Сабақтың көрнекілігі: қалам, қағаз, сулы бояу, интерактивті тақта, фото суреттер
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, озін - өзі тексеру, сайыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу.
Сабақтың формасы: өзін - өзі тексеру, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, иллюстрация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы «Ал қанеки, сурет салайық ! » деп аталады. Осыған дейінгі үйренген, көріп, білген білімдерімізді ортаға салайық.
−Бүгінгі сайыс сабақта бейнелеу өнері жайлы білімдерің тексеріледі, шапшаңдық, ой – қиялдарын, сурет салу шеберліктерің сыналады. а) Оқушыларды топқа бөлу. Топтарына ат қою, өзара топтың капитанын сайлау . Командадағы оқушылар атын, жасын, немен шұғылданатынын немесе нені жақсы көретінін айтады.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді және әділқазыларды сайлайды.
I – топ “Акварель” II – топ “Гуашь”
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель – суда жақсы еритін бояу Гуашь – суға езілетін қою бояу.
Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1. Ой қозғау
2. Айнаға қарап сурет салу
3. Мақал – мәтелдер сайысы.
4. Есте сақтап сурет салу
5. Танграмм
6. Ыммен сурет салу
7. Қорытынды.
Ой қозғау
Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.
Акварель тобы:
Абстракты өнер
Суға жақсы еритін бояу
Автопортрет
Тақырыпсыз өнер шынайы бейнелігі жоқ өнер
Акварель
Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Аппликация
Керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ бояу
Басқұр
Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жанр
Матаға бояумен салынған сурет
Батик
Кеуделік мүсін
Бюст
Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Витраж
Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Версинаж
Ортағасырлық Еуропа өнері
Гобелен
Терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер
Готика
Сурет салып тоқылған кілем
Гуашь тобы:
Гохуа
Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана
Кітап безендіруде қолданылатын көркем сурет
Иллюстрация
жібек матаға бояумен орындалған қытай живописі
Классика
ХХ ғасырдың басындағы бейнелеу өнеріндегі модернистік ағым
Коллаж
Озық үлгідегі өнер
Кубизм
Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші
Маринист
Әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалатын көркем жұмыс
Мозаика
Көркем шығарманың бір бөлігі
Фрагмент
Әр түрлі шыны, тастардан жасалған сурет
Монументтік живопись
Дүние жүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу өнері мұражайы
Миниатюра
Үлкен көлемді көркем безендіруде орындалған шығарма
Лувр
Өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған көркем шығарма
2. Айнаға қарап сурет салу
Топтан бір оқушы шығып, артта ілулі тұрған суретті айнаға қарап салады.
Мақал – мәтелдер сайысы.
Акварель тобы:
1. Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
2. Қасапшыға мал қайғы
Қара ешкіге жан қайғы.
3.Өрмекшінің торы,
Қара шыбынның соры.
4. Ана көңілі қызында,
Қыздың көзі қызылда.
Гуашь тобы:
1. Күн сіркіресе,
Көк дүркірейді. 2. Ақ ит, қара ит,
Бәрі бір ит.
3. Ағын су арнасын табады,
Ақ адам орнын табады.
4. Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,
Ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.
4. Есте сақтап сурет салу
Тақтаға өте –аз уақытқа бір сурет ілінеді сосын алып тасталынады сол суретті есте сақтау арқылы салады
5. Танграмм
Қиылған суретті құрап шығару
6.Ыммен сурет салу
Топтан бір оқушы шығып, қорапшада жасырылған заттарды мимика (ыммен) арқылы түсіндіріп сурет салу
7. Қорытынды:
Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.
№ 21 орта мектеп
Сайыс сабақ
Тақырыбы: « Ал қанеки, сурет салайық! »
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі: Сағындықова А . О