kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік "»

Тәрбие сағат тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік

Тәрбие сағат мақсаты: а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.

ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.

б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағат әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ендеше, сабағымызды Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен бастағым келіп тұр. «Біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Ерке: Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Алихан: жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Әділет: найзаға үкі таққан елміз.

Әрсен: Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Альбина: басымыздан сөз асырмаған елміз.

Барлығы бірге: Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз».

1-жүргізуші: - Құрметті қонақтар Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 8-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

2-жүргізуші: - Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16-Желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 26 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.

1-жүргізуші: Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі-бақи шырқалады.

Республикам әнұраным

Хор: «Әнұран»

1-жүргізуші: Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атам,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан ббасталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.

Буклетпен жұмыс: 2-жүргізуші: (Буклетте салынған жылдар бойынша, өткен өмір туралы әңгімелейді.)

Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көген көз.

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы.

2-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің арнау туған отанымызға және әр отбасына бұл 26 жыл тебіреністі.

(26 жыл шығып сөйлейді: «Тарихыңды таны» (Бастарында жылдары жазылған оқушылар шығып өз жылдарымен таныстырады. 1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 жылдар)

Атасы: Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

4. Қорытынды бөлім: (Мұғалім сөзі) «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап)

- Біз бүгін, тәрбие сағатында не туралы білдік? - тәуелсіз еліміздің 26 жыл ішінде табыстары туралы т.б. білдік.

- Ендеше, 2050 – жылға болашақ Қазақстан қандай болады екен? Осыған орай сендер «Болашақ Қазақстан» тақырыбына постер жасау керексіңдер.

Постер жасау, қорғау.

Мұғалім (қорытынды сөз): Я, Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп елімізде өркендетуге өз үлесімізді қосайық. XXI ғасыр. - Білім ғасыры. Сондықтан менің мақсатым білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру. XXI ғасыр болашақ лидерін дайындау. Бұл балалар еліміздің болашағы. Біздің Қазқастан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, сабағымызды ақ тілекпен тамамдайық. « Басшыларымыз алысты көрсін, Жылдарымыз табысты болсын! Қыздарымыз саналы, сұлу болсын, Ұлдарымыз қамысты болсын! Қалада, мейлі қырда болсын! Келген-кеткен ырза болсын! Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын! Баға сөмкемізге сыймайтын болсын! Халқымыз ғасыр табалдырығын, Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!Осымен сабағымыз аяқталды. Қош сау, болыңыздар.



1991 - 1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.

1992 жыл - Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі.Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.

Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар —  Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1992 жылы Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993- 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді

1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

Сөйтіп, төл теңгеміз  1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

1994 - 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1995 - 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —  қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.

1996 жыл

95-ші жылы күзде Қазақстанда ұлттық әуе тасымалдаушы пайда болды. «Эйр Қазақстан»компаниясына азаматтық авиацияны тұрақтандырып, жаңадан ұшақтар алынып, ішкі және халықаралық бағыттарға әуе қатынастары көбейтеді деген үміт артылды.


1997 – 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.

Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады

1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

1999  жыл.

1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.

1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

2000 жыл

2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Қауымдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан қол қойды. Кейіннен қауымдастық Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алынып тасталды

2001- 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.

2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.

2002- 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

2003 жыл.

2003 жылы  Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.

Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.

2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.

2004- 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.

2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.

2005 жыл

2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыспен үшінші мәрте Мелмекет басшысы болды.

2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.

2007 жыл

Бұл жыл  еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.

2008 жыл.

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі»монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.

2009 жылы

Қаңтар айында Ұлттық банк басшысы болып Григорий Марченко қайта келді. Осы кезде доллар бағамы 150 теңге деңгейіне жетті.

2010 жыл.

Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.

Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.

2011 жылы

Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды

2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.   

Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Көрмені өткізу құқығы үшін Қазақстан бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты.

Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Президентінің штандарты көтерілді. Қазақстандықтар мейрамның арқасында 3 күн демалыс алды.

2013 жылы

24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.

2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді. 

2015 жылы

2015- 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. Сонымен қатар 2015 жылдың 5 елеулі оқиғаларын атап өтуге болады: 1. Қазақ хандығының 550 жылдығы; 2. Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл; 3. Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 70 жыл; 4. Абайдың 170 жылдығы; 5.

Бұл жылы  27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

2016 ж

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді

2017 ж

Қазақстан биыл өз тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлайды. Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Десек те тұрақты даму жолына түсіп, өркениеттің көшіндегі 30 мемлекеттің қатарына ұмтылған Қазақ Елі үшін бұл тұтас ғасырға татитын кезең!

2017 жыл әлі аяқталған жоқ. Соған қарамастан, еліміз бен қоғамымыз үшін зор маңызға ие болған биылғы бес жетістігімізге тоқталып өтейік.

Бірінші жетістігіміз – 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада. Отандық спортшылар 36 (11 алтын, 8 күміс, 17 қола) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Универсиада салауатты өмір салтын насихаттап, жастарымыз үшін спортты серік етудің әнұранына айналды. «Алматы Арена», «Халық Арена» сияқты заманауи жоғары технологиялық нысандар, тұрғын үйлер, денсаулық сақтау және мәдени ошақтары халықтың игілігіне қызмет етуде.

Екінші жетістігіміз – жаңарған Конституция. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қою рәсімінде: «Біз бүгін мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сәтіне куә боламыз. Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған»,-деп мәлімдеді.

Үшінші жетістігіміз – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мақаласында біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарасын білдірді. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни, болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық»,-деп жазды Елбасы.

Төртінші жетістігіміз – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі. 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 26 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты. «Нұр Әлем» атты Қазақстан павильонын 1 миллион 300 мың адам тамашалады. Күн сайын көрме қалашығын 50 мыңға жуық келушілер аралады. Оның ішінде 180 елден келген жарты миллион шетелдіктер де бар.

Бесінші жетістігіміз – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммиті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделінің арқасында күллі ислам әлемінің басы бір жерге тоқайласты. Бұл шараның маңыздылығы, 83 делегацияның 15-ін мемлекет басшылары бастап келді.





























«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік»



































Өткізген: А.С.Ибраимова

8 – «В» сынып















Өскемен қаласы, 2017 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік "

Автор: Ибраимова Айжан Саненгазыевна

Дата: 18.05.2018

Номер свидетельства: 470048

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»"
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin_ierkindighi_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "416870"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495176268"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Елімні? еркіндігі – Т?уелсіздік." "
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "178849"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424885611"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(49) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420704936"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Елімні? еркіндігі-Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(31) "ielimninierkindighituielsizdik2"
    ["file_id"] => string(6) "339411"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1471258798"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Елімні? еркіндігі- Т?уелсіздік! "
    ["seo_title"] => string(33) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "153526"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421039604"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства