kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: №1 орта мектеп

Күні: 14.09.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ермекбаева Айна Султанбековна

Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жоңғар мемлекетінің құрылуын түсіндіре алады

Көптеген оқушылар

Екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайын салыстыруға үйренеді

Кейбір оқушылар

Жоңғар мемлекетінің шабуылдау себептерін айқындай алады

Бағалау критерийлері

Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне қандай себеп болғандығын айта алады.

Жоңғар хандығының жеңуіне ықпал еткен сәтті факторларды айқындап, қонтайшы қызметіне баға береді

Осы параграфта көрсетілген тарихи-географиялық орындарды, шайқас болған жерлерді картадан табады.  Осы тақырып бойынша хронологиялық кесте құра алады.

Қарақұмда өткен құрылтайдың, Бұланты, Аңырақай шайқастарының маңызын айтады, сонымен қатар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан қандай тарихи сабақ алуға болатындығын дәлелдейді.


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология:сұлтан, хандық билік, тақ мұрагері, жырау, орталық, әулет, феодализм, аристократия, уәзір, хан, би, батыр, жасақ;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

«Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рол атқарды?» деген тақырыпта 40-55 сөзден тұратын мақала жазады. (жазылым дағдысы)

Құндылықтарды дарыту



-патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- көшбасшылық

- ұлттық сана – сезім

- бостандық

Пәнаралықбайланыстар

Қазақ әдебиеті, дүние тарихы, құқық негіздері

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларындамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


Тәуке ханның билік еткен кезеңін және жеті жарғы заңдар жинағын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин



1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал қалыптыстыру.

2. Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларға бүгінгі сабақтағы терминдер бойынша (хан, би, батыр) деп бөлемін.


Презентация






Сабақтың ортасы


3-8 мин












8-13 мин













13- 18 мин










18-23 мин








23-28 мин








28-37 мин









37-38 мин




3.Ширату сәті:

Оқушыларға тақырыпқа сай видеоматериал көрсетіледі де, жаңа сабақты ары қарай өрбіту үшін сұрақтар қойылады:

  • Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?

  • Әрбір әлеуметтік топ өкілдері қандай қызмет атқарды?

  • Хандардың, би, батырлардың басшылық рөлі мен шешімдері қаншалықты маңызды болды?

Оқушыларға мәтін таратылады.

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен),Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқаниеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-руларҚызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақайдаласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

Терминдермен жұмыс clil бойынша

  • хан

  • би

  • батыр

  • уәзір

  • төлеңгіттер

  • қарапайым халық

Топтық жұмыс.Үш топқа кестені толтыруға тапсырма беріледі:


Әлеуметтік топтар

Айырма

шылығы

Маңызы

І Түркі кезеңі




ІІ Моңғол шапқыншылығы




ІІІ

Қазақ хандығы кезеңі




Әр топ берілген тапсырманы орындап, жауаптары тыңдалады. Қажет болса толықтырылып, кері байланыс беріледі.

Жеке жұмыс. Кілт сөздер беріледі:Хан, би, сұлтан, батыр, рубасы, уәзір, төлеңгіттер, қарапайым халық, құл.Оқушылар әрбір әлеуметтік топты қоғамдағы рөліне қарай жылқы бейнесіне орналастырып, не себепті екенін түсіндіруі тиіс.

Төрт шағын топтарға тапсырмалар  беремін.

І топтың тапсырмасы:  Қарақұмдағы құрылтайдың не себепті өткендігін анықтау және құрылтайда қаралған мәселелердің шешімін айту.

ІІ топтың тапсырмасы:«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  оқиғасының зардаптары туралы айту.

ІІІ топтың тапсырмасы: Бұланты бойындағы шайқастың  маңызын айту.

ІҮ топтың тапсырмасы:

Аңырақай шайқасының  маңыздылығын айту.

Тапсырма орындалған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын

«Сәйкестендіру» әдісі

«Шабуылдау себептері мен жеңілу себептерін анықтау»

Оқушыларға екі бағанаға парақшаларда берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыруды тапсыру

Оқушылар берілген сөйлемдерді қазақтардың жеңілу себептері немесе жоғарлардың шабуылдау себептері бағаналарына сәйкес салыстыра отырып орналастырады, жіктейді. Тапсырманы орындап болған соң, неліктен осылайша сұрыптағанын тұжырымдайды.Мұғалім сабақты қорытындылайды.


Үйге тапсырма:“Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рөл атқарды?”деген тақырыпта

40-55 сөзден тұратын мақала жазыңыздар



http://el.kz/m/articles/view/%D0%90%D2%9B%D1%81%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA-1





Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010.


Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос (XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). –Павлодар, 2004.


Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.






Қазақ тарихы ғылыми әдістемелік журнал. №5, №3, №4, №2, 2010.









Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Кітап баспасы, 2010. 336-б.


Сабақтыңсоңы

38-40 мин

Рефлексия
“Плюс – минус – қызығамын ” кестесін толтырыңыз:


Плюс (+)


Минус (-)


Қызығамын (?)




Стикер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеруден кейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілді жетік меңгермеген оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру. Термин сөздермен жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндік беру. Ойын жеткізе алуына қолдау көрсету.

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады.

Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады.

Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру


Сабақ бойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Автор: Айна Ермекбаева Султанбековна

Дата: 21.12.2020

Номер свидетельства: 568028

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы"
    ["seo_title"] => string(56) "zhong_ar_baskynshylygyna_karsy_otan_sogysynyn_bastaluy_1"
    ["file_id"] => string(6) "592890"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1638122524"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "?аза? хал?ыны? жо??ар бас?ыншыларына ?арсы азатты? к?ресі "
    ["seo_title"] => string(67) "k-azak-khalk-ynyn-zhon-g-ar-bask-ynshylaryna-k-arsy-azattyk-kuriesi"
    ["file_id"] => string(6) "178629"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424863114"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?аза?стан ?лы Отан со?ысы жылдарында. "
    ["seo_title"] => string(41) "k-azak-stan-u-ly-otan-sog-ysy-zhyldarynda"
    ["file_id"] => string(6) "175199"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424249281"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?аза?стан тарихы 11 сынып билет с?ра?тары"
    ["seo_title"] => string(47) "k-azak-stan-tarikhy-11-synyp-biliet-su-rak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "338893"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1470733679"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "?аза?стан ?лы Отан со?ыс жылдарында. Тылда?ы е?бек"
    ["seo_title"] => string(46) "kazakstanulyotansogyszhyldaryndatyldagyienbiek"
    ["file_id"] => string(6) "285872"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454254299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства