Просмотр содержимого документа
«"Теңіз жағалауында"»
Дина.Мұхтарханқызы.Турлыбаева
Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 3
Күні: ______________________________
Тақырыбы: «Теңіз жағалауында»
Сабақтың мақсаты:
Б) оқушыларға түстер туралы қысқаша мәлімет беру. Бейнелеу өнерінің түрлері мен, жанырларымен таныстыру, осы жанырда сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрені.
Д) өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту.
Т) эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, журналдар.
Сабақтың қажетті құрал жабдықтары: карандаштар, сурет дәптерлер, түрлі - түсті бояулар, акварель, гуашь бояулары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.
ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.
Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
Анималистік жанрды ата?
Табиғатты бейнелейтін көркем жанр
Қалам ұшы немесе тушпен бейнеленген бейне?
Қандай жанр түрлерін білесіңдер?
Натюрморт дегеніміз не?
Пейзаж дегеніміз не?
ІІІ-Жаңа сабақ
Кескіндеме өнері орындалу ережесіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді.оқушыларға жанрлар туралы қысқаша айтып өту. Біз бүгінгі сабағымызда кескіндеме өнерінің пейзаж жанырына тоқталып өтеміз. Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж жанры Қытайда, Жапонияда және басқа шығы елдерінде, сондай – ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Жыл мезгілдеріне байланысты қазақтың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеев көптеген жұмыстар жасаған.
Пейзаж – бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанр.
Табиғаттың таңғажайып кереметтерін кітап беттерінен және журналдардан көрсету. Табиғат көріністерін бейнелеу үшін перспективалық заңдылықты ұстануымыз керек.
ІҮ-Сарамандақ жұмыс
Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.
1-кезең Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі қажет.
2-кезең. Ағаш бұталардың көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары сұйық және көмескелеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.
3-кезең. Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.
Ү-Сабақты қорытындылау
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Адамның бейнесі пейзажға жатады ма?
Табиғат аясында жүріп сурет салу қалай аталады.
Жылдам әрі жүгіртіп салынатын сурет қалай атаймыз?
Жасыл түсті алу үшін қай түстерді бір-бірімен араластыру керек ?