы кезде залға Күлше қыз кіреді)

Патша Мирас 11 Б:Бұл не деген бейбастық

Тағы қонақ келген бе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің қай жақтан?

Ханзада Найман 4 В:Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім.

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел билейік танысып.

(Ханзада мен күлше қыз билейді. Балалардың бәрі қосылып билейді)

Ханзада Найман 4 В: Мен сіздің осы сарайда қалғаныңызды қалаймын.

Күлше қыз Нұрзат 4 В: Бұл кешті мен ұмытпаймын,

Бірақ та мен қала алмаймын.

(сағат тілі он екіні соғады)

Күлше қыз Нұрзат 4 В: Ханзада қош болыңыз!

үлше қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар  тоқтатып алады)

Аяз ата Асанали К:

Тоқта, ботам, асықпа

Бүгінгі кеш ерекше,

Бәріміз қарсы алайық 

Жаңа  жылды ерекше!

Ақша қар Мерей 6 В:

Айтқан тілек жаңа жылда,

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық

Күлше қыз Нұрзат 4 В:

 Жаңа жыл да келіп қалды,

Тілек тілер уақыт болды.  

Аяз ата Асанали К: 

Армысыңдар жарандар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?

Өгей шешесі мен қыздары Лариса С, Ақбота 4 В, Мәдина 4 Г:

Аяз ата бізді кешіріңіз!

Енді біз адал, мейірімді боламыз.

Ақша қар Мерей 6 В:  Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Ия

1 ергежейлі Жалғас 2 Б: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық

2 ергежейлі Нұржан 2 Б: Аяз ата Ақшақар бізге қонақ болыңыздар!

Аңсаған 2 Б:Аяз-ата аманба?

Аман болғың әмәнда

Қарша қызды сүйеміз

Ізетпен бас иеміз

Жаңа жылға мың сәлем

Жасай берсін бұл әлем.

Аянат 2 Б:Алыс-алыс жерден келдің

Отыра ғой деміңді ал

Өңкей бала төңірегің

Бізбен бірге әнге сал

Әлібек 2 Б:Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
Нұрасхан 2 Б Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Асылхан 2 Б Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

Бану 2 Б:Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

Жүргізуші: Балалар аяз атамен ақшақарға  арнап ән айтайық.

Хоровод: Келді міне жаңа жыл

Жүргізуші ханшайымЛәззат Д:

Аяз ата ақша қар балалармен ойын ойнауға қалай қарайсыздар?

Ойын: «Көршіңді тап» (қар жауды , шырша, жылан, көршіңді тап)

Шарты: Ойынға аяз ата мен ақша қар шығады. Ойын жүргізуші «Қар жауды» деген кезде орындарында тұрып билейді. «Шырша» деген кезде екеуі бір-бірлерінің қолдарын ұстап айналады, «Жылан» деген кезде бір-бірлерінің артында тұрып шыршаны айналып келеді, «Көршіңді тап» деген кезде Аяз ата ересек адам алып шығу керек (ол ата-ана немесе мұғалім болуы мүмкін), ал ақша қар оқушыны алып шығады. Сөйтіп ойын ортаға барлық кешке қытысып отырған адамдар шыққанша қайталанып, жалғаса береді.

Әділ 2 Б:Қыс келді, қыс келді,

Ақтарып ақ қарды.

Жон аппақ түске енді,

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды.

Елдос 2 Б:Шыңдарды, құздарды,

Шаңғымен сызалық.

Елемей ызғарды,

Жаңа жыл бәйгесін

Келейік біз алып.

Яслан 2 Б: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

 Сабыр 2 Б: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

жаңа жылда келеді

бізге қарай жылыстап

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Ақша қар бізге қашан өнеріңді көрсетесің?

Ақшақар Мерей Ж: Балалар бәріміз бірге бір ойын ойнайық. Содан соң қарша сіңлілеріммен би билеп беремін.

Ойын:Паравоз

Аяз ата Асанали К:

Қызық дәурен тез өтуде қарасам

Қыза берсін жаңа жылдық тамаша

Ислам 2 Б:Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақшақар

Көптен күтіп сағынып.

Мерей 4 Г:Кел билейік сенімен

Дедім тартып жеңінен

Еріп кетпе ақша қар

Адамдардың демімен

Ақшақар Мерей 6 В:Билейміз деп бұралып

Қыздар тұр міне сұранып

Би: Ақшақарлар биі

Аяз ата Асанали К: Балалар сендердің білімдеріңді тексерейін жұмбақ жасырсам шеше аласыңдар ма?

Балалар: ия

Жұмбақтар:1. Пісте, пісте көп пісте

Қызы  жазы бір түсте. (шырша)

  2.Қыста жер бетін басады

  Көктемде сайға қашады. (қар)

3. Бетіңді шымшып алады

   Терезеге өрнек салады. (аяз)

4 Күн батса қонақтап қалғыған,

Таң атса жерден жем аңдыған (тауық)

Аяз ата Асанали К: Ой жарайсыңдар балалар. Тауық демекші жаңа жыл тауық қайда жүр өзі?

Би: (Тауық балапандарымен ортаға шығып билеп келеді) Бағдат С, 2 Б класс оқушылары

Тауық Бағдат С: Армысыңдар Аяз ата, Ақша қар, балалар,

Аяз ата Асанали К: Ой жарайсың тауықжан. Бұл балалар келер жылдың көңілді өтетіндігінің белгісі . Жаңа жыл қалай келсе жыл солай өтеді деген бар. Армысың Жаңа жылым.

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Балалар бәрі қосылып: Армысың Жаңа жыл.

Мансұр 4 Д: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, 
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. 
Бірімізге шынайы тілек тілеп, 
Бар әлемге бақытпен жар салайық! 

Данияр 4 Д:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт, 
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. 
Тауық жылы кеп қалды ортамызға, 
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт. 
Аружан Д: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, 
Жаса, жаса достық бірлік туыстық. 
Құттықтайық жаңа жылды өнермен, 
Қуаныштың әр минуты тым ыстық. 

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:  

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар 
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар 
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. 
Жаңа жылдың құрметіне әсем әнімізді арнайық.

Хоровод Шырша жыры

Би: Әсем ән 4 В

Ақша қар Мерей 6 В:

Тыңдаңызшы  ата сіз мені

Ұмыттыңыз сіз нені?

Аяз ата Асанали К:

О,қызым есіме салғаныңа рахмет

Күлшеқыз бүгін достасты

Араздықпен қоштасты

Жаңа жыл келіп ортаға

Бәрімізбен қауышты

Сыйлығым дайын менің де

Бөліп берем бәріңе.

(Аяз ата мен Ақша қар қапшығындағы тәттілерді балаларға үлестіріп береді )

Хоровод: «Жаңа жыл»

Аяз ата Асанали К:

Балалар ақшақар екеуіміз кетейік жаңа жылды жақсылап қарсы алдық, бір –біріңмен тату болыңдар, бір-біріңді ренжітпеңдер,  қош сау болыңыздар.

Балалар: Сау бол аяз ата, сау бол ақшақар.

(Аяз ата мен ақша қар шығып кетеді)

Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

Қандай жақсы біздің аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз.

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

Ән:Жаңа жыл

(Бәрі қосылып, би билеп айтады)
Жүргізуші ханшайым Ләззат Д:

       Келді тағы жаңа жыл

       Қуантумен біздерді

       Құтты болсын қуаныш

       Құттықтаймыз сіздерді.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Күлше қыздың сауық кешіне баруы" жаңа жылдық ертеңгілігі

Автор: Сатаева Б.А, Дәрменқұлова Л.Ж, Смағұлова Ә.Е.

Дата: 02.01.2017

Номер свидетельства: 374866


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства