Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?лтты? киімі »
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі
Сабақтың мақсаты:
- оқушылардың сәндік қолданбалы өнері туралы білімін жетілдіру, проблеманы анықтауды және шеше білуге үйрету;
- түрткі сұрақтар арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыру;
- сурет салу дағдысын, шығармашылығын арттыру, эстетикалық талғамын кеңейту, өнерге баулу.
Ақпарат көздері, қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, бейнефильм, суреттер, бүктемелер, кітаптар, слайд.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, өрмекші әдісі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Таңдаған суреттері бойынша төрт топқа бөлу.
1-топ. Ерлер киімі
2-топ. Әйелдер киімі
3-топ. Ерлер аяқ-киімі
4-топ. Әйелдердің аяқ-киімі
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне жылы лебіздер арнау
ІІ. Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын тексеру
«Киіз үйдің ішкі көрінісі» тақырыбында көрме ұйымдастыру. (Бағалау смайликтер санына қарай жүргізіледі)
ІІІ. Проблеманы анықтау кезеңі. Мотивация.
Ой қозғау. Слайд арқылы ребус шешу.
Қаз мақтаалтын ң ұлт мылтық киізкүміс
«Қазақтың ұлттық киімі»
Тақырыпты табады. Топ өздерінің аттарын қорғайды.
1-топ. Ерлер киімі
2-топ. Әйелдер киімі
3-топ. Ерлер аяқ-киімі
4-топ. Әйелдердің аяқ-киімі
Ортақ пікір шығару.
Ер- тымақ, жарғақ шалбар, айыр қалпақ, тон
Әйел – сәукеле, көкірекше, кимешек, қамзол, қос етек көйлек
Ортақ – көненің көзі, ұлттық құндылық, ұлттық ою-өрнектермен әрленген
IV. Проблеманы шешу кезеңі.
Оқулықпен жұмыс. Шығармашылық кезеңі.
1-топ. «Шапан» бейнесі
2-топ. «Қамзол» бейнесі
3-топ. «Айыр қалпақ» бейнесі
4-топ. «Сәукеле» бейнесін қағаз бетіне түсіру.
V. Проблеманы шешімін қолдану кезеңі. Түсінікті дамыту.
Бейнефильм көрсету. Білімдерін толықтыру.
Постермен жұмыс. Оқушыларға білімдерін пысықтау және көрсету мақсатында постермен жұмыс жасалынады.
1-топ. «Қазақстың ұлттық киімі – көненің көзі» дегенді қалай түсіндіңдер?
2-топ. Қазақтың ұлттық киімі қандай мата түрлерінен тігілген?
3-топ. Киім-кешектерге байланысты мақал-мәтелдер айтыңдар.
4-топ. Сәукеленің шығу тарихына шолу жасаңдар.
VІ Сабақты қорытындылау.
«Өрмекші әдісі» жіпті бір-біріне ұсына отырып, бүгінгі сабақта түсінгендері, алған білімдері анықталады.
Кері байланыс. Стикер арқылы «Қосу, алу, қызықты» кестесіне мынадай ақпарат енгізеді: «Өздеріне не алды, не артық, не қызықты» болғанын жазып жапсырады.
VІІ. Бағалау.
Сабақ барысында алған смайликтері арқылы сабақта оқушының белсенділігі,сурет салу шеберлігі, білімі, ой ұшқырлығы, ізденімпаздығына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма.
Қазақтың ұлттық киімдеріне қатысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жайлы ақпарат жинақтау.