Пән мұғалімдері: Әліппи Нұргүл Қосманқызы
Пән: Сызу
Сынытар:
9 «а»
9 «ә»
9 «б»
9 «в»
Тақырыбы: 17-18 Техникалық сурет
Мақсат:
- Білімділік: Техникалық сурет туралы мәліметтер беру.
- Дамытушылық: Техникалық суретті орындау арқылы оқушылардың сызба құжатпен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.
- Тәрбиелік: Сызудың алғашқы негіздерін игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.
Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрациялау, сызу
Құрал-жабдықтар: Транспортир, қарындаштардың түрлері, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар, А-4 пішімі, «Техникалық сурет» презентациясы
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.
Сендер бүгін техникалық суреттің орындау жолдарымен танысып, оны практикада көрсетуге үйренесіңдер.
III. Өткен тақырыпты қайталау
- Абсцисса осі қалай орналасады және белгіленеді?
- Координата жүйесі дегеніміз не?
- Аппликат өлшемдері кеңістікте қандай өлшемдерді анықтайды?
- Аксонметрияның неше турі бар атаңдар.
ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі
Техникалық сурет
Көрнекі кескіндерді орындау жұмысын оңайлату үшін көбінесе техникалық суреттер пайдала-нылады.Техникалық сурет дегеніміз-бұл аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Бұл жағдайда аксонометриялық проек-цияларды салғандағы ережелерді сақтау керек: осьтерді сондай бұрыштар жасай орналасты-рады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға параллель етіп түсіреді. Техникалық суреттерді тор көзді қағазға орындаған қолайлы. 1,а-суретте шеңберлерді тор көзге салу жұмысы көрсетілген, Ең алдымен осьтік сызықтарға центрден, шеңбер радиусындай қа-
шықтықта, төрт штрих белгіленеді. Сонан соң олардың арасынан тағы да төрт штрих белгілейді. Ең ақырында шеңберді бастыра сызады1,б-сурет. Овалды ромбыға іштей сызып салу оңай 1, г-сурет. Ол үшін, алдыңғы жағдайдағы сияқты, ең алдымен ромбының ішіне
овал пішінін белгілейтін штрихтар түсіреді 1,в-сурет. Нәрсеніц көлемділігін баса көрсету үшін техникалық суреттерде штрихтау сызықтарын жүргізеді 2-сурет. Мұнда жарық нәрсенің сол жақ үстінен түседі деп үғынылады. Жарық түскен бетті ашық күйінде қалдырады, ал көлеңкеленген бет штрихталады, көлеңке түскен нәрсе беті неғұрлым қоңырлаү болса, сызык-тар соғұрлым жиі жүргізіледі.
1-сурет. техникалық суреттің салулары 2-сурет
V. Жаңа сабақты бекіту
- Техникалық суреттің аксонометриялык. проекциядан айырмашылығы неде?
- Техникалық суретте нәрсенің көлемін қалай айқындауға болады?
Жаттығу
Жұмыс дәптеріне:
а) фронталь диметриялық және изометриялық проекциялардың осьтерін
(2 -суреттегі мысал бойынша);
б) диаметрі 40мм шеңберді және изометриялық проекциялардағы шеңбердің кескініке сәйкес келетін овалды
(1-суреттегі мысал бойынша) салыңдар.
VI. Қорытынды Техникалық суреттің орындалуымен, техникалық сурет сызуды, ол туралы мәліметтер алып сызуды үйренді. Жақсы орындаған оқушылар жұмыстары аталып бағаланды.
VII. Үйге тапсырма Техникалық сурет тақырыбын қайталау, модель суреттерін салып аяқтап бітіру.