kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Портрет сказочного героя

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ознакомление с видами портрета. Пропорциональное изображение человеческого лица, мимики, настроения. Развитие творческого воображения

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Портрет сказочного героя»

20. 10. 2015 жыл

сағат «10.30-12.15

каб № 23

оқытушы: Асанова Айслу Саматовна.

Тақырыбы: «Портрет диктант»

Сабақ түрі: елестету бойынша ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.

Мақсаты мен міндеті: портрет түрлерімен, адам бетінің мимикасы, пропорциясымен танысу. Ертегі кейіпкеріне айналдыру, мінез құлқын көрсету: мейірімді және мейірімсіз, зұлым және данышпан, мықты және әлсіз. Шығармашылық қабілетін дамыту эстетикалық көзқарасын, шығармашылық ой қиялын дамыту.

Құрал жабдықтар: АЗ, жәй қарындаш, пастель, фломастер.

Көрнекіліктер: сурет репродукциялары: Леонардо да Винчи «Джоконда», О.Кипренский «Давыдов», В. Серов «Күн сәулесі түсіп тұрған қыз», Ван Гог «Автопортрет»,

А. Галымбаева «Двойняшки», В. Васнецов «Три богатыря», Г.Исмаилова «Алпамыс» «Нефертити», Т. Гейнсборо «Көгілдір киім киген ханым», А.Кастеев «Жәйләудағы Абай», оқушылардың суреті, адам басының бейнелеу схемасы.


Сабақ барысы


I.Ұйымдастыру сәті: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II.Тақырып бойынша әңгіме жүргізу

Балалар сендер суретте аспан, тау, көл, бақша, тал көрсеңдер қалай деп атайсыңдар бұл жанр туындысын?

-пейзаж.

-Ал суретте құмыра ішіндегі гүл, жемістер мен түрлі заттар көрсеңдер мұндай жанр туындысын не деп атайсыңдар?

-натюрморт.

-Егер суретте адам бейнеленсе онда бұл жанр туындысын біз не дейміз?

-портрет.

Тақпақ:

Картинада көрсең сен

Егер ақын Абайды,

Немесе ұстаз Ыбырайды,

Немесе өз әкеңді,

Немесе өз анаңды,

Немесе тұрса нағашың,

Өзі екен деп қаларсың.

Салынған мұндай суретті

ПОРТРЕТ қой деп қаларсың.

Суретте адам бейнеленсе мұндай суретті атайды портрет деп. Ал оны бейнелейтін суретшіні ПОРТРЕТШІ деп атайды.

Әлемдегі ең танымал таңғажайып туынды «Джоконда», басқаша Монна Лиза портреті, Париждегі әйгілі Лувр мұражайында тұр. Ал осы портретті салған дүние жүзіне белгілі итальян суретшісі Леонардо да Винчи. Портрет өнері 500 мың жыл бұрын дүниеге келді, соның ішіндегі ең алғаш түрі САЛТАНАТТЫ портрет. Мұндай портретте адам әдемі киініп, тәжі, әшекей бұйымдарын киіп, тәкапарланып тұрады. Мұндай портреттерде көбіне патша, ханшайымдар бейнеленген, өйткені мұндай портреттер ақысы қымбат болған. Мәңгілік есте қалу үшін атақты адамдар портретін салуға тапсырыс берген. О.Кипренский «Давыдов»

Ал басқа портретте адам, суретші оны салып отырғанын байқамайтындай отырады. Суретші оларды бір ой үстінде отырған кезін, немесе бір іспен айналысып отырған кезде салады, адамдар жәи киімді емін еркін күйде отырады, осындай портретті камералық портрет деп атайды, КАМЕРАЛЫҚ деп атауы латын тілінен аударғанда «камера» «бөлме» дегенді білдіреді. В. Серов «Күн сәулесі түсіп тұрған қыз»

- Балалар суретте тек бір ғана адамның портретін салуға болады ма әлде бірнеше адамды да салуға болады ма?

- жоқ.

-Дұрыс. Портретте жиі бір адам емес, бірнеше адам бейнеленеді. Портретте екі адам бейнеленсе ондай портретті ЖҰПТЫҚ деп атайды. А. Галымбаева «Двойняшки» . Ал екіден көп адам бейнеленген портрет ТОПТЫҚ болып саналады. Г.Исмаилова «Алпамыс». Ал енді суретші өзін өзі салатын болса ондай портретті АВТОПОРТРЕТ деп атайды. Ван Гог «Автопортрет». Осы портреттің түрлерін ескере отырып адамды қағазға әр түрлі қылып бейнелеуге болады: БОЙЫМЕН, ( аяғымен салу,) А.Кастеев «Жәйләудағы Абай» суретін көрсету. БЕЛГЕ ДЕЙІН, ( қолымен салу) Т. Гейнсборо «Көгілдір киім киген ханым», БЮСТ. ( басы, иыққа дейін) «Нефертити» суретін көрсету.

Көрініс ойын: тақтаға екі бала шығады. Бірінші бала суретші Леонардо да Винчи екенін айтады, екінші бала өзі белгілі бір атақты артист (немесе оқушының таңдауы бойынша) екенін айтып сөйлейді:

- Леонардо, досым, сен осы менің портретімді салып берші.

- Жарайды, неге салмасқа, ал мен сені қалай салғанымды қалайсың? - Әдемі артист киім, туфли киіп тұрғаныңды бүкіл бойыңмен салып берейін.

- Балалар мұндай портретті не деп атайды?

-Салтанатты, бойымен салған портрет.

-Дұрыс. Бірақ бұған артист келіспей айтады:

- Жоқ, қаламаймын!

- Сен мені жәй футболка киіп тұрған тек жартылай ғана күйімде сал.

- Балалар мұндай портретті не деп атайды?

-Камералық, белге дейін салынған портрет деп атайды.

- Дұрыс балалар, жарайсыңдар. - Шамалы ойланып тұрып артист айтқанына қосады:

- Леонардо сен мені осы бір жақын досым бар еді сонымен бірге иыққа дейін салшы. - дейді артист.

- Балалар мұндай портретті не деп атайды?

-Жұптық және бюст деп атайды.

- Дұрыс. Ал артист болса айтқанынан қайтып, айтады:

- Тұра тұр, олай болса басқа достарым ренжитін болды ау, сен осы бәрімізді бірге салшы.

- Сен осы алдымен ойланып алшы, мен болса оған дейін өзімді салып жатыр едім, осы суретімді бітіріп алайын, оған дейін сен де ойланып аларсың.

- Балалар мұндай портретті не деп атайды?

- Автопортрет деп атайды.

- Дұрыс. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар суретші портрет салғанда оның басты мақсаты неде?

- Адамның суретте ұқсас болуы.

- Әрине портретте адамның ұқсас болғаны маңызды, әйтпесе біз суреттегі адамның кім екенін қалай білеміз. Ол Болат па әлде Әлібек пе, Абай ма әлде Ыбырай ма. Оны қайтып біз байқап білуімізге болады. Балалар адамдар бір біріне ұқсас болама. Мысал келтіру: осы біздің Аружан мен Мадина бір біріне ұқсайды ма?

- Жоқ.

- Неге ұқсамайды? (балалар өзінің бақылауы бойынша жауап береді)

-Дұрыс. Адамның бәрінде де бар бас, көз, мұрын, ауыз, шаш бірақ бұлардың барлығы әртүрлі болады. Аружанның басы дөңгелек және терісінің түсінде де айырмашылық бар, терісі қоңырлау, ал Мадинаның басы сопақша да , терісінің түсі ақшылдау болып келеді. (дәл осылай балаларға сұрақ қойып бет әлпеті мен денесінің түрлі ұқсамаушылығын салыстырып, жауап алу).

Бірақ портретшінің басты мақсаты адам тек сыртқы ұқсастығы емес ол адамның ішіндегі жан дүниесі туралы әңгімелеп беру. Фотоаппарат байқамайтын затты бейнелеу.

Ол адамның мінезінің түрлілігі, әдеттері, көңіл күйі. Осының барлығын адамның мимикасынан көруге болады. МИМИКА деген адамның бет әлпетінің қимылы. Суретші осылай модель жайында өз пікірін қалыптастырады, адам жәйлі өз ойлары мен сезімін енгізеді (Балаларға көрші партада отырған баламен бір біріне қарап түрлі көңіл күй көрсету арқылы: қуаныш, мұңайу, ашулану, таңқалу т.б. адамның мінезін бақылау).

Таблицадағы суреттерге қарайық «Адам бетінің пропорциялары», «Адам бет бұрысы (алдынан, 3/4, профиль)», «Мимика».

III. Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма: Тақтаға қарап адам бетін пропорцияларын құрастыру бойынша салу және оны бір ертегі кейіпкеріне ұқсастырып, кейіпкердің мінез құлқын, тұрысын, көңіл күйін бейнелеу. Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерді таңдап, ол кейіпкер туралы не айтқың келетінін,оның көңіл күйінің, мінезінің қандай екенін айтып, оны немен айналысатынын, не істегенді жақсы көретінін айтып, оны бейнелегенде не істеп тұрғанан айту.

Суретті салу кезеңі:

1. Бірінші жұмыс бірге жасалады: Мұғалім сурет салуды кезеңмен тақтаға көрсетеді, ал балалар қарап суретті қағазға салады. Балалар сурет салу барысында бет мүшелерінің ерекшеліктерін біріне бірі қарап тақтадағы салынып жатқан суретпен салыстырып отырып салады.

1) Қағаздың үстінен 2,3 см, төмен түсіп қағазды екіге бөлеміз, үстінен адамның басын салып, астынан денесін саламыз. Алдымен суретті бас орналастырудан бастаймыз. Адамның басын сопақша тәрізді қылып саламыз, үстінен жалпақтау, астынан тарылтып (жұмыртқа тәрізді).

2) Сопақшаның астынан денесін саламыз. Ол үшін екі сызықпен мойнын саламыз. Егер портретте ер адам болса мойын жалпақтау болады. Астынан сызықты екі жаққа төмен түсіріп иық саламыз, егер ол ер адам болса, сызық тігінен, көбірек жүргізіледі (ер адам мен әйел адамның дене құрылыс ерекшеліктерін айтып суреттен, немесе тақтаға бір қыз, бір ұл оқушы шығарып саластырма түрде көрсету).

3) Адамның беті екі жағынан бірдей қылып және қабақ, көз, мұрын, ауызын дұрыс орналастыру үшін, біз ортасынан екі сызық сызамыз, біреуі тіке, екіншісі көлденең.

4) Бет мүшелерін орналастыру. Көлденең сызықтың үстіннен ортада орын қалдырып жапырақ тәрізді қылып сызық сызамыз, ал ішінен дөңгелек етіп жоғарыдағы және төмендегі сызыққа тигізіп көз және қарашық саламыз, көз толығымен бізге көрінбейді.

5) Көз үстінен дөңгелетіп қабақ саламыз. Екі қабақ ортасынан мұрын орналастырамыз. Әр адамның мұрны әр түрлі бірақ құрылысы бірдей. Қабақтың екі жағынан сызық жүргізіп ортасынан жіңішкелеу етіп астын дөңгелетіп төменнен дөңгелетіп екі жағынан танау саламыз.

6) Мұрын астынан ауыз саламыз. Мұрын мен ег арасынан көлденең сызық сызамыз, айналасынан дөңгелетіп ерін сызығын жүргізіп отырып үстіңгі ернінінің ортасынан кішкентай шұңқыр жасаймыз.

7) Мұрын тұрған жердің бойында, бастың екі жағынан құлақ саламыз.

8) Нақтылау кезеңі. Әр адамда шашы әр түрлі түсті болады (сары, қызыл, қоңыр, қара), ұзын, қысқа, тіке және бұйра. Адамдар шашын әр түрлі қылып жинайды. Көзде адамда әр түрлі түсті және түрлі пішінді боладі.

2. Ендігі жұмыс жеке жүргізіледі. Енді осы салынған адам портретінен өз қиалыңмен әр түрлі мінезді ертегі кейіпкеріне айналдыру керек.

IV. Қорытындылау. Оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Салған суретін әңгімелеу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Портрет сказочного героя

Автор: Асанова Айслу Саматовна

Дата: 24.02.2018

Номер свидетельства: 459283

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Урок по искусству "Портреты сказочных героев в музыке и живописи" "
    ["seo_title"] => string(71) "urok-po-iskusstvu-portriety-skazochnykh-ghieroiev-v-muzykie-i-zhivopisi"
    ["file_id"] => string(6) "240070"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444926749"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(245) "Конспект занятия по развитию речи в подготовительной к школе группе «Составление описательного рассказа «Портрет сказочного героя»"
    ["seo_title"] => string(80) "konspekt_zaniatiia_po_razvitiiu_rechi_v_podgotovitelnoi_k_shkole_gruppe_sostavle"
    ["file_id"] => string(6) "604449"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1649430479"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект занятия по изо " Портрет Сказочного героя""
    ["seo_title"] => string(52) "konspekt_zaniatiia_po_izo_portret_skazochnogo_geroia"
    ["file_id"] => string(6) "618131"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1669150147"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "СЦЕНАРИЙ БАЛА ЛИТЕРАТУРНЫХ ГЕРОЕВ "
    ["seo_title"] => string(39) "stsienarii-bala-litieraturnykh-gieroiev"
    ["file_id"] => string(6) "247397"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446554665"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(183) "Занятие по ФЭМП с элементами ПДД  «В сказочном городе случилась беда. Кто нам поможет – скорее сюда»"
    ["seo_title"] => string(92) "zaniatiiepofempseliemientamipddvskazochnomghorodiesluchilasbiedaktonampomozhietskorieiesiuda"
    ["file_id"] => string(6) "291925"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455200708"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства