Сабақ тақырыбы: Жаңа тас дәуірі (Неолит) | |
Күні: 17.10.2016ж | |
Сынып: 6В,Г |
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) | Неолит төңкерісі, яғни өндіргіш шаруашылыққа көшу туралы түсініктерін кеңейту. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: |
А. Жаңа тас дәуірде тас өңдеу техникасының гүлденгенін, өндіргіш шаруашылыққа көшкенін және еңбек бөлінісінің пайда болуын біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
В. Неолит заманының ерекшеліктерін талдай отырып, өзге дәуірлерден маңызын анықтайды. |
Кейбір оқушылар: |
С. Неолит төңкерісінің мәнін саралай, қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихтағы орнын зерделейді. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Жаңа тас дәуірде тас өңдеу техникасының гүлденгенін, өндіргіш шаруашылыққа көшкенін және еңбек бөлінісінің пайда болуын зерделеп, көзқарасын өз сөзімен жеткізе біледі |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Ежелгі Қазақстан тарихының терминдерімен жұмыс |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) |
Адамдар өнім өндіріп, құрал- сайман жасауда жетістіктері тарихта неолит төңкеріс деп аталған, себебі... |
Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым) |
Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тауып, егіншілік пен мал щаруашылығының дамуы әртүрлі кәсіптердің- өрмешілік, ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды дайындаудың дамуына әкелгенін дәлелдейді |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Қосымша оқуға арналған материалдарды пайдалану Ежелгі Қазақстан картасынан негізгі оқиғалар болған жерлерді көрсету Постермен жұмыстану Тест сұрақтарына жауап беру |
Алдыңғы оқу | Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) | Формативті бағалау (ОҮБ) | Ресурстар |
Басталуы 10мин | Кіріспе. Таныстырылым (1-2 минут) Ұйымдастыру Үй тапсырмасын тексеру «Бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасына дайындығын тексеремін. / Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер / «Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау; Оқушыларды тас дәуірінің үш кезеңі арқылы «Палеолит», «Мезолит» және «Неолит» деп бөлемін; Жаңа сабақтың табыс критериийін бірге анықтау. | Үй тапсырмасын еске түсіре өз білімінің қаншалықты деңгейде екенін тексереді, өзара «Бағдаршам» әдісі бағалайды. | Қазақстан тарихы /Ә.Т.Төлебаев, Ғ.Д.Іргебаев Алматы «Атамұра» 2015 /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба, интербелсенді тақта. |
Ортасы 25 мин | Негізгі бөлім «Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы жаңа тас дәуірі тақырыбын өздігінен меңгеру. Постер шығару. Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру. Оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашу. Бағалау критерилерін тарату. Постер қорғау. І-топ: Неолит төңкерісі; ІІ-топ: Өндіргіш шаруашылыққа көшу; ІІІ-топ: Еңбек бөлінісінің пайда болуы. Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату. Кестемен жұмыстанады Сәйкестендіру Палеолит | | Б.з.б.12 млн-5 мың жыл | Мезолит | Б.з.б.2,6млн-12 мың жыл | Неолит | Б.з.б.5мың-3 мың жыл | | Топтар оқулық материалдарынан және қосымша мәліметтерден алған мәліметтерін қосып постер құрады. Құрып болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды. Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды. Постерді бағалау критерилері: Тақырып мазмұнының ашылуы Безендірілуі Шығармашылығы | |
Аяқталуы 10 мин | Бекіту (табыс критерийіне қайта оралды) «Қар кесегі» әдісі арқылы сабақты бекіту. Бағалау Үйге тапсырма Деректер жинау Рефлексия (кері байланыс) «Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау. | «Блоб ағашы» арқылы өз деңгейін көрсетеді. | Сөздер жазылған парақшалар |
Қосымша ақпарат Бейне үзіктер, Интернеттен мәліметтер қарап, салыстыру (өз бетімен) |