kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока классному руководителю

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рметті ?стаздар ж?не о?ушылар б?гінгі бізді? Асылм?ра ба?ыты бойынша «?лыс ?раны Бекет ата» та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер. Б?гінгі саба?ымызды? ма?саты:

Саба? масаты:

  1. О?ушыларды асыл м?раны ?астерлеп, ??рмет т?ту?а баулу.
  2. Рухани адамгершілік  -  д?ст?рлерімен  таныстырып, хал?ыны? д?ст?рін білім негізінде дамыту.
  3. «Ел иесі, жер киесі Бекет ата» атты ?асиетті с?збен т?рбие беру.

МЕДИНЕДЕ – М?ХАММЕД,

Т?РКІСТАНДА – ?ОЖА АХМЕД,

МА?ЫСТАУДА – ПІР БЕКЕТ!

ТІЛЕГІМДІ ?АБЫЛ ЕТ  - ДЕЙ  ОТЫРЫП, б?гінгі ашы? т?рбие са?атымызды бастаймыз. 

Ел иесі, жер киесі – Бекет атаны? ??мырнамасы мен ?ыс?аша таныстырып ?тейін.

Бекет ата Мырза??л?лы 1750 – 1813 жылдары Ма??ыстауда ?мір с?рген батыр, ?улие, а?артушы, с?улетші бол?ан. Жастайынан о?у –білімге ??мар, парасатты бол?ан. Хорезімдегі Ба?ыржан ?ажыдан о?ы?ан. Ма??ыстау, Атырау, ?стірт айма?ында медресе – мешіттер салып, хал?ын сауаттандыру?а к?п к?ш ж?мса?ан. Бекет ата – жер асты ?имараттарын ?ашап жасауды? ежелгі д?ст?рін дамыт?ан с?улетші ?рі шебер. Еліні? т?уелсіздігі ?шін шай?ас?ан батыр, ?олбасшы бол?ан. Оны? а?ыл – ке?есімен жергілікті халы? сырт?ы шап?ыншылы?тардан аман ?алып отыр?ан.  Білімдарлы?ы, абызды?ы мен к?ріпкелдік ?асиеттері ?шін елі оны к?зі тірісінде ?астерлеп, ?адір т?т?ан. Іс – ?рекеті мен ?адір – ?асиеті а?ыз?а айнал?ан Бекет ата Ма??ыстауда, О?ландыда?ы ?з мешітіне жерленген. К?пшлік Бекет атаны ?улие т?тып, ?абіріне т?нейді.

Ма??ыстау – ?ш ?иянны? ?ткен жер,

Жерленбей жеті ж?ртты? кеткен жері.

Иеленіп ен даланы, елсіз жерді,

Атамыз Адай мекен еткен жері.

Енді кезекті о?ушылар?а береміз.

 1 – Ж?нібек

О?ланды тауыны? ?аптал т?сынан ?ашай салынып жат?ан мешіт ж?мысы кезінде ?улиені? т?сіне ?деттегідей Шопан ата кіріп, аян береді.

  • Мешіт салма? бол?ан таудай талабы? о? болсын! Алайда адам баласы т?ра?тап т?ра алмайтын т?л даладан су к?зін таппаса?, ?онысы? ?олайлы болмайды, дейді пірі.

Бекет ата ояна сала орнынан т?рып, мешіт ма?ында?ы бір тасты к?теріп, тая?ымен тау омырауын т?ртіп ?ал?анда, Алланы? ?мірі, ??дайды? ??зырымен тастай суы?, с?ттей а?, балдай т?тті к?дімгі к?усар б?ла? пайда бол?ан екен.

«Бекет атаны? басында?ы б?ла? суыны? к?зі бір к?з сыятындай ?ана» деседі. Шелекпен су алса?, орны лезде толып отыратын к?рінеді. Демек, ?ара м?здай ?айнар суы астынан шымырлап жататын бол?аны.

2 - А?марал

Бекет 8 – 14 жас аралы?ында ата – бабаларынан келе жат?ан ?лем, жаратылыс туралы діни кітаптар мен пай?амбарымызды? (с.?.с) хадистерін ?з бетінше о?ып, білімін одан ?рі толы?тырып, сана – сезімін тере?дете т?седі. Енді ол шари?ат ?кімдерін жат?а айтып, Алланы? ха? жолын елге насихаттай алатын д?режеге жетеді. 14 жас?а тол?ан жас?спірім ша?ында ата – анасынан о?уын медреседе жал?астыру?а р??сат с?райды. Баласыны? болаша?ынан ?лкен ?міт к?ткен ата – анасы Бекетті? меселін ?айтармайды. Р??саттарын беріп т?рып, жол ж?рер алдында Шопан ата?а барып зиярат жасау?а ке?ес береді. Бекет Шопан ата басында т?рт к?н т?нейді. Т?ртінші т?неген т?ні Шопан ата Бекетті? т?сіне еніп: «?лі аруа? тіріге пір бола алмайды Хиуа шахарына бар. Сонда?ы медреседе Ба?ыржан ?ажы деген ??лама, ?асиет иесі бар. Сол кісіні са?ала. Сені Хиуа?а алып барар пыра?ы? ?й сыртында?ы есік алдында т?р», - дейді. Бекет ата оянып, жалма – жан киіне сала есік алдына шы?са, шынында да, Шопан ата т?сінде аян бергендей, ерттеулі пыра?ты? к?лдене?деп тыпыршып т?р?анын к?реді. Аялдау?а болмайтынын іштей сезген ол д?ретін алып, та? намазын о?и сала пыра??а мінеді. Алланы? кереметіне шек бар ма, пыра? Бекетті к?зді  ашып – ж?м?анша Хиуа шахарына алып барып, к?зден ?айып болады. Медресе ?стазы Ба?ыржан ?ажы да Бекетті? келетінін сезіп отыр?ан екен, болаша? ш?кіртін к?тіп алып, ?зі саба? беретін «Шер?азы хан» медресесіне орналастырады.  

3 – Асия

Бекет ата мешіттері: ?стіртте таудан ?ашап жасал?ан мешіттер араб, парсы, татар жазуларымен безендірілген. М?ндай ескерткіш зияратты Бекет ата 4 жерден ?аша?ан. Оны? бірі – Ма??ыстаудан ?ашы? емес О?ландыда, екіншісі – Бейнеуде, ?шіншісі – А?мешітте, т?ртіншісі – Тобы?тыда. Оны? бірінде ?ыста, екіншісінде к?зде, ?шіншісінде к?ктемде, т?ртіншісінде жазда болады екен. Б?л м?ліметті Э.Эверсман атты ?алым ?з е?бегінде жазып ?алдыр?ан.

Бекет атаны? ал?аш?ы мешіті.

1771 – 1774 жылдар аралы?ында Бекет атаны? ауылдасы Со?ырша деген жігіт басшылы? жасап 3 жаз бойы е?бектеніп А?мешітті салып бітіреді. А?мешіт ??лсары ?аласынан солт?стік – шы?ыста 66 ша?ырым ?ашы?ты?та, Жем ?зеніні? о?т?стік бетінде ?зен жа?асына тая орналас?ан.  

Мешіт ?йімен ?анаттас Бекет атаны? ата – анасы Мырза??л мен Ж?ния, баласы То?ай ж?не мешіт ішіне к?рі ?кесі ?ос??ла??лы Жаналы жерленген.

4 - ?лдана

Бекет ата салдыр?ан ескі Бейнеудегі мешіт

Бекет атаны? ескі Бейнеудегі мешіті Ма??ыстау облысында?ы Бейнеу ауданыны? орталы?ы – Бейнеу кентіні? о?т?стігінде 20 ша?ырымдай жерде айналасы ?оршал?ан ?лкен ?орымны? шы?ыс жа? ернеуіндегі солт?стіктен о?т?стікке ?арай созылып жат?ан ескі тере? ?зек бойына орналас?ан. Мешіт ?йі негізінен т?рт б?лмеден т?рады. Б?лмелерге т?сеніш т?селген. Кіре берістегі б?лмеге Бекет ата ?рпа?тары Бекет?лы Б?йтеліні?, Б?йтелі?лы ??лм?мбет ж?не ??лм?мбет?лы Самалы? мар??мдарды? осы мешіт ?йіне жерленгендіктерін ай?а?тайтын та?татас орнатыл?ан. Ал мешіт т?р?ан т?бе басына Бекет атаны? ту?ан а?асы хафиз Ме?ді??л батыр ж?не одан бас?а ?ос??ла? ?рпа?тары: То?ыза?, Есен ?ажы, Т?ш, Бектілеу сия?ты белгілі кісілер жерленген.

5 – Н?ржан

12 жасында Бекет ата к?рі на?ашысы Тама Есет батырдан бата

ал?ан.

Бекет атаны? к?рі на?ашысы б?кіл санлы ??мырын еліні? егемендігі мен хал?ыны? т?уелсіздігі ?шін сарп еткен Тама Есет батыр К?кі?лы шамамен 1667 – 1766 жылдар аралы?ында ?мір с?рген. То?саннан ас?ан ша?ында Есет батыр  12 жасар жиені Бекетке

?сті?нен д?бір кетпесін,

??ла?ы?нан сыбыр кетпесін.

А? пен ?араны айырар,

Жауды кері ?айырар,

Аты? да айтып т?р?андай д?р боларсы?.

Елге шуа? шашып н?р боларсы?.

?ш ж?зге танымал Пір боларсы? - деп  бата берген екен.

Ерді? со?ы Есет, Пірді? со?ы Бекет.

6 – Мирас

?стазы Ба?ыржанны? к?к асасына м?рагерлік еткен. 

Бекет ата Ба?ыржан ?ажыны? ш?кірті бол?ан. О?у ая?талар ша?та Ба?ыржан ?ажы?асиетті к?к аса тая?ты ш?кірттеріні? біріне сыйлайын десе, ?згелері де ал?ысы келіп, таласар т?рлері бар. Олай болса – дейді ?стаз, асаны мешітті? т?бесінен асыра ла?тырып жіберемін, ?айсысы? тапса?дар, со?ан батамды беремін, аса?а да сол иелік етсін. Пір асаны ла?тырып жібергенде ш?кірттер сырт?а д?ркірей ?мтылады. Мешітте тек Бекет отырып ?алады. Бас?алары асаны іздеп ?ш – т?рт к?ндеп кетеді.  Ба?ыржан ?ажы ш?кірті Бекеттен «Сен асаны іздеуге неге ы?ылас білдірмеді??» деп с?райды. Бекет: «Уа ?стазым, ?уелі Алла сосын сіз р??сат етсе?із б?л ?ылы?ымны? жайын айтып берейін». Б?л аса ?зірге таптыра ?оймайды. ??діретті? к?шімен ол ?лі ?шып бара жатыр. Т?сер жеріне жете ?ой?ан жо? ж?не ол тым шал?айда деп жауап береді. Асаны таба алмай ?міттерін ?зген ш?кірттер т?гелдей жиналады. О?у ая?талып елдеріне ?айтады.

7 – Меруерт

?стазы Ба?ыржан ?ажыны? ш?кірті Бекет ата?а еншіге берген д?ниелері – аса, тыма?, ?асиетті кітап оны? ?рпа?тарында к?ні б?гінге дейін са?талуда. Ба?ыржан ?ажы Бекет ата?а м?ра еткен к?к т?сті асаны? е? ерекше т?рт ?асиеті ерекшеленген делінеді.

«Шаршаса? – к?лік», «ш?лдесе? – сусын», «?оры?са? – ?ару», «то?са? – пана болар, ?адіріне ?ылау т?сіру – к?н?» деп аражіктеп берген екен.

Асатая?ты? «К?к аса» деп аталуыны? сыры: Тая?ты? к?к аса деп аталуы ??рыпты? істерге ж?не к?ктегі к?штермен, аруа?тармен байланыс?шін керектігін к?рсетеді. К?к аса екі с?зден ??рал?ан: К?к – аспан, Т??ір, ал аса – аса ма?ызды, ?ажетті деген ма?ынаны білдіреді.

8 – ?.Н?рс?лтын

 Ел ішінде Бекет ата туралы т?рлі а?ыздар бар. Бірі Бекет атаны? су ?стімен ж?рген ерекше ?асиетін, енді бірі жау?а ?арсы дауыл т?р?ыз?анын, та?ы бірі атаны? ?шып барып намазын Хиуадан о?ып келіп ж?ргендігін айтады. К?зі тірісінде талай адам?а пайдасын тигізсе, ал ?мірден ?ткен со? ?абіріне барып бала с?ра?ан адам?а бала беріп, ?иынды?тан ??т?аруын с?ра?ан адамды ты?ыры?тан алып шы?а алатын ??діреті бар.

9- Н?рс?лтан

Бекет атаны? ?мірден ?тер кезде хал?ына айт?ан со??ы ?сиеті.

63 жас?а келгенде Бекет атаны? мына ?мірге «?айыр хош» айтатын ?аралы с?ті де келіп жетеді. Пірді? ?лер алдында?ы ?сиеттеріні? бірі  - «Басыма ит сарытып басындырма. Жатты? табаны таптамысын». Болыпты. ?улиені? ?сиеті б?лжытпай орындалыпты. ?азір атаны? басына баратын жал?ыз ая? со?па? ?ана бар. Ол со?па?тан бас?а еш жерден пенде баласы ма?айлап бара алмайды.

10- ??ндыз

«?ш ж?з алпыс екі ?улиелі Ма??ыстау» дегенде алдымен аузымыз?а Шопан ата, Ша?па? ата, ?ош?ар ата,  ?араман ата, ?а??а баба, Кентті баба, С?лтан Епе, Сисем ата, Масат ата, Сислам ата, Темір баба, Алты??лаш ?улие, Бекет ата,          Бекбаулы ата, Бердалы ?улие, М?ті ?улие, Мы?кісі ата, Асар с?пы, Долан апа, Есенаман, ?лана?, ?алы? Арбат, Данысман, А?шора – Белт?ран, ?ыз ?улие, Есм?мбет ата, ?алипан ?штам, ?ш?атын ?орымдары, Бала ?улие, Бара? ?улие, Шілк?з ?улие, Жал?ыза?аш ?улие, ??лбара?, ??сшы, ??рманалы ?улие, ?уеталы? ?улие т.б ?асиет иелеріні? аттары т?седі.

Ж?ргізуші:

С?з со?ында Ендеше сондай ас?а? ж?ртыны? а?ар – ша?ар шы? басындай т?каппар ж?регінен м??гілік ж?ннат тап?ан, ?лсізге медет, К?штіге Айбар, Зары??ан?а Жебеу, Торы??ан?а Демеу, Ас?ан?а Тос?ан, Сас?ан?а Сая, ?рпа??а ?стаз, ?лыс?а ?ран, Ел иесі Жер киесі Пір ата?а ?анша та?зым ?ылса? да арты? емес. Ол к?зіні? тірісінде ?иянат?а  жол бермес ?ділдікті?, к?пірлікке жол бермес Адалды?ты?, ?араулы??а жол бермес Шапа?аттылы?ты?, ?атыгездікке жол бермес Мейрімділікті?, арсызды??а жол  бермес Парасатты? ас?ан ?лгісін танытып, ?лкен – кішіні, алыс  -жа?ынды, дос пен д?шпанды т?гел мойындат?ан адам. Пір Бекет баршамыз?а жар болсын деп б?гінгі ашы? т?рбие са?атымызды ая?таймыз. Ты?да?андары?ыз ?шін ра?мет. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока классному руководителю »


«Атамекен орта мектебі» мемлекеттік мекемесі










АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ






Тақырыбы: «Ұлыс ұраны – Бекет ата»






Сыныбы: 5 «В»

Дайындаған: Букенбаева А










Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі біздің Асылмұра бағыты бойынша «Ұлыс ұраны Бекет ата» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

Сабақ масаты:

  1. Оқушыларды асыл мұраны қастерлеп, құрмет тұтуға баулу.

  2. Рухани адамгершілік - дәстүрлерімен таныстырып, халқының дәстүрін білім негізінде дамыту.

  3. «Ел иесі, жер киесі Бекет ата» атты қасиетті сөзбен тәрбие беру.


МЕДИНЕДЕ – МҰХАММЕД,

ТҮРКІСТАНДА – ҚОЖА АХМЕД,

МАҒЫСТАУДА – ПІР БЕКЕТ!

ТІЛЕГІМДІ ҚАБЫЛ ЕТ - ДЕЙ ОТЫРЫП, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Ел иесі, жер киесі – Бекет атаның ғұмырнамасы мен қысқаша таныстырып өтейін.

Бекет ата Мырзағұлұлы 1750 – 1813 жылдары Маңғыстауда өмір сүрген батыр, әулие, ағартушы, сәулетші болған. Жастайынан оқу –білімге құмар, парасатты болған. Хорезімдегі Бақыржан қажыдан оқыған. Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе – мешіттер салып, халқын сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Бекет ата – жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер. Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы болған. Оның ақыл – кеңесімен жергілікті халық сыртқы шапқыншылықтардан аман қалып отырған. Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қастерлеп, қадір тұтқан. Іс – әрекеті мен қадір – қасиеті аңызға айналған Бекет ата Маңғыстауда, Оғландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшлік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.


Маңғыстау – үш қиянның өткен жер,

Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.

Иеленіп ен даланы, елсіз жерді,

Атамыз Адай мекен еткен жері.


Енді кезекті оқушыларға береміз.


1 – Жәнібек

Оғланды тауының қаптал тұсынан қашай салынып жатқан мешіт жұмысы кезінде әулиенің түсіне әдеттегідей Шопан ата кіріп, аян береді.

  • Мешіт салмақ болған таудай талабың оң болсын! Алайда адам баласы тұрақтап тұра алмайтын тұл даладан су көзін таппасаң, қонысың қолайлы болмайды, дейді пірі.

Бекет ата ояна сала орнынан тұрып, мешіт маңындағы бір тасты көтеріп, таяғымен тау омырауын түртіп қалғанда, Алланың әмірі, Құдайдың құзырымен тастай суық, сүттей ақ, балдай тәтті кәдімгі кәусар бұлақ пайда болған екен.

«Бекет атаның басындағы бұлақ суының көзі бір көз сыятындай ғана» деседі. Шелекпен су алсаң, орны лезде толып отыратын көрінеді. Демек, қара мұздай қайнар суы астынан шымырлап жататын болғаны.

2 – Әсемай

Бекет атаның әкесі Мырзағұл болжампаз, көріпкел, парасатты адам болған. Ол кісі жөнінде жазбаша дерек сақталмаған. Ұрпақтан – ұрпаққа ауызша тарап, біздің заманымызға жеткен әңгімелердің өзі де тапшы. Сондай әңгімелердің бірінде Мырзағұл атаның барлық ықылас – ниеті баласы Бекетке ауғандығы баяндалады.

Мырзағұл Жаналыұлының Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл, Бекет есімді төрт ұл, Әпуаш, Ақмаңдай есімді екі қыз бала дүниеге келеді. Бірақ олардың Бекеттен басқасының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз.

Бекет ата қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы аумағына қарайтын Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Жем бойындағы Ақмешіт деген жерде туған. Әкесі Мырзағұл дәулетті, барына мырза, діни сауатты ел ақсақалы болса керек. Ал анасы Жәния – арғы тегі араб, қожалар ұрпағы Назарқожаның қызы. Назарқожа жас жігіт шағында ислам дінін елге таратып уағыздау мақсатында Меккеден Маңғыстауға жіберіліп, сонда мәңгі қалып қойған деседі.

3 - Ақмарал

Бекет 8 – 14 жас аралығында ата – бабаларынан келе жатқан әлем, жаратылыс туралы діни кітаптар мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін өз бетінше оқып, білімін одан әрі толықтырып, сана – сезімін тереңдете түседі. Енді ол шариғат үкімдерін жатқа айтып, Алланың хақ жолын елге насихаттай алатын дәрежеге жетеді. 14 жасқа толған жасөспірім шағында ата – анасынан оқуын медреседе жалғастыруға рұқсат сұрайды. Баласының болашағынан үлкен үміт күткен ата – анасы Бекеттің меселін қайтармайды. Рұқсаттарын беріп тұрып, жол жүрер алдында Шопан атаға барып зиярат жасауға кеңес береді. Бекет Шопан ата басында төрт күн түнейді. Төртінші түнеген түні Шопан ата Бекеттің түсіне еніп: «Өлі аруақ тіріге пір бола алмайды Хиуа шахарына бар. Сондағы медреседе Бақыржан қажы деген ғұлама, қасиет иесі бар. Сол кісіні сағала. Сені Хиуаға алып барар пырағың үй сыртындағы есік алдында тұр», - дейді. Бекет ата оянып, жалма – жан киіне сала есік алдына шықса, шынында да, Шопан ата түсінде аян бергендей, ерттеулі пырақтың көлденеңдеп тыпыршып тұрғанын көреді. Аялдауға болмайтынын іштей сезген ол дәретін алып, таң намазын оқи сала пыраққа мінеді. Алланың кереметіне шек бар ма, пырақ Бекетті көзді ашып – жұмғанша Хиуа шахарына алып барып, көзден ғайып болады. Медресе ұстазы Бақыржан қажы да Бекеттің келетінін сезіп отырған екен, болашақ шәкіртін күтіп алып, өзі сабақ беретін «Шерғазы хан» медресесіне орналастырады.

4 – Жанар

Хиуа медресесінде оқып жүрген кезінде де шәкірт Бекет оқуға зеректігімен, ұстаздары тарапынан берілген тапсырмаларды мезгілінде мұқият орындайтын табандылығымен, жақсы мінез – құлқымен өзі тұрғылас құрбыларынан ерекшеленіп тұратын. Өзіндей жасөспірімнің өзінен көш ілгері озып кетуін көралмаған жолдастары: Бекетке жаманшылықтар жасағысы келеді. Бұны білген Бақыржан қажы Бекеттің жай адам еместігіне шәкірттерінің көздерін жеткізбек болады. Медреседе дәріс аяқталған соң Бақыржан қажы Бекет оқитын топтағы 20 шақты шәкіртті Әмударияның Хиуаға таяу өтетін тұсынан қайықпен өтіп, өзеннің арғы бетінен отын шауып келуге жұмсайды. Мезгіл көктем айы болса керек, екі ат арбаға бөлініп мінген шәкірттер өзен жағасына таяп барса, өзен суы кемерінен аса жаздап, көтеріліп ағып жатады. Көктемгі су тасқыны кезінде қайық түгіл, кеменің жүзуі екіталай. Ұстаз осы жағдайдан хабардар бола тұра, шәкірттерін бір күрделі мәселенің басын ашып алу мақсатын көздеп әдейі жіберген еді. Олар өзен жағасына келіп не істерлерін білмей қалады. Сол кезде Бекет топ арасынан бөлініп шығып, өзенге қарай жүре бастайды. Бәрінің назары Бекетке ауады. Ол су бетімен жүріп бара жатады. Су бетімен кәдімгі құрғақ жердегідей жүріп, арғы бетке шығады. Қолына балтасын алып құрғақ отындарды шаба бастайды. Күн ұясына бату таяғанда шапқан отындарын арқалап, өзен суы тобығына да келмей Бекет олардың қасына келеді.Олар да бұрынғыдай емес, Бекетке жылы көзқарас танытып, отынды жабыла көтеріп, ұстаз алдына қайтады. Осылайша ұстаз мақсаты орындалған.

5 – Исламбек

Бекет ата Бақыржан қажының қолында жеті жылдай дәріс алып, медресені үздік аяқтап, елге оралады. Жас шағынан есептегенде, бұл Бекеттің тепсе темір үзетін 21 жас шамасындағы кезі болған. Көне көз қариялардың айтуына қарағанда Бекет ата алғаш ұлысқа ұран атанғанда 22 – 23 жас шамасындағы жігіт екен.

Бекет ата Хиуа медресесін бітіріп елге оралған соң мейлі Ақмешітте, әлде Бейнеуде, не Оғландыда болсын өзі білім алған алтын ордасы мен онда дәріс берген ғұлама ұстаздарын сондайақ Меккеге барғандағы алған әсерлерін, көрген – білгендерін замандастары мен жастарға үлгі етіп айтып отырады екен.

6 – Асия

Бекет ата мешіттері: Үстіртте таудан қашап жасалған мешіттер араб, парсы, татар жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткіш зияратты Бекет ата 4 жерден қашаған. Оның бірі – Маңғыстаудан қашық емес Оғландыда, екіншісі – Бейнеуде, үшіншісі – Ақмешітте, төртіншісі – Тобықтыда. Оның бірінде қыста, екіншісінде күзде, үшіншісінде көктемде, төртіншісінде жазда болады екен. Бұл мәліметті Э.Эверсман атты ғалым өз еңбегінде жазып қалдырған.

Бекет атаның алғашқы мешіті.

1771 – 1774 жылдар аралығында Бекет атаның ауылдасы Соқырша деген жігіт басшылық жасап 3 жаз бойы еңбектеніп Ақмешітті салып бітіреді. Ақмешіт Құлсары қаласынан солтүстік – шығыста 66 шақырым қашықтықта, Жем өзенінің оңтүстік бетінде өзен жағасына тая орналасқан.

Мешіт үйімен қанаттас Бекет атаның ата – анасы Мырзағұл мен Жәния, баласы Тоғай және мешіт ішіне кәрі әкесі Қосқұлақұлы Жаналы жерленген.

7 - Ұлдана

Бекет ата салдырған ескі Бейнеудегі мешіт

Бекет атаның ескі Бейнеудегі мешіті Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының орталығы – Бейнеу кентінің оңтүстігінде 20 шақырымдай жерде айналасы қоршалған үлкен қорымның шығыс жақ ернеуіндегі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ескі терең өзек бойына орналасқан. Мешіт үйі негізінен төрт бөлмеден тұрады. Бөлмелерге төсеніш төселген. Кіре берістегі бөлмеге Бекет ата ұрпақтары Бекетұлы Бәйтелінің, Бәйтеліұлы Құлмәмбет және Құлмәмбетұлы Самалық марқұмдардың осы мешіт үйіне жерленгендіктерін айғақтайтын тақтатас орнатылған. Ал мешіт тұрған төбе басына Бекет атаның туған ағасы хафиз Меңдіғұл батыр және одан басқа Қосқұлақ ұрпақтары: Тоғызақ, Есен қажы, Тәш, Бектілеу сияқты белгілі кісілер жерленген.

8 – Жанар

Бекет атаның Оғландыдағы мешіті көптеген ғылыми негіздерге сүйеніп салынған деген пікір бар. Оғландыдағы мешітінің мына қасиеттері осылай салынғандығын айқындайды. Мешіт Мекке бағытымен салынған, ал есігі шығысқа бағытталған. Атаның емшілікпен де айналысқандығын мешітбұлағындағы сүліктер дәлелдейді. Сүлік бұл бұлақтан басқа суда өмір сүре алмайды. Пір Бекет аруағы адамдарға жылан, арқар, аққу болып көрінеді. Бекет ата мешіттеріне адамдар шын ниетімен келмесе, я болмаса күнәлі адамдар келсе, жыландар ысылдап шығып, алдарын кес – кестеп жолатпайды.

Атаның аспандағы аруағының иесі – аққулар. Мешіт маңында тау тас арасында арқарлар бар. Адамдар жыландарғада, аққуларғада, арқарларға да тимейді, оларға зақым келтірмейді, атпайды, ауламайды. Егер зұлымдық жасалса оларды атаның аруағы тегін жібермейді.

9 – Ләззат


10 – Жұлдыз

Өсу

Құдай өзі жасайды кереметті

Пір Бекетке керемет ере кепті

Аспан - жердің арасын пайымдайтын

Зейінінде зерделеп зерек етті.

Жаттап алып ескі жыр нұсқасында

Құрандыда аударған үш жасында

Төртке келді

Төре боп төрге шықты

Ас қайырды ағайынның түскі асында

Балғалары жататын тас қасында

Ұсталадың әрине көш басында

Батырлықтың бастапқы әліппесі

Атқа мініп

Аң қақты бес жасында.

Шалқымасқа болмады шалқымасқа

Қазағымын бауырмал салты басқа

Ақ сақалды атадан бата сұрап

Нағашысын іздеді алты жаста.

Барасың ғой беймәлім жерге бөтен

Нағашыңа көріспей келме көкем

Анасы баласына ырым қылып

Жеті шелпек пісірп берген екен.

11 – Нұржан

12 жасында Бекет ата кәрі нағашысы Тама Есет батырдан бата

алған.

Бекет атаның кәрі нағашысы бүкіл санлы ғұмырын елінің егемендігі мен халқының тәуелсіздігі үшін сарп еткен Тама Есет батыр Көкіұлы шамамен 1667 – 1766 жылдар аралығында өмір сүрген. Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр 12 жасар жиені Бекетке

Үстіңнен дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

Ақ пен қараны айырар,

Жауды кері қайырар,

Атың да айтып тұрғандай дүр боларсың.

Елге шуақ шашып нұр боларсың.

Үш жүзге танымал Пір боларсың - деп бата берген екен.

Ердің соңы Есет, Пірдің соңы Бекет.

12 – Азидулла

Бекет ата туралы деректер мен аңыздар

Тәубеге келу.

Жас кезінде жолаушылап еле жатып, Жем өзенінің тұсындағы бір өткелден өтерде өзенге көзі түскен Бекет су ішінен әуелі бір саусақ, сосын бес саусақ көтеріліп, ақыр аяғында ол да көрінбей батып кетіп, орнына отыз одан соң қырық саусақтың шошайып шыққанын көріп ойға қалады.

«Е – е, Алла тағаланың ақ жолға бағыттаған аяны шығар бұл. Жасаған иемнің жалғыз саусақ көрсеткені – «бір Құдайыңды біл», бес саусақты шошайтқаны – «бес уақыт намазыңды қаза қылма», отыз саусағы – «отыз күн оразаңды ұста», қырық саусағы «қырық парызыңды орындап жүр» дегені екен ғой», - деп ой түйген Бекет осыдан бастап нағыз Құдай жолына түсіпті.

13 – Жақсыбике

Ата арқарларына тиіспеуді өсиет етіп кеткен.

Атаның мешітінің іргесінде арқарлар жайылып жүреді. Бір кереметі олар адамнан үрікпейді. Бекет ата «Құбыладағы тұмсық пен арқадағы тұмсық арасындағы арқарға тимеңдер, тисеңдер оңбайсыңдар», - деген өсиет айтып кеткен.

14 – Құдайназар

Осыдан біраз жыл бұрын бір топ жігіттер арқар атып, дәл сол заматта астарына мініп келген көліктері өртеніп, далада қалыпты. Содан бері арқарларға ешкім тиіспейтін болыпты. Жалпы арқар деген киелі жануар ғой. Тамағын талғап, тек таза шөптерді теріп жейді. Құмалағының өзі асқазан жарасына, денеге түскен кез – келген жараға қолдануға таптырмайтын емдік дәрі.

Сагындикова Жұлдыздың орындауында ән «Маңғыстауым».

15 – Мөлдір

Бекет ата мен Барақ.

Бекет атамен жетіру табын Барақ жастары шамалас, дос адамдар екен.

«Біраз жасқа келдік, мен қырда жүрмін, Бекет Маңғыстаудың ойында. Көрісіп, амандасатын да кез болды – ау» деп ойлайды Барақ. Сол күні Бекет ата да дәл осылай ниет еткен екен. Бекет ата мен Барақ кездеспекке жолға шығады. Екеуі Тұрыш деген жерде қарсы жолығады. Барақ дөңнің басында, Бекет ата ойпаңдау сайда тұрады. Екеуі де: «Қайсымыз бұрын сәлем беруіміз керек? Кімнің аруағы басым болса, сол үшін бірінші амандасуы тиіс», - дейді.

  • Сен жоғарыда тұрсың, жол сенікі, қасиетіңді көрсет, - дейді Бекет ата Бараққа. Сол мезгілде ылдида үш дүркін су тасып, Бекет атаны екпіні ағызып кете жаздайды.

  • Енді сіз қасиетіңізді көрсетіңіз, - дейді Барақ.

  • Бекет ата көкке қарайды. Сол сол – ақ екен,Барақ төбесінен жеті аққу ұшып бара жатқанын көреді.

  • Сенің қасиетің күшті, бірақ су перісімен байланысты, өзің өлген сөң жерге сіңген судай жоғалып кетеді екенсің, - дейді Бекет ата.

  • Ал сенің қасиетің аспанда жеті аққу болып ұшты, аруағың биік тұр, жеті ұрпағыңа дариды екен, сәлемді мен берейін. Ассалаумағалейкүм! – депті Барақ. Сөйтіп, екеуі төс түйістіріп құшақтаса көріскен екен.

Барақ батырдың қасиеті 3 атаға, Бекет атаның қасиеті 7 атаға дариды екен.

16 – Жәнібек

Әулие.

Әулие араб тілінде – желеп – жебеуші – ерекше діндарлығымен, дін жолында кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға. Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Қазақ халқы Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Баба ата, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата т.б әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған.

17 – Ж.Баян

Бекет атаның атына тіркелген пір сөзі бірнеше ғасыр бойынааталып келеді. Бұл сөздің 2 мағынасы бар. Бірінші діни мағынасы – қолдап қорғаушы, рух, аруақ. Екінші ауыспалы мағынасы демеуші, сүйеуші. Біз «Пір Бекет қолдай гөр» деп Бекет ата рухынан демеу, қолдау күтеміз.


18 - Жұлдыз

Атаның тікелей ұрпақтары.

21 ғасырда Қазақстан мен Орта Азияда атаның алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы ұрпақтары ғұмыр кешуде. Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында тұратын жасы 75 тен асқан Көбен Аралбайұлының отбасында Пір атаның қара шаңырағының маңдайша ағашы қастерлеп сақталуда. Мұнда күн құрғатпай алыс – жақынан тәу етуге келіп жататын адам қарасы үзілмейді.

19 – М.Баян

Бекет деп ұран шақырған.

Аруақты ел еді,

Сыйынғанда көмекке,

Қасиетін көрсеткен.

Алты алаштың ішінде

Кереметті адам болған жоқ,

Жаналы түгіл айтайын,

Адайдағы Бекеттен.

Бекет деген атағы

Жеті жұртқа шашылған.

«Бекет!» деп ұран шақырса,

Дұшпанның көңілі басылған.

Сансыз мейман келсе де

Қазаны толы асылған

Аруағы шықты жасынан

Шариғат сөзін сөйлеген

Хиуада пірі Бақыржан

Нағашысы Тобыштың

Киік сауған Қожасы

Пайғамбардың тұқымынан

Ай мүйіздің тұқылынан

Күндіз – түні үйреніп,

Шарғының жолын тұтынған

Мәжіліс құрып алқада,

Жері жоқ сөзден ұтылған.

Құзырында Бекеттің кеселінен жазылды

Жынданған талай құтырған

Нешелер жақсы өткен жоқ

Жаналы деген тұқымнан

Олардың жүрген жерінен

Жын – шайтан қашып құтылған.

20 – Мирас

Ұстазы Бақыржанның көк асасына мұрагерлік еткен.

Бекет ата Бақыржан қажының шәкірті болған. Оқу аяқталар шақта Бақыржан қажықасиетті көк аса таяқты шәкірттерінің біріне сыйлайын десе, өзгелері де алғысы келіп, таласар түрлері бар. Олай болса – дейді ұстаз, асаны мешіттің төбесінен асыра лақтырып жіберемін, қайсысың тапсаңдар, соған батамды беремін, асаға да сол иелік етсін. Пір асаны лақтырып жібергенде шәкірттер сыртқа дүркірей ұмтылады. Мешітте тек Бекет отырып қалады. Басқалары асаны іздеп үш – төрт күндеп кетеді. Бақыржан қажы шәкірті Бекеттен «Сен асаны іздеуге неге ықылас білдірмедің?» деп сұрайды. Бекет: «Уа ұстазым, әуелі Алла сосын сіз рұқсат етсеңіз бұл қылығымның жайын айтып берейін». Бұл аса әзірге таптыра қоймайды. Құдіреттің күшімен ол әлі ұшып бара жатыр. Түсер жеріне жете қойған жоқ және ол тым шалғайда деп жауап береді. Асаны таба алмай үміттерін үзген шәкірттер түгелдей жиналады. Оқу аяқталып елдеріне қайтады.

21 - Нұртас

Ал Бекет кетуге асығар емес. Ұстазы шәкіртім сен неге еліңе қайтпадың деп сұрайды. Сонда Бекет: Міне аса енді түсті. Ендеше мен асаны табайын. Рұқсат сұрап жолға шығады. Асаны бір ай іздеп Оғландыға жетеді. Сөйтсе аса Оғланды маңында қадалып тұр екен. Бекетасаны ары – бері тартып суырып алады. Асаны енді алдым дегенде, сол маңдағы бір қойшы бала: ол асаның мұнда түскеніне бірнеше уақыт болды. Мен алайын деп ем бірақ ала – алмадым. Асаны бірінші мен көрдімаса менікі дейді. Бекет ата олай болса алып көр деп асаны қайта сұғады. Қойшы бала оны суырып ала алмайды да: «Тапқан қуанады, таныған алады» деген осы шығар деп асаны Бекетке береді.

22 – Ержан

Бекет ата ұстазы Бақыржан қажыға барады. Сонда ұстазы «Енді бұл аса сенікі, сол Оғландыда мешіт сал, сонда бол. Сол жер сенің мекенің болсын» деп батасын берген екен. Осылайша Бекет ата ұстазы Бақыржан қажының көк асасына мұрагерлік еткен.

Пендесінің тілегін екі етпеген,

Иман – Рухым Пір Баба – Бекет деген.

Тектік атам – Адай шал жерұйық деп,

Маңғыстауға ұрпағын жетелеген.

23 – Меруерт

Ұстазы Бақыржан қажының шәкірті Бекет атаға еншіге берген дүниелері – аса, тымақ, қасиетті кітап оның ұрпақтарында күні бүгінге дейін сақталуда. Бақыржан қажы Бекет атаға мұра еткен көк түсті асаның ең ерекше төрт қасиеті ерекшеленген делінеді.

«Шаршасаң – көлік», «шөлдесең – сусын», «қорықсаң – қару», «тоңсаң – пана болар, қадіріне қылау түсіру – күнә» деп аражіктеп берген екен.

Асатаяқтың «Көк аса» деп аталуының сыры: Таяқтың көк аса деп аталуы ғұрыптық істерге және көктегі күштермен, аруақтармен байланысүшін керектігін көрсетеді. Көк аса екі сөзден құралған: Көк – аспан, Тәңір, ал аса – аса маңызды, қажетті деген мағынаны білдіреді.

24 – Қ.Нұрсұлтын

Ел ішінде Бекет ата туралы түрлі аңыздар бар. Бірі Бекет атаның су үстімен жүрген ерекше қасиетін, енді бірі жауға қарсы дауыл тұрғызғанын, тағы бірі атаның ұшып барып намазын Хиуадан оқып келіп жүргендігін айтады. Көзі тірісінде талай адамға пайдасын тигізсе, ал өмірден өткен соң қабіріне барып бала сұраған адамға бала беріп, қиындықтан құтқаруын сұраған адамды тығырықтан алып шыға алатын құдіреті бар.

Исмағұл Ләззаттың орындауында ән «Астана».

25- Нұрсұлтан

Бекет атаның өмірден өтер кезде халқына айтқан соңғы өсиеті.

63 жасқа келгенде Бекет атаның мына өмірге «қайыр хош» айтатын қаралы сәті де келіп жетеді. Пірдің өлер алдындағы өсиеттерінің бірі - «Басыма ит сарытып басындырма. Жаттың табаны таптамысын». Болыпты. Әулиенің өсиеті бұлжытпай орындалыпты. Қазір атаның басына баратын жалғыз аяқ соқпақ қана бар. Ол соқпақтан басқа еш жерден пенде баласы маңайлап бара алмайды.

26 - Ләззат

Бекет ата жиі қолданған аталы сөздер.

«Тек жүрсең – тоқ жүресің»

«Бейнетіңе сабыр, рақатыңа шүкірлік қыл»

«Жақсыны өзің үшін, ал жаманды мен үшін сыйла»

«Ниетің жолдасың болсын»

«Біреуге қиянат, не озбырлық жасап түрып менің атымды атамаңдар»

«Басыма ит сарытып басындырма, құтханамды жаттың табаны таптамасын»

27 - Әсем

Бекет атамыздың 260 жылдығы 2010 жылы Оғыланды мешітінде рухани мәдени шаралармен аталып өтті.

28- Құндыз

«Үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау» дегенде алдымен аузымызға Шопан ата, Шақпақ ата, Қошқар ата, Қараман ата, Қаңға баба, Кентті баба, Сұлтан Епе, Сисем ата, Масат ата, Сислам ата, Темір баба, Алтықұлаш әулие, Бекет ата, Бекбаулы ата, Бердалы әулие, Мәті әулие, Мыңкісі ата, Асар сұпы, Долан апа, Есенаман, Ұланақ, Қалың Арбат, Данысман, Ақшора – Белтұран, Қыз әулие, Есмәмбет ата, Қалипан Үштам, Үшқатын қорымдары, Бала әулие, Барақ әулие, Шілкөз әулие, Жалғызағаш әулие, Құлбарақ, Құсшы, Құрманалы әулие, Әуеталық әулие т.б қасиет иелерінің аттары түседі.

Жүргізуші:

Сөз соңында Ендеше сондай асқақ жұртының ақар – шақар шың басындай тәкаппар жүрегінен мәңгілік жәннат тапқан, Әлсізге медет, Күштіге Айбар, Зарыққанға Жебеу, Торыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға Сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел иесі Жер киесі Пір атаға қанша тағзым қылсаң да артық емес. Ол көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес әділдіктің, күпірлікке жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес Мейрімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттың асқан үлгісін танытып, үлкен – кішіні, алыс -жақынды, дос пен дұшпанды түгел мойындатқан адам. Пір Бекет баршамызға жар болсын деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңыз үшін рақмет.






























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Конспект урока классному руководителю

Автор: Букенбаева Актоты Хамидуллаевна

Дата: 02.11.2015

Номер свидетельства: 246970

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Vfcnth-rkfcc "Портрет современного учителя- классного руководителя""
    ["seo_title"] => string(68) "vfcnthrkfccportrietsovriemiennoghouchitieliaklassnoghorukovoditielia"
    ["file_id"] => string(6) "270887"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1451301337"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Конспект урока по изучению казахского языка "Моя профессия" "
    ["seo_title"] => string(67) "konspiekt-uroka-po-izuchieniiu-kazakhskogho-iazyka-moia-profiessiia"
    ["file_id"] => string(6) "129948"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415798747"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Конспект урока башкирского языка на тему: "Части тела""
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekturokabashkirskoghoiazykanatiemuchastitiela"
    ["file_id"] => string(6) "285941"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454259611"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Классный час "Миру Мир" "
    ["seo_title"] => string(22) "klassnyi-chas-miru-mir"
    ["file_id"] => string(6) "215428"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432681137"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Конспект урока по истории Казахстана "Голод 1931- 1933гг" "
    ["seo_title"] => string(58) "konspiekt-uroka-po-istorii-kazakhstana-golod-1931-1933ghgh"
    ["file_id"] => string(6) "146860"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419267048"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства