Кіріспе 10 мин Қызығушылықты ояту. | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру. Үй тапсырмасын пысықтау. Оқушыларға сұрақ қойылады. Балалар, мультфильмді қалай жасайтынын білесіңдер ме? «Балықтар» туралы мультфильм көрсетеді | Оқушылар түстермен топқа бөлінеді. Сұрақтар қойып, «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бағалайды. Балалар сұраққа жауап береді. Мультфильм не туралы екенін айтады | слайдтар, интербелсенді тақта. Мультфильм |
Негізгі бөлім 20 мин Мағынаны тану. | Оқушыларға «Жигсо» әдісімен «Су астындағы тамаша әлем» мәтінін танысуды ұсынады. 4 топқа мәтінді бөліп, ұсынады. Топтарға тапсырма бөліп береді. | Оқушылар 1,2,3,4 –ке дейін санап, 4 топқа бөлініп, «Жигсо» әдісімен «Су астындағы тамаша әлем» мәтінімен танысады, топта талқылайды, сосын өз топтарына қайта келіп, топтағыларға оқып келгенін түсіндіреді. Тапсырмаларды орындайды, қорғайды. Бірін-бірі «Басбармақ» әдісімен бағалайды. 1-топ. Сары түс тобы: Ермексазбен жұмыс жасаймыз 2-топ. Қызыл түс тобы: Қатырқағазбен жұмыс жасайды 3-топ. Жасыл түс тобы: Бояу краскамен жұмыс жасайды 4-топ. Көгілдір түс тобы «Су астындағы тамаша әлем» тақырыбында эссе жазады және маркермен бейнелейді. | Оқулық. 4 бөлікке бөлініп жазылған мәтін. Постер, маркер. |
Қорытынды 10 мин Ойтолғаныс. | Сабақты қорытындылай келе, «Білемін, Білдім, Білгім келеді» кестесін толтырады. Шығармашылық жұмыстарды, оқушылардың жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім белсенділік көрсеткенін сұрайды. Үйге тапсырмаға «Теңіз,мұхиттарда қандай жәндіктер мекендейтінін анықтап келуді» береді. | Әрбір топ «БББ кестені» толтырады. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Кері байланыс жазады. | БББ кестесі Күнделік Стикер |