kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халық ертегілерінің композициясын жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халық ертегілерінің композициясын жасау. Халық ертегілерінің композициясын жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халық ертегілерінің композициясын жасау»

Дина.Мұхтарханқызы.Турлыбаев

Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің бейнелеу

өнері және сызу пәнінің мұғалімі.

Сыныбы: 4

Күні: ________________________________

Тақырыбы: Халық ертегілерінің композициясын жасау

Сабақтың мақсаты:

б):Оқушыларға көзге көрініп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды, оқушылардың дүниетанымын арттыра отырып, табиғатты сүюге, қорғауға, бақылауға үйрету, этюд жазуға бейімдеу.

д) күзгі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету, акварель бояуларымен және гуашь бояулары мен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

т) айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде, ұйымшылдыққа, достыққа, еңбексүйгіштікке, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісінің бірнеше суреттері.

Сабақтың қажетті құрал жабдықтары: карандаштар, сурет дәптерлер, түрлі - түсті бояулар, акварель, гуашь бояулары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын адасқан әріптер арқылы түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Жануарлардың бейнесі пейзажға жатады ма? (жоқ)

-Пейзаж тақырыбында сурет салған суретшілерді атаңдар?

-Бейнелеу өнері қанша түрге бөлінеді?

-Натюрморт жанрын көп бейнелеген суретшілерді ата

ІІІ-Жаңа сабақ

Балалар бәріміз ертегілерді жақсы көреміз бе?

Онда мен сендердің ертегілерді қаншалықты жақсы білетіндеріңді тексеріп көремін. Ертегілер хайуанаттар туралы, қиялы-ғажайып, шыншыл ертегілер болып бірнеше түрге бөлінеді.

1.Хайуанаттар ертегісі («Түлкі мен ешкі», «Мақта қыз бен мысық»)

2.Қиял-ғажайып ертегісі («Ер Төстік», «Ұшқыш кілем», «Алтын сақа»)

3.Шыншыл ертегілер (күнделікті өмірдегі еңбек адамы. Хан, бай молда туралы «Өтірікші тазша»)

Ертегілерде өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ертегілер «Ерте-ерте ертеде ешкі құйрығы келтеде» деп басталады да, «Сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталып отырады.

Ертегілерде жағымды-жағымсыз кейіпкерлер де болады, оны қалай түсінесіңдер.

ІҮ-Сарамандық жұмыс.

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу.

Нобай жасау

Композиция құрастыру

Түстік шешімдерін табу

Ертег кейіпкерлеріне салынған суреттерді аяқтау.

Ү-Сабақты қорытындылау

Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ертегілер бізге не береді?

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

Графика өнерін айтыңдар

Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар.

Өнер дегеніміз не?

Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?

Портрет дегеніміз не?


ҮІ-Үйге тапсырма


Ертегі кейіпкерлерін салып келу.

Батыс Қазақстан облысы.

Ақжайық ауданы

Кеңсуат ауылы

Дина.Мұхтарханқызы.Турлыбаев

Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің бейнелеу

өнері және сызу пәнінің мұғалімі.

Ғажайып сурет әлемінде

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын ұғындырып, дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Топпен жұмыс жасау, сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерді құрметтеу, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілігі: өнер жайлы нақыл сөздер, құрастырма суреттер, суреттер.

Құрал –жабдықтар: плакат қарандаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

-Армысыздар, құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен! Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 1-4 сынып оқушылар арасындағы «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныстыру.

Үш топ сайысқа түседі.

І топ – «Бояулар»

ІІ топ – «Қарындаш»

ІІІ топ – «Субояқтар»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар,- дей келе, сайысқа қатысатын топтармен танысайық.

Сайыс кезеңдері:

1.Топтарды таныстыру.

«Бояулар» тобы: «Қарандаш» тобы:

Көрікті ашық бояумыз. Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерге ғашық баламыз. Өнерсіз бала қарыны аш

Бәрінің өңін келтірер Сайысқа келген достарым,

Сурет болмас бояусыз. Сурет сал, міне қарындаш.

«Субояқтар» тобы:

Субояқтар тобымыз

Сурет салар қолымыз

Сумен бояу болса егер

Келістірер шеберміз.

2-кезең сұрақ-жауап.

«Бояулар» тобы:

1.Бейнелеу өнері дегеніміз не?

2.«Таулар» картинасының авторы кім? О.Таңсықбаев

3.Кескіндеме туралы не білісің?

4.Жанр түрлерін атаңдар

5. «Гүлденген алма бақ» картинасының авторы кім? З.Назыров

6.Суға тез езілетін бояуларды ата.

«Қарандаш» тобы:

1.Кемпірқосақтың түсі нешеу және оларды ата? Жеті (қызыл, сары, жасыл, көк, көгілдір, сиякөк)

2.Бейнелеу өнерінің жанырларын ата?

3. «Қымыз» картинасының авторы кім? Г.Ысмайылова

4. Ә.Қастеев қай жылы дүниеге келді?

5.Сурет салу үшін қажетті құрал-жабдықтарды атаңдар?

6.Натюрморт дегеніміз не?

«Субояқтар» тобы:

1.Мүсін дегеніміз не?

2.Анималистік жанр дегеніміз не?

3. «Дастарқан» натюрмортының авторы кім? А.Ғаламбаева

4.Графика дегеніміз не?

5.Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

6.Дизайн дегеніміз не?


3-кезең. «Кім шапшаң, кім жылдам?» (боялмаған суреттерді бояп суретті аяқтау) 1минут

Заттардың бейнесін.

Бір – бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Бояйды екен кім жылдам?-деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Боялмаған суреттерді бояп аяқтау және түсіндіріп өту.


4-кезең. «Біз суретші баламыз қалауымызды саламыз»

Табиғат көрінісіне суретін салу, натюрморттың суретін салу

.

5-кезең. Жұмбақ шешу.

Үш топқа жұмбақтар айтылады. Жұмбақтың шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.

1.Мен арамын, арамын, 2.Қалқиып ұзын құлағы,

Қара орманға барамын. Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)


3.Күні –түні сөйлеймін, 6.Үйір –үйір денесі,

Өлең айтам, билеймін. Сахараның кемесі.

Бәрін –бәрін көрсетем, Ащы шөптер тағамы,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар) Шөлге шыдап бағады. (түйе)


4.Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

5.Сан ойлантады, сан мұңайтады,

Үндемей –ақ әңгіме айтады. (кітап)

6.Қорытынды. Сайыс қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Батыс Қазақстан облысы.

Ақжайық ауданы

Кеңсуат ауылы




Дина.Мұхтарханқызы.Турлыбаева

Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің бейнелеу

өнері және сызу пәнінің мұғалімі.

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Батик салу

Сабақтың мақсаты: батик өнері туралы мағлұмат беру. Батик техникасы мен таныстыру.

Білімділік: батик өнерінің шығу тарихымен және оның түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сурет салу дағдысын, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, әсем безендіруге баулу, сұлулықты қабылдау, сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, керілген рамадағы мата, қылқалам, акварель бояуы.

Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық . Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті құралдарын қадағалап, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.

Алма ағашынан стикерлер алып реттік сандары бойынша топқа бөлінеді.(бір топ екінші топқа қағазға тілек жазып береді)

ІІ-Өткен сабақты қайталау.

1.Батик өнері бейнелеу өнердің қай түріне жатады?

2.Түстер неше түрге бөлінеді, оларды атаңдар?

3.Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

4.Ою-өрнек неше түрге бөлінеді?

5.Екі түрлі киізден сырылған төсеніш. (сырмақ)

6.Сырты ағаш, іші графиттен жасалған құрал. (қарандаш)

7.Бір түсті бояумен орындалатын жұмыс (графика)

Шағын көрме ұйымдастыру арқылы оқушылардың жұмыстарын өздеріне бағалату. Мадақтау, ескерту, бағалау.

ІІІ-Жаңа сабақ

(ойашар сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз. Батик салу.)

1.Мата атауы (Бархыт)

2.Суға тез еритін бояу (акварель)

3.Жансыз заттарды бейнелейтін жанр (натюрморт)

4.Ақ қара бояумен салынатын сурет (графика)

5.Құрастыру, ойластыру дегеніміз не? (композиция)

6. Бояулар көмегімен орындалған көркем шығарма (кескіндеме)

7.Табиғат көрінісін бейнелейтін жаныр (пейзаж)

8. Таза ауа. Табиғат аясында жүріп сурет салуды не деп атаймыз? (плэнер)

9.Үйлер мен ғимараттарды салу өнері (сәулет)



Б

а

р

х

ы

т



а

к

в

а

р

е

л

ь



н

а

т

ю

р

м

о

р

т


г

р

а

ф

и

к

а



к

о

м

п

о

з

и

ц

и

я


к

е

с

к

і

н

д

е

м

е

п

е

й

з

а

ж



п

л

э

н

е

р



с

ә

у

л

е

т


Батик арқылы жасалатын бұйымдар.

Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады. «Ba-tik» -Ba сөзі к.б. мата, ал tik –тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді. «Batik» - матаға сурет салу, нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз.

Түйінді батик өнері. Түйінді батик матаға сурет салудың ең оңай түрі болып табылады. Матаның ерекше және керемет түстермен бояу сәнді түйіндерден небір әдемі сурет шығуы ол адамның фантазиясына бірден – бір байланысыты болып табылады.

Батик түрлері: Бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық және аралас батик. Ыстық және суық батиктің салыну жолдары өте күрделі. Біз бүгінгі сабағымызда аралас батикті саламыз.

Сарамандық жұмыс

Аралас тәсілмен мата үстіне батик суретін салу.

.Нақты өлшеммен бұйымның суретін салу

.Желім арқылы керілген дайын матаны аламыз

.Керілген матаға ПВА желімін сумен араластырып жағып кептіріп аламыз.

.Дайын мата бетіне жай қарандашпен суретті көшіріп саламыз.

.Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз.

.Гүлдерді бояп болған соң жапырақтарын бояймыз.

Сергіту сәті.

ІҮ-Сабақты бекіту

Батик қандай бейнелеу өнеріне жатады:

А) мүсін;

Ә) кескіндеме;

Б) Сәндік қолданбалы өнер.


Батик өнері ең алғаш қай мемлекетте пайда болған:

А) Ресейде

Ә) Африкада

Б) Индонезияда



Ү-Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік (әр оқушы өз ойын айтады)

Рефлекция.

Пікір ағашына сабақтың ұнағандығын білдіретін түстер жапсырамыз.


ҮІ-Үйге тапсырма

Суретті аяқтап шетін безендіріп келеміз.


Бағалау. Жұлдызды сәт

Топтар бірін-бірі бағалап жұлдызшалар сыйлайды.


Батыс Қазақстан облысы.

Ақжайық ауданы

Кеңсуат ауылы























Дина.Мұхтарханқызы.Турлыбаева

Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Жануарлардың бейнесін салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жалпы жануарлар туралы, олардың

тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, қызығушылықтарын,

шығармашылық қаблеттерін дамыту. Жануарлардың

суреттерін сала білуге баулу.

Тәрбиелігі: Жануарларды қорғауға қамқоршы болуға, табиғатты сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жұмбақтар, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: жануарлардың бірнеше суреттері.

Сабақтың қажетті құрал жабдықтары: карандаштар, сурет дәптерлер, түрлі - түсті бояулар, акварель, гуашь бояулары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын түгендеу. 2 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Екі топқа кезек кезек сұрақтар беріледі.

  1. Графика дегеніміз не?

  2. Графика қай елдің сөзінен аударылған?

  3. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары?

  4. Таза ауа. Табиғатқа шығып сурет салуды не деп айтамыз?

  5. Жылдам әрі тез салынатын сурет қалай айтылады?

  6. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?

ІІІ. Ойашар. «Тест - руно» тапсырмалар беру арқылы жаңа тақырыпты ашамыз.

  1. Бейнелеу өнерінің түрі

д) композиция ж) Дизайн з) акварель

2. Табиғатты бейнелейтін көркем шығарма

а) пейзаж ә) кескіндеме б) мүсін

3. Жансыз заттар мен бұйымдардан құралған шығарма.

м) мүсін н) натюрморт п) портрет

4. Сәулет өнерін не деп атаймыз?

с) монумент т) аппликация у) архитектура

5. 1904 – 1973 ж.ж аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы суретшісі.

а) Ә.Қастеев ә) А. Құнанбаев б) А. Ғаламбаева

6. Бояу езуге араластыруға арналған жұқа тақтай

р) палитра с) қағаз т) тақтай

7. Қазақтан шыққан тұңғыш әйел суретші кім?

л) А. Ғаламбаева м) Г. Исмайылова б) Ш. Жиенқұлова

8. Адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма

а) портрет ә) пейзаж б) кескіндеме

9. Су әлемін бейнелейтін жанр

р) маринист с) графика т) натюрморт

тесттің жауабы: Жануарлар

Шатасқан әріптерден жануарлар мен аңдардың аттарын шығару

С

А

Т

А

Р

Ы

Ж

Қ

И

Ы

Р

Т

С

Ы

А

С

Қ

Ы

Ү

Т

Л

Қ

О

Т

Р

Й

А

Қ

А

Й

Ү

Л

Е

Н

Ы

Ю

Қ

О

К

І

Я

Н

Қызығушылықтарын ояту.

-Жануарлардың аттарын атаңдар. Енді бұл жануарлар немен қоректенеді?

-Олардың адамға қандай пайдасы бар?

-Балалар, жануарлар туралы бар білетінімізді еске түсірдік. Енді ары қарай жануарлар туралы тереңнен білейік. Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы жануарларды бейнелеу.

Елімізде жануарлардың түрлері өте көп. Олар тіршілік иелері болғандықтан ұрпақ өрбітеді. Жабайы аңдардың мекені орман, тау-тас, дала екенін білеміз. Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады. Ал үй жануарларының адам өміріне пайдасы өте көп екенін білесіңдер. Сендер жануарлар туралы мәліметті білдіңдер енді өзімізге ұнаған жануардың суретін бейнелейміз.

Сарамандық жұмыс.

Жануарлардың бейнесін бейнелейміз.

  1. Қағаздың ортақ нүктесін тауып жануарлардың шеткі нүктелерін анықтау.

  2. Нұсқалық толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы анықтау.

  3. Нұсқадағы жалпы жануарлардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу.

  4. Нұсқаның түстерін политраның көмегімен көрсету (анықтау)

  5. Жұмысты аяқтау.

Сергіту сәт

Жануарлар туралы жұмбақтар шешу.

1.Кезікті бір жануар, 2 .Кішкентай ғана бойы бар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе) Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

3. Тікірейіп құлағы 4.Үстінен тоны түспеген,
Менен бұрын тұрады. Сонда да араз қыспенен.  (Аю)
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)

5.Туа сала мұрт өсірген мырза, 6.Басында көп-ақ бұтағы,

Пеш түбінде жатқанына ыриза.  (Мысық) Адамды көрсе зытады.  (Бұғы)

ІҮ.Сабақты бекіту.

Сәйкестендіру тесті І топ

Сұрақ

Жауап

1

Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі

1

Палитра

2

Ахроматикалық түстер

2

Натюрморт

3

Соғыс тақырыбын бейнелейтін көркем шығарма

3

Қызыл, сары, көк, жасыл

4

Суға езілетін қою бояу

4

Автопортрет

5

Кескіндеменің басты құралы

5

И.Айвазовский

6

Хроматикалық түстер

6

Гуашь

7

Түр тапқыш тақтайша

7

Жылы – суық түстер

8

Қимылсыз қозғалмайтын шығарма

8

Ақ, сұр, қара

9

«Теңіздегі түнгі дауыл» шығармасының авторы

9

Батальдық жанр

Сәйкестендіру тесті ІІ топ

Сұрақ

Жауап

1

Жан – жануарларды бейнелейтін көркем шығарма

1

О. Таңсықбаев

2

Кеңістікте сомдалган көркем шығарма

2

Ә.Қастеев

3

Бейнелеу өнерінің бір түрі

3

Спектр

4

Қазақ халқының ұлы суретшісі

4

Қылқалам

5

Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші

5

Мүсін

6

«Дастарқан» туындысының авторы

6

Маринист

7

Бояумен жұмыс істеуге арналған құрал

7

А. Ғаламбаева

8

Кемпірқосақта кездесетін түстердің жиынтығы

8

Кескіндеме

9

«Көктем» шығармасмының авторы

9

Анималистік жанр

Ү. Сабақты қорытындылау

-Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? (әр оқушы өз ойын айтады)

-Жануарлардың бейнесі пейзажға жатады ма? (жоқ)

-Анималистік жанр қандай шығармаларды бейнелейді?

-Бейнелеу өнері қанша түрге бөлінеді?

-Натюрморт жанрын көп бейнелеген суретшілерді ата.

ҮІ. Үй тапсырмасы.

Үй жануарларының суреттерін салып келу.


Батыс Қазақстан облысы.

Ақжайық ауданы

Кеңсуат ауылы























Дина.Мұхтарханқызы.Турлыбаева

Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 3

Күні: ______________________________

Тақырыбы: «Теңіз жағалауында»

Сабақтың мақсаты:

Б) оқушыларға түстер туралы қысқаша мәлімет беру. Бейнелеу өнерінің түрлері мен, жанырларымен таныстыру, осы жанырда сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрені.

Д) өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту.

Т) эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, журналдар.

Сабақтың қажетті құрал жабдықтары: карандаштар, сурет дәптерлер, түрлі - түсті бояулар, акварель, гуашь бояулары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.

ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

Анималистік жанрды ата?

Табиғатты бейнелейтін көркем жанр

Қалам ұшы немесе тушпен бейнеленген бейне?

Қандай жанр түрлерін білесіңдер?

Натюрморт дегеніміз не?

Пейзаж дегеніміз не?

ІІІ-Жаңа сабақ

Кескіндеме өнері орындалу ережесіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді.оқушыларға жанрлар туралы қысқаша айтып өту. Біз бүгінгі сабағымызда кескіндеме өнерінің пейзаж жанырына тоқталып өтеміз. Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж жанры Қытайда, Жапонияда және басқа шығы елдерінде, сондай – ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Жыл мезгілдеріне байланысты қазақтың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеев көптеген жұмыстар жасаған.

Пейзаж – бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанр.

Табиғаттың таңғажайып кереметтерін кітап беттерінен және журналдардан көрсету. Табиғат көріністерін бейнелеу үшін перспективалық заңдылықты ұстануымыз керек.


ІҮ-Сарамандақ жұмыс

Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.

1-кезең Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі қажет.

2-кезең. Ағаш бұталардың көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары сұйық және көмескелеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3-кезең. Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.


Ү-Сабақты қорытындылау

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Адамның бейнесі пейзажға жатады ма?

Табиғат аясында жүріп сурет салу қалай аталады.

Жылдам әрі жүгіртіп салынатын сурет қалай атаймыз?

Жасыл түсті алу үшін қай түстерді бір-бірімен араластыру керек ?

ҮІ-Үйге тапсырма

Табиғат көрінісінің суретін аяқтап қалу.



Батыс Қазақстан облысы.

Ақжайық ауданы

Кеңсуат ауылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Халық ертегілерінің композициясын жасау

Автор: Турлыбаев Дина Мұхтарханқызы

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406769

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Саба? жоспар: ?бділда Т?жібаев «Тола?ай» ертегісі "
    ["seo_title"] => string(52) "sabak-zhospar-bdilda-t-zhibaiev-tolag-ai-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "182044"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425458001"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Саба? жоспары: ?. Т?жібаев "Тола?ай" ертегісі "
    ["seo_title"] => string(46) "sabak-zhospary-t-zhibaiev-tolag-ai-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "182046"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425458316"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Конспекты по тему "?абит Мусірепов" Анамны? -анасы "
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekty-po-tiemu-g-abit-musiriepov-anamnyn-anasy"
    ["file_id"] => string(6) "203629"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429526261"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства