kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектепке неге келеміз" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға арналған тәрбие сағаты.Мақсаты: Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, білімге деген құштарлығын ояту.Мұғалім мен оқушылар арасындағы әдептілікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мектепке неге келеміз" ашық тәрбие сағаты»

36 жалпы орта білім беретін мектеп КММ












Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мектепке неге келеміз?»










Сыныбы: 6 «Ә»

Сынып жетекші:Есенбекқызы Еркежан












2016-2017 оқу жылы



Сынып 6 «Ә»

Тақырыбы:Мектепке неге келеміз?

Мақсаты: Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, білімге деген құштарлығын ояту.Мұғалім мен оқушылар арасындағы әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікіралмасу.

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, видеобейнелер

І. Ұйымдастыру кезені

ІІ.Негізгі бөлім

1. «Алтын ұя – мектебім»

2. «Мен тәртіпті оқушымын»

3. «Өз ойым»

4. «Мектеп өмірі қызықты»

ІІІ.Қорытынды бөлім

Мұғалім: -Армысыздар, құрметті оқуышылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)

Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

Мұғалім: - Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мектепке неге келеміз?» Мектеп әлеміне саяхатымызды бастайық: мектеп туралы не білеміз оқушылар?Өзіміз білім нәрімен сусындатқан Семей қаласындағы №36 жалпы орта білім беретін метеп жайлы не білеміз?



Оқу

Өнер





тәрбие





Мектеп





Білім



Әдептілік ережесі





Шеберлік



Мұғалім







ІІ.Негізгі бөлім:



1- топ «Білім»

2- топ «Тәрбие»

Мұғалім: - Оқушылар біздің 1-ші кезеңіміз «Алтын ұя – мектебім» деп аталады.

1-топқа тапсырма:Мектеп туралы эссе, яғни өз ойларын жеткізу.

2-топқа тапсырма:Мектебіміздің жүрегі – ұстаз туралы өлең оқисыздар.

-Біздің оқушылармыз дайын болғанша ,бейнероликке назар аударайық!Бұл мектеп бойынша «Мектепке неге келеміз?» тақырыбында жүргізілген бейнеролик,назар аударайық!

Мұғалім: -Ал, енді екінші кезеңімізді бастаймыз! Екінші кезең « Мен тәртіпті оқушымын» деп аталады.Әрбір топқа мектеп ережелеріне байланысты тапсырма беріледі.


«Білім» тобына Жалпы тәртіп сақтау ережелері: .

1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.

1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.

1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).

1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді

1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;


1.7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.


2. «Тәртіп» тобына Сабақ кезіндегі, сабақ басталғанға дейін,үзілістерде асханадағы тәртіп ережелері.

Сабақ кезіндегі тәртіп:


2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;

2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды.

2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс.


3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.

3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.


3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:

Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).


3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.


3.5. Оқушылар асханада болған кезде: Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.


- Біздің топтар дайын болғанша ұстаздарымызбен жұмбақтар шешіп отырайық.

1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап-книга-book).



2.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза жаза арықтаған. (бор-мель-chalk)



3.Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған (әріптер-буквы-letter).



4.Шәкіртке жаны ашыр,

Мейірбан кім жаны асыл? (ұстаз-учитель-teacher)



5.Білімнен мол сый-асы,

Балғындарын ұясы (Мектеп-школа-school)



6. Ілулі тұр кең алаң

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп

Сүртем сосын өшіріп (Тақта-доска-blackboard)


Мұғалім: -Құрметті ұстаздар мен оқушылар енді, біз «Өз ойым» деп аталатын 3-кезеңімізге де келіп қалдық.Бұл кезеңде біз өзара пікір алмасамыз.Сіздерге мектептегі тәртіпбұзушылыққа байланысты бейнероликтер көрсетіледі.Ал сіздер бұл мектеп ережесінің қай түріне сәйкес келетінін тауып,әрбір топ өз ойын білдіреді.

1.Оқушының сабаққа кешіп келуіне байланысты видеобейне

2.Сынып оқушыларының үзіліс кезіндегі тәртіп бұзушылығы

3.Мектеп формасын сақтамау


4-кезең. «Мектеп өмірі қызықты»

Мұғалім: - Құрметті ұстаздар мен оқушылар біз алдын- ала топ мүшелеріне «Мектеп өмірі қызықты» тақырыбында сурет салуға тапсрыма бердік.Топ мүшесінің біреуі сол суреттерін ортаға шығып қорғайды.


Қорытынды: Қазіргі заманда біздің мақсатымыз ол тәрбиелі, өнегелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, білім сапасы жоғары халқымыздың асыл қазынасын салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп, отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің негізі мектептен басталатыны белгілі.Біздің мектебімізде де, сыныбымызда үлгілі оқушылар бар. Барлығымыз бейнероликке көңіл аударамыз және үлгілі , білімді оқушы болуға ұмтыламыз!

Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мектепке неге келеміз" ашық тәрбие сағаты

Автор: Есенбекқызы Еркежан

Дата: 27.11.2016

Номер свидетельства: 363021

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Жолда ж?ру  ережелерін  білесі? бе?  Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "zholdazhuruieriezhielierinbiliesinbietrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "270704"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1451234757"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""?демілік - ?дептілік"  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "diemilikdieptiliktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "270706"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451235216"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«Әдептілік – әдемілік белгісі»тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(44) "dieptilik_diemilik_bielghisi_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "439081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510810701"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты. "
    ["seo_title"] => string(59) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "231472"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442506797"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) ""?аза?стан жолы – 2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(90) "k-azak-stan-zholy-2050-bir-mak-sat-bir-muddie-bir-bolashak-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "128994"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415622144"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства