kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ халқының ұлттық киімдері (Ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ұлттық киімдері туралы мағлұматтарын кеңейту. Қазақ халқының ұлттық киімдері арқылы сабақта ою-өрнектерді сызып үйрену.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының ұлттық киімдері (Ашық сабақ)»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшіліктері, олардың түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшіліктері туралы білімдерін түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Өз халқының салт- дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу

Сабақтың формасы: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау - түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, іздендіру;

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киім үлгілері, слайд - суреттер, тапсырмалар;
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, жаңа сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Өсімдік тектес ою- өрнек түрлерін ата.
2. Жануар тектес ою- өрнек түрлерін ата.
3. Ғарыш әлеміне байланысты ою- өрнек түрлерін ата.
4. Геометриялық ою- өрнек түрлерін ата.
III Жаңа сабақ
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз. Оның айғағы- ескі қорғаннан табылған әлемді тамсандырған «Алтын киімді адам». Бұл жәдігер біздің жыл санауымыздан бұрын бесінші ғасырда дүниеге келген. (№3 слайд). Ежелгі сақтардың киімдері. (№4 слайд). Ежелгі ғұндардың киімдері. (№5 слайд)

Киімнің негізгі түрлері 4 бөлінеді: бас киім, сырт киім, шалбар, аяқ киім.
Ер адам киімі
Ішік - әр түрлі аң терілерінен тігеді. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, үш топ барқыт, атлас, манат сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Шапан - Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан астарына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар болып келеді.
Тон - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді. Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні мен тігісі ішіне қарайды. Шалбар - барқыт, пүліш, шұға, шибарқыт, шегрен, сияқты ширақы маталардан, қой - ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп - тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді.

Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.
Әйел киімі
Әр аймақта әр түрлі үлгілермен, әр алуан атаулармен кездестіруге болады. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, тақия, қамзол, кебіс - мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады.
Қамзол - әйелдер ұлт киімінің бірі. Ол барқыт, мақпал, пүліш маталарынан тігеді. Қамзолда жең де, жаға да болмайды. Тек тыс пен астардан тұрады. Астарына кобінесе атласты пайдаланады. Түйме орнына әшекейленіп жасалған қаусырма тағылады. Алдынғы бөлігі мен етегін ою - өрнекткрмен әшекейлейді.
Бас киім
Қыздардың тақиялары - шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі де моншақтармен, тастармен әшекеленеді. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.

Бөрік– қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.

Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан - алуан. Олар көбіне рулық - тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы — ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжүзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.
Сәукеле - әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлері киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды.

Аяқ киім

Саптама етік - қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң - солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.
Мәсі - аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан - жылға көбейе түсуде.
Ендігі кезекте ою - өрнектерге тоқталайық.

Ою - өрнек – халықтық қолөнердің бір түрі. Белгілі тәртіптегі элементтерден құралған өрнек. Ою - өрнек арқылы ата – бабамыз өз ойларын жеткізе білген. Ою - өрнектер мән – мағынасына қарай мына топтарға жіктелген:
1. Өсімдік тектес
2. Жануар тектес
3. Ғарыш әлеміне байланысты
4. Геометриялық
Ою - өрнектегі элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымы ерекше әсер береді.


IV. Сарамандық жұмыс:
Ою түрлері және дайындау реттілігі.

Құрал- жабдықтар мен материалдар: парақ, қайшы, қарындаш, желім.

V. Сабақты қорытындылау
VI. Оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма
Оқу, берілген тапсырманы аяқтап келу





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ халқының ұлттық киімдері (Ашық сабақ)

Автор: Нигметов Адилгали Кадыргалиевич

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405307

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашы? саба?: ?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері"
    ["seo_title"] => string(39) "ashyksabakkazakkhalkynynulttykkiimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "316661"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460133181"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""?аза? хал?ыны? м?дениеті""
    ["seo_title"] => string(24) "kazakkhalkynynmdieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "322476"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461596667"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "?йелдерді? ?лтты?  бас киімдері.К?нделікті саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(60) "iieldierdin-u-lttyk-bas-kiimdieri-kundielikti-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "211285"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431597505"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "?аза? тілінен саба? жоспары:  ?лтты? киімдермен таныстыр?ан жай с?йлемдер."
    ["seo_title"] => string(70) "kazaktiliniensabakzhosparyulttykkiimdiermientanystyrganzhaisoiliemdier"
    ["file_id"] => string(6) "262825"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449415238"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "?аза? тілінен  ашы? саба? ?лгісі  (4 сынып)  Саба?ты? та?ырыбы: ?лтты? киімдер "
    ["seo_title"] => string(80) "k-azak-tilinien-ashyk-sabak-ulghisi-4-synyp-sabak-tyn-tak-yryby-u-lttyk-kiimdier"
    ["file_id"] => string(6) "207539"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430541970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства