kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұл тәрбиесі нақлы сөздер, ырымдар, сйенарий ұсынылған
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты»

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.» делінген.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Ашық тәрбие сағатының мақсаттары:

  • ҚР президентінің «Мәңгілік ел» идеясын насихаттай отырып, ұлттық рух, ұлттық тәрбие ұғымдарын ашу;

  • Қазақ халқының ер бала тәрбиесіне деген көзқарасын талқылау;

  • Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаларды дәріптеу;

  • Ер бала тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін, қиындықтары мен жақсы жақтарын зерттей келе, психологиялық тұрғыдан қарастыру;

  • Қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау.

Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі:

  • слайдттар, бейнематериалдар, бірыңғай атрибуттар.

Ашық тәрбие сағатының формасы: телебағдарлама («Мәміле» ток-шоуы)

Ашық тәрбие сағатының жоспары:

  1. Топ жетекшісінің кіріспе сөзі

  2. «Тарихтан тағзым» айдары

  3. «Білгенге маржан» айдары

  4. «Сыр-сұхбат» айдары

  5. Қорытынды

Ашық тәрбие сағатының барысы:

Топ жетекшісі: «Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады» деп Қазыбек би айтқандай, қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Бүгінгі 38 «ә» тобының «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Жүргізушілер: Гүлназ бен Ерасыл

Ерасыл: Сәлеметсіздерме, құрметті көрермендер, студия қонақтары! «Мәміле» ток-шоуының кезекті бағдарламасына қош келдіңіздер!

Гүлназ: Қайырлы күн!

Нағыз жігіт – қорған болар халқына,

Нағыз жігіт – берік болар антына,

Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді.

Адал болар ата – баба салтына! - демекші әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.

Ерасыл: Иа Гүлназ, дұрыс айтасың. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Бүгінгі бағдарламамызда ұл бала тәрбиесін жан-жақты талқыға салып, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырыспақпыз. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Осы сауалдар төңірегінде бүгін ой қозғамақпыз. «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» демекші бағдарламамыздың алғашқы айдары «Тарихтан тағзым» деп аталады. Бұл айдарда тарихи тұлғалардың ер бала тәрбиесіне қатысты айтқан ой пікірлермен бөліспекпіз.

Айдана: Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұнның өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» – деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр.

Нұржан: Ал, даналық дәрістері кабуснаманың қарттық және жігіттік туралы бөлімінде былай делінген: «Сен өзің жігіт болсаң да, ақылың қария болсын. Жігіттің мінезі жеңіл болмай, салмақты, сабырлы болуы шарт. Ашулы, ызақор болма. Ашу-ыза әрдайым пәле шақырады. Өмірдің жігіт кездегі ляззатын қастерлей біл. Жас болсаң да өлім қаупінен хабарсыз болма. Ажал деген үлкенге де, кішіге де, жігітке де, қартқа да қарамайды. Ей, перзентім, жігіттік шағында тәкаппар болма, кішіпейіл, қарапайым әрі ақ көңілді бол. Әрдайым тек бозбалалармен сұхбаттасумен шектеліп қалмай, қарттармен де әңгіме-дүкен құрғаның дұрыс болады».

Б.Мейіржан: Өзінің елі, жері, ұлты үшін аянбай еңбек етіп, ұлтының қамын ойлаған Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандары, туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігін аңсаған Жыраулар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, сұрапыл соғыс майдангерлері – барлығы ұлт намысын үшін күрескен.

Руслан: М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің түлегі, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың ұлдарға айтқан өсиеті: Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай:
Арақ ішпендер айналайындар! Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны…
… Адам арақ ішпегенен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі мәнсіз болады. Адамның өмірі онсыз да қысқа. Ендеше аз өмірді ардақтап, шамаң келгенше мағыналы, мәнді етіп өткізгенге не жетсін, шіркін.
Жігіттер, қастарыңда отырған қыздарды құрметтеңдер, мәпелеңдер. Алақандарыңа салып әлпештеңдер. Қыздың жанын қинамаңдар! Қыз- болашақтың анасы. Қыз-алдағы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметтесең – қызды сыйла, қарағым.

Қуат: Отбасындағы ер бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады. Осы орайда Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінен үзінді еріксіз еске түседі:

«Қадыр – менің әкем. Еһ, шіркін дүние-ай десеңші. «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені, ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. (Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады…)

Еһ, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.

Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың өздері кейде «жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынандай еді» деп, еске алып, армандап отырмай ма? Шіркін, менің әкем тірі болса деп, бала Қожа еріксіз әкесін есіне алып, сағыныш сезіміне беріліп кетті».

Гүлназ: Біздің бағдарламамыз жалғаса бермек, келесі айдарымыз «Білгенге маржан» деп аталады. Қазақ халқының ер бала тәрбиесіне қатысты отбасындағы кейбір ерекшеліктерді баяндап беруге бағдарламамыздың шығармашылық ұжымын ортаға шақырамыз.

Жадыра: Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

С.Бауыржан: Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз.

Мақпал: Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді.

М.Бауыржан: Қазақ отбасында ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары.

Айдос: Ұл балаларға қатысты қазақтың көптеген ырымдары, салт-дәстүрлері бар. Мысалы, бәсіре, айдар тағу, тоқымқағар, сүндетке отырғызу, атқа мінгізу т.б.

Мұхамедкәрім: Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді: 1) кескін-келбеті 2) қадір-қасиеті 3) қабілет-икемі

Би «Ертүрік»: Қуат, Айдос, Мұхамедкәрім, С.Бауыржан, Ақзат, Руслан

Ерасыл: Бағдарламамыздың келесі айдары «Сыр-сұхбат» деп аталады. Студиямыздың алғашқы қонағын таныстыруға рұқсат етіңіздер. 3 бірдей ұл тәрбиелеп отырған, ұл бала тәрбиесінің қыр-сырын жан-жақты меңгерген аяулы ана, ұлағатты ұстаз Жунусова Лязат Байботаевна ханымды ортамызға шақырамыз.

Гүлназ: Лязат ханым, сізге қойғым келіп отырған алғашқы сұрағым: «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі деп бекер айтылмаса керек, өзіңіз ұлдарыңызды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды қаншалықты қолданасыз?

Ерасыл: «Ұлдарыңыз сіздің айтқан кеңестеріңізге құлақ аспай, өз дегендерін істеген кездері болды ма, болса осы жағдайда сіз қалай шештіңіз?

Гүлназ: Бала өмірлік маңызы бар шешім қабылдаған кезде, мысалы, мамандық таңдауда т.б. балаға еркіндік берген дұрыс деп ойлайсыз ба әлде ата-ана өзінің пікірі арқылы ықпал ету керек деп санайсызба?

Ерасыл: Сіз өзіңіз педагог болғандықтан, ұл бала тәрбиесіне педагогикалық тұрғыдан қандай көзқарас білдіре аласыз? Мүмкін бір ақыл-кеңестерінңіз бар шығар.

Сіз сияқты нағыз қазақтың азаматтарын тәрбилеп отырған аналарымыз көп болсын! Студиямызға келіп, ой бөліскеніңізге көптен көп рахмет!

Гүлназ: Гендерлік психологияға сүйенсек, ер адамдар өздерін тыңдатқанды, пікірлеріне құлақ асқанды ұнатады. Сондай-ақ, олар ұсақ-түйекке көп мән бермей, жағдайды тұтастай қабылдайды.

Бағдарламамыздың келесі қонағы ер адамға тән ерекшеліктерді психологиялық тұрғыдан баяндап берсе, қарсы алыңыздар психолог Еркежан Асылбекқызы (ер баланың психологиясын қыз баланың психологиясымен салыстыра келе, ер баланың бойындағы кейбір тұстарды психологиялық тұрғыдан сипаттап береді)

Гүлназ: Біздің көрермендерімізге берген мағлұматтарыңызға рахмет айтамыз! Студия көрермендерінінің ортасына жайғасуларыңызға болады.

Студиямыздың келесі қонағы: «Қазіргі таңда нағыз ер мінезді жігіттер азайып кеткен, қазақтың бетке ұстар азаматтарының бейнесі жоғалып бара жатыр, уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз» деген пікірді ұстанған Кәусар бүгін бізде қонақта.

Осындай тұжырымға не себепті келіп отырсыз?

Кәусар: Сәлеметсіздерме, құрметті көрермендер! Менде мұндай пікірдің қалыптасуына көптеген себептер бар. Мысалы, қоғамдық көліктерде кейбір азаматтарымыз қарт адамдарға, аяғы ауыр келіншектерге немесе баламен адамдарға орын беруге асықпайды. Көрмеген кейіп танытып, кейде тіпті ұйықтап отырғандай болады. Тағы бір өкінішті жағдай, ішінара сырға тағып алатын жігіттерде жоқ емес, сонымен қоса киген киімдері, жүрген жүрістері, шаш үлгілері, қылықтары да қазақтың ер азаматтарына мүлдем сай келмейтін дүниелер деп ойлаймын. Әрине көпке топырақ шашуға болмайды, бірақ осындай әттеген-ай дейтін жағдайларда кездесіп жатады.

Гүлназ: Қоғамда кездесіп жататын осындай жағдайлар неге байланысты болады деп ойлайсыз?

Кәусар: Менің ойымша бұл біріншіден еліктеушілік, батысқа еліктеушілік. Отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі, әлеуметтік орта, әртүрлі музыкалық топтар, әншілерге деген қызығушылық. Және қазіргі заманда педагогтар арасында ер адамдардң азайып бара жатқандығы да осы мәселенің бір себебі деп ойлаймын. Тепсе темір үзетін нағыз қазақ жігіттеріне тән болмыс-бітім мен мінез-құлықты бойына сіңірген, ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің калдығы деп мұрын шүйіре қарамайтын, ұлағатты ұлдарымыз көп болса екен дегім келеді.

Гүлназ: Сіздің ой-пікіріңізге қарама-қарсы ой айтуға келген студиямыздың тағы бір қонағы бар. Қарсы алыңыздар Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Толқын, Жауқазын және Балнұр.

Толқын: Сәлеметсіздерме, құрметті көрермендер. Бағанадан студия сыртында Кәусардың айтқан пікірін тыңдап отырдым. Кәусардың пікірін жоққа шығаруға болмайтын шығар, бірақ біздің 110 жылдам астам тарихы бар киелі оқу орнымызда нағыз қазақ жігітіне тән мінез-құлықтардың барлығын бойына жинаған, әртүрлі салаларда көптеген жетістіктерге жетіп жүрген талай ер азаматтар бар. Спорт саласында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі спортшылар, ақындар, әншілер және біздің өзіміздің «Технология» мамандығына қатысты өнерлі, шығармашылықтары мол ұлдар білім алып, колледждің атын шығаруда.

Жауқазын: Толқынның сөзін толықтырып кесем, нақты өзіміздің тобымызда да сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер баршылық. Үнемі колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын «Шұғыла» би тобының бишілері, гитарамен ән айтып, көркемөнерпаздар байқауына қатысушылар, жеңіл атлетика үйірмесіне қатысып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізген группаласымыз, бокстан спорт шеберіне үміткер салауатты өмір салтын насихаттап жүрген достарымыз. Сонымен қатар, қолдарынан бәрі келетін, шығармашылықпен, креативтілікпен жұмыс жасап, көрмелерге өздерінің жұмыстарын ұсынатын тобымызда бірқатар ер жігіттеріміз бар. Міне, мен танитын ер азаматтар осындай.

Балнұр: Қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесі қандай болу керек деген сұраққа жауап іздеу мақсатында сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнамаға 16-25 жас аралығындағы қыз балалар қатысты. Сауалнама 5 сұрақтан тұрды және әрбір сұрақ ер азаматтың бойындағы жақсы жаман қасиеттерді анықтауға бағытталған.

(1-4 курс) курс қыздарына арналған сауалнама

  1. Ер азаматтың бойында қандай қасиетті ең жоғары бағалайсыз?

А) адалдық

В) қайраттылық

С) ержүректік

Д) инабаттылық

Е) салмақтылық

Басқа жауап...................

  1. Керісінше қандай қасиетті ер азаматқа мүлдем жат деп санайсыз?

А) қорқақтық

В) жасқаншақтық

С) жалқаулық

Д) пасықтық

Е) өсекшілдік

Басқа жауап...................

  1. Кейбір ер балаларда кездесіп жататын жат қылықтар (мәселен, сырға тағу, шаш өсіру) неге байланысты деп ойлайсыз?

А) еліктеушілік

В) бұл жат қылық деп санамаймын, жарасымды болса неге сырға тақпасқа

С) отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі

Д) бәрі адамның өзіне байланысты

Е) қоғам, қоршаған орта, қазіргі таңдағы әншілер, топтар әсер етеді деп ойлаймын

Басқа жауап.....................

  1. Ер азаматтың соңғы сән үлгісі бойынша киінуі қаншалықты маңызды?

А) мүлдем маңызды емес

В) өте маңызды, адам өз-өзіне қарау керек

С) соңғы сән үлгісі болмаса да, өзіне жарасымды, таза киінгені дұрыс

Д) ер баланың «мода» қууы дұрыс емес

Е) маңызды, себебі киім үлгісі адамның мәдениеттілігін, өзіне құрметпен қарайтынын көрсетеді

Басқа жауап.....................

  1. Ер азаматпен танысқан кезде ең алдымен неге көңіл аударасыз?

А) сөйлеген сөзіне

В) қылықтарына

С) түріне, киім киісіне

Д) бойына

Е) өзіне қаншалықты сенімді екеніне

Басқа жауап.....................

Нәтижесі:

Ерасыл: Өте тамаша қыздар, біздің бағдарламамызға келіп, ой бөлісіп жатқандарыңа рахмет. Студия қонақтарының ортасына жайғасуларыңа болады.

Гүлназ: Бүгінгі біздің бағдарламамызға келіп отырған көрермендеріміздің көпшілігі қыз балалар екен. Сіздердің пікірлеріңізге де кезек берсек. Сендер ше, ер баланың бойында қандай қасиеттерді бағалайсыздар, жалпы ер бала деген қандай болу керек? (көрермендермен жұмыс)

Бала тәрбиесіне қатысты кеңестер жинағын өздеріңізге ұсынғымыз келіп отыр. Қабыл алыңыздар

Гүлназ: Нағыз ер адамға тән қасиеттер.

1.Ұғымды, ойлы ететін зерде –зейінің.

2. Сені өрге сүйрейтін –өнер-өрісің.

3. Тек ілгері бастайтын –талабың.

4. Ешқашан алдамайтын -тапқырлығың

5.Қиындықта саналатын –қайратың

6. Бәрінен де күшті- Білімің.

Ал керісінше, жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары

1. Жалқаулық

2. Аңқаулық

3. Жасқаншақтық

4. Пасықтық

5. Су жұқпас сұйықтық

6. Өсекшілдік

7. Мылжындық

Ерасыл: Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты, елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық болмақ.

Гүлназ: Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады?

Ерасыл: Әрине, бір бағдарлама көлемінде мұндай қоғамдық маңызы зор тақырыптарды талқылап біту мүмкін емес, біздің мақсатымыз тек қана ой салу, ой қозғау, белгілі бір қорытынды шығарып, мәмілеге келетін тек қана сіздер!

Гүлназ: Осымен бүгінгі «Мәміле» ток-шоуының кезекті бағдарламасы өз мәресіне жетті, назар қойып тыңдағандарыңызға, бізбен бірге болғандарыңызға көп рахмет!

Ерасыл: Сау саламатта болыңыздар!

Ән: «Ханзада»

Орындайтын: Рахметоллаев Қуаныш, Төкен Мейіржан




































8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

Автор: Мухаметжанова Айым Даулетбаевна

Дата: 13.06.2017

Номер свидетельства: 421513

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Білімді ұрпақ - кемел келешек кепілі " тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(58) "bilimdi_u_rpak_kiemiel_kielieshiek_kiepili_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "378630"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1484241278"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(44) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "301481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929977"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty1"
    ["file_id"] => string(6) "301482"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929985"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемесі»"
    ["seo_title"] => string(50) "ok_ushylarg_a_u_lttyk_t_rbiie_bierudin_distiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "366823"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481101575"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства