kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан суретшілері таби?атты бейнелейді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?стан суретшілері таби?атты бейнелейді

О?у-т?рбиелік ма?саты мен міндеттері: кескіндемелік да?дысы мен ептілігін дамыту; «шырай» (колорит) ??ымымен таныстыру; назар салуы мен ?ада?алау ?асиетін дамыту; таби?ат?а деген с?йіспеншілігін ояту; ?мір шынды?ына эсетикалы? ?атынасын ?алыптастыру.

Саба?ты? кезендері:

1. ?йымдастыру с?ті.

2. Саба? та?ырыбы бойынша ?йымдастырушылы?-танымды? ??гіме ?ткізу.

3. «Шырай» ??ымын т?сіндіру.

4. Шырай т?сілі бойынша жатты?у.

5. О?ушыларды? ?з бетінше ж?мысы.

6. Саба?ты ?орытындылау.

Саба?ты? барысы:

       Фотосуреттер мен суретті? к?шірмелерін ?ызы?а тал?ылау барысында о?ушылар?а ту?ан ?лкені? таби?аты жайлы ?здеріні? ?серлерін б?лісуді ?сыну.

    ?шы-?иырына к?з жетпейтін шетсіз де шексіз сайын дала мен аптап шарпы?ан ш?л, т?каппар да ас?а? таулар, жасыл желекке малын?ан орман-то?ай мен суы м?лдір ?рі сал?ын ?зен-к?лдер - м?ны? б?рі еліміздегі к?птеген суретшілерді? негізгі шабыт к?зі. Ту?ан жерді? с?лулы?ын жырлап ?ткен к?рнекті суретшілерімізді? бірі - ?білхан ?астеев. Ол - ?аза? ?лтты? бейнелеу ?неріні? негізін ?алаушы. ?. ?астеевті? туындыларынан ту?ан ?лкеге с?йіспеншілікті, ту?ан таби?атты? ?айталанбас с?лулы?ына деген махаббат лебін бай?ау?а болады.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан суретшілері таби?атты бейнелейді»

Пән: Бейнелеу өнері 5-Сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан суретшілері табиғатты бейнелейді

Оқу-тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: кескіндемелік дағдысы мен ептілігін дамыту; «шырай» (колорит) ұғымымен таныстыру; назар салуы мен қадағалау қасиетін дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту; өмір шындығына эсетикалық қатынасын қалыптастыру.

Сабақтың кезендері:

1. Ұйымдастыру сәті.

2. Сабақ тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық-танымдық әңгіме өткізу.

3. «Шырай» ұғымын түсіндіру.

4. Шырай тәсілі бойынша жаттығу.

5. Оқушылардың өз бетінше жұмысы.

6. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

Фотосуреттер мен суреттің көшірмелерін қызыға талқылау барысында оқушыларға туған өлкенің табиғаты жайлы өздерінің әсерлерін бөлісуді ұсыну.

Ұшы-қиырына көз жетпейтін шетсіз де шексіз сайын дала мен аптап шарпыған шөл, тәкаппар да асқақ таулар, жасыл желекке малынған орман-тоғай мен суы мөлдір әрі салқын өзен-көлдер - мұның бәрі еліміздегі көптеген суретшілердің негізгі шабыт көзі. Туған жердің сұлулығын жырлап өткен көрнекті суретшілеріміздің бірі - Әбілхан Қастеев. Ол - қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы. Ә. Қастеевтің туындыларынан туған өлкеге сүйіспеншілікті, туған табиғаттың қайталанбас сұлулығына деген махаббат лебін байқауға болады.




Мұғалім үшін анықтама:

Әбілхан Қастеев. Елімізден шыққан алғашқы ұлттық суретші. Ол 1904 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді. Еліміздің Мемелекеттік өнер мұражайы оның атымен аталады.

Ә. Қастеев қазіргі Алматы, бұрынғы Талдықорған облысының Жаркент ауданында, кедей малшының отбасында өсіп-жетілді. Ол әкесінен сегіз жасында айырылды, буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып еңбекке ерте араласуына тура келді. Алдымен өзінің туған ауылында қой бақты, содан соң Жаркентте қара жұмыспен айналысты. Кейін Түркісіб құрылысына атсалысты. Оның шығармашылық жолы Түркісібтен бастау алды. Көп кейін, яғни 1969 жылы ол ең әйгілі туындысы - «Түркісібті» өмірге әкелді. Суретшінің осынау бірегей туындысынан айтып жеткізгісіз қуаныш пен шаттықтың күмбір күйі төгіліп тұрады. Ең ұмытылмас ыстық сәтті - алғашқы пойызды қарсы алу сәтін қалт жібермей, өнеріне арқау етіп, мәңгілікке өшпейтін алау жағып кетті.

1929 жылы Әбілхан Алматы қаласына (сол кезде - Верный) келеді. Қастеев екі жыл бойы Қазақстанға Ресейден ғылыми мақсатты көздеп келген Николай Гаврилұлы Хлудовтың көркемдік студиясында дәріс алады. Ол сурет өнеріне басы бүтін ден қояды. Содан кейін екі жылын Мәскеуде өткізеді. Қастеев орыстың дәстүрлі кескіндеме өнерімен танысып қана коймай, көркемдік мұражайларды аралап көреді. Әлемдік өнердің ең үздік жауһарларын тамашалайды. Бұл оның одан арғы шығармашылығына өз ізін қалдырады. Атамекеніне оралған соң қалалық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысады.

Әбілхан Қастеев түрлі жанрда және әр қилы материалдармен жұмыс істеді. Ол көбінесе пейзажбен шұғылданды. Оның өзіндік себебі бар еді: көшпелі қазақтың бүкіл тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, өмір сүру салты табиғатпен тығыз байланысты болды.

Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Оның артында мол мұра қалды. Оның әр туындысы халқымыздың төл тарихымен біте қайнасқан.

Оқушыларға Ә. Қастеев салған суреттің көшірмелеріне мұқият назар салуды ұғыну және не көріп, не сезінгендері жайлы әңгімелесу.

Оқушылардың өз бетінше жұмысы:

Өз туған жеріміздің табиғатын бейнелейміз.

Сабақты қорытындылау: сұрақ жауап әдісі

Үйге тапсырма беру: мазмұндау, аяқтау

Бағалау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан суретшілері таби?атты бейнелейді

Автор: Самерова Алия Ахметовна

Дата: 03.11.2015

Номер свидетельства: 247470


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства