Оқу ісінің меңгеруісі:
Сабақ тақырыбы:
Адамның бет әлпеті.
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың мақсаты
Әлемді суретшілердің көзімен көре білу. Адамдардың бет әлпеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.
Сабақтың міндеттері
Мұғалім үшін: адамның бет-әлпетін талдап, оның ортақ және жеке белгілерін анықтауға, өзін басқа адамдармен салыстыруға үйрету.
Оқушылар үшін:Оқулықтағы тапсырмаларды орындап, 15-беттегі сұрақтарға жауап беру.
Нені білулері керек
Адам келбетнің жалпы және өзіне тән ерекшеліктерін тани білулері керек.
Нені үйренулері керек
Адамның бет-әлпетіне қрап көңіл-күйді анықтай алулары керек.
Жұмысқа қажетті материалдар
Ватман қағазының 2 парағы, жуан фломастерлер.
Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар
Оқулық, әртүрлі эмоциядағы түрді көрсететін фотолар мен суреттер.
Материалды түсіндіру
Балалар бір-бірлеріне қарап бет-әлпеттеріндегі ұқсастықтар мен өзгеелктерді атап өтеді. Сонымен қатар түрі, жынысы,ұлты, жасы әртүрлі адамдардың суреттерімен жұмыс істейді.
Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс
Тақтаға 2 ватман парағын ілемін,5-6 баладан тұратын 2 топты шақырамын. Оларға екі түрлі портрет салуды тапсырамын.Мысалы дөңгелек жүзді, көзі үлкен шашы бұйра таңқы мұрынды бала және осыған мүлде ұқсамайтын, яғни беті қушиған көңілсіз, көзі қысық мұрны ұзын, шашы тік егде адамның суретін салдыру.
Сабақтың қорытындысы
Балалар бет-әлпетінің әртүрлілігінің арқасында адамдардың бір-бірінен дараланатынын түсінеді.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім