ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру | Портрет- адамды мінез- құлқын, кейде көңіл күйін бере отырып бейнелеу. Портрет- өнердің күрделі әрі ең қызық жанры. Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез- құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды. Сондай- ақ портреттің композициясы, көлемі мен пішімі де маңызды. Бір адам, бір топ адам немесе суретші өз автопортретін бейнелегенде портретке келтірілуі және көрінуі жағынан қандай айырмашылықтар бар? Адамның мінез- құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек.Дененің қимыл- қозғалысы немесе тұрқы, бет келбеті оның өзіне тән мінез- құлқынан хабар береді. Суретші осындай ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады. Сурет көшірмелеріне мұқият қарап, адамдардың көңіл күйі мен мінез- құлқы қалай берілгенін әңгімелеп бер. Біз де портрет салып көрейік. Ол жай портрет қана емес, стильді үлгіде болсын. Портретті салғанда өзіңнің бақылағаныңды, нақты бір адамды немесе қандай да жинақтама бейнені пайдалануыңа болады. | А.Мартова. «Еңбек сіңірген әртіс Х.Бөкееваның портреті» С.Богданов. «Ұлттық киім киген қазақ әйелінің портреті» | Оқушылар портрет ұғымымен танысады. Портрет салудың заңдылықтарын меңгереді. Адамның мінез- құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек екендігін түсінеді. |