Көрнекіліктер: Әр түрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы, жұмсақ ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
-Балалар, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр .Қанекей бәріміз апайлармен амандасайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
1.Кіріспе бөлім.
-Сұрақ-жауап:
-Балалар ,сендер ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
-Қандай ойыншықпен ойнайсыңдар?
-Ойыншықты қалай ұстау керек?
2.Негізгі бөлім.
Балалар ,бүгін біз ойыншықтар тақырыбында сабақ өтеміз.
Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: Жұмсақ,Қатты, Резиналы.Жұмсақ ойыншық-ұстағанда қолымызға жұмасқ тиетін ,сыртында жүндері бар ойыншықтар.Мысалы:аю, қоян,түлкі,күшік. Қатты ойыншық- қолымызға қатты болып тиетін .Мысалы: оған-көлік түрлері,машина, ұшақ,қайық т. б.Резиналы ойыншықтар -созылмалы болады. Мысалы: қуыршақ, доп,тиін .
Сурет арқылы балаларға көрсету.
-Балалар ойыншықпен ойнаған жақсы. Бірақ ойыншықтың зиянды жақтарын ұмытпағанымыз дұрыс. Зиянды жақтары : ауызға салмау, телефонды құлаққа жақын ұстамау, ойыншық тапаншалар, электронды ойыншықтар, шетелден әкелінетін ойыншықтармен аз ойнау т.б.
-Ойыншықтар туралы жаттаған тақпағымызды есімізге түсірейік.
Ойыншықтар
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайсың
Келе ғой ,дос ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап» ойынын ойнату.Шарты : тығылған ойыншықты тауып, атын атап,түсін.үлкен,кішілігін, ажыратасыңдар ,қандай ойыншыққа жататынын айтасыңдар.
Мақсаты: Ойыншықты атау,ажырата білу.
Машина
Үлкенмін ғой,міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
-Балалар ,сендер ойыншықтар туралы жұмбақтар білесіңдер ме?
Асты ұйқыны білмейтін,
Жүгірмейтін жүрмейтін.
Мұндай бала көрсемші,
Жыламайтын, жүрмейтін.Бұл не? Қуыршақ.
Ұшып-қонып тынбайтын,
Қанша соқсаң, сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.Бұл не? Доп.
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырасың көк теңбіл,
Бұлтқада жетеді.Бұл не? Шар.
Ғажайып сәт.
-Балалар, бүгін бізге аю қонаққа келіпті.Қанекей аюмен амандасайықшы?
-Сәлеметсің бе, аю!
-Балалар менің де сендермен бірге болғым келеді,-дейді аю.
-Балалар, аюға арнап кім тақпақ айтып береді?
Аю отыр партада.
Екі қолы қалтада .
Апай сабақ сұраса ,
Ұйықтап қапты масқара.
-Олай болса, бәріміз «Доптар» туралы өлеңді жаттайық. Сонан соң ойнаймыз.
-Мына суреттерге қараңдар. Нені көріп тұрсыңдар?
-Доптар, бала, қасында жазуы бар.Онда допты, сөзді қосып оқиық. Мен сендерге көмектесейін.
Қызыл ,жасыл,көк ала доп,
Қызыл, жасыл және көк.
Ала шықтым аулаға,
Ойнайтұғын бала көп
Схемада суреттер салынған.
2-3 рет сурет бойынша тақпақты қайталау.
3. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
-Бүгін біз ойыншықтар тақырыбында әңгімелеп жатырмыз .Ойыншықтарға арналған әнімізді еске түсірейікші?
Ойыншықтар
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ,
Ойыншықтар тыңдайды.
Ақыл айтсақ , бұйырсақ.
Кей қуыршақ ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау, қозы, құлыншақ,
Ұйықта десең ұйықтайды.
Аю:-Балалар ,мен енді қайтайын. Маған сендердің сабақтарың ұнады. Сендерге көп рахмет!
Қорытындылау:
Балаларды мадақтау Жұлдызша арқылы жақсы қатысқан балаларды бағалау.