kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жаңа жылдық қарбалас» жаңа жыл кешіне арналған сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 секунттан кейін залда жарық сөнеді, ал біз сиқырлы жаңа жылдық шоуымызды бастаймыз. Бастағанға дейін барлық ата-аналар, оқушылар атынан осы жаңа жылдық шоуымыздың өтуіне үлестерін қосқан

Мектеп ұжымына,ата -анаалар жанынан құралған қамқоршылар кеңесіне,

Ақпараттық серіктестерге,

Ерекше алғысымызды 7-8-сынып ата аналарына, №5  мектеп-лицейінің директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына және бүгінгі шоу қонағы Гүлжан Мұхамбетқызына,сынып жетекшілеріміз Айнагүл Сәндешқызына, Фатима Кеңесқызына, Мария Жайбергенқызына және Жансауле Құлтасқызына алғыс білдіргіміз келеді.

Балалар сендер дайынсыңдар ма?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жаңа жылдық қарбалас» жаңа жыл кешіне арналған сценарий»

Оқушылар залда тұрады.

1.Фон: фанфар


2.ДАУЫС ЖҮРГІЗУШІ:

2 секунттан кейін залда жарық сөнеді, ал біз сиқырлы жаңа жылдық шоуымызды бастаймыз. Бастағанға дейін барлық ата-аналар, оқушылар атынан осы жаңа жылдық шоуымыздың өтуіне үлестерін қосқан

Мектеп ұжымына,ата -анаалар жанынан құралған қамқоршылар кеңесіне,

Ақпараттық серіктестерге,

Ерекше алғысымызды 7-8-сынып ата аналарына, №5 мектеп-лицейінің директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына және бүгінгі шоу қонағы Гүлжан Мұхамбетқызына,сынып жетекшілеріміз Айнагүл Сәндешқызына, Фатима Кеңесқызына, Мария Жайбергенқызына және Жансауле Құлтасқызына алғыс білдіргіміз келеді.

Балалар сендер дайынсыңдар ма?

Дайынсыңдар ма?

Естілмейді ......

ООО енді естілді. Онда шоуымыздың ережелерімен таныс болыңыздар. Осы шоуда көңіл көтеруге, күлуге, билеуге, ән айтуға, тоқтамастан қол соғуға болады.

Ал біз бастаймыз!!!

3.Фон: ФОНФАРЫ:

4.ХОРОВОД: Ән «Жаңа жыл» Жігіттер тобы

5.Фон Ертегі

Мен ұлы Джомын. Мен сіздерге жаңа жылдық сиқырлы хикая баяндағым келеді. Хикая өте қызықты кейіпкерлердің хикаясын тыңдауға дайынсыздар ма? Онда ертегімді бастайын.Жаңа жылдың ерекше белгілерімен Жаңа жылды барлық әлем тойлауға тырысты.Осы кезде өз үйлерінде Бони мен оның балалары жаңа жылдық қарбаласқа кірісті.

6.БИ: «Ленталар биі» әр кластан 4 қыздан 16 қыз

8А (), 8Б (), 7А (), 7Б (Арайлым, Меруерт,Айкөркем, Қызғалдақ) КИІМ(кез келген түсте пачка юбка,футболка, лента жасау)

7.Фон Ертегі

Джо: Иә, сонымен жаңа жылдық қарбалас, барлығы жаңа жылға дайындалып жатыр. Бір біріне сыйлық алуда. Біздің кейіпкерлеріміз Бони мен Жони де сыйлық алуға сыртқа шықты.

8.Фон :Би Сайқымазақтар шығады.

Бони:Балаларым жаңа жылың құтты болсын!Сыйлық алуға дайынсыңдарма? Мен сендерге керемет сыйлық дайындап қойдым.

Жони: ООО,керемет,бұл маған ба?

Бони:Иә, балам, бірақ сыйлықты Жаңа жылдық уақыт соққанға дейін ашуға болмайды.

Жони: ООйй, менің көргім кеп тұр.

9. Фон: Есіктің қоңырауы

Жони:ООО,қонақтар келді!

ҚОНАҚ ГҮЛНАЗ: Амансыздар ма!Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Бони:Қызым амансың ба,Кел төрлет!Жаңа жылың қүтты болсын!

Жони: Әке,сыйлықты ашайықшы!

Бони:Жоқ ,болмайды?Алдымен Жаңа жылдық тілектер айтылуы керек.

10. Фон монтаж

Екі бала бірге Жони мен Гүлназ

Неге болмайды?

11. Фон:ЕСІКТЕ ҚОҢЫРАУ:

Бони:Алдымен қонақтарды қарсы алайық. Содан кейін айтамын.

12. Фон: Аяз ата Ақшақар

АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР КІРЕДІ: Сыйлық қорап сөйреп келеді.

Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Қоян жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Ұлу жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
13. Хоровод: Шырша жыры Бота Бейсенова

14.Фон: Дексторн

ӘН СОҢЫНДА ҚОРАП АШЫЛАДЫ

Ішінен Декстор шығады.

Мееен Декстормын Ұлы Дескормын Мен барлық ойыншық атаулыны,тәттіні де,барлықжарық атаулыны, жылтырақты жоқ қыламын. МЕЕНН тек қана қараңғылықты жақсы көремін. Сендердің мерекелеріңді ұрлауға келдім.

15. Фон: би:Зомбилер

16.Фон: Дексторн

Декстор сөзі

БООС:ОО,кеңістік ,недеген улкен залл,ооо бос мына жердің барлығына селфи жасайықшы,истаграммға саламыз.

ДЕКСТОР: Сандырақтама!Уақыт жоқ!Мына әлемді жаулауымыз керек.

БООС:Қанша жылдан бері сонымеен әуреміз,бірақ ештене қарық қылмаймыз»

ДЕКСТОР: бооос сөйлеме,мағанмына адамды қайткен күнде де ұстап беріңдер!

Жони:Жібер,әкемді!Мен сенен қорықпаймын!

Жони;ӘКЕ,Әке!

ДЕКСТОР: Бәрін ұстаңдар!!!

Бони:Аяз ата таяқтың сиқырын қолданайық.

17.Фон:Аяз Ата таяқ,сиқыр

18.Фон: Египет елі

АязАта: мына Декстордан қашамыз деп ыстықтап кеттік,әлде менің шапаным қалыңдап кеткен бе?

Жони мен Көрші қыз:

Жооқ ат,біз Египетке тап болдық.Қараңыздар,,, Фароаондар!

19.Фон: Фараондар биі

20. Ойын Мумиялар

Бони:Аяз ата ,мына қонақтарартымыздан тағы жетіпті.Бұлар өз адамдарын тапқан екен,тезірек қашып құтылайық.

21. ХОР 3

22.Фон: сиқыр Аяз Ата таяқ:

23. Қытай елі.

Бони: Аяз ата біз ұлы Қытай еліне тап болдық .Бұл елде де Жаңа жылды ерекше тойлатады екен.

Аяз ата: иәәә,бұл елде Жаңа жылды бір ай тойлатады

Жони мен Көрші қыз:ООО,Аяз ата,Каратистерді қара!

24 Фон: Каратистер биі

25.Аяз ата әңгімесі

Бони:

Аяз ата, балалар біз бұлардан қаша бергеннен құтылмаймыз. Сиқырды пайдаланып үйімізге барайық. Жаңа жылды қарсы алайық. Негізі Декстор жаман адам емес, мен сіздерге бір шындықты ашайын .Декстор бала кезінде осы Жаңа жылдық кештің қарбаласында үйде жалғыз қалып қалған.

Аяз Ата: иә,компьютер алдында қызу отырған баласын тіпті ата анасы да ұмытып кетеді. Кеш тезгілінде терезеден түскен от шашудың жарығына жалт қараған бала сыртта керемет нәрсе болып жатқанын сезіп сыртқа шыққысы келеді. Декстор досымен ойын ойнап отырып қалады. Анасы бауырларымен бірге жаңа жылды тойлап қарсы алуға кетіп қалады. 2-3 сағаттан соң Декстор досымен шығайын десе үйдің есігі жабылып ашылмай жаңа жылдық кешті тойламай, сыйлықты алмай, тіпті олардың жоғын ешкім аңғармай қалады. Сол күннен бастап Декстор осындай тас жүрек жауызға айналады. Ол өз әскерін зомбилардан жинайды.

АҚШАҚАР: Ата онда Декстордың жүрегін жылытайықшы ол бүгін бізбен жаңа жылды қарсы алса болады ғой. Ата жаңа жылдық шыршаны жақсақ қалай болады. Дексторн кел бірге жағайық.

Шамдарыңды жарқырат, Балаларды таңырқат

Шамдарыңды жарқырат, Балаларды таңырқат

Шамдарыңды жарқырат, Балаларды таңырқат

Бони:Иә,бірақ есік құлыптаулы,бала үйде жалғыз қалды.Есікті қанша итерсе де аша алмады.Осы кезден бастап,бала барлық жарық атаулыны жек көріп,бойын ыза кек биледі.

АязАта: Балаларым,сондықтан компьютер мен телефон әлемінен басқа да әлемді қоршаған кереметтер бар екенін ұмытпаңыздар!Кел, Декстор,Жақында!Бала кезіңдегі арманыңды қазір орындалуына мүмкіндігің бар.оған менің сиқырлы таяғым көмектеседі.

26. Ән: Жаңа жыл: Сыйлық тарату ата ана таратады.

27.Фон Хоровод 4

Бони:Балам,сенің нағыз сыйлығыңды ашатын уақыт таяп қалды.Ол үшін ескі жылды шығарып салайық.

28. Фон:Ескі жыл қоштасу

Бони:ООО керемет,.бізге Жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жыл деп шақырайық. Жаңа жыл, жаңа жыл

Жана жыл Ұлу

Ұлу:

Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......
29.Ән: 7А

30. Фон

1жүргізуші Ф: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
2 жүргізуші Ж: Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
3 жүргізуші М: Жаңа жыл – әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,

жаңа шуақ,

1 жүргізуші: табыс пен береке,

2 жүргізуші:қуаныш пен мереке алып келсін.

3 жүргізуші:Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш,

1 жүргізуші:жылы жүздеріңізден нұр кетпесін.

2 жүргізуші:Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі,

3 жүргізуші:мерекелі жыл болсын.

1жүргізуші: Мерекелік кештің қызықты өтуіне келіп атсалысқан, ата аналарға Мың Алғыс.

2 жүргізуші: Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлаған мерекелі кешіміздің шымылдығын жабуға рұқсат етіңіздер!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Жаңа жылдық қарбалас» жаңа жыл кешіне арналған сценарий

Автор: Ж.Қ.Бегімбетова

Дата: 08.01.2024

Номер свидетельства: 643675


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства