Мектепте «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі» айдарымен тіл мерекесінің ашылуына байланысты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шарада халықтың тәуелсіздігінің басты белгісі-оның тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі екендігі насихатталды. Тәлім-тәрбие, өнер, мәдениет, ғылым, техника тіл арқылы меңгерлетіні назар аударылды. Бұл шараны қазақ тілі әдебиет мұғалімі Құлке А.Ғ өткізді
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі»»
Жамбыл орта мектебінде 6-15 қыркүйек аралығында өткен
ҚР халқының тілдері күніне арналған іс-шаралардың
өтуі туралы мәлімет
1 күнМектепте «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі» айдарымен тіл мерекесінің ашылуына байланысты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шарада халықтың тәуелсіздігінің басты белгісі-оның тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі екендігі насихатталды. Тәлім-тәрбие, өнер, мәдениет, ғылым, техника тіл арқылы меңгерлетіні назар аударылды. Бұл шараны қазақ тілі әдебиет мұғалімі Құлке А.Ғ өткізді.
Мектеп кітапханашысы Қуанышова Д.О «Рухани тәуелсіздіктің басты негізі- тіл» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ халқының болмыс-тіршілігін терең тану кітап арқылы жүргізілетіні айтылды. Басқа ұлт өкілдерінің әр түрлі тілде жазылған шығармалары көрмеге қойылды.
2 күн Онкүндіктің екінші күні «Баланың балғын тілі» мәнерлеп оқуын бастауыш сынып мұғалімі Қабылтаева Ғ.А өткізді. Тіл-тарих тереңіне бойлайтын, өнер бұлағына сусындататын рухани қазына екендігі ақын өлеңдері арқылы жеткізілді. Жоғарғы сынып оқушыларымен Құлке А.Ғ «Тіл- ұлттық құндылық» дөңгелек столын жүргізді. Бұл шарада Қазақстандағы этносаралық келісім, татулық маңызы ашылды. Өз ұлтының мәдениетін мақтан тұтып, өзге ұлттың тілін, мәдениетін құрметтеу мәселелері талқыланды.
3 күн «Бабамның тілі ұрпағына аманат» тақырыбында орта буын оқушыларымен өнеге сабағын Смағұлова Б.Ғ өткізіп, халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты, көрген- білген ұғым ана тілінде сақталатыны, тіл арқылы атадан балаға ауысып, ұрпаққа ана тілі арқылы табысталатындығы ұғындырылды. Жоғарғы сынып оқушылары « Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» тақырыбында шығарма жазып, бірлігі жарасқан Қазақстан танымал елге айналғаны туралы ой бөлісті.
4 күн «Ақыл көркі тіл, тіл көркі-сөз» айдарымен Садыкова А.Т викториналық сабақ ұйымдастырды. Тіл өнері бойынша мазмұнды сұрақтарға қисынды жауап қайтарылып, оқушылар өз білімдерін толықтырды.
5-7 сыныптар арасында әлем ұлттарының ойындарын дене шынықтыру мұғалімі Аубакиров А.Д меңгертіп, бірлігі мен ынтымағының арқасында тату халқының тарихы мен мәдениеті жайлы мәлімет берді.
5 күн «Үш тұғырлы тілдің әлемі» зияткерлік ойынын орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ахметова Ш.А ұйымдастырып, тілдерді меңгеру, басқа тілдерді уйренуге деген ынталарын дамытты.
6 күнБастауыш сынып мұғалімі Құлмағанбетова П.О «Бір шаңырақ астында» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Қазақстанда мекендеген ұлттардың мәдениеті, киім үлгісі, салт –дәстүрімен таныстырды.Өзге ұлттың мәдениетін құрметтеп, бауырмалдық танытуға баулыды.
7 күнМектептің тәлімгері Әлжанова Ш .Ш «Ән- халықтың ажары» айдарымен қазақша кароке жүргізді. Әр түрлі халық әндері шырқалып, билері биленді. Бұл шара оқушылар бойында ұлтаралық келісім , татулық сезімін қалыптастырды.Сондай-ақ тілдер мерекесіне орай қабырға газеттері басылып шықты.Газет бетінде тілдің маңызы, қоғамды дамытудағы алар орны жайлы мақалалар жарияланды.
8 күн барлық сыныптарда Қазақстан халқының тілдері күндеріне орай сабақтар өткізілді. Қазақстандағы этносаралық келісім, татулық маңызы ашылды.
9 күн «Ұлттарды біріктірген ұлы ел» тақырыбында сурет конкурсы өтті. Оқушылар өз еліндегі ұлттар мәдениеті бойынша суреттер салып, өз құрметтерін білдірді.
10 күн Өтілген шаралар қорытындылары шығарылып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Өтілген шаралардың көздеген мақсаты- бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату өмір сүріп, еліміздің өркендеуіне ат салысқандарын дәріптеу болды