Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. 1.Әнұран Сәлемдесу оқушыларды түгендеп, ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Are you ready?» әдісімен оқушылардың дайындығын пысықтау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін WORDWALL қосымшасы арқылы бірнеше сөздер ұсынылады. Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. | Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын пысықтау. Сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту. Бүгінгі тақырыпқа қатысты бірнеше сөздер ұсыну арқылы оқушылардың тақырыпты өздері табуға мүмкіндік жасайды. | Қойылған сұрақтарға жауап беру. Мұғалім ұсынған сөздерге қарап, ағылшынша аудармасын айтып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға тырысады. | Мұғалімнің ауызша мақтауы «Жарайсың!», «Өте жақсы!» «Бас бармақ» әдісімен бағалау | Презентация 1-слайд WORDWALL қосымшасы Презентация 2,3-слайдтар |
Сабақтың ортасы | Жасанды интеллект арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. Зерттеу сұрағы: Бала құқығы қалай қорғалады? Бала құқығы-баланың әрекет ету мүмкіндіктері. Бұл мүмкіндіктер дүниеге келгеннен бастап пайда болады, заңмен бекітіледі, оған мемлекет кепілдік береді. «Бала құқықтары» бойынша заңнамалық құжаттармен таныстыру. 1-тапсырма. «Жағдаятты талқылау». 1. Жағдаят: Сыныптағы Әлияға басқалар мазақтап, оны сабақтарда сөйлеуге қорқытады. Әлия үнемі үнсіз, өзінің ойларын ашық айта алмайды. Ол бұл жағдайдан қатты қиналады. 2. Жағдаят: Сәкенді ата-анасы мектепке жібермей, үйде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Ол сабақ оқығысы келсе де, ата-анасы оны қолдамайды және мектепке жібермейді. 3. Жағдаят: Данияр сабақтан кейін көшеде ойнап жүріп, көршісінің велосипедін сұраусыз мінгені үшін көршісі оны ұрып жібереді. Данияр қатты қорқып, үйіне келіп жылады. 4. Жағдаят: Марат мектептен қайтып келе жатқанда ауырып қалды. Ол медициналық көмек сұрамақ болғанда, өтіп бара жатқан адамдар мән бермеді. Маратты тек көршісі байқап, жедел жәрдем шақырды. 5. Жағдаят: Айдынды ата-анасы өз келісімінсіз басқа мектепке ауыстырып жіберді. Ол жаңа мектепке үйрене алмай, өзіне достар таба алмай жүр. Айдын ата-анасына бұл жайлы айтса да, олар оған құлақ аспайды. Дескриптор: Бала құқықтары бойынша заңнамалық құжаттарға сүйене отырып, жағдаяттарға дұрыс шешім шығара алады. 2-тапсырма. «Баланың отбасындағы және мектептегі міндеттерін» анықтау. Дескриптор: -баланың мектептегі міндеттерін дұрыс анықтайды -баланың отбасындағы міндеттерін дұрыс анықтайды | Бала құқығы анықтамасын түсіндіру, бала құқығына қатысты бейнеролик ұсыну. ҚР Конституциясы, БҰҰ-ның балаларды қорғау конвенциясы, Балаларды қорғау туралы ҚР Заңы таныстырады Мұғалім тапсырманың қалай орындалу жолын түсіндіреді. Жағдаяттарды оқып, оқушыларға жағдаяттарды шешу жолдарын көрсетеді. | Оқушылар бейнероликтен түйген ойларын ортаға салады. Әр заңнамалық құжаттың атауы мен қабылданған жылдарын дәптерге түртіп, есте сақтап алады. Балалар құқығы бойынша Конвенцияны қолдана отырып, екі жағдаяттың шешілу жолдарын ұсынады. Баланың мектептегі міндеттерін және баланың отбасындағы ажыратады. Балалар құқығы бойынша Конвенцияны қолдана отырып, екі жағдаяттың шешілу жолдарын ұсынады. | Мұғалімнің ауызша мақтауы «Жарайсың!», «Өте жақсы!» 1-ден 10-ға дейінгі қалыптастырушы бағалау Дұрыс жауап бойынша мұғалім бағалауы 1-ден 10-ға дейінгі қалыптастырушы бағалау \ Оқушылардың өзара бағалауы | ЖИ бейнематериал 4,5-слайдтар Презентация 6-слайд Презентация «Бала құқықтары бойынша БҰҰ Конвенциясы» 1989 жыл 7-слайд Презентация 8-слайд 9 - слайд 10-слайд |
Сабақтың соңы Рефлексия Үй тапсырмасы | Рөлдік ойын: «Мектептегі буллинг» Кері байланыс mentimeter қосымшасы арқылы жүргізіледі. “Менің құқықтарым” тақырыбында эссе жазу немесе сурет салу. | Мұғалім рөлдік ойынның мақсатын түсіндіріп өтеді | Оқушылар берілген сценарий бойынша өз рөлдерін сомдап шығады. Рефликсияда оқушылар өздерінің бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатады. | | 11-слайд 12- слайд |