kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: Қазақстан бейнелеу өнері

Нажмите, чтобы узнать подробности

: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге,      тапқырлыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріндегі айрықша туындыларды көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: Қазақстан бейнелеу өнері»

Ашық сабақ жоспары


Пәні: Мәдениеттану
Тақырыбы: Қазақстан бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қазақ бейнелеу өнері туралы жалпы мағұлмат беру. Қазақ бейнелеу өнерінің ерекшелігін түсіндіру.

Дамытушылық:  Негізгі оқиғаларды анықтау, оны жадында сақтау, салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріндегі айрықша туындыларды көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ жабдығы: Интерактивтік тақта, слайдтар,картинка.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері .
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
(3 мин) «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
а)Амандасу ә) Оқушыларды түгендеу б) Студенттерді топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасы. («Сұрақ жауап» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралады) (5 мин)

1. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын жасаған кім? (Қаныш Сатбаев)

2. Географиядан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын жасаған кім? (Әлихан Бөкейханов)

3. Араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиіне латын әліпбиіне көшу қай жылы жүзеге асырлды? (1929 жылы)

4. 1919-1920 жылы қай қалаларда Халық ағарту институттары ашылды? Орынборда, Ордада және Семейде

5. «Маса» атты өлеңдер жинағының авторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

6. Бірінші қазақ романы? авторы? «Бақытсыз Жамал» М. Дулатов



ІІІ. Үй тапсырмасы: түрлі түсті ою өрнектерді ойыны арқылы бекіту (4 мин)

1. Бес арысты білесің бе?

А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов
 

2. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редактор кім? (Ахмет Байтұрсынов)

3. 1911-1915 жылы жарық көрген журнал білесің бе? ("Айқап" қоғамдық-саяси және әдеби журнал)

4. «Көкшетау» поэмасының авторы? (С.Сейфуллин)

5. Суреттегі кісінің аты – жөні? (Мағжан Жұмабаев)

6. Үш бәйтеректі ата?.

Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин



ІV. Жаңа сабақ: (15 мин)

Жаңа сабақтың жоспары: «Өнерліге өлім жоқ»

  • 1. Қазақ бейнелеу өнері салалары.

  • 2. Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасуы

  • 3. Негізін қалаушылар

  • 4. Танымал суретшілер және суреттер

  • 5. Үгіт-насихат құралына айналуы

Дәріс жоспары:

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды.

Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады.

Қастеев Әбілхан (1.1.1904, қазіргі Алматы обл. Жаркент ауд. Шеткін а. – 2.11.1973, Алматы қ.) – кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазКСР-інің халық суретшісі (1944), ҚазКСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1942). 1929 – 36 ж. Алматы қ-нда (Н.Г. Хлудовтан) және Мәскеу қ-нда (И.И. Бродскийден) көркемсурет студиясында оқыды. 1954 – 56 ж. ҚазКСР-і Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары (1931) “Тігін үстінде”, “Мектепке”, “Автопортрет”, “Көгілдір көйлекті қыз”, “Қарындасымның портреті”, т.б. Суретшінің “Ғ.Мұратбаев”, “А.Құнанбаев”, “Ж.Жабаев”, “А.Иманов”, “Ш.Уәлиханов”, “К.Әзірбаев” сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісі. Тарихи тақырыптағы “Түрксіб”, “Амангелді сарбаздары”, “Колхоз тойы”, “Қалыңдық”, т.б. көркем туындыларынан Қ. қаламына тән қасиет – эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді

Ә. Қастеевтің Әлемге танымал суреттері.

1. «Амангелді сарбаздары», 1970 жыл.

2.«Талас өлкесі», 1970 жыл.

3.«Қапшағай СЭС-і», 1972 жыл

4.«Түрксіб», 1969 жыл.

5.«Ақсай карьері», 1967 жыл.

6.«Шоқан Уәлихановтың портреті», 1951 жыл.

7.«Абайдың портерті», 1945 жыл

8.«Мақта жинау», 1936 жыл.

9.«Қызды еріксіз әкету», 1937 жыл.

10. «Сатып алынған қалыңдық», 1938 жыл.

Әбубәкір Ысмайылов

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Әбубәкір Ысмайылов (1913-1999 жж.) – қазақ кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960 ж.). 1913 жылы қазіргі Қарағанды облысы Тельман ауданында туған. Ә.Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады.Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді.

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29.12.1917 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік ауылында дүниеге келген . Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А.Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А.Ғалымбаева «Дастархан», «Бір кесе қымыз» сынды картиналарын жазды.

Қ.Т.Телжанов

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ.Т.Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).

1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970, «Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

Хакімжан Есімханұлы (1925-2009) - Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, халық суретшісі. Ол Қостанай облысында дүниеге келген. Харьковтағы көркемөнер институтын бітірді. Алматы қаласындағы көркемсурет училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырып, сонда сабақ береді.

Хакімжан - бірнеше мүсіндік портреттердің авторы. Атматыдағы «Абай» (қола, 1960 ж.), «Шоқан» (қола, 1969 ж.), Тараз қаласындағы «Жамбыл» (шойын, 1963 ж. «Салт атты Жамбыл» (қола, 1958 ж.) және тағы басқа монументті ескерткіштердегі бейнелерді шынайы суреттеді.

Ол гипс пен мәрмәрден жасалған кейіпкерлерінің жан дүниесін терең әрі жан-жақты аша білді. X.Наурызбаевтың еңбектері Қазақстанның көркем-сурет галереясында сақтаулы.

Термин сөздерді дәптерге жазғызу: 3-мин

Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады.

Сюжетті картина – адамдар өмірі және оны қоршаған әлемсахналары көркем бейнелеуі.

Тұрмыстық картина адамдардың күнделікті өмірі, адамгершілігі және тұрмыс – салты туралы әңгімелеу.

Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі

Кескіндеме, кескіндеу өнерібейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.

І
V. Ой-толғаныс кезеңі. (3 мин) Екі топқа картинка беріледі. Сол бойынша студенттер топтасып жұмыс жасайды.

«Дарындылар» тобы: Әбілхан Қастеевтің " Түрксиб" суретінде нені бейнелеген.

«Шабыттылар тобы» тобы: Әбілхан Қастеевтің «Амангелді Иманов» суретінде нені бейнелеген.

V. Бекіту кезеңі (6 мин) «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»

1. Мозайка құрастыру.

2. «Венн диаграммасы»

«Дарындылар» тобы - Павел Дмитриевич Лобановский "Абай" портреті мен Ә. Қастеевтің "Жас Абай" портретін салыстыр

«Шабыттылар» тобы - А. Ғалымбаеваның картинкалары мен Г. Исмаилова картиналарын салыстыр.

VІ. Қорытынды . (3 мин ) «Қайталау - оқу анасы»

Қандай суретшілерді білесіңдер?

VІІ .Бағалау ( 1 мин ) VІІІ. Үй тапсырмасы (1 мин)
1.Реферат





























Маңғыстау облысы

Қарақия кәсіптік колледжі















Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Қазақстан бейнелеу өнері»















Өткізген: Мәмет Нурбахыт Абайұлы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
: Қазақстан бейнелеу өнері

Автор: Мамет Нурбакыт Абайулы

Дата: 05.03.2017

Номер свидетельства: 398048

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "ХХ ?асырды? 20-30жылдарында?ы ?аза?стан ?дебиеті мен ?нері "
    ["seo_title"] => string(68) "khkh-g-asyrdyn-20-30zhyldaryndag-y-k-azak-stan-diebiieti-mien-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "216290"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432921545"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары."
    ["seo_title"] => string(45) "bieinielieu_onierinin_turlieri_mien_zhanrlary"
    ["file_id"] => string(6) "377549"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484059125"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(187) "БЕЙНЕЛЕУ  САБА?ЫНДА  ЖА?А  ?ДІС-Т?СІЛДЕРДІ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ  О?УШЫЛАРДЫ?  СУРЕТ САЛУ ДА?ДЫЛАРЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(95) "bieinielieusabagyndazhanadistsildierdikoldanuarkylyokushylardynsurietsaludagdylarynkalyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "269810"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450922022"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "?аза?стан суретшілері таби?атты бейнелейді"
    ["seo_title"] => string(51) "k-azak-stan-surietshilieri-tabig-atty-bieinielieidi"
    ["file_id"] => string(6) "247470"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446563155"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Бейнелеу ?нері п?нінен дарынды балалармен ж?мыс ж?ргізу жолдары"
    ["seo_title"] => string(65) "bieinielieuonieripniniendaryndybalalarmienzhumyszhurghizuzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "269546"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450862379"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства