Мәңгілік елге байланысты " Астана- алтын бесігі қазақтың" атты саяхат сабағын өткіздім. Сабақта көрнекіліктер пайдаланылды. Мұғалімдер кірді, өз пікірлерін айтты
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Астана- алтын бесігі қазақтың.»
Сабақтың тақырыбы: Астана- алтын бесігі қазақтың.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың астана жайлы ой өрістерін кеңейту, астана туралы толық мағлұмат беру. Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының портреті, рәміздер,астана туралы суреттер, буклет шарлармен безендірілген.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Ұйымдастыру:
Мұғалім: Балалар, біз бүгін астана қаласына саяхат жасаймыз.
Мұғалім: Астана- еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз осы елдің болашақ патриотымыз.Қала қазақстанның солтүстік бөлігінде Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан. Қаланың ауа-райы тым континентті. Қысы суық, ұзақ, қарлы. Жазы құрғақ ыстық. Қала тұрғындарының саны 700,8 мың адам. Онда әр ұлттың өкілдері тұрады. Жер көлемі 24,75 шаршы шақырым.
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы Қазақстан Республикасының президенті кім?
Оқушылар: Жазда қыдырып бардық. Онда бәйтерек, ханшатыр, думан, үлкен-үлкен көпқабатты үйлер бар. Ханшатырға барып әр түрлі ойындар ойнадық, думанның ішіндегі океанарумдағы әр түрлі балықтарды көрдік. Балалар, өте тамаша.
Мұғалім: Мынау сіздер айтқан ханшатыр. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы-127 мың шаршы метр. «Ханшатыр» ойын сауық орталығына отбасыңызбен барып дем алуға болады. Ал, мынау «бәйтерек». Бәйтеректің биіктігі 97метр. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орналасқан. Ұшар басында алтын шар бар. Арнайы шынылармен әйнектелген. «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 тонна, ал алтын шардың үстінгі ауданы 1553 метр квадрат. Бұл елорданың халқы көп баратын жерінің бірі.
( Слайд көрсету)
Мұғалім: Сендер астана туралы тақпақ білесіңдер ме?
Оқушылар: Білеміз.
Мұғалім: Қане, айтып беріңдерші.
Бекзат: Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала.
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
Дария: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елодасы Отанның,
Мақтанышым- Астанам.
Жаннұр: Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам.
Сүйенерім сен ғана,
Асқақтай бер, Астанам.
Мұғалім: БалаларҚазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Оқушылар: Ту, елтаңба, гимн.
Мұғалім: Дұрыс, осы рәміздер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Оқушылар: Білеміз. Қане, айтыңдаршы
Нұрдәулет: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
Ерхан: Елтаңбамыз ел беті,
Төрге ілінер көрнекті.
Анам таққан шолпыдай,
Дөп- дөңгелек,
Өрнекті!
Дария: Оттай жанып жанарым,
Одан қуат аламын.
Әнұран
Ол тынысы
Кең жазира даламның.
Қорытынды:
Мұғалім: Бүгін біздің сыныпта үлкен той болып жатыр.
Иә, біз елордамыз Астанаға саяхат жасадық. Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады. Ендеше, біз жылы лебізімізді айтайық. Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.
Ендеше бастайық. Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады.
( Шеңберге тұру)
Көркейе бер Астана!
Өсіп өркендей берсін!
Жаса, жаңа Астанам!
Астана- бас қала.
Қазақстан жасасын!
Балалар ,бүгінгі саяхат сабағымыз ұнады ма?
Ұнады. Бүгін біз астана жайында біраз мағлұматтар алдық деп ойлаймын. Олай болса, балалар сабағымызды Қазақстан Республикасының гимнімен аяқтайық.
(Гимн айтылады.)
Қостанай облысы
Арқалық қаласы
Қызылжұлдыз жалпы білім беретін негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қали Ырысалды Жұмабекқызы