kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жылдық ертегі" атты 2019 Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық ертегі.

Ханшайым: Жайтақова Лаура

Фея: Отаралиева Бақытжан

Мұзханшайым: Бекбаева Гүлшат

Сайқымазақ: Айқын Айтолқын

Аю: Тоғызбаев Аслан

Маша: Мұратова Бану

Ит: Аққасен Арсен

Доңыз: Абдрашит Бексұлтан

Түлкі: Қалилулла Ақбота

Қасқыр: Марленұлы Ислам

Қоян:Талмырза Аянат

Мыстан: Амандосова Жанар

Аяз ата: Кушкимбаев Асанәлі

Ақшақар: Бакеева Перизат

Ханшайым:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендерде, көрмеген де арманда,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып ағайын.    

Жаңға шуақ, бойға қуат әкелген

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жылдық ертегі" атты 2019 Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі»


Жаңа жылдық ертегі.

Ханшайым: Жайтақова Лаура

Фея: Отаралиева Бақытжан

Мұзханшайым: Бекбаева Гүлшат

Сайқымазақ: Айқын Айтолқын

Аю: Тоғызбаев Аслан

Маша: Мұратова Бану

Ит: Аққасен Арсен

Доңыз: Абдрашит Бексұлтан

Түлкі: Қалилулла Ақбота

Қасқыр: Марленұлы Ислам

Қоян:Талмырза Аянат

Мыстан: Амандосова Жанар

Аяз ата: Кушкимбаев Асанәлі

Ақшақар: Бакеева Перизат

Ханшайым:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендерде, көрмеген де арманда,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып ағайын.

Жаңға шуақ, бойға қуат әкелген

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Бәрекелді,бәрекелді! Құрметті халайық. Бүгінгі жаңа жыл кешін әсем әнмен, сәнді бимен көңілді өткізу үшін ортаға 4 «А», 4 «Б» сынып оқушыларын қошеметпен шақырайық.

01(Музыка ойналып ортаға оқушылар шығады)

02(Музыка ойнап,ортаға фея шығады)

Фея: - Балалар сендерге бір әдемі ертегі айтып берсем, тыңдағыларың келе ме?

  • Мәссаған, мына оқушылар қатып қалыпты ғой. Бұл оқушыларды кім қатырды екен.

  • Олай болса бұларды әуелі ерітіп алайын сиқырлы таяғыммен.Міне, керемет енді балалар ертегі айтайын сіздерге.

  • Ертеде алыс бір өте ғажайып қалашықта мұздан салынған үлкен хан сарайы болыпты. Ол мекенге ешқандай тірі жан бармайды екен.Өйткені ол жерде адамға мейірімі жоқ, жүрегі мұздан жаратылған Мұз ханшайымы мекен етеді екен. Сол мұз ханшайымның сарайында жаңа жылдық кешімізді көңілді өткізіп, ханшайымның балаларға мейірімін, жылулық сезімін оятайық.Біздің қатқан себебіміз де, мұз сарайында тұрғандықтан

  • Фея: Ханшайымның сарайы неткен суық?

(балалар таңырқап, жаурап жан-жақтарына қарайды.)

Мұнда неткен суық бойымызды жылыту үшін ән айтайық.

03Хоровод: «Келді міне жаңа жыл»

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге

жаңа жауған ақ ұлпа

Қар жамылды даламыз

Балаларды сағынта

Келді аяз атамыз

Айдай ару ақшақар

Көмекшісі сол екен

Аяз ата ақ сақал

Сыйлықтары мол екен

Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап

Жаңа жылда баршамыз

Шаттанайық кел ойнап

04Мұз ханшайымы:

Соқ,соқ боран қаттырақ,

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай-дүлей соқ боран,

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Фея: Сәлеметсіз бе, Мұз ханшайымы. Сіздің сарайыңызға келіп , шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған, тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар ма, солай ма?

Фея: Жоқ, жоқ біз мына балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы: Мен ешқандай кідіре алмаймын. Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.Мен келгенше сарайымды босатыңдар.(Мұз ханшайым кетіп қалады)

Фея: Қап , әттеген ай қазір келетін Аяз ата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады?

Енді қайттік балалар?

05(сақ-сақ күлген дауыстар естіліп, сахнаға сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: Уа, халайық , жараңдар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар

Уа, халайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Фея: Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы. Жаңа мұз ханшаймы келіп, көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын бодлдыңыз ғой.

Сайқымазақ: Олай болсане тұрыс шырша шамдары да жағылмаған.

Кәне бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.

Бәрі: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат (3 рет)

06 Шам жанады

Сайқымазақ: Енді олай болса менімен бірге би билеуге қалай қалайсыздар.

07 Би: Сайқымазақ

Ханшайым: Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата.

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Аружан 4 А: Қуаныңдар ағайын,тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.

(Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі)

08 Аяз ата кіреді

Фея: Армысың Аяз ата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым,

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай жарқын жүздерірің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Ал, кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс қап.

09Хоровод : Шырша жыры

1.Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биде билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Қ-сы

Шырша жырын айтамыз

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын

2.Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында аяз ата жүр

Қуанады балаша

3.Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдаймереке

Таба берсін жалғасын

Ақшақар:

-Ата бізідің ит жылымыз көрінбейді ғой.

-Балалар жылын көрдіңдер ме?

-Жоқ

10(Осы кезде Ақшақардың телефоны шырылдайды.)


Ит: Ақшақар сіздер қайдасыздар?

Ақшақар: Біз мұз ханшайымының сарайында жаңа жыл кешін тойлап жатырмыз.

Ит: Ол жерге біз қалай жетеміз?

Балалар біздің мешініміз адасып қалыпты. Ол жаңа жыл кешінің қайда өтіп жатқанынан хабарсыз. Енді қайттік?

Ханшайым: Феядан көмек сұрайық

Ханшайым: Бізге сіздің көмегіңіз керек

Фея: Ендеше сиқырлы таяғыма жүгінейін.

11(Музыка ойналып ортаға ит келеді)

Ит:Арсен 4А Жақсылыққа бағытталған

Мешінмін мен ескі жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Тауық жылының мерекесін

Берекеге жалғаймын.

Тақпақтар:

Мұхан Н 4Б: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Исламбек 4Б: Ауыл маңы қар аппақ

Қызықтар көп не түрлі

Ақ дәптерді парақтап

Қыс отырған секілді

Нұртілек 4 Б: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайың

Көргендер де, көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Сабыр 4 Б: Жұпар иісі аңқиды

Апамды да мәз қылды

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

Аянат 4 Б: Көк шыршаны қар жауып

Күміс шапан жапты оған

Жаңа жылды қарсы алып

Кел шырқайық бастап ән.

Әділ 4 Б

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Көптен күтіп сағынған

Сәлем берді жұртыма

Нұрбақыт:4 Б

Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны

Алиарман: 4 Б Кел Жаңа жыл

Бар жұртты ұғыстырып

Бауыр қылып, дос қылып, туыс қылып

Сән-салтанатқұрғанға не жетеді

Туған жердің төсінде тыныш тірлік.

12Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.

13 (Музыка ойналады боран дауысы естіледі)

Маша: Біз қайдамыз, қайда келдік?

Фея: Сен біздің жаңа жылдық кешімізге келдің?

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім,Маша бәрін бүлдірді. Шырша іздеп жолға шыққанбыз мына алай-дүлей боранда адасып жүрміз.

Маша: Аю,аю (секіріп, аюдың қолынан қағып) мұнда шырша бар екен, қарашы әдемі осыны алайық.

Фея: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз Балалар шыршаны безендіріп, аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп Жаңа жыл кещін тойлап жатыр.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды.

Маша: Аю,аю менде балармен бірге болайыншы. Мұнда көңілді екен. Ойын ойнап, би билеймім келіп тұр.

Аю: Маша, сен балалардың мерекесін бұзасың, жүр әлі шырша табуымыз керек. Жүр,жүр (аю қолынан сүйрейді) Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Сосын жылайды.

Аю: Онда Маша сен қал біз кеттік

(Шыршаның екінші жағынан түлкі мен қасқыр қоянды жеуге екеуі екі жағынан сүйреп келе жатады)

Қоян: Ағатай, апатай жемеңдерші мені

Қасқыр: (Тоқтап қалып) Мында жылаған баланың даусы шығып жатқан сияқты. Мә, түлкі қоянды өзің же, мен мына жылаған баланы тауып алып соны жеймін.

Түлкі: (қоянды босатып жібереді, қоян қашып кетеді) Менде, кім жылаған баланы тауып алса сол жейтін болады. (түлкі мен қасқыр жылаған баланы тауып алады.)

Аю: Мен аюмын қорбаңдаған

Қарсы келмес ешкім маған

Маша қызға тиген жанды

Ешқашан да аямағам

Түлкі, Қасқыр: Аю аға,ашуыңызды басыңызшы

Фея:Мұндай көңілді кеште бір-бірімізді ренжетпейік, оданда осы балалармен қосылып жаңа жыл кешін тойлайық.

Бәрі: Жарайды

Түлкі: Мен түлкімін күлкілі,

Кім білмейді түлкіні?

Жаңа жылда бұл күні

Алдамаймын, алдамаймын ешкімді!

(жан-жағын иіскелеп)

  • Мұрныма бір жақсы иіс кеп тұрғанын қарашы . Қоянның иісі ма десем, мына жиналған балалар екен ғой. Қап, жаңа алдамаймын деп айтып қойып едім. Бірақ болмайды қарным ашып тұрғаны. Көп баланың ішінен 1-2 баланы алып кетсем ештеңе өзгере қоймас.

  • Жүрші менімен, бұдан да қызықты думанға, кең сарайға, сыйлығы көп жерге апарамын, жүрші,- деп алдай бастайды.

Фея: Түлкі бикеш сен жаңа уәде бергенсің, жүр оданда балалармен бірге ойын айтайық.

14Ойын: Қар жинау

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сайқымазақ: 

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді ән айтып сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

( көңілді ән)

15Ән: Жаңа жылым келді Жұбатқанова Аянат, Сапарова Гүлфайрус

Мұз ханшайымы: Менің мына әннен кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

Арсен 4 А:

Ит жылы туғандар

Өсті жылда бойларың.

Көп ойларды игеріп

Шарықтады ойларың

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Қоштасамыз біз бүгін

Жасадық көп жақсылық

Балаларым балғындарым

Алғысым көп айтар менің

Дәл осылай артығырақ

Қарсы алыңдар доңыз жылын

16(Әуенмен жаңа жыл келеді. Мұз ханшайым жаңа жылды ертіп келеді)

Фея: Қош келдің Жаңа жыл

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап би билеп тербелейік

Төрлет, төрлет халқымның Жаңа жылы

Жаңа жыл: Доңыз Бексұлтан 4А

Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.

Мен- Жаңа жылмын

Мен-Жаңа нұрмын

Мен-жаңа жырмын

Баршаңызбен біргемін

Тағат таппай күткенің

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Бұл доңыздың жылы еді

Әкелемін барашаға

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Ханшайым: Аяз ата жаңа жылымыз келді. Ендеше сіздің бір өнеріңізді тамашалақ дейміз.

17 Ойын: «Би сайыс» Аяз ата мен ақша қар

Ит:Арсен 4 А

Қарақтарым,қанаттарым

Амандықпен жүздесейік

Доңыз жылы ізбасарым

Қолыңа ал барлық істі

Қанат бітір қанатсызға

Көркейт елді, бол құтты.

Қимасақта өздеріңді

Қоштасатын шақ жетті.

Аяз ата: Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағыда алға басамыз

Қош келдің, Жаңа жылым төрлет. Мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де мерекелі жыл болсын!

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!(Аяз ата, Ақшақар, ит жылы шығып кетеді)

18 Хоровод: Жаңа жыл

  1. Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көкейімде сайрап сан арман

Бізді тосады бақыт алдан

Қ-сы

Жаңа жылым келді елім

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа

Жетелейді арман алысқа

Сағанда бұл сезім таныспа ?

Жаңа жылым мынау еліңді

Жеткізе бер жаңа табысқа



Доңыз:-Мен сіздерге өзім келген жоқпын. Менімен бірге кішкентай торайларымда келді.

-Кәне торайларым өнерлеріңді көрсетіңдер, балаларға арнап би билейік.

19Би: Доңыздар биі

Мадияр 4: Жаңа жылым жаңа жауған қардай бол,

Жақсы тілек адамдарға арнай біл

Қуат алып әр жыл сайын арманым

Биіктерден биіктерге самғай біл.

Алихан 4 А:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

Бейбітшілік ұранымен ,жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз

4 :

Келді міне жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді.

Нұрдәулет 4 А:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Тұмар:4Б

Асылхан:4Б

Нұрасхан:4Б

20Қысқы вальс: 4А,4 Б класс оқушылары ата-аналарымен

21(Музыка ойналып мыстан келеді.)

Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАИ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым.

Фея: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды , Солайма балалар.

Мыстан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ойын : «Алдау»

Мыстан: Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады.Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің денелеріңді ұстауларың керек. Алданған бала айыбын өтейді.

Мен мұрнымды ұстадым! 1,2,3 (құлағын ұстайды)

Мен басымды ұстадым! 1,2,3 (өзі иығын ұстайды)

Мен аяғымды ұстадым! 1,2,3, (өзі белін ұстайды)

Мен қолымды жасырдым! 1,2,3 ()

Мыстан: Аяз ата мен ақшақар кеттік енді балалар күтіп қалған болар-деп іздейді.

Фея: Аяз ата мен Ақша қар мана кетіп қалған.

Мыстан: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым, жаңа қащейге Ақшақарды алып келем деп сөз беріп едім. Жаңа жылда басын қосып үйлендірембе деп едім. Кап, қап

Енді мен сендермен бірге қала берейін, мен кащейге келер жылы барармын.

Фея:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.

22Би:Чунга-чанга

Фея:Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

23Ән: Жаңа жыл Бөлекбаева Еркеназ 4Б

Фея: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Жаңа жылдық ертегі" атты 2019 Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі

Автор: Отаралиева Б.Е, Жайтақова Л.Т.

Дата: 08.01.2019

Номер свидетельства: 494124

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ош келді? жа?а  жыл"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl1"
    ["file_id"] => string(6) "268515"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450634145"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Жа?а жылды? ертегі:  ««К?лте ?ызды? сауы? кешіне баруы»» "
    ["seo_title"] => string(63) "zhan-a-zhyldyk-iertieghi-kultie-k-yzdyn-sauyk-kieshinie-baruy-1"
    ["file_id"] => string(6) "156840"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421496704"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ертеңгілік " Кел, Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(31) "iertien_ghilik_kiel_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "360980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479717059"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт""
    ["seo_title"] => string(19) "zhanazhylzhanabakyt"
    ["file_id"] => string(6) "289760"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454857201"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства