Көрнекілігі: рәміздеарі, өлең жолдары, үнтаспаспалар.
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай қайсысында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар. Жалпы нышандар көптеген халықтар тарихында ерте дүниеден бері кездеседі.
1 – оқушы: Бәрі болған қазақ деген көне елде,
Ел белгісі де, ерлік, өнер де
Жаһандығы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді?
Ту болмады дегенге?!
2 – оқушы: Тудың қабылдаған күні – 1992 жылы 4 маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6 маусым, Алматы қаласы. Авторы: Ш.Ниязбеков.
«Елтаңба» сөзі немісше – «наследство», полякша – «эмблема» деген сөздерден шыққан.
Сахналық қойылым.
1 – оқушы: (Жұлдыз): Мен жұлдызбын, ұдайы жарқырап, жанып тұрамын. Көк жүзінде адамзат баласына үстемдік сыйлаймын.
Жұлдызбын көктегі жымыңдаған
Қасиетімді сәуегей дана білген,
Ұрпақпен болашаққа бірге барам,
Ақ сәулемді бойыма ала білгем.
2 – оқушы: (Шаңырақ):
Шаттық қонған ұяға,
Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн.
Бақытқа қолын созған бар қазақтың,
Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.
3 – оқушы (уық):
Мен – уықпын, шаңыраққа шашыламын,
Бойымда байсалдылық , бар шыдамым.
Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,
Өшпестен қолыңда шам – шырағың.
4 – оқушы (кереге):
Мен – керегемін, керегемін,
Ілінген ақ сауыты, берені ердің.
Ірге ұрып қарасы керегеден,
Кеңістігі көрінер кемел елдің.
5 – оқушы (пырақ):
Мен – тұлпармын, дүлдүлмін, пырық атпын,
Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?!
Арасында адалдық орнатамын,
Жұптасқан ел – жұрт жұрағатын.
6 – оқушы (Қазақстан):
Мен – Қазақстан!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын.
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын, Тұрғырын сары алтыннан сомдайтұғын.
Барлығы:
Елтаңба – өжеттік, ерліктің белгісі,
Елтаңба –тәуекел, ерліктің белгісі.
Елтаңба – кемелдік, кеңдіктің белгісі,
Елтаңба – өзге елмен теңдіктің белгісі,
Елтаңба – егемен елдіктің белгісі.
Мұғалім: Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, ел – таңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүйюге, қорғауға әрқашанда дайын болындар.
Хор: «Менің Қазақстаным!».
Әдеби монтаж.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны айтылады.
1 – Оқушы: Туымыз бар таңыртқатқан шынымен,
Ұл – қызың бар, даламыз бар ұлы, кең.
Алдарыңда басымды иіп, өр халқым,
Құттықтаймын тәуелсіздік күнімен.
Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз».
Би: қазақ биі.
Ойын: « Сөзден көп сөз құрау».
Елтаңбасымен
Ел, таңба, бас, мен,ақ, тақ, ас, таң, аң, ен
Қорытынды. Біз өзіміздің Отанымызды әнұранымызбен, туымызбен, елтаңбамызбен, теңгемізбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.