kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мың қолдар сау болсын деп.

Нажмите, чтобы узнать подробности

круглый стол посвященный писателю Сырбаю Мауленову

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мың қолдар сау болсын деп.»

"Мың қолдар сау болсын деп...

Сабақтың тақырыбы: "Мың қолдар сау болсын деп...

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: -Қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен  жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу.

Дамытушылық: Оқушыларды ақын өлеңдерінің   эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыра отырып, ойлау қабілетін дамыту барысында өленнің негізгі идеясы, көркемдігіне талдай білуге,........ жағдай жасау

Тәрбиелік:- Поэзияға  деген сүйіспеншілікке,  өзін-өзі бағалай білуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, жинақтау, жатқа оқу, ішінара ізденіс, ой толғау

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, бейне –сюжет.

Дөңгелек үстелдің барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Бейсембаева Медина мен Альмуканова Айым оқушыларымыздың оқылуында «Мың қолдар сау болсын деп...» атты өлең жолдары

Күн бойына құйып нәрін,
Жаңбырымен бұлт суарып.
Тіршіліктің түйір дәні,
Жер астынан шықты жарып.
Солтүстіктің өлкесінде,
Өсірген ел шаршап талмай.
Толқиды егін жер төсінде,
Жайылған жас саусақтардай.
* * *
Алма бақта — алтын жазда,
Қолаң шашын гүлмен өріп.
Ұқсап қыздар аққу, қазға
Би билейді дөңгеленіп.
Аяқтарын жылдам алып,
Қағып тоты қанаттарын.
Ұшатындай зулап ағып,
Құшатындай таң оттарын.
Наз дауыстар дірілдейді,
Қан пернесін басып ылғи.
Көкірегімде дүбірлейді,
Күмбір қағып осы бір күй.
* * *
Кешкі шұғыла — күн жалауы,
Арай шашып алыс түнге,
Құшақтап алып кең даланы
Толқындайды тау үстінде.
Туласа жел тынбай соғып,
Құбылады күз бұлттанып.
Бұлт та сонда тудай болып,
Желбірейді қызғылттанып.
* * *
Мың қолдар сау болсын деп,
Мен бір қолымды бердім.
Мың жолдар жалғансын деп,
Мен бір жолымды бердім.
Мың гүлдер солмасын деп,
Гүлдей жастық күнімді бердім.
Мың ақын толғасын деп,
Мен бір жырымды бердім.



Мұғалімнің сөзі : Ендеше , бүгінгі дөңгелек үстел осы өлеңнің сөзін жазған соғысқа қатысқан майдангер, соғысты көзімен көріп, әр өлең жолынан қан майданның оқ –дәрісінің исі мүңкіп тұрған ақынымыз- С.Мәуленов еді.

Қазақ даласы қашанда таланттарға әсте кенде болмаған. Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің  рухани кемелденуіне   өзіндік қолтаңбасымен келген  үлкен тіректі тұлғаның бірі - Сырбай Мәуленов. Оның қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігі құнды. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті бір кездегі рухани биігіне қайта көтерілу жолындағы ізденісті өте тездетті. Осы ізденісті тездетуге майданға барып, өмірдің ащы шындығын көріп келіп, адамдық болмыстың бүкіл тұңғиық тереңдеріне  өзінің көркемдік нақты тәжірибесі арқылы көз жеткізіп келген ұрпақ көп себепші болды. Мәселен, сол ұрпақтың үлкен рухани көсемі ретінде біз Қасым Аманжоловты алатын болсақ, осы Қасымдар бастаған рухани сардарлардың ішінде алдымен көзге түсетін ақын Сырбай Мәуленов болды. Сырбай осы жылдардан бастап қазақ поэзиясында оқырманды  нағыз сыршыл сезімімен де, ойымен де, көркемдік бейнесімен де бірден баурап алатын шынайы поэзияның орнығуына ықпал ете білген ақын.

  1. Ал оқушылар, жоғарыдағы оқылған өлең жолдарының мазмұнынан не ұқтыңдар?

  2. Қандай тақырып қозғалды осы өлеңде?

  3. Нені сипаттап берді?

Ахметова Аружан 11 «В» оқушысы: Бұл өлеңде Сырбай ақыннын табиғат пен ауа-райын шебер сипаттағанын бірден байқай аламыз. Сол уақыттағы адамдардын тұрмыс тіршілігін, олардын немен айналысқанын өлеңді түсініп окыса, мән-мазмұнын бірден түсінуге болады.

Өлеңде қолан шашты қыздардың биі, қимылы, күй дауысы, яғни барлығы ерекше бейнеленеген. Бұлай ерекше сипатталуынын себебі, бұлардың барлығы қазақ халкының құндылығы болып табылуында деп ойлаймын.

Сонымен қатар өленнін соңында осыған дейін атап өткен рухани-материалдық құндылықты сақтап қалу үшін, Сырбай Мәуленов өзін құрбан етуге дайын екенін айтты.

«Мың қолдар сау болсын» деген өлеңінде ел қамы, халық тіршілігі үшін қанын төккен патриот ердің образын жасайды. Адамзат үшін соғыстың жүрекке салған жарасы естіледі.

Сырбай Мәуленов туралы қысқаша мәліметті Рахымжан Камиланың әзірлеген презентациясы арқылы тамашалайық.

Сырбай Мәуленов тек соғыс туралы ғана өлеңдер жазбаған, сонымен қатар табиғат туралы да жазған туындылары бар. Ендеше Бақтыбай Нұрила табиғат жайлы өлең жолдарын оқымақшы, тыңдайық.

Сырбай Мауленов Көк аспанға көз тігіп

Қөк аспанға көз тігіп,
Ай нұрына малынып.
Жапырағын қайыңның
Жатырмын мен жамылып.
Жарқырайды жұлдыздар,
Жамырайды жас орман.
Күрсінеді көк өзен
Жанарынан жас тамған.
Жарығында жанған от,
Көзін алмай бір хаттан,
Отыр жалғыз оңаша,
Ойға шомып солдат жан.
Туған елдің сәлемін
Кім жіберген хатқа орап.
Солдат ойы алыста,
Солдат ойы шартарап.
Көк аспанға көз тігіп,
Жапырақты жамылып.
Сол солдатқа қараймын,
Мен де сәлем сағынып.
1942. Волхов майданы

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді қорытындылатйын Жұмабаев Мағжан оқушымыздың жазған эссесі болмақ. Тыңдап көрелік.

Эссе. Жумабаев Мағжан 11 «А» сынып оқушысы

Сырбай Мәуленов

Эссе Мың қолдар сау болсын деп.

Мың жолдар жалғансын деп, Мен бір жолымды бердім. Мың гүлдер солмасын деп, Гүлдей жастық күнімді бердім. Мың ақын толғасын деп,

Мен бір жырымды бердім" - деп жырлап өткен Сырбай ақын қан сулап аққан майдан біткен соң. Сырбай ақын шамамен 14-15 жасынан бастап өлең жаза бастады. Сол уақыттан бері сыршылдың өзі де, өлеңдері де біраз нәрседен, біраз қиыншылықтан өтті. Бірақ кейбір құрдастары, өкінішке орай, бұл азаптан өте алмады. Алайда Сырбай Мәуленовтің өлеңдері сонау соғыс жылдарынан бастап, ахуалды және көптеген жастарға, ақындарға "қолдары сау болсын деп, толғасын деп" жазып жырлаған өлең шумақтары қазіргі таңға дейін жырлануда.

Расымен, Сырбай соғысқа бара алмай қалған уақытта тыным таппай, жауынгерлерді рухтандыру мақсатында да бірқатар өлеңдер жазды. Кейін өзі де майданға бару туралы өтініш жазып, зеңбірек, граната, миналардың жарылыстарының ортасында жүріп, өз өмірін қиған жауынгерлерге арнап өкініш өлең жолдарын, тірі қалған жауынгерлерге арнап рух, намыс, жігер, үміт беру мақсатында жан жұбатарлық өлең шумақтар жазды. Соғыс біткеннен кейін өз жастарында жарқырап жүрген жастарға арнап өлең жазған. Оларға өзінің кеңесін айтып, идея беретін. Оларға алдағы өмір үшін құлшыныс берді. Бұл жөнінде ақын Мұзафар Әлімбаев: "...Бас редактордың өзі: әмбебап, нағыз газеткер, жаңалыққа ұмтылғыш, тың идея тапқыш, өзгелерге ой тастағыш, ұжымдағыларды жұмылдырғыш, кімнің қандай оңтайы бар, соған қарап кімге тапсыруды, нені жаздыруды жіті біледі. Өзі де жазғыш өлеңдегі беделінің өзі бір төбе. Басқа журналдарға да бас редактордың еңбегі ұсақ емес, ірі, көзге көрініп, көптің мақұлдануына ие болып жатады" , - дейді. Міне, осы айтылған сөзге қарап Сырбай ақынның мейірімді, талапты, үнемі қол ұшын созуға дайын тұратын, мың қолға үміт, жол бергісі келетін жан болғанын көреміз.

"Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа" деген мақал жалпы дүниедегі бүкіл адамға қатысты деп айтса, мен Сырбай Мәуленовтің біріншіден өзі, екіншіден жазған өлең шумақтары, Мұзафар Әлімбаевтың айтқан сөзі куәгер болады. Дәл сол кезде сол айтқан адамды, Сырбай Мәуленов жазған мың қолдардың бірі екенін сендіріп, ақтайтын едім.

Менің ойымша, Сырбай Мәуленов өте ерекше тұлға. Соншалықты ерекше, соншалықты дана, дара тұлға бола білген ақын. Осы сыршыл атамыздың сан түрлі оқиғаға толған шығармаларын оқып жаткан кезде, ең көп әсер қалдырып, санамды мың түрлі сезімге бөлеген оқиғасы бұл - ажалдың алдында есептесетін кезде қарапайым, ержүрек, батыл қыз құтқарып алған кезі және алғысын айтқан мына бір керемет өлең жолдары еді.

«Менімен бір кірпік қақпай, Түнден бойы көз ілмедің. Кіп-кішкентай болсаңда өзің, Шіркін қандай төзімді едің. Өрт ішінен алып шықтың, Қаңсырап мен жатыр едім. Кіп-кішкентай болсаңда өзің, Шіркін қандай батыр едің." - деген өлең шумақтарында ақын кіп-кішкентай қызға, ең болмаса, жігер бергісі келді, ең болмаса кішкентай үміт, сенім бергісі келді.

Сонымен қорытындылай келе, мен осындай отты да сырлы тұлғаның есімімен аталатын Сырбай Мәуленов атындағы №37 лицей мектебінде оқитыныма мақтанамын. Себебі бұл кісінің бізге деген, жастарға деген, мейлі мыңдаған адамға өзінің асқақтаған рухын, күш-жігерін, кіршіксіз таза сана-сезімін, қайсарлық пен өрлікті байқаймыз. Сырбай - Ұлы Отан соғысына солдат боп қатысып, оның өшпес таңбасын өз бойына бірге ала келген ақын. Гүлдей жастық өмірін қиып, қан майдан шебінде жаумен арпаласып, "мың қолдардың саулығы үшін бір қолын берген" ақынның бізге берер өнегесі өте зор. Ақын шығармаларын оқу арқылы біздің бойымызда өрлік, ерлік сияқты тамаша қасиеттердің қалыптасары сөзсіз. Сол себепті ақын өзі өлсе де, оның сөзі өлмейді, өлмек те емес. (427 сөз)

Қорыта келгенде, Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды. Осы орайда қуатты қаламгер , туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі.

«Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөйлеуге ұмтылып өскен ұрпақпыз. Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар десем асыра айтқан болмаспын. Сырбай- тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп  бере алған кемел құбылыс. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай-қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі».

Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің

математика пәнінің мұғалімі Даметова Ш.Н.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Мың қолдар сау болсын деп.

Автор: Даметова Шекер Нурхамитовна

Дата: 01.12.2021

Номер свидетельства: 593197

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Денім сау болсын десең."
    ["seo_title"] => string(24) "denim_sau_bolsyn_desen_1"
    ["file_id"] => string(6) "622705"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1673362913"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Денім сау болсын десе? ..."
    ["seo_title"] => string(27) "dienim-sau-bolsyn-diesien-3"
    ["file_id"] => string(6) "299236"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456486604"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Т?рбие са?аты "Наурыз - жыл басы" та?ырыбында"
    ["seo_title"] => string(37) "trbiiesagatynauryzzhylbasytakyrybynda"
    ["file_id"] => string(6) "318694"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460637552"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?са?  моториканы дамыту"
    ["seo_title"] => string(23) "u-sak-motorikany-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "284161"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453923472"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?са?  моториканы дамыту"
    ["seo_title"] => string(25) "u-sak-motorikany-damytu-1"
    ["file_id"] => string(6) "284162"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453923479"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства