Просмотр содержимого документа
«Жа?а тас ?асыры (неолит)»
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §5. Жаңа тас ғасыры (неолит)
Сабақтың мақсаты:
G Жаңа тас ғасыры, яғни неолит дәуірі туралы , оның ең үлкен жаңалығы туралы айта отырып, белсенді, білімді, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: суреттер, сызба, т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· Әнұран орындау, «Хабар»
· Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
G Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?
G Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады?
G Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?
G Егіншілік қашан пайда болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Неолит тұрақтары
Ø Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар аралығын қамтыды
Ø Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5 мыңжылдыққа тән
2. Неолит ескерткіштері
· Солтүстік Қаз-дағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар
· Балқаштың солтүстігінен
· Орталық қазастанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан
· Жезқазған өңірінен Шығыс Қазақстан аумағынан көптеген ескерткіштер табылды.
3. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.
Қазақстан аумағынан неолиттің 500-ден аса тұрақтары табылған
Көзе-саздан жасалған қыш ыдыс
Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы-адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.
Сабақты бекіту:
1. Картаны пайдаланып, неолитті тұрақтарды көрсет.
2. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?
3. Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрақтарыа сипаттама бер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §5. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері кестесін дәптерлеріне көшіріп, жаттап келу.