kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?она? келсе - ??т

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты:?она? келсе — ??т. 5 сынып

Ма?саты:

Білімділік. О?ушыларды? жеке танымды?, еріктілік, т?ртіптілік ерекшеліктерін ?штау,  ?лтты? салт-д?ст?рлер мен ?лтты? т?лім-т?рбие тарихынан сынып са?атында ма?л?мат беру. Халы? д?ст?рлерін не??рлым таза са?тап, ?она?ты к?ту д?ст?рін ой елегінен ?ткізіп, ?неге алатындай етіп ?йрету.

Дамытушылы?. К?пшілік алдында ?зін-?зі еркін ?стау, ?з ойын еркін айту, жазу біліктілігін арттыру. О?ушыларды? рухани байлы?ы мен м?дениетін жетілдіру, іскерлігі мен білімділігін арттыру. ?лтты? сана-сезімін, салт-д?ст?рге, ?дет-??рып?а деген ??штарлы?ын, а?ыл-ой ?абілеттерін арттыру.

Т?рбиелік. Салт-саналарды, т?лім-т?рбие та?ылымдарын, адамгершілік ?асиеттерін ?негелі ?лгілерін бойына еркін сі?іруіне м?мкіндік ту?ызу, т?рбиелеу.

Міндеттері: Та?ырыпты толы? ме?геру. Ал?ан білімдерін практикада к?рсете білу. С?йлеу м?дениетін т?селдіру. ?з еліні? салт-д?ст?рін, ?дет-??рпын жан-жа?ты саралау, білу.

?ткізу ?дісі: Сын т?р?ысынан ойлау технологиясы. А?паратты? технология.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?.

Саба?ты? к?рнекілігі: Кестелер. Киіз ?й, сырма?, к?рпе ж?не ?лтты? б?йымдар, ?лтты? та?амдар.

?олданылатын стратегиялар:  Ассоциативті карта, Фишбоун кестесі, бес тарма?ты ?ле?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?она? келсе - ??т»

Тәрбие сағаты:Қонақ келсе — құт. 5 сынып

Мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың жеке танымдық, еріктілік, тәртіптілік ерекшеліктерін ұштау,  ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихынан сынып сағатында мағлұмат беру. Халық дәстүрлерін неғұрлым таза сақтап, қонақты күту дәстүрін ой елегінен өткізіп, өнеге алатындай етіп үйрету.

Дамытушылық. Көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстау, өз ойын еркін айту, жазу біліктілігін арттыру. Оқушылардың рухани байлығы мен мәдениетін жетілдіру, іскерлігі мен білімділігін арттыру. Ұлттық сана-сезімін, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа деген құштарлығын, ақыл-ой қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Салт-саналарды, тәлім-тәрбие тағылымдарын, адамгершілік қасиеттерін өнегелі үлгілерін бойына еркін сіңіруіне мүмкіндік туғызу, тәрбиелеу.

Міндеттері: Тақырыпты толық меңгеру. Алған білімдерін практикада көрсете білу. Сөйлеу мәдениетін төселдіру. Өз елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жан-жақты саралау, білу.

Өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Ақпараттық технология.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер. Киіз үй, сырмақ, көрпе және ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар.

Қолданылатын стратегиялар:  Ассоциативті карта, Фишбоун кестесі, бес тармақты өлең.

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Топтарға бөліп топпен отырғызу.

I.Кезең: Қызығушылықты ояту

Оқушыларға салт-дәстүр, әдет-ғұрып түсінігін беру. Ассоциативті картаны толтыру.

Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгісі болып табылады. Әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, әдет-ғұрып, салт-сана. Халқымыздың салт-санасы – ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.

Жақсы әдеттер дағдыға, дағдыдан әдепке айналады. Әдеп — әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі. Елдің әдет-ғұрпынәдептік белгілерін бұзып, тәртіпсіздік, анайылық көрсеткен адамды халық әдепсіз деп, жек көреді, әдеп сақтаған адамды құрметтейді.

Тұрмысқа байланысты әдет-ғұрыптарды орындау әрекеттері рәсімдер деп аталады. Егер қосыңа, аулыңа жақын көрші қоныстанса, не жаңа бір көрші үйіңе жақын көшіп келсе, оған ерулік беру рәсімін жасайсың, ол саған қарулық береді. Егер елден көмек күтіп, бір істі бітіргісі келсе, ол отбасы асар береді, соғым айында әрбір отбасы жақындарын, көршілерін соғым басыға шақырады. Сол сияқты: бастаңғы, тоқым қағар, құдайы нан беру, тағы басқа рәсімдер игілікке үндеп, инабаттылыққа тәрбиелейді.

Игілікті іс-әрекеттер қалыптаса келе дәстүрге айналады. Халықтың дәстүрге айналған қасиетті рәсімдері өте көп. Түрлі ырымдар, тыйымдар, қайырымдылық пен сыйласымдылық дәстүрлері, жөн-жоралғылар мен кәделер, той-тамашалық рәсімдер ата мұра болып қалыптасып, ұрпақтанөұрпаққа мәдени үлгі ретінде жалғасып келеді. Наурыз той, сабан той қымызмұрындық, бесік тойы,шілдехана,тұсау кесу, атқа мінгізу,сүндет тойы, тілашар,мектеп бітіру,әскерге шығарып салу,үйлену тойы, мүшелтой, мерей той сияқты тойлар-қарын тойдырып, көңіл көтеру үшін емес,әсіресе жастарды әдептілікке,көпшілікке өнерпаздыққа, еңбекке, имандыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілетін халықтық дәстүрлер.

Халықтық әдеп-ғұрып елдің тұрмысына, кәсібіне, халықтық қасиеттеріне байланысты қалыптасады. Яғни игілікті әдепттердің ғұрыпқа тұрмысқа еніп, қалыптасуы әдет-ғұрып көріністері болып табылады. Жеке адамдар бір-бірінің қуанышы мен сыйласымын сүінші, шашу, көрімдік беру, байғазы беру,базарлық беру, бәсіре арнау, сәлемдемеберу, т.б. әдет-ғұрыптық рәсімдер арқылы көрсетеді, ортақ қуанышын білдіреді.

Әдет, әдеп, рәсім, дәстүр, әдет-ғұрыпғасырлар бойы қалыптасып, жаңаша жақсылықтармен толысып,салт-санаға сінген.

Яғни мүлтіксіз орындалатын зандылыққа айналып, халық санасына сіңіп, қастерлі қасиетке айналған. Мысалы, сен кіші адам екенсің,ұлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу-парыз, иманды болу-борыш, т.б.Айыпты мойындай, айып төлеу, жылу беру, сауға беру, т.б. рәсімдер-елдің тәртіптілік салты.

Халықтың салт-дәстүрлері сан алуан ырымдар мен тыйымдар, кәделер мен жоралғылар арқылы іске асырады. «Құдыққа түкірме» — ырым әрі тыйым сөз. Құдаға киіт кигізу, ілу беру,сыбаға беру-кәде; шашу шашу, сүінші беру-жоралғы.

Халықтың салтын білуімен қатар, сол салттарды мүлтіксіз орындап, әрі дамыта беру — әрбір ұрпақтың міндеті.

Жаңа замандағы жаңа әдет-ғұрыптың қалыптасуы, оның негізгі өткен дәуірден осы күнге  дейін сақталып келген. Сондықтан салт-дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?

Ондай болса салт-дәстүрдің бірі қонақты күту дәстүрі. Қазақ елінің ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Қонақ келсе – құт».

Тақырып аты тақтаға ілінеді.

  1. Кезең. Мағынаны таныту. Фишбоун стратегиясы.

Оқушыларға кестені толтыру ұсынылады. Кесте толтырмас бұрын оқушыларға сұрақтар мәтін бөліктерімен таратылып беріледі. Оқып біткеннен кейін мынандай тапсырмаларға жауап беріп кестені толтыруға кіріседі.

Қазақ елінің ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі – үйге келген қонақты, жолаушыны күтуі, сыйлауы, ауылдың алты ауызын айту, қонақ кәде ырымы (қонаққа ертегі, өлең, жыр айтқызу, т.с.с.)

Қонақтың түрлері: арнайы қонақ, құдайы қонақ (мәселен жолаушы), қыдырма қонақ. Қонақты қазақтар арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ деп үшке бөледі. Арнайы қонақ — әдейі сәлем беруге келген немесе арнайы шақырылған қонақты айтады. Құдайы қонақ – алыстан келе жатқан танымаса да дем алып, ат шалдыруға тоқтаған қонақ. Қыдырма қонақ – сол үйдің семіз соғымын, дәмді тамағын аңдып келген қонақ.

Бұл – халықтың әлеуметтік, кеңмекендік, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. «Қонақ десе, қоң етін кесіп беретін халықпыз» деп, халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу: қонақты күту, қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп, үлгі-өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған.

Кісі күтуде қонақ күту және мейман күту рәсімдері қалыптасқан. Ертеде алыстан келе жатқан кісілер кешке қарай бір ауылдың тұсына келіп:

  • Кім бар-ау? Құдайы қонақпыз! – деп, үн қатқанда, үй иесі:

  • Өзіміз бар! Қонақ болсаңыз аттан түсіңіз! – деп, қонақтың атының шылауын ұстап, қолтығынан демеп, оны аттан түсіріп, қонақ етуге міндетті болған. Мұны қазақ «Құдайы қонақ» дейді. Ал арнайы шақырылған кісіні немесе өздігінен келіп қалған үлкен кісіні мейман дейміз.

 

  1. Араласу, қонаққа шақыру рәсімдері: соғым басына, уызға, ерулікке, көшерлікке шақыру. Ерулік (салт). «… екі ауыл бір-біріне ерулік беріп, шақырысып араға аяқ-табақ қатысып қалды» (Ә. Нұрпейісов). Ауыл ортасында жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы, жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Мұны, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.

  1. Топжиярға шақыру (сауын айту) – ас немесе той беретін үй бір-екі ай бұрын туған-туысқандарын, көршілерін, дос-жараңдарын шақырып ақылдасуы.

Тойдың алдында көршілерді, туыстарды, ауылдың ақсақалдарын шақыру.

  1. Тойды өлеңмен бастағаны үшін жасалатын сый. Ол өлең де «тойбастар» деп аталады. «Тойдың кешкі ойынын тоймен бастайды. Сонда айтылатын өлең тойбастар деп айтылады» (А. Байтұрсынов). Тойдың сәні «тойбастарды» жігіт не қыз бастайды. Той бастағаны үшін жігіт (не қызға) той иесі алғыс айтып, «тойбастар» табағы, яғни, сый-сияпат ұсынып, құрмет көрсетеді. «Тойбастарды» бұрын елге белгілі ақындар мен әншілер бастаған.

Ауылдың алты ауызын айту, қонақ кәде ырымы (қонаққа ертегі, өлең, жыр айтқызу, т.с.с.). «Қонақкәде» (дәстүр). Үй иесінің қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. «Қонақкәденің» шығуы көңілді отырудың, қонақ өнерін сынаудан шыққан мәдениеттілік белгісі. Сондықтан да болар бұрынғы адамдар жастарды өнерге, айтысқа, қол өнерге, шешендікке, өлеңге, домбыра үйренуге ерте баулыған. Бұрынғы жастардың «сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз болуының түр қазығы міне, осында жатыр».

  1. Қонақасы (дәстүр).

«Қонақ келсе үйіне

Жалғыз қойын соятын,

Барын алға қоятын,

Біздің халық ер халық».

(Шәміл Мұхамеджанов)

Халқымыздың тарихы әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі. Қонақжайлылық үйіне келген қонақты қарсы алып, мал сойып қанақасы беру – жомарттықтың, елдіктің, азаматтықтың үлкен белгісі. Қазақ семіз қойын, басқа да жылы жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап «қонақ келеді» деп  күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қазақтың әр үйінде «қонақтың ырыздығы, несібесі бар» деген ұғым қалыптасқан. Халық дәстүрінде қонақты үйге түсірмек немесе дұрыс қонақасы бермеу, үлкен айып болып саналады.

Қазақтың тарихи аңыз әңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде өзіне тиісті еншісін «бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар. Алыстан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі – қонақасы болсын» деп әруақты атамыз батасын берген екен. «Қонақжайлылық дәстүр содан қалған екен» дейді бұрынғы ескі сөзді ескеріп қалған қариялар. Қонақ күту қазақтың бұрынғы-соңғы заң ережелерінде де бекітілген. Сойыс, қонақасы қазақ рәсімінде бар. Бермеген кісі бір ат-шапанынан түйеге дейін айыпты болады.

  1. Жақсы сөз – жарым ырыс (бата беру)

Үлкендердің кішіге, сыйлы тағамнан кейін бата беретін рәсімі. Қазақ қауымының дәстүрі бойынша батаны тек ел сыйлайтын қариялар, ауылдың ақсақалдары береді. Бата – ізгі тілек, жақсы сөз. Бата сөздерінің эстетикалық мәні, эмоционалдық әсерлілігі, мәнерлеу, бейнелеу ерекшелігі. Мысалы, «Жас баланың күлкісін бер», —  деп дүниеге ең асыл бейнелерді, әдемі қасиеттерді келер ұрпаққа тілек-бата ретінде ұсыну.

Ананың ақ батасы,

Атаның оң батасы,

Қарғыстың ауыры – теріс бата,

Жаңа айдың батасы,

Дастарханға бата,

Алғыс бата түрлері болады.

Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр. Кейіннен тілек айту, сол тілекке жету «құдыретке байланысты» деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасты. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жайлы жатып, жақсы тұр» деген тілектер – қысқа да нұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның ризалық сезімін, өсиетті ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді: «Еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы бол», «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт кетпесін», «Арманыңның асуына жет», «Берекелі тірлік, мерекелі бірлік берсін», деп, бата беруші жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке тәрбиелейді. Бата лау, бата сұрау, бата қылудың өз рәсімдері бар. Алдына көп мақсат қойып, қариядан бата алу үшін, бата алушы бата берушіге сый-сыяпат көрсетеді. Ас қайыру кезінде, біткен ас соңында қариялардан бата сұралады. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деп, халық батаны киелі деп, жоғары бағалайды, жастар жаттап, жадына сақтайды. Киелі сөз – батаның орындалуы үшін бата алушы арман-мақсаттарының биігіне шырқайды, яғни, арманға жету үшін, тірлік-тіршілік жасауға машықтанады.

«Ата сөзі – бата сөз» деп, ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін — өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтаймыз. Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін міндет, парыз, ұрпақтық борыш. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрлері ұлттық мәдениеттің бір негізі болып табылады.

 

Кесте толтырылып біткеннен кейін топтар оқиды, екінші топ қайталамай айтылмаған ойларын ортаға салып, мәтін толығымен талданады.

Кесте толтыру барысында оқушылардың орындауында ән, би, көрініс көрсетіледі. Тойбастар табағы, ет табағы тартылып, қонақ кәде ырымы көрсетіледі. Астан кейін асқа бата беріледі.

  • Ой толғау III – кезең: Бес тармақты өлең құрастыру. Қонақ.

Кім? -1 сөз

Қандай? Қай?-2 сөз

Не істеді? Қайтті?-2 сөз

4 сөзден тұратын сөйлем.

Синоним сөз.

  1. IV. Сабақты аяқтау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?она? келсе - ??т

Автор: Кайыржанова Гулмира Жанболатовна

Дата: 03.05.2016

Номер свидетельства: 323944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?она? келсе -??т "
    ["seo_title"] => string(20) "k-onak-kielsie-k-u-t"
    ["file_id"] => string(6) "203970"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429587771"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Тема классного часа "?она?жайлы халы?пыз" "
    ["seo_title"] => string(47) "tiema-klassnogho-chasa-k-onak-zhaily-khalyk-pyz"
    ["file_id"] => string(6) "198310"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428393635"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Окрытый урок по казахскому языку "?аза? – ?она?жай халы?". 11 класс "
    ["seo_title"] => string(69) "okrytyi-urok-po-kazakhskomu-iazyku-k-azak-k-onak-zhai-khalyk-11-klass"
    ["file_id"] => string(6) "228448"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1441301399"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Мерекелік іс-шара: "?она? к?ту " р?сімі"
    ["seo_title"] => string(40) "mieriekielik-is-shara-k-onak-kutu-r-simi"
    ["file_id"] => string(6) "330678"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464349539"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ашық сабақ қонақ күту"
    ["seo_title"] => string(23) "ashyk_sabak_k_onak_kutu"
    ["file_id"] => string(6) "397790"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488654070"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства