Алтаева Айгул Мусиркызы атал?ан мектепте 2002 жылдан бастап мектепті? бейнелеу ?нері, сызу п?ндері м??алімі ?ызметін ат?арып келді. Осы жылдар ішінде ?з ісіне тияна?ты, белсенді, жауапкершілігі мол ?стаз ретінде к?рінуде.
?дістемелік та?ырыбы: «О?ушыны? шы?армашылы? ?абілетін дамыту». Ма?саты: «О?ушыны? жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оны? шы?армашылы? ?абілетін дамыту.»
Ол – ізденімпаз, жа?сы?а жаны ??мар, заман талабына сай, жа?а талаптармен ж?мыс істейтін ?стаз. Жа?а технология ?дістерін жа?сы ме?герген.
?р жыл сайын ?тетін апталы?тар?а, ашы? саба?тар?а белсене ?атысып, ?з шеберлігін танытып ж?рген білікті маман. Жа?а технологияларды пайдалана отырып, баланы? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттырады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сызбаны? даму тарихы»
Сынып: 9
Пәні: сызу
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Сызбаның даму тарихы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушыларға сызбаның даму тарихытуралы түсіндіру б) Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау қабілетін, сызбаның даму тарихы туралы білімдерін дамыту.
мұғалім үшін: оқулық , тапсырмаға арналған сызба, кеспе қағаздар.
Оқушылар үшін: А4 формат парағы, жұмыс дәптері, қарындаш, сызғыш басқа да сабаққа қажетті құрал жабдықтар. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгелдеп және сабаққа дайындығын бір рет шолып шығу.
2.Жаңа сабақты түсіндіру.
Сызбаның даму тарихынан
Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің, құрылыстардың және басқа да заттардың суреттерін салуды өте ерте заманда бастаған. Түрлі мәліметтерді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланылған. Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа салынған кескіндер көпшілікке мәлім. Кейінірек мысыр иероглифтерін пайдаланып, маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды. Қытай, жапон иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Сонымен, жазу өнері иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің «Архитектура туралы 10 кітап» атты трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы айтылған. Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс өзенінің жағасында салынған, Түркістаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ руынан шыққан Әбунасыр әл-Фараби (870-950) «Музыка туралы үлкен трактат» атты еңбегінде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен тағайындаған, өзі ойлап тапқан музыкалық аспаптардың сызбаларын келтірген. Бұл сызбалар параллель және тік бұрыштап проекциялау әдістерімен орындалған. 1397 жылы Түркістанда тұрғызылған Ахмет Иассауидің сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние жүзіндегі ең үлкен құрылыс. Оның биіктігі 40 метрден, ауданы 3000 шаршы мертден артығырақ. Онда 314 бөлме бар және орталық күмбезінің диаметрі 21 метрден асады. Маңғыстаудағы жер астына салынған Шопан –ата (XII ғ.ғ.), Қараман-ата (XIII ғ.), Шақпақ-ата (XIV ғ.) және Бекет-ата (XVIII ғ.) мешіттерін салуда олардың жобалары мен сызбалары болғаны сөзсіз. Ертеде және орта ғасырда сызба мен суреттердің арасындағы айырмашылық шамалы болатын. Сызбалар да сурет сияқты қолдан көз мөлшерімен орындалатын. Кейінірек сызбаны сызу аспаптарын пайдаланып, масштабты сақтап салатын болды. Белгілі өнертапқыштар мен инженерлер сызбаларды кең пайдаланған. Мысалы, патша 1 Петр салған қайықтың , И.И. Ползунов (1728-1766) ойлап тапқан бу машинасының , П.П. Кулибин (1735-1818) жобасын жасаған көпірлер мен кемелердің сызбалары сақталған. Сызбаға өлшемдер түсіріле бастайды. Сызбаларда геометриялық негіздерді игеру ғана емес,кейбір қарапайым заттардың сызбаларын оқи да,орындай білуін мақсат етіп қою болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес орта мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартудың керектігі, бұл өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасындағы сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын таба білді. 3. Тапсырма
Кеспе қағазбен жұмыс жасау
Жаттығулар жасау. Қорытынды. Сабақты сұрақтар арқылы пысықтау
Үйге тапсырма: Жаңа сабақты қайталау, тапсырманы аяқтау.