kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жылдық қарбалас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Патша сарайы          

Патша мен патшайым отырады. Уәзір  шығады.

Уәзір:  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  Патша мен патшайым сарайында Жаңа жыл кеші өткелі жатыр.Жаңа жыл кешіне қатысам дегендеріңіз тезірек жиналыңыздар.Барлық келген қонақтар   карнавалдық киіммен қатысуы керек.

Оқушылар ортаға вальс билеп кіреді де, шеңбер жасап тұрады.

(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)

Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендіріп мәз-мейрам болып жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз отарады екенмін, иә? Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар? Келтіртпеймін. Аяз аталарың ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха

Жақсылыққа келтіртпеймін

Жаңа жылға жеткізбеймін

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ жалғанда

Ха-ха –ха. Хи-хи-хи

(Фан – фар ойналады, жүргізуші шығады.)

Алина: Саламатсыздар ма ата-аналар, ұстаздар, балалар. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік, туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз

Монтаж 7В

Найман:

Ақша қарға малынып

Аппақ тоңын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

Ал балалар Аяз атаны шықырайық қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

(Жәй баяу, мұңды әуен ойналып Ақшақар шығады)

Найман: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың? Бүгін мереке ғой.

Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз Ата екеуіміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайық деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан-жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз Атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін

Алина: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз. Солай емеспе балалар. Ал, балалар, Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік.

Музыка

Алина: Мыстан кемпір Аяз Атаны ертегілер елінде адастырып жіберсе, бізге барлық ертегіні жатқа білетін жалғыз адам бар-сол көмектесе алады! Әрине ол –Ертегіші.

Найман:   Жарайсың, Алина! Керемет ой. Онда біз текке тұрмай Ертегішіге барып, көмек сұрайық.

Аяулым: Сәлеметсіздерме балалар! Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер! Бірақ неге мұндысыңдар?

Найман:   Сәлеметсіз бе, Ертегіші. Бізде қиын жағдай болып тұр. Мыстан кемпір мерекемізді шырқын бұзғалы тұр, себебі Аяз Атаны  ертегілер елінде адастырып жіберген.

Алина: Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.

Аяулым: Достарым  мен сендерге көмектесемін. Бірақ әр ертегі елінен  басқасына көшу үшін бізді қиындықтар күтіп тұрады. Соған дайынсыңдар ма?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жылдық қарбалас»

Патша сарайы

Патша мен патшайым отырады. Уәзір шығады.

Уәзір: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Патша мен патшайым сарайында Жаңа жыл кеші өткелі жатыр.Жаңа жыл кешіне қатысам дегендеріңіз тезірек жиналыңыздар.Барлық келген қонақтар карнавалдық киіммен қатысуы керек.

Оқушылар ортаға вальс билеп кіреді де, шеңбер жасап тұрады.

(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)

Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендіріп мәз-мейрам болып жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз отарады екенмін, иә? Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені... Аяз атаны күтіп отырған болар? Келтіртпеймін. Аяз аталарың ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха

Жақсылыққа келтіртпеймін

Жаңа жылға жеткізбеймін

Мен тұрғанда адамға

Мереке жоқ жалғанда

Ха-ха –ха. Хи-хи-хи

(Фан – фар ойналады, жүргізуші шығады.)

Алина: Саламатсыздар ма ата-аналар, ұстаздар, балалар. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік, туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз

Монтаж 7В

Найман:

Ақша қарға малынып

Аппақ тоңын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

Ал балалар Аяз атаны шықырайық қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

(Жәй баяу, мұңды әуен ойналып Ақшақар шығады)

Найман: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың? Бүгін мереке ғой.

Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз Ата екеуіміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайық деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан-жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз Атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін

Алина: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз. Солай емеспе балалар. Ал, балалар, Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік.

Музыка

Алина: Мыстан кемпір Аяз Атаны ертегілер елінде адастырып жіберсе, бізге барлық ертегіні жатқа білетін жалғыз адам бар-сол көмектесе алады! Әрине ол –Ертегіші.

Найман: Жарайсың, Алина! Керемет ой. Онда біз текке тұрмай Ертегішіге барып, көмек сұрайық.


Аяулым: Сәлеметсіздерме балалар! Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер! Бірақ неге мұндысыңдар?


Найман: Сәлеметсіз бе, Ертегіші. Бізде қиын жағдай болып тұр. Мыстан кемпір мерекемізді шырқын бұзғалы тұр, себебі Аяз Атаны ертегілер елінде адастырып жіберген.

Алина: Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.


Аяулым: Достарым мен сендерге көмектесемін. Бірақ әр ертегі елінен басқасына көшу үшін бізді қиындықтар күтіп тұрады. Соған дайынсыңдар ма?


Барлығы: я, әрине


Аяулым: Ал, онда мен ертегіні оқи бастаған кезде, сендер барлығың сол ертегінің ішіне енесіңдер.Кездескен қиыншылықтарға мойымай өз мақсаттарыңа жетіңдер.

Теңіздің жағасында кемпір мен шал, 
Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.
Күн көрген бишаралар балық аулап,
Болмапты төрт түліктен ырымға мал.
Үсті шым, асты шұқыр жерден жырған


Алина: Бұл қандай ертегі білесіңдер ме?

Балалар: Алтын балық

Найман: Дұрыс

Ақшақар: Онда қане ана отырған ата мен әжейге жақындап барып амандасайық. Аяз Атамызды көрген жоқ па екен, сұрап білейік?

Кемпір:

Ақымақ шал, алжыған, кеткен есің!
Былжырап айтып тұрсың сөз деп несін?
Жаңа астау тым болмаса алсаң едің,
Астаудың жарылғанын білмеймісің?

(Шал көлдің жағасына келіп, тағзым етіп)

Шал:
Кемпірім ұрысып, әбден мазам кетіп,
Жаңа астау сұрайын деп келдім, тақсыр!
Жарамсыз астауымыз, жарық, кетік

Балық:

Қайғырма, ей ақсақал, үйіңе бар!
Сол болса бар жұмысың, оның болар!


Аяулым:

Қуанып шал үйіне қайтып келсе,
Бір астау әп-әдемі жатыр даяр.
Ұрсады кемпір шалға келісімен:
Сақтасын долы қатын перісінен!


Кемпір:

Алыпсың астау сұрап, ақылы жоқ,
Айрылған, ақымақ шал, бар есінен!
Миы ашыған, қу көк сақал!
Астауға қызыққандай қанша еді мал?
Қуанып қу астауға келген несі?
Көп нәрсе әкеліпсің, адыра қал!
Үйіңнің үстіңдегі сиқы мынау!
Балықтан барып тәуір үй сұрап ал!


Алина: Біз бұл ертегіге араласпасақ болмас. Кемпірінің бар тілегін орындаймын деп соңында барынан айырылып қалады ғой?

Найман: Иә, иә! Ата, әже, тоқтай тұрыңыздаршы! Бүгін Жаңа Жыл ғой! Жаңа Жылда адамдар ұрыспайды, бір-біріне жақсы тілек айтады.

Шал: Оны мына кемпірге айтыңдар. Бүгін мейрам десем де тыңдамай мені балық аулауға жіберген.

Кемпір: Саған мейрам не керек? Екеуден екеу, ермек қылатын бала жоқ. Мейрамда басқа кемпір шалдар немерелерін күтеді. Ал бізге ешкім де келмейді...Содан осы шалға ұрыспағанда не бітіремін?

Алина: Ертегіні оқыған кезде, сізді көрсеқызар, байлыққұмар деп ойлайтынмын. Менің ойым қате екен...

Найман: Ой, әже, неге уайымдайсыз? Осы жерде тұрған барлық балалар сіздің немерелеріңіздей... Солай емес пе, балалар?

Барлығы: я,я!

Кемпір: (көзінің жасын орамалымен сүртіп) Шынымен бе?

Алина: Әрине! Қане,балалар, атай мен әжейге өнерімізді көрсетейік?

Монтаж 7г


Шал: Жарайсыңдар, балаларым! Сендер бұл ертегіге қалай келдіңдер? Не іздеп, кімді іздеп жүрсіңдер?

Найман: Бізде қиын жағдай болып тұр. Мыстан кемпір Аяз Атаны ертегілер елінде адастырып жіберген. Біз Аяз Атаны іздеп жүрміз.

Шал: Ой, Мыстан кемпір де...Ол қандай өзі менің кемпірім сияқты ма?

Кемпір: Ой, алжыған шал! Балаларға не көмегің бар соны айтсайшы!

Шал: Аяз Аталарыңды көргенім жоқ. Сірә, басқа ертегіде болар?

Алина: Олай болса, біз жүрейік. Қош, сау болыңыздар.

Найман: Жаңа Жыл құтты болсын, Сау болыңыздар!

Хоровод №1 (Шырша жыры)

Найман:

Бір уақытта суық жел соғып кетті бетіме,

Әлде қыс – әже қолыменен қақты ма?

Қар ұшқыны ұшады, ұшып барып қонады,

Әлде Мұз ханшайымның өзі келіп жетті ме?

(Әуен ырғағымен Мұз ханшайым тез адымдап залға кіреді.)

Шұғыла:

Күні – түні ұшамын, шаршауды мен білмеймін.

Аппақ, ұлпа қарменен жерді жауып тастаймын.

Қар ұшқындарының биі (Ата-аналар)

Шұғыла: Бәрін қармен жабамын! Барлық жолды қармен борап тастаймын!

Алина:  Мұз ханшайым бекер әуре боласыз, балалар суықтан қорықпайды. Олар спортпен шұғылданады, шана, шаңғы тебеді.

Шұғыла: қалай?

Балалар:Міне былай(шеңберге тұрып шаңғымен жүруді көрсетеді)

Найман:

Біз аяздан қорықпаймыз,

Тон, құлақшын киеміз,

Конькиді де тебеміз!

Шұғыла: қалай?

Балалар:Міне былай(шеңберге тұрып коньки тебуді көрсетеді)

Найман: Біз тағы қар атысып ойнай аламыз!

Қар ату ойыны.

Шұғыла: Балаларыңыз қандай епті еді! Сендерді қорқыту мүмкін емес екен. Сендерге мерекені жақсы өткізуді тілеймін, ал маған орманға кетуім керек, жұмысқа кірісуім керек.

Найман: Аяз ата қайда екен? Алина, орманның іші қараңғы, көңілсіз адасып кетуіміз мүмкін ғой.

Ақшақар: Аяз Ата қасымызда болғанда баяғыда-ақ шыршалардың шамын жағып, жан-жағымызды жап-жарық қылып қоятын еді... (жыламсырап)

Алина: Балалар, бәрі жақсы болады. Бірақ уақыт тығыз. жаңа жылда келіп қалды. Әлі алда қаншама ертегілер елі бар. Қалай өтсек болды екен?


Аяулым: Мыстан кемпір Аяз Атаны тығып қойдым деді я? Қайда тығуы мүмкін? Қай ертегіде тығылатын жер бар еді? (ойланып) Дәл солай, дәл өзі! (кітаптың беттерін ашып іздейді) Қазір ... қазір... міне таптым


Алина: Түнде орман шынымен де қорқынышты болады екен...

Найман: мына жақтан бір дыбыстар естіліп жатыр.Тссс...Жаймендеп барып қарайық...

Қарақшылар биі

Қарақшы №1: Мына жерде басқа адамдар жүрген сияқты.

Қарақшы №2: Несіне қорқасың? Басымен қош айтқысы келіп жүрген қайсысы?

Атаман: Тыныш ...Не болды? Бүгін мейрам емес пе? Бүгін ешкімнің де басын шаппаймын.

Найман: Сәлеметсіздер ме?

Алина: Жаңа жыл құтты болсын!

Ақшақар: Бірақ жаңа жыл болу үшін Аяз Ата керек қой, шыршаны жағып, балаларға сыйлық таратуы керек...

Алина: Біз ертегілер әлемінен Аяз Атаны іздеп жүрміз. Сіздер көрмедіңіздер ме?

Қарақшы №3: Сыйлығы көп ата дейсің бе? Жоқ, бізге ондай ата жолыққан жоқ. Егер бізге жолықса, сыйлығын тартып алар едік ... Ха-ха-ха

Али Баба: Тыныш... Бұл балалар батыл екен. Қараңғы ормандаа тек жүрек жұтқан батырлар жүреді.Сондықтан сіздер біздің қонағымыз болыңдар.

Найман: Рақмет, біз бірақ асығыспыз. Тездетіп Аяз атаны табуымыз керек.

Алина: Сіздерден басқа орманда тіршілік ететін адамдар бар ма?

Али Баба: Бұл орманның иесі біз. Біздің рұқсатымызсыз аң жүгіріп, құс ұшпайды. Аяз атаны көрген жоқпыз.

Ақшақар: Рақмет сіздерге, онда біз көп тұрмай жүрейік.

Қарақшылар: Сау болыңдар! Аяз атаны тапсаңдар, бізді де сыйлықсыз қалдырмаңдар.


Аяулым: Балалар мен Ақшақар орманда жүр. Мүмкін қарындары ашқан шығар. Оларға Қызыл телпекті жіберейін


Қасқыр: Қызыл телпек,сен қайда барасың?

Қызыл телпек: Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын.

Қасқыр: Ал әжең қайда тұрады?

Қызыл телпек: Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады.

Аңшылар: Қызыл телпек, орманды өте қауіпті. Жалғыз жүруге болмайды. Және таныс емес кейіпкерлермен сөйлесуге болмайды. Мына балалар кім? Бұлар да жалғыз жүр? Неғып жүрген жансыңдар?

Найман:. Біз ертегілер әлемінен Аяз Атаны іздеп жүрміз. Сіздер көрмедіңіздер ме?

Алина: Біздің Аяз атаны іздеп, біраз елді, біраз ертегіні араладық. Шаршадық та, қарнымыз да ашып кетті...

Қызыл телпек: Анамның пісірген бәлішін берейін. Мінекей, алыңыздар.

Аңшылар: Мына таудың арғы жағында орман кездеседі. Сол орманда ергежейлілер тұрады. Мүмкін солар көрген шығар?

Ақшақар: Рақмет сіздерге, онда біз көп тұрмай жүрейік.

Аяулым: Жаңағы аңшылар не деді? Ергежейлілер деді ме? Қай ертегіде еді?

Балалар: Қарша қыз

Аяулым: Ой,рақмет! Қане онда не тұрыс? Кеттік ергежейлілер ертегісіне...


Қарша қыз бен 7 гном биі

7 гном Қарша қызды қоршап тұрып алады.

Гном№1: Мына жақта біреулер жүр

Гном№2: Біздің Ханшайымға қастандық жасауға келген адам шығар?

Гном№3: Біз Қарша қызды ешкімнің ренжітуіне жол бермейміз!

Гном№4: Біздің мекенімізге баса көктеп кірген бұл қайсысы?

Гном№5: Мүмкін өгей шешесі шығар?

Гном№6: Қане, екеуің еріңдер соңымнан...Кім екенін барып көрейік

Гном№7: Ұстап алып, жазасын берейік!

(Шыршаның артынан жүргізушілер мен Ақщақар шығады.)

Алина: Сәлеметсіздер ме? Біз сіздерге жау емеспіз.

Найман: я,я.Бізді ешқандай адам қастандық жасауға жіберген де жоқ.

Ақшақар: Біз Аяз атаны іздеп жүрміз.

Алина: Сіздер, осы орманның иесі деп іздеп келдік. Осы ормандағы бар жаңалықтарды тек сіздер білесіздер ғой?

Қарша қыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар, Ақшақар! Аяз ата орманда адасып кетсе, біз іздеуге көмектесейік?

Гном№1: я, я.Біз көмектесеміз

Алина: Аяз атаны Мыстан кемпір сиқырлап ертегілер әлемінде адастырыпп жіберді.

Қарша қыз: Ондай сиқырды тек мықты сиқыршы қайтара алады. Біздің ертегідегі сиқыршының оңан әлі келмейді.

Найман: Рақмет сіздерге. Біз ертегілердің ішінде қай ертегіде ең мықты сиқыршы бар екенін табуымыз керек екен түсіндік. Барлық ертегіні аралап жүргенде Жаңа жылдық кешіміздің уақыты өтіп кетеді.

Ақшақар: Бізге жақсы ой салды, Қарша қыз. Саған көп рақмет!


Аяулым: Мен балаларға қалай көмектессем екен? Тағы қай ертегіде мықты сиқыршылар бар еді? ......(Ойланып) Таптым! Неге бұрын есіме келмеген?


Шығыс биі: Теміржан А, бердімұратова Н, Мәжитова Ғ

Алина: Ой, керемет! Шығыстың қыздары неткен әдемі?

Найман:Алина, біз қызық тамашалап жүрген жоқпыз. Аяз Атаны табуымыз керек.

Жасмин: Сәлеметсіздер ме, балалар? Сіздер Аяз Атаны іздеп жүрсіздер ме? Аладдин сен мына балаларға көмектессеңші.

Аладдин: Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалар. Бірақ есте болсын, шам тек жақсы адамның қолында болуы тиіс, әйтпесе қиын болуы мүмкін.. Ал енді біздің уақытымыз болды. Кетуіміз керек. Сау болыңдар балалар.

(Әуен ойналады, Аладдин мен Жасмин билеп шығып кетеді)

Жүргізушілер және балалар: Сау болыңдар.

Найман: Ой балалар, біз сиқырлы шамды қалай қолданатымызды сұрамадық қой. Енді не істейміз. Сендер білесіңдер ме? Қалай қолданамыз. Мына жерге бір нәрсе деп жазалып тұр ғой. Бірақ түсініксіз екен. (шамды сүртеді.)

(Сахнаға әуенмен сиқырлы шамның ішіндегі Жын келеді.)

Алина: Сен кімсің ?

Жын: Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.

Найман: Мүмкін сиқыршы шығарсың ?


Жын: Мен сиқыршыдан да мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.

Алина: Құрметті Жын бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр, ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аяз Атасыз мереке де басталмайды. Аяз Атаны табуға көмектесе аласыз ба ?

Жын: Көмектесейін. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мың жылдап мына шамның ішінде отырып әбден ішім пысты. Бір көңілімді көтерсем деймін. Сендер менімен ойнайсыңдарма ?

Ойын

Жын: Ой, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рахмет сендерге. Енді алғысымды білдіретін уақыт келді. Кәнекей менімен бірге қайталаңдар.

Бірлесіп біз шапалақ қағамыз

Бірлесіп біз аяқпен ойнаймыз

Айналамыз, отырамыз.

Бір- бірімізге қараймыз

Кәнекей бірге қайталаймыз 1-2-3

Кәне тірілші ертегіміз.

(Әуен ойналады Мыстан кемпір кіреді.)

Мыстан кемпір: Болдыртпаспын. Ертегіге келтіртпеспін.(шамды ұрлайды). Мен енді сиқырлы шамның егесімін. Не қаласам сол болады. Ха-ха-ха. (кетеді.)

Найман: Міне қайғы. Енді не істейміз. Сиқырлы шам да, Жын да көмектесетін ешкім жоқ.

(әуен ойналады, Алдар көсе есекпен ән айтып кіреді)

Найман: Балалар келе жатқан кім. Сендер танисыңдар ма ?

Алдар көсе: Охо-о-о, Мына жерде қонақтар көп екен ғой. Барлықтрың қандай әйбатсыңдар. Ой мен өзі қайда келдім. Қандай мереке болып жатыр.

Алина: Сәлеметсіз бе Алдар көсе. Бізде жаңа жыл мерекесі. Бірақ Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Мыстан кемпір Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесем деп үлгере алмады. Мыстан кемпір сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе?

Алдар көсе: Жұмбақтап ізденгенше Мыстан кемпірдің өзінен сұрайықта Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын білейік. Менің домбырам сиқырлы. Жақсы адамға көмектеседі. жамандарды жазалайды. Кәзір мұны өздерің көресіңдер.

(Домбырада ойнайды бәрі билейді, жүгіріп, билеп Мыстан кемпір кіреді.)

Мыстан кемпір: Бұл не сұмдық. Тоқтат жаныңның барында. менің билегім келмейді. Тоқтат деймін әйтпесе сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.

(Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, Мыстан кемпір орындыққа құлайды.)

Алдар көсе: Құрметтім сен не дедің. Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады. Кәне балаларға Аяз атаны да, Сиқырлы шамды да қайтар.

Мыстан кемпір: Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! Кәне бәрің үйлеріңе қайтыңдар. Кәзір қара күштерімді жіберсем...

Алдар көсе: Не дедің? Қап бәлем қоя тұр!

(домбырасын ойнайды. Мыстан кемпір билейді, Алдар көсеге жақындар домбыраны тартып алуға тырысды.)

Мыстан кемпір: Жарайды, мен келістім.Аяз атаны да, сиқырлы шамды да қайтарамын. Әуенді тоқтадыңдар.

Түф, сүф,сүф, дарадай.

Күйген бақа қапшық ай

Қырғи, тырғи,

Ащысыз, тұссыз

Сыбырлап, сиқырлаймын

Тұздаймын бұрыштаймын.

Айтқанымды орында

Айға апарып тастаймын

Алдар көсе: Не дейсің?

Мыстан кемпір: Жәй әзілдедім. Міне сиқырлы шамдарың, міне Аяз Аталарың

(әуенмен Мыстан кемпір ғайып болады, Аяз ата келеді.)

Аяз ата: Саламатсыңдар ма балалар!

Армысыңдар қадірлі қонақтар!

Мыстан кемпірді жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рахмет!

Ал балалар Жаңа жылды қарсы алып,

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Кел жаңа жыл, шық жоғары төрлет төрімізге

Береке бірлік әкел елімізге

Ақшақар:

Төрле, төрле құтты жыл

Қуаныштан айтылады әсем жыр

Балалардың бақытында шек болмай

Жүректері қуаныштан толқып тұр.

Доңыз:

Жаңа жылың құтты болсын, жас ұрпақ,

Үлкенге ізет кішіге көмек көрсетіп

Жақсы істермен көңіліңнің досын тап

Ескі жылда есіркеп ,

Жаңа жылың жарылқап

Елде болсын тыныштық

Бейбіт күнің жарқырап

Қоштасамын бүгін мен

Сізлдерді қимас көңілмен

Тарихтың еніп қойнына

Айтамын жүрек сөзімен

Келер «тышқан» жылына

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілек аманда

Уақытым бітті тұрмайын

Қайтайын қол бұлғайын

Қош сау болыңдар!


Аяз ата: Ал енді балалардың көңілін көтеру үшін ойынымызды бастайық!

(Ақшақармен би орындалады.)

Найман: Аяз ата жаңа-жылымыз әлі келген жоқ. Қалай болады енді?

Аяз Ата: Жаңа жылымыз міндетті түрде болады. Сендер сиқырға өздеріңнің кішкентай сиқыршы екендеріңізге сенесіңдер ме? Кәнекей бәріміз саусақтарымызды сықырлатып алқанымызды үрлесек сол кезде жаңа жылымыз басталады.

(саусақтарымен сықырлатып, алақандарымен үрлейді.)

(Әуен ойналады, шыршаны айналып Тышқан кіреді,)

Аяз ата: Міне Жаңа жылымызда келді. Балалар қарсы алыңдар. Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Қош сау болыңдар балалар.

Жүргізушілер мен балалар:Сау болыңдар!

Алина:

Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр

Қуаныштан салады балада асыр

Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып

Елімізге қош келдің жаңа ғасыр.

Найман:

Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жылдық қарбалас

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы, Жанелова Алтынай Елемесқызы

Дата: 08.01.2020

Номер свидетельства: 534858

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«Жаңа жылдық қарбалас» жаңа жыл кешіне арналған сценарий"
    ["seo_title"] => string(60) "zhana_zhyldyk_karbalas_zhana_zhyl_keshine_arnalgan_stsenarii"
    ["file_id"] => string(6) "643675"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1704737039"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Кел,кел жана жыл "
    ["seo_title"] => string(20) "kiel-kiel-zhana-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "179104"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424946726"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Жа?быр» - ?абдік?рім Ыдырсов "
    ["seo_title"] => string(28) "zhan-byr-k-abdik-rim-ydyrsov"
    ["file_id"] => string(6) "189081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426798372"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Ерте?гілік: Наурыз - к?ктем ертегісі! "
    ["seo_title"] => string(41) "iertien-ghilik-nauryz-koktiem-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "208075"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430735991"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Сайыс-саба? "
    ["seo_title"] => string(13) "saiys-sabak-2"
    ["file_id"] => string(6) "243239"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445681122"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства