kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, әз - Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!
Мақсаты
: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар,, буклеттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.
2. Тәрбие сағатын ашу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Жансұлу.Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін  өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі. Міне сыныбымыздың «Қош келдің, әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2.Ақбатес. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

Жансұлу. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болған. Ендеше, ортаға Қарашаш сұлуды шақырайық.
Қарашаш:Гүлнұр. Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Ақбатес.Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Меруерт. Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Жансұлу. Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Бейімбет. Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
- Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.
Қарашаш:Гүлнұр. Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
1. Хор:   

Қарашаш:Гүлнұр: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашалайық.
 

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық!
(Сақнаға алдымен Қожанасыр, одан соң Алдаркөсе шығады).

Алдар көсе: (ұнжырғасы түскен Қожекеңе)
- Әй, әпендім, үн-түнсіз сіленіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?
Қожекең: Ай, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?Көк есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта рекет деген бір бәлелер тартып алып.
Содан есек те жоқ базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Алдар көсе: Апыр- ай, ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар көсе: -Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Қожанасыр: -Бәрі шетінен суайт. Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпағыңды тауып берем.
Қожанасыр:-А-а. Қалай. Аңтарылып қалады.

Алдар көсе:-Апыр-ай, ә, мына бәледен қалай құтылсам екен. Ә-ә, таптым, таптым. Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк емес пе Қанарың қызыл ала..
Қожекең:-Иә, дәл солай.
Алдар:- Ендеше, әлгінде бір-екі ауыл милисәсі жұртқа жар салып иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына Шәйланың бергі бұрышында. Ұш жет тез.
(Қожанасыр шапанының етегін қолына ұстап, қалбалақтап солай жүгіре жөнелді. Бір шеттен Тазша баланың төбесі көрінеді. Ол әндетіп келе жатады)

Тазша:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.

Алдаркөсе: (киіп кетеді)- Әй, Суайтбегім, мынау тағы не сұмдық-ей! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубетті қайдан таптың тағы?Өтірік айтудың да жөні бар емес пе?
Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегеніңіз?Имандай шынымбұл. Олләһи-білләһи, мінеки! (қолының қырымен тамағын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. «Сұмырай келсе, су құриды» депҚожекең екеуің немене, қара аспанды алдырып?Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді бірі қолыма су құйып, наурыз көже дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.
Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да. Әйтпесе бізді қайтесің бұлар. Әпенділері де өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ:

«Ой, аға, мұнда не бар сізге? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.
(Осы тұста елпеңдеп Қожекең шығады, Оны көрген Алдар соған бұрылады).
Алдаркөсе:О, не, Қожеке, есегің табылды ма?
Қожанасыр:Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па ? Жол тәртібін бұзды, көшені ластады дей ме-ау. (Қолын бір-ақ сілтеп, енді басқа әңгімеге көшеді). Әй, өздерің мұнда неғып тәжікелесіп? Ана жақта, әне анау бір киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.
Тазша:Алтын?!

Қожанасыр:Иә, алтын болғанда, кәдімгі саф алтын, бұлардың тілінше бәлүтә дей ме. Түсінбедім. Кәмпінсәтси деді ме, балаларға берілетін жәрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес баланың тізімі жүр, Алдеке. (бір-бірлеріне қарасып алған Алдар мен Тазша ол нұсқаған жаққа қарай ұша жөнелді )
Қожанәсір:(Олардың артынан қарап сәл тұрған соң таңырқай)
Әй мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады-ей?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі?Қой мен де жетейін. (Сахнадан елпеңдей түсіп кетеді. )
 Жансұлу. :Ал, жігіттер, «сөздің көркі - мән, тойдың көркі-ән мен би» деген. Ортамызға  наурыз туралы жаттаған тақпақтарын айтуға сыныбымыздың оқушыларын шақырамыз.

Ақбатес:Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол –шешендік өнері.  Ендеше ортаға ұл балаларымызды шақырамыз.


Жансұлу. Жарайсыңдар балалар. Жеңістерің құтты болсын. Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.
Ақбәтес
Күріш салдым көжеге
Женті көп болсын деп
Адал аспен бұйырған,

Тойда палау болсын деп.
Дәм татсын ел жиылған.

Ауыздан ақ кетпесін
Бидай салдым көжеге,

Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан,  ақтан  дәм татыңыздар.
Жансұлу.  - Келтіріп сахнаның енді сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда барын.
Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,
Шапшаң  жігіттеріміз алдарыңызда.
- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап біздің сыныптың  жігіттері  өнер көрсетіп жіберсін. «Қол күрес пен асық ойыны»

Ән:

Жансұлу.  Негізгі мақсатымыз - «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!

Ақбәтес. Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін. Ортаға Беркін хзжшығып, бата береді.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.
 

Мұғалім осы өлең жолдарымен аяқтайды.
Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, әз - Наурыз!»



Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!
Мақсаты
: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар, , буклеттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.
2. Тәрбие сағатын ашу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Жансұлу.Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі . Міне сыныбымыздың «Қош келдің, әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2.Ақбатес. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

Жансұлу. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болған. Ендеше, ортаға Қарашаш сұлуды шақырайық.
Қарашаш:Гүлнұр. Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Ақбатес.Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Меруерт. Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Жансұлу. Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Бейімбет. Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
- Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.
Қарашаш:Гүлнұр. Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
1. Хор:

Қарашаш:Гүлнұр: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашалайық.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық!
(Сақнаға алдымен Қожанасыр, одан соң Алдаркөсе шығады).

Алдар көсе: (ұнжырғасы түскен Қожекеңе)
- Әй, әпендім, үн-түнсіз сіленіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?
Қожекең: Ай, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?Көк есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта рекет деген бір бәлелер тартып алып...
Содан есек те жоқ базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Алдар көсе: Апыр- ай, ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар көсе: -Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Қожанасыр: -Бәрі шетінен суайт. Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпағыңды тауып берем.
Қожанасыр:-А-а... Қалай. Аңтарылып қалады.

Алдар көсе:-Апыр-ай, ә, мына бәледен қалай құтылсам екен. Ә-ә, таптым, таптым. Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк емес пе Қанарың қызыл ала.. .
Қожекең:-Иә, дәл солай.
Алдар:- Ендеше, әлгінде бір-екі ауыл милисәсі жұртқа жар салып иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына Шәйланың бергі бұрышында. Ұш жет тез.
(Қожанасыр шапанының етегін қолына ұстап, қалбалақтап солай жүгіре жөнелді. Бір шеттен Тазша баланың төбесі көрінеді. Ол әндетіп келе жатады)

Тазша:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.

Алдаркөсе: (киіп кетеді)- Әй, Суайтбегім, мынау тағы не сұмдық-ей! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубетті қайдан таптың тағы?Өтірік айтудың да жөні бар емес пе?
Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегеніңіз?Имандай шынымбұл. Олләһи-білләһи, мінеки! (қолының қырымен тамағын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. «Сұмырай келсе, су құриды» депҚожекең екеуің немене, қара аспанды алдырып?Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді бірі қолыма су құйып, наурыз көже дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.
Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да. Әйтпесе бізді қайтесің бұлар. Әпенділері де өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ:

«Ой, аға, мұнда не бар сізге? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.
(Осы тұста елпеңдеп Қожекең шығады, Оны көрген Алдар соған бұрылады).
Алдаркөсе:О, не, Қожеке, есегің табылды ма?
Қожанасыр:Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па ? Жол тәртібін бұзды, көшені ластады дей ме-ау. (Қолын бір-ақ сілтеп, енді басқа әңгімеге көшеді). Әй, өздерің мұнда неғып тәжікелесіп? Ана жақта, әне анау бір киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.
Тазша:Алтын?!

Қожанасыр:Иә, алтын болғанда, кәдімгі саф алтын, бұлардың тілінше бәлүтә дей ме... Түсінбедім. Кәмпінсәтси деді ме, балаларға берілетін жәрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес баланың тізімі жүр, Алдеке. (бір-бірлеріне қарасып алған Алдар мен Тазша ол нұсқаған жаққа қарай ұша жөнелді )
Қожанәсір:(Олардың артынан қарап сәл тұрған соң таңырқай)
Әй мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады-ей?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі?Қой мен де жетейін. (Сахнадан елпеңдей түсіп кетеді. )
Жансұлу. :Ал, жігіттер, «сөздің көркі - мән, тойдың көркі-ән мен би» деген. Ортамызға наурыз туралы жаттаған тақпақтарын айтуға сыныбымыздың оқушыларын шақырамыз.

Ақбатес:Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол –шешендік өнері. Ендеше ортаға ұл балаларымызды шақырамыз.


Жансұлу. Жарайсыңдар балалар. Жеңістерің құтты болсын. Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.
Ақбәтес
Күріш салдым көжеге
Женті көп болсын деп
Адал аспен бұйырған,

Тойда палау болсын деп.
Дәм татсын ел жиылған.

Ауыздан ақ кетпесін
Бидай салдым көжеге,

Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан, ақтан дәм татыңыздар.
Жансұлу. - Келтіріп сахнаның енді сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда барын.
Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,
Шапшаң жігіттеріміз алдарыңызда.
- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап біздің сыныптың жігіттері өнер көрсетіп жіберсін. «Қол күрес пен асық ойыны»

Ән:


Жансұлу. Негізгі мақсатымыз - «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!

Ақбәтес. Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін. Ортаға Беркін хзжшығып, бата береді.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.

Мұғалім осы өлең жолдарымен аяқтайды.
Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қош келдің, әз - Наурыз!

Автор: Прманова Малика Тойлибековна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407562

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(18) "koshkieldinznauryz"
    ["file_id"] => string(6) "295104"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455783293"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді? ?з наурыз "
    ["seo_title"] => string(24) "k-osh-kieldin-z-nauryz-3"
    ["file_id"] => string(6) "203764"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429541142"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Қош келдің, әз -Наурыз" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(37) "k_osh_kieldin_z_nauryz_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "465364"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1523095359"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?ош келді?, ??тты наурызым! "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-kieldin-k-u-tty-nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "214076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432208340"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "“Қош келдің, құтты Наурызым!»"
    ["seo_title"] => string(30) "k_osh_kieldin_k_u_tty_nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "358500"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479048547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства