kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып жетекшілерге арналған. Тіл мерекесіне орай өткізуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі»

Тақырыбы: Қадірлі, бағасы алтын анам тілі

Мақсаты:

  1. Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру;

  2. Оқушыларға тіл туралы өлеңдер оқытып, шығармашылық жұмыстар жасатып, ұлағатты сөздердің мәнін ашуға дағдыландыру;

  3. Ана тілін құрметтеуге, әдептілікке, бір-бірінінің пікірін тыңдай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, баяндау.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, мазмұнды суреттер, мақал-мәтелдер, шарлар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, музыка, тарих.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөліп отырғызып, тәрбие сағатына дайындау, назарларын сабаққа аудару.

Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлаған ана тілі – қазақ тілі біздің бойымызға дүние есігін ашқанымыздан бойымызға сіңгені анық. Әр халықтың өз ана тілі болады, сол арқылы өзінің ұлттық ерекшелігін, мемлекеттік беріктігін көрсете алады. Егер тіл болмаса мемлекет, ел болуы мүмкін емес. Сондықтан еліміздің кілті тілімізді құрып кетуден сақтайық. Оған атсалысар мына сіздерсіздер. Олай болса қане, сіздерді тыңдайық.

Жүргізуші: Қазақ тілі – мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дірежесін көтеретін негізгі құрал. Адамды мұратына жеткізетін – ана тілі мен дәстүрі. Ендеше тіл қазынасының тереңіне сүңгіп, інжу-маржан асылдарын теріп, қыр-сырына үңілейік.

Қуан халқым, қуанатын күн бүгін,

Тіл заңының күшіне енген күн бүгін! – деп талай ақындар тіліміздің қасиеті мен құдіретін төл туындыларында паш етті. Ендеше, осындай көркем сөзге кезек берсек.

1-оқушы:

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.



Ал, екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен. (М.Мақатаев)

Жүргізуші: Баяғыда бір бай үйіне қонақ шақырайын деп өзінің аспазына: «Бүгін - үйге сыйлы қонақтар келеді, асты дәмділеп даярла», - деп бұйырады. Қонақтар жиналған соң аспаз тек тілден әзірленген тағамдар әкеліп қояды. Келесі күні бай: - «Бүгін – дұшпандарымыз келеді. Ең дәмсіз тағамдар дайында», - деген екен. Қонақтар дастарханға отырған кезде – аспаз тағы да тілден даярланған тағамдар әкеліпті.

Демек, халқымыздың «Ең тәтті де – тіл, ең ащы да - тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да - тіл» деген мақалы тегін айтылмаса керек. Дүниеде – тілден құдіретті ештеңе жоқ. Ендеше ұлылардан қалған тіл туралы ұлағатты сөздерге құлақ түрейік.

2-оқушы:«Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем тіл. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, кең тіл» М.Әуезов

3-оқушы: «Ана тілі... жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына» Ж.Аймауытов

4-оқушы: «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емемс, бірсүгінгі де тағдыры». Б.Момышұлы

5-оқушы: «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау» А.Байтұрсынұлы

6-оқушы: «Ана тілі – халық болып жаратылғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі». Ж.Аймауытов

7-оқушы: «Ана тілі – қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болуы керек» С.Торайғыров

8-оқушы: Қасиетті төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамға өз анасынан басқа да.

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:



Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.

Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.



Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.



Төрт анадан сенім таба алмаған,

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың,

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы. М.Шаханов

9-оқушы ән: «Ананың тілі»

Қорытынды

Жүргізуші: Н.Назарбаев «Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан, бабадан - балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы- алдымен әр ұлттың тілі ғой» деген. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Ендеше ана тіліміздің мәртебесі биіктей беруіне біз де тілекшіміз. Ана тілін ардақтайық ағайын!

Мұғалім: Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екендігін ұмытпаңдар. Ел үмітін ақтар азамат болам десең, сол игілікті жалғастырып, дамытып, ілгері апара біл. Ана тілінің міртебесін көтеріп, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Болашақта өз ана тілдеріңнің қамқоры бола біліңдер.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі

Автор: Курмангалива Гулим Кумаргалиевна

Дата: 16.02.2018

Номер свидетельства: 457906

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(209) "доклад                      ?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында де?гейлік  тапсырмалар мен тірек сызбаларды ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(114) "doklad-k-azak-tili-mien-diebiieti-sabak-tarynda-dien-ghieilik-tapsyrmalar-mien-tiriek-syzbalardy-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "138807"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417610504"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫНДА  ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ?ОЛДАНУ"
    ["seo_title"] => string(69) "k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-tarynda-oiyn-eliemienttierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "294263"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455628341"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында  жа?а технологияны ?олдану"
    ["seo_title"] => string(62) "kazaktilimiendiebiietisabaktaryndazhanatiekhnologhiianykoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "284956"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454066706"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "?аза? тілі мен ?дебиеті бойынша 5-сынып?а арнал?ан олимпиада тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(79) "k-azak-tili-mien-diebiieti-boiynsha-5-synypk-a-arnalg-an-olimpiada-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "304325"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457700867"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында де?гейлік тапсырмаларды? тиімділігі. "
    ["seo_title"] => string(72) "aza-tili-mien-diebiieti-saba-ynda-die-ghieilik-tapsyrmalardy-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "101044"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402404184"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства