Отанымызды? бейнелеу ?нерінде портреттік жанр XIX ?асырды? ортасынан басталады. ?лтымызды? ма?танышы Ш. Уалиханов портреттер сал?анын білеміз. Ш. Уалихановты? туындылары тарихи жа?ынан да, орындалу техникасы жа?ынан да ?те ??нды. Ол сол кезе?дегі белгілі т?л?аларды, жергілікті ата?ты адамдарды аса шеберлікпен бейнелеген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың мазмұны:
Отанымыздың бейнелеу өнерінде портреттік жанр XIX ғасырдың ортасынан басталады. Ұлтымыздың мақтанышы Ш. Уалиханов портреттер салғанын білеміз. Ш. Уалихановтың туындылары тарихи жағынан да, орындалу техникасы жағынан да өте құнды. Ол сол кезеңдегі белгілі тұлғаларды, жергілікті атақты адамдарды аса шеберлікпен бейнелеген.
Оның портретінің ішінен: Тезек төре, сұлтан Мамырхан Рүстемов, Сартай би, Потанин, т.б. бейнелерін ерекше атауға болады. Суретші портретінің басым бөлігін графикалық тәсілде акварельмен жазған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда дарынды суретшілер портреттік жанрда жұмыс істей бастады. Олардың ішінен Ә. Қастеевті, А. Ташбаевты, т.б. атап өтуге болады. Әсіресе Ә. Қастеевтің орыны ерекше. Арнайы білімі болмаса да, тума дарынның арқасында (Мәскеуде Бродскийдің сурет студиясында шеберлігін ұштаған) қазақ өнерін биікке көтерді. Дарынды суретші А. Иманов, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Кенесары хан портретінде қазақ ұлтының атын әлемге танытқан даңқты перзенттерін бейнелеп, кейінгі ұрпаққа тамаша туындылар қалдырды.
Қазақтың тарихи тұлғаларын бейнелей отырып, портреттің тарихи жанрын қалыптастырды. Сонымен қатар Г. Ысмайлова, А. Крутильников, К. Шаяхметов, Ү. Әжиев, М. Қалымов, А. Ақанаев, А. Черкасский, А. Мартова, М. Аманжолов, т.б. қылқалам иелері портреттік жанрда жаңа қырынан таныла білді. Кейбір суретшілер белгілі адам портреті арқылы бүкіл бір кезеңді өткір бояу тілмен бейнелей білді. Мысалы, А. Ақанаев танымал ақын Олжас Сүлейменовтың портреті арқылы оның поэмасы желісімен заманның қиын кезеңінің ащы шындығын көрсеткен. Қорыта айтқанда, Қазақстан суретшілерінің портреттік жанрдағы еңбектері бай тарихи тағылымы бар қазақтың белгілі тұлғаларының және қазақ қоғамындағы қарапайым адамдардың көркем образы болып есептеледі.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: : «Қазақ бейнелеу өнеріндегі портреттік жанр»