kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мыс-тас ?асыры (Энеолит)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып

6

П?н

Ежелгі ?аза?стан тарихы

Саба? №

7

Та?ырып

§ 6 Мыс-тас ?асыры (Энеолит)

Са?ат саны

1

Ма?саты:

1. Білімділік

Мыс-тас ?асырыны? ерекшелігі жайлы т?сіндіріп о?ушыларды? білімдерін арттыру.

2.Т?рбиелік:

П?нге деген к?з?арасты, білімге деген ??штарлы?ты т?рбиелеу.

3.Дамытушылы?

Мыс-тас ?асырыны? е?бек ??ралдары, ескеткіштері т??ірегінде айта отырып ой-?рістерін дамыту.

К?рнекілік

Карта, кітап, карточка

?діс-т?сіл:

Аралас саба?

Саба?ты? барысы:

1.?йымдастыру кезе?і

ІІ. ?йге берілген тапсырма:

1. С?ра?тар

1. Неолит  д?уіріндегі адамдар ?міріндегі ?згерістерді ата. Адамдар ?андай жа?алы?тар ашты?

2. О?улы?ты пайдаланып, Сексеуіл т?ра?ын сипаттап бер.?

3. О?улы?та?ы суретті ??гімелеп бер.

2. Тест ж?мысы

1.Тас ??деу ?дістері жо?ары д?режеге жеткен кезе?

а) палеолит  в) мезолит  с) неолит  д) мусьте

2. Неолит адамдарыны? мекенжайлары уа?ытша болды,себебі

а) а?шылар а?дарды? со?ынан жылжып к?шіп отыр?ан  в) климат ?згерді  

с) таби?и жа?дайы ?олайсыз болды  д) терімшілікпен айналысты

3.Неолитті кейде ?алай ата?ан

а) «микролит жасау кезе?і» в) «ба?ташылы?»  с) «?ыш ??мыралар заман» 

д) «теміршілік д?уірі»

4.Адамдар тасты кесу, жону, жалтырата тегістеу, б?р?ылауды ?ай кезе?де ойлап тапты

а) энеолитте  в) кейігі палеолитте  с) неолитте д) ерте палеолитте       

III.  Жа?а саба?

  1. Мыс-тас ?асырыны? ерекшелігі. Энеолит с?зі-мыс-тас ?асыры дегенді білдіреді. Біра? металл тасты тасты ?олданыстан м?лдем шы?арып таста?ан жо?. Тас сол кезде де е? негізгі ??рал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ?асыры ?о?амында екі ірі ?згеріс орын алды.: е?бек б?лінісі ж?не аталы? ру орнай бастады. Е? ал?аш?ы ірі ?о?амды? е?бек б?лінісі шаруашылы?ты? –егіншілік пен мал шаруашылы?ы болып б?лінуі еді. Біра? энеолитте біры??ай  егіншілікпен айналысатын тайпалар ?лі ?алыптаспады.

      ?й ??рылысында т?бесі а?ашпен жабылып, жартылай жерден ?азыл?ан к?п б?рышты немесе ше?берлі ??рылыстар салу басым болды. Энеолит кезе?інде ?айтыс бол?ан адамды ?онысты? шетіндегі зиратта жал?ыз зиратта, сонымен ?атар ?айтыс бол?ан адамны? бейнесін (маска) жасау д?ст?рлері кездеседі. М?ндай бейнелерге ?арап энеолиттік адамны? т?р-сипаты еуропалы? н?сілге жататынын бай?ау?а болды.

  1. Е?бек ??ралдарыны? жетілдірілуі. Адамдар даму барысында е?бек ??ралдарын ?немі жетілдіріп отырды. Адамны? жаса?аны,  тап?аны б?рі е?бек ?німі деп аталды. Тесені тас тісті а?аш со?а алмастырды, н?тижесінде е?бек ?німділігі арта т?сті.

         Сол кезе?дерге металды? кейбір т?рлері: алтын, к?міс, мыс таби?атта дайын к?йінде кездесті. Е? бірінші ?олданыл?ан металл-мыс. Б?дан 5 мы? жыл б?рын адамдар мыс ??деуді ?йренді.

  1. Мыс-тас ?асырыны? ескерткіштері. ?аза?стан аума?ында энеолит кезе?іні? ерекше ескерткіші-Солт?стік ?аза?станда?ы Ботай т?ра?ы. Ботай т?ра?ы б.з.б. 3-2 мы?жылды?тармен мерзімделеді. Б?л т?ра? 15 гектар жерді алып жатыр. Т?ра?ты ?азу барысында 158 т?р?ын ?й табылды. ?йлерді? ?абыр?алары жануарлар терісімен ?аптал?ан, ортасына оша? орнатыл?ан.

Энеолиттік ескерткіштер Ма??ыстау жерінде де жолы?ты. Шебір елді мекені ма?ынан тас пен ?ыштан жасал?ан е?бек ??ралдары табыл?ан.  Ыдыстар сазбалшы?тан  жасал?ан, т?бі ж?мырт?а т?різді болып келеді.Ыдыстарды ?шекейлеу ?шін тара? тісі сия?ты ?рнек пайдаланыл?ан.

            Шебір т?ра?ыны? т?р?ындары моллюскаларыны? ?абы?тарын монша? етіп та??ан.            Монша?тарды? жиектері      м??ият тегістелген, ал тесіктері б?р?ылау ?дісімен жасал?ан. Шебірліктер негізінен а? аулаумен айналыс?ан.

IV.Саба?ты бекіту :

І.С?ра?-жауап.

1.Энеолит с?зіні? ??ымы нені білдіреді?

2.Энеолит д?уіріні? ерекшелігін сипатта.

3.?аза?стан жеріндегі энеолит д?уіріні? ескерткіштерін ата.

4.Е? бірінші ?олданыл?ан металл?

5. Ботай т?ра?ыны? табыл?ан жері.

6.Мыс-тас ?асырыны? ескерткіштері

Саба?ты ба?алау

V. ?й ж?мысы

  1. § 6 Мыс-тас ?асыры (Энеолит)
  2. Кестені толтыру

Тас д?уіріні? кезе?дері

 

Кезе?ні? хронологиялы? ау?ымы

Жа?алы?тар мен ?нертабыстар

?р кезе?де ?мір с?рген адамдар

?о?амды? ??рылымы

Ерте палеолитті? мустье кезе?і Кейінгі палеолит

Мезолит

Неолит

Энеолит

 

 

 

 

 

 

VІ. Саба?ты ба?алау :

Саба??а ?атысып,с?ра?тар?а жауап берген балаларды ба?алау

Саба??а ?атысып,с?ра?тар?а жауап берген балаларды ба?алау










 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мыс-тас ?асыры (Энеолит)»


0000Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып 6

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушыларды алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың өмірімен таныстыру.

Тәрбиелік: Қазақстан тарихы әлемдік тарихтың бір бөлігі, әрбір оқушы өз халқының тарихына зор құрметпен қарауға және отансүйгіштік сезімге баулу.

Дамытушылық:

Қазақстанның ертедегі тұрғындары, олардың мәдениеті мен тұрмысы сыртқы дүниемен байланысы жайлы айта отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Көрнекілік

Қазақстан Республикасының саяси картасы, кесте, оқулық.

Әдіс-тәсіл:

Дәстүрлі сабақ


Сабақтың барыcы:


І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

ІІ. Оқушылардың біліктілігін, деңгейін анықтау:

  1. Оқушылар, біз тұратын мемлекет, біздің Отанымыз қалай аталады?

  2. ҚР–ның астанасы қай қала?

  3. Маңғыстау облысының орталығы қай қала?

  4. Біздің ауданымыз қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.


Отанымыздың аумағында ежелгі тас дәуірінді өмір сүрген алғашқы адамдармен олардың дамуы қоршаған ортасы, қола темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар жөнінде білеміз.Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге, яғни тас дәуірі қола дәуірі темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Тас дәуірінде өмір сүрген адамдар еңбекке бейімделіп, терімшілік пен аңшылықпен айналысты, тұрмысқа қажетті еңбек құралдарын жасады, табиғаттың қиынщылықтарыны төтеп берді.

Қазақ халқының негізін құраған алғашқы адамдар бастапқы кезеңде тобыр болып бірте-бірте рулық –тайпалық, қауымдастық жүйемен өмір сүрді. Рулық достық және шаруашылық түріне қарай қалыптасқан қазақ жеріндегі тайпалар мал өсірумен егіншілікпен және кен өндірісімен айналысты. Тұрмысқа қажетті киім мен ыдыс-аяқ жасау кеңінен дамыды.

Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы еңбек бөлінісін қалыптастырды. Ендігі жерде малшылық пен егіншілілікпен айналысатындар бөлініп шықты.Адамдар тобырдан жекеленіп , отбасылық қауым, отбасылық-өндірістік ұжымға бірікті, жекменшік шықты.Қола дәуірінде рулық құрытыс ыдырап мүлік теңсіздігі шыға бастады, қыстақтар салынып, мәдениет гүлдене түсті. Жерорта теңізі, кіші Азия аймағымен мәдени және эконтмикалық баайланыстар орнап, Ұлы Жібек жолы қызмет ете бастады.

Б.з.б. I-мыңжылдықта Қазақстан жерінде ежелгі қуатты тайпалар сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпалық одақтары қазақ даласында өмір сүрді. Сақ тайпалары «аң стилі» өнерімен зергерлік бұйымдар жасау ісімен таңғажайып өю-өрнегімен белгілі үйсіндер мыс қорғасын қалайы, алтын кен орындарын пайдаланып қару-жарақ соқты. Ал ғұндар орсан зор «державаға» айналып, батысқа жорық жасаумен тарихта аттары қалды. Осы тайпалардың негізінде ежелгі Қазақстан жерінде ежелгі түрік тілінде сөйлейтін хылықтар қалыптасты.

Тарих-халық зердесі. Ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат сияқты ата-бабаларымыз өмір сүрген көшіп-қонған жерлер, қазірде Қазақстан Республикасы. Осындай ұлан-байтақ жеріміз бен ата-бабаларымыздың тарихы сендерді қызықтырары сөзсіз.

ІV Сабақты бекіту :

  1. Адамзат тарихы неше дәуірге бөлінеді?

  2. Ежелгі адамдардың айналысқан кәсібі?

  3. Қазақстан жеріндегі тайпалық одақтар туралы не білесің?







V.Үй жұмысы

VІ. Сабақты бағалау :














































Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақ №

2

Сағат саны

1

Тақырып

§ 1 Ерте Палеолит

Мақсаты

Оқушыларға адамзат баласының шығу тарихы туралы, оның алғашқы еңбек құралы, кәсібі, алғашқы өмір сүрген тұрақтары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік:

Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың іздері қалғанын таныстыра отырып туған жерінің тарихын білуге деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық:

Оқушылардың тарихи көзқарастарын дамыту.


Көрнекілік

Дүние жүзінің саяси картасы; Қазақстан Республикасының саяси картасы;


Әдіс-тәсіл:

Баяндау сабағы

Сабақтың барысы :


І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

ІІ. Оқушылардың біліктілігін, үй жұмысын орындау деңгейін анықтау:

1.Сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасындағы ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпалық одақтары туралы не білесің?

  2. Ұлы Жібек жолы қандай қызмет атқарды?

  3. Қола дәуірінің ерекшелігі қандай?

2.Жылдар сөйлейді.

1. Ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,6 млн жылдан-б.з.б. 12 мың жыл)

2.Ерте палеолитте (б.з.б. 2,6 жыл-б.з.б. 40 мың жыл)

3.Кейінгі палеолит (40-12 мың жыл)

4.Ерте палеолит олдувэй (б.з.б. 2,6 млн-800 мың жыл)

5.Ерте палеолит ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл)

6. Ерте палеолит мустье (б.з.б. 140-40 мыңжыл)

ІІІ. Жаңа сабақ.



1. Адамзат баласының шығуы.

Ең алғашқы адам баласының пайда болып дамуындағы кезең алғашқы қауымдық құрылыс болып табылады.Адам баласы жер бетіндегі тірі жәндіктер сияқты эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар ірі маймылдарға ұқсас келді.Терісін қалың түк басты, қолдары аяқтарынан ұзын еді. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы-оның алғашқы еңбек құралы еді. Қолымен жеміс терді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмысты орындай алатын солардың көмегімен тамақ тауып жеді.

Ғалымдар алғашқы адамда «епті адам» деп атады. Ол Кения жеріндегі Олдувей шатқалынан табылған жасы 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталды. Оның қаңқасы Ява аралынан табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрды. Солтүстік Қытайдан табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Питекантроп пен синантропты «тік жүретін» адам деп атайды.

2. Алғашқы адамдардың кәсібі.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алып, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті.Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табумен жабайы жануарлардан қорғану үшін топталып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы тобыр деп аталды.

Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттардың, бизондардың, маралдармен жабайы жылқылардың, үңгір аюларын аулады.

3. Ежелгі Қазақстан табиғаты.

Қазақстанның табиғаты мен климаты ежелгі кезеңде мүлдем басқаша болды. Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхитынан Қазақстанға ылғалды жылы ауа кедергісіз еніп тұрған. Жиі жауған жылы жаңбырдан алуан түрлі өсімдіктер қаулап өсті. Аңғарларда суы мол өзен-көлдердің жағасында пілдер шөбі шүйгін кең байтақ шалғындарда жылқы табындары жайылып жүрді. Далалы жерлерде қара құйрық, бөкен мен құлан үйірімен жортып жүрген.

Тауларда тау ешкі мен арқар тіршілік етті. Ежелгі Қазақстан табиғаты алғашқы адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы болды.

Алғашқы адамның Қазақстандағы іздері. Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағындағы алғащқы адамдар шамамен бұдан 1 млн –дай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған еңбек құралдары дәлелдейді. Алғашқы адамдардың ең көне іздері Маңғыстау түбегіндегі Шақпақ ата, Қазақстанның оңтүстігіндегі Шабақты, Қазанғап, Тәңірқазған т.б қоныстардан табылған.

Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш , сына тас, бифас, пышақ, қырғыштар әр-түрлі үшкір тастар. Тас құралдар олдувэй , ашель құралдарына ұқсас.Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 мыңғажуық тас құралдары табылған.

Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді.

Cабақты бекіту:



І. Сұрақ-жауап

1. Алғашқы адамдардың қандай еңбек құралдары болған, оларды не үшін пайдаланған?

2. Алғашқы адамдар қалай аталған?

3.Ежелгі Қазақстан табиғаты қандай еді?Қазіргі және ежелгі Қазақстанның табиғаты мен салыстыр.




Үйге тапсырма:

§ 1.Ерте палеолит

VІ. Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау









































Сынып

6




Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы


Сабақ №

3

Сағат саны

1

Тақырып

§ 2 Ерте палеолиттің мустье кезеңі

Мақсаты

Ерте палеолиттің мустье кезеңінің климаты мен табиғаты, кәсібі мен құралдары, отты пайдалануы жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік:

Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Сөздік қорын байыту және күрделендіру

Көрнекілік

Карта, кітап, карточка,тест сұрақтары

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы жалпылама сұрақ беру арқылы сұрау:

1. Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді.

2. Адамдар отты қалай пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсың?

3. Оқулықтың мәтінінен адамдардың суықтан қалай қорғанғанын тауып, оқып бер?

4. Оқулықтағы суретке қарап, адамның алғашқы еңбек құралдары туралы

2. Тестік бақылау

  1. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

а) неандертальдықтардың; в) синантроптың; с) питекантроптың; д) австралопитектің;

2. Ғалымдар Кения жеріне алғашқы адамды қалай деп атады?

а) «саналы адам»; в) «епті адам» с) «үңгір адамы»; д) «тік жүретін адам»

3. Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған кезеңі.

а) энеолит в)мезолит с)ерте палеолит д) неолит

4. Ғжелгі тас дәуірі қай уақытты қамтиды.

а) б.з.б.2,6 млн жылдан-б.з.б. 12мың.жыл.

в) б.з.б. 2млн.жылдан –б.з.б. 10 мың.

с) б.з.б.2 млн.жылдан –б.з.б. 12 мың.

д) б.з.б. 2,3 млн. Жылдан –б.з.б. 13 мың.

5. Ең алғашқы адамдар питекантроп пен синантроптар ғылымда қалай аталады.

а) «саналы адам» в) «тік жүретін адам» с) »үңгір адамы» д) «епті адам»

6. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер.

а) Англия. в) Кения. с) Ява аралы. д ) Германия

7. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады

а)сүйектен в) тастан с) қоладан д) темірден

3.Тарихи сынақ хат

1. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы................. (алғашқы еңбек құралы еді)

2. Кения жеріндегі Олдувей шатқалынан табылған жасы......................... (1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген)

3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар ............................(питекантроптық) замандастары еді.





























III. Жаңа сабақ

1.Климаты мен табиғат жағдайы. Бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Еуропа мен

Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болып оның қалыңдығы 2 километрге жеткен. Суықтан қорғану үшін, адамдар

өздеріне жылы киім тігіп, баспана іздестірді.Ғалымдардың есептеуінше, бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастады.

Сөйтіп Жер қазіргі қалпына келді. Адамдар тіршілік ету үшін табиғаттың қатал қиындықтарына қарсы тұра білді.

Хайуандардың терісінен киім тіге бастады. Инені әдетте үшкір сүйектерден жасады. Жіп орнына жануарлардың сіңірлерін

пайдаланды.

2.Отты пайдалану. Ертедегі адамдар әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей

ұзақ сақтауға тырысты. Археологтар 100 жылдар бойы жанып тұрған от орнын тапты. Адам бірте-бірте өзі жағуды

үйренді. Оттың пайдасы шексіз еді. Онымен адамдар жылынды, тамақ пісіріп жеуге мүмкіндік туды.

3.Мустье кезеңінің тұрғындары. Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар неандерталь деп аталады. Ол Германия

жерінен табылды. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 135 мың жыл бұрын өмір сүрген. Мустье кезеңінде еңбек

өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды.

4. Кәсібі мен еңбек құралдары. Неандертальдықтар негізінен аңшылық және терімшілік пен айналысты.

Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Қол қашауын жасауды үйренді.

Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге , салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін

тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Сөйтіп адам бірте-бірте тастан пышақ, найзаны,

ұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.Еңбек құралдарын жасауды игеру адамды жануартал дүниесінен бөліп

шығарды.

Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын адам баласы мустье заманының басында игере бастаған. Олар

Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас

құралдардың пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын.Қазақстан өңірінен табылған тұрақтардың ең күрделілісі,

қалыңдығы 7 метр болатын көп қабатты Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ. Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет

қоныстанған.


Бекіту:

1.Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді.

2.Адамдар отты қалай пайдаланған оның қандай пайдасы болды.

3. Адамдардың алғашқы ұжымы туралы не білдің.



Үйге тапсырма: § 2 Ерте палеолиттің мустье кезеңі


VІ. Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау









Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________


Сынып

Пән

Сабақ №

Сағат саны

Тақырып

Мақсаты

Тәрбиелік:

Дамытушылық:

Көрнекілік

6

Ежелгі Қазақстан тарихы

4

1

§ 3 Кейінгі палеолит

Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері саналы адамның қалыптасуы, рулық қауымның шығуы туралы түсінік беру.

. Кейінгі тас дәуірінде адамзат жердің барлық аумағын мекендегенін, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасқанын айта отырып оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Карта, оқулық, карточка, тест.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:


3.Карточкалық сұрақтар.


1-карточка

1. Қазақстанның бұдан 100 мың жыл бұрынғы климаты мен табиғат жағдайы.

2. Адамдардың мустье кезеңінде отты пайдалануы.

2-карточка

1. Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы мустье заманының қоныстары туралы не білесің.

2.Мустье кезеңіндегі өмір сүрген неандерталь адамы туралы не білесің?


ІІІ. Жаңа сабақ.


  1. Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері. Кейінгі тас дәуірінде адамзат жердің барлық аумағын игерді. Бұл кезеңде адамзаттың түрлі нәсілдері рулық қауым қалыптаса бастады.Кейінгі тас дәуірінің соңына қарай жерде өте маңызды климаттық өзгеріс орын алды. Ауа райы жылына бастады. Қуаңшылық күшейді. Мұндай климат мамонттар мен жүндес мүйіз тұмсықтар тіршілігі үшін өте қолайсыз еді. Олар барған сайын азайып б.з дейінгі 10 мың жыл бұрын мүлдем құрыды. Жайық өзенінің сол жағалауынан бұдан 10 мың жыл бұрын өлген мамонттың сүйегі табылды.

  2. Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит. Кейінгі палеолитте алғашқы адамдар Қазақстан аумағына кеңінен тарала қоныстанды. Олардың орталық Қазақстан жеріне Семізбұғы, Батпақ, Қарабас, Шығыс Қазақстаннан Бұқтырма мен Шүлбі, Оңтүстіктен Ащысай Жетісудан Майбұлақ тұрақтары табылып, зерттелінді. Аң аулаудан қысқа сапты ағаш найза-дротик, ұшы сүйектен жасалған сүңгі-гарпун, жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын жіп байланған тастар-болас қолданылды.

  3. «Саналы адам» Кейінгі палеолит б.з.б 40-12 мыңжылдықта адам баласы дамуының жаңа кезеңі басталды. Ойлау мен тілдің арасында тығыз байланыс туындап, мидың дамуын күшейтті. Қазіргі адамға ұқсас адам қалыптасты. Адам еңбек арқылы жетіліп оның қолы ,сөзі , миы дамыды. Неандертальдықтардан кейін мөлшермен бұдан 30-40 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адам қалыптасты.

«Саналы адам» сүйегі Францияның Кро-Маньон үңгіріне табылған. Сондықтан саналы адамды Кро-Маньондық деп атайды. Бұл кезең адамдары рухани жағынан да жетіле түсті. Үңгір қабырғаларындағы түрлі бейнелер айқын дәлел.

  1. Рулық қауымның шығуы. Адамдар тоды бірте-бірте туысқандардың ұжымына –рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «Саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды.Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі түгел қатысты. Әрқайсысы өз пікірін білдірді.Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Бірнеше ру бірігіп шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Ондай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.





ІV Сабақты бекіту :



Сұрақтар

1Кейінгі палеолиттің ескерткіштері Қазақстаның қай жерінен табылған.

2 Палеолит дәуірінің тұрақтары туралы не білесің.

3.Ру дегеніміз не

4.Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды.

V. Үйге тапсырма:

VІ. Сабақты бағалау :

§ 3 Кейінгі палеолит

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау

















































































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________



Сынып

Пән

Сабақ №

Сағат

Тақырып

Мақсаты

Тәрбиелік:

Дамытушылық

Көрнекілік

Әдіс-тәсіл:

6

Ежелгі Қазақстан тарихы

5

1

§ 4 Орта тас ғасыры(мезолит) (б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын)

Орта тас ғасырының ерекшелігі адамдардың кәсібі қоғамдық өзгерістері туралы түсінік беру.

Дүниетанымды қалыптастыру.

Оқушының жалпы интеллектуалдық біліктілігін дамыту

Карта, кітап, карточка тест

Баяндау сабағы

Сабақтың барысы


І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Тест сұрақтары.

1.Кейінгі палеолиттің мерзімі

а) б.з.б .40-12 мың жыл в) б.з.б 2,6млн-40мың жыл с) б.з.б. 10-6 мың жыл д)б.з.б.6-3мың жыл

2.Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам а) «епті адам» в) «қытай адамы»

с) «саналы адам» д) «үңгір адамы»

3.Туысқан адамдар ұжымының атауы

а) адамдар тобыры в) рулық қауым с)отбасы д) аналық қауым

2. Тарихи сынақ хат.

1.Неандертальдықтардан кейін мөлшермен бұдан................ (30-40 мың) жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адам қалыптасты.

2.Кейінгі палеолит б.з.б 40-12 мыңжылдықта адам баласы дамуының................. (жаңа кезеңі) басталды.

3.«Саналы адам» сүйегі........................(Францияның Кро-Маньон) үңгірінен табылған.










ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Орта тас ғасырының ерекшелігі. Мезолит ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас ғасыры аралығындағы кезең Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған Қазақстан аумағында 20 дан астам мезолиттік тұрақтар:Мичурин,Явленко,Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. Жер бетінде қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.

Мезолит заманының үлкен жаңалығы-микролиттер, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Мезолит заманының тағы тір бастіы жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.

  1. Мезолит адамдарының кәсібі. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды. Адамдар балық аулауда қармақ пен ау, гарпунды пайдаланды. Алғашқы қайық түрлері жасалынды. Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Үнемі Жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілісіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауын мекендеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді-дақылдарды өсіруді айтады.

Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты. Аң аулау кезінде жас төлдерді аңшылар өлтірмеген, оларға сырғауылдардан мықты қоршау орнатып өсіре бастаған. Осылайша қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді.

3.Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Рулар өсе келе тайпаларға біріге бастады.Ерлер, негізінен, аң аулады, әйелдер көбінесе терімшілік пен айналысты. Қауым: қариялар, ересектер және балалар болып үш топқа бөлінді.Балалар тобынан ересектер тобына өту-бағыштау (иницация)ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды.



ІV Сабақты бекіту :


V. Үй жұмысы

1.§ 4 Орта тас ғасыры(мезолит) (б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын).


2.Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап іздеу.

VІ. Бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау



Сынып

6





Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы



Сабақ №

7



Тақырып

§ 6 Мыс-тас ғасыры (Энеолит)



Сағат саны

1



Мақсаты:

1. Білімділік

Мыс-тас ғасырының ерекшелігі жайлы түсіндіріп оқушылардың білімдерін арттыру.



2.Тәрбиелік:

Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.



3.Дамытушылық

Мыс-тас ғасырының еңбек құралдары, ескеткіштері төңірегінде айта отырып ой-өрістерін дамыту.



Көрнекілік

Карта, кітап, карточка



Әдіс-тәсіл:


Аралас сабақ


Сабақтың барысы:




1.Ұйымдастыру кезеңі





ІІ. Үйге берілген тапсырма:

1. Сұрақтар

1. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?

2. Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрағын сипаттап бер.?

3. Оқулықтағы суретті әңгімелеп бер.


2. Тест жұмысы

1.Тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жеткен кезең

а) палеолит в) мезолит с) неолит д) мусьте


2. Неолит адамдарының мекенжайлары уақытша болды,себебі

а) аңшылар аңдардың соңынан жылжып көшіп отырған в) климат өзгерді

с) табиғи жағдайы қолайсыз болды д) терімшілікпен айналысты


3.Неолитті кейде қалай атаған

а) «микролит жасау кезеңі» в) «бақташылық» с) «қыш құмыралар заман»

д) «теміршілік дәуірі»


4.Адамдар тасты кесу, жону, жалтырата тегістеу, бұрғылауды қай кезеңде ойлап тапты

а) энеолитте в) кейігі палеолитте с) неолитте д) ерте палеолитте


III. Жаңа сабақ

  1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі. Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды.: еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың –егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады.

Үй құрылысында төбесі ағашпен жабылып, жартылай жерден қазылған көп бұрышты немесе шеңберлі құрылыстар салу басым болды. Энеолит кезеңінде қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратта жалғыз зиратта, сонымен қатар қайтыс болған адамның бейнесін (маска) жасау дәстүрлері кездеседі. Мұндай бейнелерге қарап энеолиттік адамның түр-сипаты еуропалық нәсілге жататынын байқауға болды.

  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі. Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті.

Сол кезеңдерге металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл-мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.

  1. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші-Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.

Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де жолықты. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді.Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған.

Шебір тұрағының тұрғындары моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Моншақтардың жиектері мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.





IV.Сабақты бекіту :



І.Сұрақ-жауап.

1.Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

2.Энеолит дәуірінің ерекшелігін сипатта.

3.Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірінің ескерткіштерін ата.

4.Ең бірінші қолданылған металл?

5. Ботай тұрағының табылған жері.

6.Мыс-тас ғасырының ескерткіштері









Сабақты бағалау







V. Үй жұмысы




  1. § 6 Мыс-тас ғасыры (Энеолит)

  2. Кестені толтыру

Тас дәуірінің кезеңдері



Кезеңнің хронологиялық ауқымы

Жаңалықтар мен өнертабыстар

Әр кезеңде өмір сүрген адамдар

Қоғамдық құрылымы




Ерте палеолиттің мустье кезеңі Кейінгі палеолит

Мезолит

Неолит

Энеолит












VІ. Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау







































Пән:

Сынып:

Сабақ №

Тақырып:

Сағат саны

Мақсаты:

1. Білімділік


Тәрбиелік:



Дамытушылық:

Көрнекілік:

Әдіс-тәсіл:



Сабақтың барысы:

Ежелгі Қазақстан тарихы.

6

8

§7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.

1


Ежелгі адамдардардың діни түсініктердің пайда

болуы мен өнердің шығуы туралы түсіндіру.

Ертедегі адамдардың діни наным-сенімдері өнердің пайда болуы

рухани мәдениеттің қалыптасуы әсер етті.Оқушыларды эстетикалық өнерді бағалауға тәрбиелеу

Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Оқулық, кесте, суреттер, карта.

Аралас сабақ



1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сұрақтар

1.Энеолит дәуірінің ерекшелігін сипаттама бер.

2.Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірінің ескерткіштерін ата?

3.Мыс-тас ғасырындағы еңбек бөлінісі.

4.Маңғыстау жеріндегі энеолиттік Шебір елді мекеніндегі ескерткіш туралы жазып келу

2. Тест жұмысы

1.Ең бірінші қолданылған металл

а) темір в) күміс с) мыс д) қалайы


2. Адамдардың металдан жасалған құралдары игере бастаған кезеңі

а) кейінгі палеолит в) энеолит с) неолит д) темір дәуірі

3.Ботай тұрғынының табылған жері

а) солтүстік қазақстан в) шығыс қазақстан с) орталық қазақстан д) жетісу жері


4.Энеолит сөзінің үғымы

а)ерте палеолит в)қола дәуірі с)мыс-тас ғасыры д)темір дәуірі


Жаңа тақырыпты түсіндіру


  1. Білімнің дамуы. Еңбек ету барысында адамдардың ақыл-ойы жетіле түсті. Қарапайым еңбек құралдарын жасау ұжымдық ойлау және сөйлеу қабілетін арттырды. Адамдар өз білімдерін суретті хат-пиктография арқылы хабарлаған. Адамдар жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылай жүріп өздірінің тәжірибесімен білімін келесі ұрпаққа саналы түрде мұраға қалдырып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуын есте сақтап, егінді жинау уақытын анықтаған .

  2. Діни көзқарастартың қалыптасуы. Ертедегі адамдар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен қылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Найзағайдың баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей

  3. аң-таң болған. Әрине бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген.

Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын бір қырынан жатқызып бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген.Өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Мұндай сенімді анимизм.

Сабақты бекіту :









1.Қазақстан аумағына қазақтардың қалай орналасқанын және олардың жалпы саны қанша болғанын

сипаттаңдар

2. Хан сайлаудың дәстүрлі тәртібі мен әдет-ғұрпы қалай өткізілді?

3. Сұлтандар тобының әлеуметтік артықшылықтарын атаңдар.

4. Қожалардың қазақ қоғамындағы орны қалай болған?

5. Құрамалар туралы айтып беріңіз.

6. Қазақтар тархан деген құрметті атақты қандай қызмет сіңіргені үшін алды?

7. Би дегеніміз кім?

8. Батыр атағын қалай алуға болатын еді?

9. Емін-еркін көшіп жүретін қатардағы қандас қауымдастардың жағдайы қандай болды?

10. Төлеңгіттер тобы қалай құрылып, қалай қалыптасты?

11. Құлдарға сипаттама беріңдер


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып, жауап берген оқушыларды бағалап, атап көрсету.

Үйге тапсырма: §7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.








1.§ 1. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. «Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғасыр – 1914 жыл», Жалпы білім беретін мектептердің 8 сыныбына арналған оқулық, Алматы, «Атамұра», 2008, 6-13 беттер.

2. Мазмұны хандардың, сұлтандардың, батырлардың, билердің, құлдардың қызметін бейнелейтін қазақ мақалдары мен мәтелдерін теріңдер.

3.Оқулықтың 12-ші бетінде берілген жаңа терминдердің түсінігін жаттап келу.














Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

9

Тақырып

§ 8. Дәуірдің негізгі сипаты.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік

Оқушыларға қола дәуірінің жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алғандығын, және мәдениеттегі жетістігін түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Қола дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы мәдени ескерткіштерді айта отырып оқушыларды мәдени ескерткіштерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық,

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі


2.Үй тапсырмасы.

1.Сұрақтар.

1.Білімнің дамуы мен діни көзқарастың қалыптасуы.

2.Өнердің пайда болуы, өнердің қай түрі жақсы дамыған.

3.Қазақстандағы ертедегі жерлеу ғұрыптары.

2.Тест жұмысы.



Жаңа сабақ:


1.Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі. Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл –мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар: біздер, жебе ұштары, мыс тілікшілер энеолит дәуірінен кездеседі. Ал тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қола дәуіріндне басталды.

Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Ол негізінен мыс пнен қалайының қосындысынан алынады. Металл кеніштер қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И. Сәтбаевтің есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында 1100 қалайы шығарылған.

Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын орналасты. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылған.

Б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді.

Мыс өндіру әдісі былай орындалған: кен орнының алдына от жаққан, кен қызғаннан кейін оған су құйған. Осының нәтижесінде тас шытынап, уатылған, сөйтіп біршама босаған. Бұдан соң тас қайланың немесе ағаш сынаның көмегімен кенді опырып алып, тас балғамен ұсақтаған. Мыс кенін отқа өртеген, содан кейін барып арнаулы пешке қорытқан. Еңбек құралдары немесе сазбалшық қалыптарға құйылып, өңделген. Қоланы одан жасалатын құралдың қайда қолданылатынына байланысты әр түрлі құрамда балқытқан. Одан балта, пышақ, қанжар, шаппашот, жебенің және найзаның ұштары, қайла, орақ, әр түрлі әшекейлер жасалған. Қоладан жаалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталады.

2.Андрон мәдениеті туралы мәлімет. Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқвы ескерткіштері Андроново деген селоның маңынан табылған бұл село сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан.Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті «Андрон» мәдениеті аталып кетті.

Андрон тектес қола мәдениетіОрал(Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.

Ғалымдар солтүстік және батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге келеді. Мысалы, Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қола дәуіріндегі қалаға ұқсатады.

Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка мен Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай-ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зеттеді.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы Таңбалы-тас пен Қаратау жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Арал теңізінің шығыс жағындағы қола дәуірі ескерткіштері жақсы зерттелген. Соның бірі-Сырдарияның төменгі ағысындағы қола дәкірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі. Кесене күйдірілмеген кірпіштен салынған. Оның ішіндегі айналма дәліздер мен тамның ортасына ыдыстар, қоладан жасалған құралдар мен қарулар, алтын әшекейлер қойылған.

Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар еуропеоитерге ұқсаған. Олардың бойы онша биік емес беті жалпақ. Маңдайлары тайқылау келген. Сырт бет-бейнесін академик В.П. Алесеев былай сипаттайды:

«Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған»

  1. ББеғазы-Дәндібай мәдениеті. Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі байланысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, басқаша тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, үйлердің қабырғалары бір-біріне балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.

Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі обалар. Андрондықтардан ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақ тастармен бекітілген.

Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді. Беғаза-Дәндібай құмыралары әр түрлі өрнекпен безендірілген.Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист- ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х.Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.

Сабақты бекіту :


1.Қола дәуірінің ерекшелігі.

2. Андрон мәдениеті туралы не білдің?

3. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің епекшелігі?


Сабақты бағалау:





Үйге жұмысы:

1.§ 8. Дәуірдің негізгі сипаты.

































Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

4

Тақырып

§ 9.Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік (танымдық)

Қола дәуірі тұрғындарының кәсібі мен тұрмысы баспаналары жайлы түсінік беру.

2.Тәрбиелік:

Оқушыларды Андроновтардың кәсібі мен тұрмысы туралы сипаттама беріп ертедегі мәдени мұраларды құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Өткен тақырыптарға шолу жасап, оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық, карточка.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақ кезеңдері


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру к-ңі:


Үй тапсырмасы.

1.Сұрақтар.

1. Мыс өңдеумен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

2.Картадан Андрон мәдениеті таралған жерді тап.

3.Беғазы –Дәндібай мәдениеті туралы не білесің?

2.Тест жұмысы.






3. Жаңа сабақ.



1.Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.Қола дәуірі тұрғындары табиғи мысты пайдаланудан оны қорытуға көшті. Пешті жоғары температураға дейін жеткізе қыздыра алды.Онда кенді балқытты.Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді үйренді.Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты,әдемі сары түсті болып келді.Қоладан жасалған еңбек құралдары еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді.Мәселен, тас балтаға қарағанда Қола балта ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды.

Қола дәуірі тұрғындары кен балқыту ісінде өзіндік табыстарға жетті.Құю қалыбы ретінде саз балшықты,металды,кейде тасты пайдаланған.Жебенің ұшын,қанжарды жасау үшін екі немесе үш жармадан тұратын қарапайым құю қалыптарын қолданған.Осындай қалыптарға балқытылған металды құйып,әр түрлі бұйымдар –үлкен мыс қазандар,құрбан шалынатын үлкен үстелдер жасаған.Құйылғаннан кейін көптеген заттар қосымша өңдеуден өтіп,ажарландырып,нақышталған.

2.Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы.Олардың басты кәсіби мал бағу,кетпенді-теселі егіншілік пен балық аулау болған.Есіл,Тобыл,Ертіс,Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған.Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтау жерлерді таңдап алған.Қоныстардың маңындағы егістікке бидай,арпа,тары еккен.Мал өсіру,негізінен,отырықшылық,бақташылық түрде болды.Бірнеше шаруашылық бірге қоныстанған.Өзен аңғарларындағы андрондықтар жерді тесемен өңдеген, сиыр, қой,ешкі мен жылқы өсірген.Археологтар олар өмір сүрген тұрақтардан сүзбе жасауға арналған сүзгіш ыдыстар тапқан.Бұл олардың сол кездің өзінде-ақ сүт тағамдарын әзірлей алатындығын білдіреді.

Археологтар тары ботқаның күйген қалдықтары салынған ыдысты,сондай-ақ табада қуырылған бидайдың күйіктерін тапқан.Егіншіліктің дамығанына еңбек құралдары:дән тартатын диірмен,жер өңдеуге арналған тесе,мыс және қола орақтар айқын дәлел.Сазбалшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты еді.Тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектеліп жасалған қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдірілген. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған.

Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі-көзе құмыралар жасау өнері.Құмыралар түрінің әсемдігімен қоса, бүйірі мен ернеуіне салған өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы саналады.

Арқайым қонысының тұрғындары да мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан.Қоныс орнынан қыш ыдыстар сынығы,мыс пен қоладан құйылған жонғыштар,пышақтар және т.б.күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар табылған.

Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен металл өңдеу құрады.Күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандар мен қару-жарақ жасау ісі бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

3.Андрондықтардың баспаналары.Зерттеушілер андрондықтардың баспаналарын қайта қалпына келтірді.Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған.Үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды,оның үстіне шөп ішінде тастан ошақ орнатылған.Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған.

Тұрғандар қысқа арнап жемшөп әзірлеген.Үй жанына мал қамайтын қора салған.Жануарлардың қаңқаларын зерттеген ғалымдар андрондықтардың малдың төрт түлігін де өсіргенін аңықтады.Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы,Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыстың қабырғалары қатарластырыла қойылған тік бағандардан тұрғызылған.Олар киіз үйдің торкөз керегелері жасалған.Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.

4.Беғазы-Дәндібай тұрғындарының кәсібі. Қола дәуірінде қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан малды алысырақ көшіп-қонып бағу әдісіне әкелді. Жалпы мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.Қазақстанның түрлі аймақтарынан табылған ауыздықтар жылқының энеолит, қола заманынан мініске,күш-көлікке пайдаланылғандығын көрсетеді.Қола дәуірінде түйені де қолға үйреткендігіне зерттеу кезінде Орталық,Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері айқын дәлел.

Қола дәуірінің қоныстары көбінесе өзендердің жағасында,кейде көл жағалауларында орналасты.Олар,әдетте,5-10,кейде 20 шақты үйден тұрды.үйлердің алып жатқан аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы мертге дейін жетті.

5.Тұрғын үйлері.Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады.біріншісі,жартылай жертөле үйлер,екіншісі,жер бетіне салынған үйлер.Жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен қаланып шегенделетін.Төбесін жуан сырғауылдармен төртжаппа етіп жауып,содан соң арасын қурай,шөп араласқан шыбықтармен шегендеп тастаған.Жер үстіне салынған үйлердің қабырғаларын бойлай әр жеріне жуан сырғауылдар орнатылды.Олардың арасына шетен тоқып, оның іші-сыртын балшықпен сылаған.Кейде сырғауылдарды бірінің үстіне бірін көлденеңінен байластырып,үйдің қабырғасын жасаған.

Қола дәуірінің соңына қарай қола және мыс орақтар кеңінен пайдаланылды.Олар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев,Солтүстік Қазақстандағы Степняк қоңысында және Жетісу жерінен табылған.Көкшетау жерінде зерттеген шағалалы қоғысынан қола шалғы табылды.Бұл қоныстың тұрғандары,негізінен алғанда,үй маңындағы бақташылықпен,кетпендітеселі егіншілікпен айналысты.Күнкөрістің қосымша көзі үшін кей жерде аңшылықпен,өзен-су,көл маңайында балық аулаумен де айналысқан.



Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері


Андрон мәдениеті



1.Металл өңдеу игерілді.Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді.



2.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.


3.Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.


Сабақты бекіту :


3-4 минут

1.Жоңғарлардың әскери күш-қуатының артуы неден көрінді?

2. Жоңғар хандығының Қазақстан аумағына басқыншылық жорықтар жасауының басты себептерін атаңдар.

3. .«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қашан және басталды?

4. Алғашқы жылдарда қазақ жасақтарының жоңғарларға қарсы әскери-соғыс қимылдарында жеңіліп қала беруінің себептерін атап көрсетіңдер.

5. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына жасаған шапқыншылықтарының қандай салдары болды?

6.Қазақ – жоңғар соғысы кезінде өлкемізден ерекше көзге түскен батырлар туралы не білесіңіз?

Сабақты бағалау:


Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау

Үй тапсырмасы. §9. Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.








































Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

4

Тақырып

§ 10. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік (танымдық)

Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен діни көзқарастары және зергерлік өнер туындыларын қалдырғандығы туралы айтып түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Қола дәуірі кезеңіндегі Қазақстан жеріндегі мәдени ескерткіштерді айта отырып тарихи ескерткіштерді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Өткен тақырыптарға шолу жасап, оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақ кезеңдері


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру к-ңі:



Үй тапсырмасы.

1.Сұрақтар

1. Мыс өңдеумен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

2.Картадан Андрон мәдениеті таралған жерді тап.

3.Беғазы –Дәндібай мәдениеті туралы не білесің?

2.Тест жұмысы

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру



1. Климаттың өзгеруі. Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы қатал әрі ұзақ, жазы қысқа әрі ыстық болған. Мұндай жағдайда ел тұрғындарының егіншілікпен айналысуықиынға соқты. Күзгі жаңбырдың салдарынан егін пісіп үлгірмеді, адамдар қажетті азық-түлік қорларын жасай алмады. Сондықтан ертедегі тұрғындар мал өсіруге көбірек көңіл болды. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды. Мал басы көбейді. Олардың көбісі жылқы мен қойлар еді.

Мал басының артуына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырып отырды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге ауысып, көшіп отыруға мәжбүр етті. Мал шаруашылығы жедел дами бастады. Жағдайдың өзгеруіне қарай табын құрамы да өзгерді, ірі қараның саны азайды. Тебіндеп жайылуына байланысты қой мен жылқы саны артты. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды.

2. Қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай басталған ыдырауы жаппай етек алды. Мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ер адамдардың ,еңбегін көп қажет етті. Бұл олардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Бұрын үстем болып келген аналық рулық қатынас толық күйреді. Оның орнына әкелік рулық қатынас қалыптасты. Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп, ал жер қауымның, рудың меншігінде қалды. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі де арта түсті. Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.

Өндіруші шаруашылық дамып, металл қорыту қалыптаты. Рулық қатынастар ыдырап, олардың орнына қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.

3.Діни көзқарастары. Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені «жер ананың » қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Адамды қабірге сол, не оның жамбасымен бір қырынан жатқызған. Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да «о дүниеде» тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін. қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну) , анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды.

Қола дәуіріндегі петроглифтерде екі аяқты арбаны бейнелеу кең тараған. Қаратаудағы жартасқа салынған суреттердің ішінде арбалар көп бейнеленген. Суреттердің көбінде ат немесе түйе жегілген, аңшылыққа арналған жеңіл, екі дөңгелекті әскери арбалар салынған. Андрондықтар түсінігінше бүкіл құдайлар аспанда ат жегілген екі дөңгелекті арбамен жүреді деп сенді.

Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болды. Бұл осы кезеңдегі ру-тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты еді.

Қола дәуіріндегі адамдардың түсінігі бойынша қайтыс болған адам келесі бір дүниеге ауысады деп ойлаған. Беғазы-Дәндібай тұрғындары да адамның жеке бұйымдарын, қару-жарағын, еңбек құралдарын қоса көмген. Олар адам бұл өмірде кім болса, арғы дүниеде сол кәсібін жалғастырады деп есептеген.

Тамғалыдағы тасқа шекілген суреттерде күн басты адамдар бейнеленген. Күн басты бейнелер рухани құндылықтарды сақтаушы, мәңгіліктің символы саналады.

Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары –абыздар пайда болды. Олар рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.

4. Зергерлік өнері. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген адамдар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Олар, негізінен қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар: сақина, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар т.б. Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар да кездеседі. Оларды әйелдер самай шашына қыстыратындықтан самай сырға деп аталады. Түрлі салпыншақтардан мойынға алқа таққан. Моншақтар, негізінен, асыл тастардан жасалған.

Әр түрлі жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойынға тұмарша таққан. Андрондықтарда тас қашау,сүйектен әр түрлі тұрмыстық бұйымдар жасау өнері жақсы дамыған. Тастан ұршық басын, дәнүккіш, құрал-қарулар құятын қалыптар, сүйектен түрлі әшекейлер, шүмектер жасаған.




Сабақты бекіту :


3-4 минут

1.Андрондықтар мен Беғазы-Дәндібай тұрғындары шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?

2.Қола дәуірінің қоныстары қандай жерлерде орналасты?

3.Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі өрістеді?

Сабақты бағалау:

2 минут

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау

Үйге тапсырма. § 10. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.






























































Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

12

Тақырып

§ 11.Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері .

Сағат саны

1

Мақсаты:

1.Білімділік (танымдық)

Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақ кезеңдері


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру к-ңі:

Үй тапсырмасы.




1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.

2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.

3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.

  1. Жаңа сабақ.

. 1. Темір дәуіріне сипаттама. Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді. Ол: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Ежелгі заман тарихын осы аталған дәуірлерге бөлу неге негізделеді? Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты. Тас құралдар пайдаланылған кезең –тас дәуірі. Қола құралдар өндіріске енген кезең қола дәуірі. Ал адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі дейді.

Темір дәуірі негізінен бүгінгі заманға дейін жалғасып келе жатыр. Темірдің алғаш өндіріліп, өндіріске кеңінен енгізіле бастаған бастапқы кезеңін ерте темір дәуірі деп атаймыз. Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі б.з.б. 8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.

Адамзат тарихында темір дәуірі ерекше маңызды орын алады. Темір құрал-саймандар пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді.

Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында ежелгі Қазақстанда күрделі өзгерістер орын алды. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы және көшпелі мал шаруашылығы дамуымен ерекшеленеді. Б.з.б. 8 ғасыр көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен пайдалану кезеңі болды.

Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Адам санының өсуі, сыртқы жаудан қорғану ру-тайпалардың өзара көбірек араласуына себеп болды. Рулар үлкен тайпаларға бірікті, ал тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Осындай тайпалық одақтарға сақтардың, ежелгі үйсіндер мен қаңлы, ғұн, сарматтардың тайпалық одақтары жатады.

2. Ертедегі темір өндіру. Жалпы, табиғи жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады. Ертеде темір қарапайым тәсілмен, пеш көрікпен өндірілетін. Ол үшін тастан не шикі сазбалшықтан пеш салды. Пештің астыңғы жағының бірнеше жерінен тесік қалдырып, сол тесікке ауа үрлейтін қөрік орнатты. Пештің ішіне бірқатар отын, оның үстіне бір қатар ұсатылған кен тасын қалаған. Кен тасының үстіне және бір қабат отын толтырып, отынның үстін тағы да кен тасымен жапқан. Содан соң төменгі қабаттағы отынды тұтатып, оның жан-жағындағы оттықтан көрікпен ауа үрлеген.

Мұндай қарапайым көрікпен пештің ең жоғарғы температурасын көп дегенде 1200 градусқа жеткізуге болатын еді. Ал кен тасы ұнтақтарынан балқығае темір алу үшін кемінде 1530 градус температура қызу қажет. Сондықтан мұндай қарапайым пеш-көрік арқылы темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана бөліп алуға мүмкіндік болған. Содан соң осы шикі темір қиыршықтарын оттан алып, қып-қызыл шала балқыған күйінде төске салып. Балғамен соғып, біріктіріп, шыңдап, сом темір алған.


Сабақты бекіту :

1.Темірден еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?

2.Темір дәуірінің басты ерекшелігін ата?

3.Темір дәуірі қай ғасырларды қамтыды және қай кезеңге дейін жалғасып келеді?


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. § 11.Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері .


















































Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

13

Тақырып

§ 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік.

Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақ кезеңдері


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру к-ңі:

Үй тапсырмасы.




1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.

2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.

3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.

Жаңа сабақ.


1.Адамдардың өмір сүру салты,шаруашылықты жүргізу тәсілдері тіршілік ортасына байланысты екенің білесіңдер.Балалар, сендер Қазақстанның табиғат ерекшеліктерімен таныссыңдар.Оның көп бөлігі жүзім мен мақта,дәнді дақылдар өсіруге жарамсыз.Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстанғы ұсақ шоғылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек колайлы.Шөлейтті дала топырағы құнарсыз, жауын-шашыны аз, үнемі жел соғып тұрады.

Өткен параграфтардан андрондықтардың баспана салып,балық аулағанын,мол өнім алғанын оқыдыңдар. Қазақстандағы ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай егіншілікті бірте-бірте мал шаруашылығымен алмастырды. Мал басының көбеюінен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады. Мұндай өзгерістердің қандай себептері бар еді? Ғалымдардың пікірінше, негізгі себеп климаттың өзгеруі . Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Оның себебі Қазақстан даласының бейнесі өзгеріске ұшырады. Әр түрлі Өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күнкөріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті. Бұрын иесіз жатқан жерлерге ендігі жерде адамдар қоныстана бастады.Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік берді. Ол адамның шаруашылық кәсібінің аумағын кеңейтіп қана қоймай, оның еңбегінің бағасын да арттырды.

Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірті-бірте көшпелі өмір салтына көшті.

Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды. Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті. Міне, осы табиғи-шаруашылық алғышарттары ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінің көпшілік атырабында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына ықпал жасады. Дегенмен де табиғатты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірте отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды.

Ұшы-қиырсыз даланы меңгеруге байланысты мәдениеттегі және шаруашылықтағы тұйықтық дәстүрі бұзылды. Тайпалар арасында кең көлемде экономикалық және мәдени қатынастар орныға бастады. Көшпелілер мен егіншілер арасындағы ғасырларға созылған ынтымақтастық екі мәдениеттің де өркендеуіне себепкер болды. Осы өзгерістердің барлығы материалдық және рухани мәдениеттің одан әрі дамуына жеткізді.

2.Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, қой, мен сиыр ұстады.

Адамдар жылқыны азық ретінде де, мініс көлігі ретінде де пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. Атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақтау жерге жаюға мүмкіндік алды. Мал саны көбейген сайын мұндай әдістің маңызы арта түсті. Мал жайылым шөбін жеп тауысып, шаңдаққа айналдырған кезде малшылар оларды жаңа орынға ауыстырды.

Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олап суық пен ыстыққа төзімді.

Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Малшылар жылқы, қой мен түйеден басқа ірі қараны өсірді. Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет еді.

Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйенің маңызы аса зор болды. Мұнда сиыр аз ұсталды. Еліміздің солтүстігінде өсімдік пен су көздері анағұрлым мол болғандықтан, сиырды көп өсірді. Ал елдің оңтүстігі қой өсіруге тиімді еді.

3.Ғалымдар көшпеліліктің дамуын әр түрлі кезеңге бөледі. Ертедегі тұрғындар әуелі малды қоныстардың қасында жайған болуы мүмкін. Уақыт өткен сайын шұрайлы жайылым іздеп, малды бір жерден екінші жепге ауыстырып отырған. Мал өсірудің бақташылық түрі осылай қалыптасты. Бірқатар таулы жерлерде малды арнайы адамдар бақты.

Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.

Бертін келе көшпелілер арбамен көшу әдісінен бас тартты, өйткені жүріп тұруға өзен-көлдер мен төбелер кедергі жасады. Олар жүк көлігі малдарын пайдаланды. Түйе мен атқа көшпелілер киіз үйін, киім-кешегін, үй-тұрмыстық заттарын артты.

Сабақты бекіту :

Сұрақтар


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. § 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.













Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

14

Тақырып

§ 13.Көшпелі бақташылық- шаруашылықтың негізгі түрі.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік.

Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақ кезеңдері


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру к-ңі:

Үй тапсырмасы.




1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.

2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.

3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.

Жаңа сабақ.

1.Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон. Көшу дегеніміз табындар мен отарлардың соңынан бір жайылымнан екінші жайылымға сенделіп жүру емес. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып , жазда-жайлауға, қыста-қыстауға үзбей көшіп жұрген. Олар қолда бар табынды шөппен және сумен қамтамасыз ететін жыл мезгілі мен қолайлы орынды мұқият таңдаған. Қыстау- жылы қораларды бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал сонда төлдетіледі.

Көктемгі жайылым –көктеу әдетте шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеу –қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және төл алынып жатқан кездегі мал бағылатын қора маңындағы жайылым. Көктемде барлық жерде мереке қызыды. Көшпелілер бар уақытын таңертеңнен кешке дейін үйден тыс жерде , ашық аспан астында өткізген. Көктемде қыстан жүдеу шыққан мал қоңданып, қойлар,биелер мен інгендер төлдеген. Көктемгі, күзгі жұмысқа қоймен түйе қырқымы қосылған. Қойды екі рет қырыққанда -2-2,5 килограмм




















, ен,н,н,нннтүйе врра


Сабақты бекіту :

Сұрақтар


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. § 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.












.



Түйе-4-8 килограмм жүн берген.

Жайлау

Көктеу Күзеу

Қыстау



Егер қыс кезі өзара қарым –қатынас жасауға қиындау болса, көктемде малшылар түрлі мерекелерді тойлаған. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі Наурыз мейрамы болып табылады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ол бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған.

Алайда ең дархан мезгіл-жазда жайлауға шығу. Жайлау –малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Әуелде ол даланың бір шетіне немесе бір қырынан таңдалған. Бұл кезде көптеген адамдар үйлену тойын жасап, ойын-сауық, ат жарыс, күрес өткізген, жыршыларды сайратып, ақындар айтысын тыңдаған. Ауыл-ауылда құрт қайнатып, май шайқаған, ірімшік жасап, қысқа азық-түлік әзірлеген. Бұл кезеңде әр үйде айран ұйытылып, қымыз бен шұбат дайындалған.

Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес, өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.

Малшылар күзде күзеуде отырған.Күзеу –қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халықжиналысын өткізіп, ру мен тайпаның аса маңызды мәселелерін шешкен.

2.Көшпелілердің баспанасы. Үнемі көше беру тіршілік ырғағын өзгертті. Көшу ұраны-тек қажеттілерді ғана алу. Мұндай ұстаным тұрған үй құрылысына да әсер еткен. Үй меймандары қабылдауға, отбасы салт-дәстүрін өткізуге, той-томалақ жасауға және тұрмысқа ыңғайлы болуға тиіс. Заттардың бәрі ыңғайлы, жеңіл, ықшам әрі біркелкі болды.

Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта, шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.

Киіз үй негізгі екі бөліктен-жабуға арналған киізден және ағаш қаңқадан құралған. Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылады. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге-киіз үйдің негізі, ол айқасқан қабырғаға ұқсас. Кереге байланған уықтар шаңырақты көтеріп ұстап тұрады. Шаңырақ дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалады.

Киіз үйден басқа да баспана түрлері болған. Зерттеушілер ежелгі Қазақстанның тұрғындары үйсіндердің баспаналарын сипаттап жазған. Қыста олар кірпіш үйлепде тұрды. Сырты сыланған тас немесе саман үй үлкен бір бөлмеге немесе өзара бір-бірімен жалғасқан бірнеше бөлмеге бөлінген. Мұндай төрт-бес үй ауылды құраған. Үйдің жанында түнде малды қамап қоятын қоршау салынған. Қоныстан біршама қашық жерде рулық зират орналасқан. Кез-келген баспананың, киіз үйдің немесе саман үйдің ортасында пеш орнатылған. Ошақты тастан қалап, оған тамақ пісіруге арналған қазан қондырылған. Көшпелілер ошақты киелі санаған. Ошаққа мұндай құрметпен қарау қазақтарда бүгінгі күнге дейін сақталған.

Көшпелілер нені білуге тиіс еді? Малшылар өздері тұрған және өздерін қоршаған табиғатты түсіне білуі тиіс болды. Сондай-ақ өзен суының тасуы салдарынан малды тезірек жаңа орынға ауыстыру және қиын жағдайда қалмау үшін, жылдың қай мезгілінде судың таситынын білуі керек. Әркімнің жайылымдар мен құдықтар орналасқан жерді, көшудің қысқа да әр түрлі жолдарын білуінің маңызы зор болды.



Сабақты бекіту :

Сұрақтар

1.

2.

3.

Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. §13.Көшпелі бақташылық- шаруашылықтың негізгі түрі.







Сынып

6



Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

15

Тақырып

§ 14 Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік.

Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері, темірден құрал-саймандардың пайда болғанынан бастап еңбек өнімділігінің ерекше өскенін, рулық қауымдық құрылыс жетіле түскенін түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Оқушыларды адамзат тарихындағы аса маңызды темір дәуіріндегі өзгерістерді айта отырып еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениетті жасаушы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық, тест.суреттер,кесте.

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақ кезеңдері


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру к-ңі:

Үй тапсырмасы.




1.Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипатта.

2.Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетіман салыстыр.

3.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған.

Жаңа сабақ.

1.Сақ туралы алғашқы мәліметтер. Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Герадот пен Страбонды айтуға болады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.

Сақтар-б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атады.

Ежелгі грек тармхшысы Герадот өз жазбаларында сақтарды массагет деп атаған. Грек деректерінде көшпелі тайпалардың тағы да бір атауы-дай (дайлар) кездеседі. Грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар «Дұшпанға-қатал, досқа-адал» болған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап, құрмет тұтқан.










































аталатын тайпалардың















Сабақты бекіту :

Сұрақтар


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. § 12. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.












.



Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына көсемі болған. Грек авторы Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деп баяндайды.

2. Сақ тайпаларының қоныстануы. Ғалымдар Қазақстанның ертедегі сақ тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Парсылар оларды шошақ бөріктілер-сақ-тиграхауда деп атаған. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысымен мекен еткен. Парсылар оларды сақ-парадарайа-теңіздің арғы жағындағы сақтар деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.

Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы «шошақ төбелі сақ» деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атап келген.

Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар, массагеттер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.

3.Сақ қоғамы.Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдыретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды.

Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар-малшылар құрады. Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиналысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге де ықпал жасады.Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын.

Тайпа мүшелері өз жиналыстарын көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі.

Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрды. Жауынгерлерді ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар», яғни

«арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналды. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.

Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл, абыздар ақ, ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген.








«Сақ»









































Сынып: 6 “Ә”

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сағат саны: 1

Тақырып: 16. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

Мақсаты:

Білімділік: тақырыптағы Кир әскерінің басып кіруі, шырақтың ерлігі, Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы туралы оқушыларға тереңірек түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып білімдерін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік: Сақтардың ерлігі туралы оқушыларға түсіндіре отырып батырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі: өзара белсенділікті арттыру

Сабақтың типі: Білімдерін тексеру.

Сабақтың оқыту әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р ның картасы, оқулық, ауызша сұрақтар, әдістемелік нұсқау т.б.

Сабақтың барысы:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау, ауызша баяндау, сұрақ-жауап.

Жаңа сабақ.

  1. Кир әскерінің басып кіруі.

  2. Шырақтың ерлігі.

  3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.


Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” деп жазады Рим тарихшысы Помпей Трог.

Геродоттың сипаттауынша, “Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылышпен найзамен соғысады. Нәтижесінде маассагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі”.

Кир қайтыс болғаннан кейін, 11 жыл өткен б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты 1 Дарий патша басқарады.

Сабақ барысында төмендегі кестені оқушылармен бірге толтыру.








Бекітемін: ---------------------------------------

Пән мұғалімі: ---------------------------------

Уақыты: ----------------------------------------

Сынып: 6 “Ә”

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сағат саны: 1

Тақырып: Сақтардың мәдениеті.

Мақсаты:

Білімділік:Сақтардың мәдени мұралары, бесшатыр қорымы, Алтын киімді адам, аң стилі осы және басқа да тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып білімдерін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік: Сақтардың ерлігі туралы оқушыларға түсіндіре отырып батырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі: өзара белсенділікті арттыру

Сабақтың типі: Білімдерін тексеру.

Сабақтың оқыту әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р ның картасы, оқулық, ауызша сұрақтар, әдістемелік нұсқау т.б.

Сабақтың барысы:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Кир әскерінің басып кіруі.

  2. Шырақтың ерлігі.

  3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.


Жаңа сабақ.


1.Сақтардың мәдени мұралары

2. Бесшатыр қорымы

3. Алтын киімді адам

4. Аң стилі

Сақтарданкөптеген ескерткіштер қалды. Олар Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде кездеседі. Сақьардың мәдени мұралары Қазақстан аумағынан тыс жерлерден де табылып, зерттелінуде. Сақ обаларынан табылған бұйымдар ежелгі жазба деректерде айтылған мағлұматтардың нақтылығын дәлелдейді.

Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына жазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал салынған.

Тайпа мүшелері өз жиналыстарын көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі.



Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала – Бәбіш-Молда. Бұл қаланың қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Археологиялық деректерге қарағанда қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. 1.Сақтардың мәдениеті.

2.Кестені толтыр.



Материалдық мәдениет


Рухани мәдениет






























Бекітемін: ---------------------------------------

Пән мұғалімі: ---------------------------------

Уақыты: ----------------------------------------

Сынып: 6 “Ә”

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сағат саны: 1

Тақырып: Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.

Мақсаты:

Білімділік: Үйсіндер тарихы, орналасқан жері, жазба деректері, қоғамдық құрылысы, туралы оқушылардың ой-өрісін жетілдіре отырып ізденімпаздыққа, білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өзара белсенділікті арттыру

Сабақтың типі: топқа бөлу.

Сабақтың оқыту әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р ның картасы, оқулық, ауызша сұрақтар, әдістемелік нұсқау т.б.

Сабақтың барысы:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Кир әскерінің басып кіруі.

  2. Шырақтың ерлігі.

  3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

  4. Сақтардың мәдени мұралары

  5. Бесшатыр қорымы

  6. Алтын киімді адам

  7. Аң стилі

Жаңа сабақ.


  1. Үйсіндердің орналасқан жері.

  2. Үйсіндер туралы жазба деректер.

  3. Қоғамдық құрылысы.

  4. Жеке меншік

Үйсіндер б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген.Ертедегі қытай деркетерінде көрсетілгендей, “үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақшамен де шұғылданбайды, шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді”

Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына жазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал салынған.

Тайпа мүшелері өз жиналыстарын көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі.



Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала – Бәбіш-Молда. Бұл қаланың қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Археологиялық деректерге қарағанда қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап


Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау


Үйге тапсырма. Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.









































Бекітемін: --------------------------

Пән мұғалімі: Дзельбаева С.А.

Уақыты: ------------------------------------------

Сынып: 6 “Ә”

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сағат саны: 1

Тақырып: Сармат тайпаларының орналасуы.

Мақсаты: Сармат тайпаларының орналасуы қоғамдық құрылысы, шаруашылығы төңірегінде оқушылардың білімдерін дамыта отырып ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өзара белсенділікті арттыру

Сабақтың типі: топқа бөлу.

Сабақтың оқыту әдістері: ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р ның картасы, оқулық, ауызша сұрақтар, әдістемелік нұсқау т.б.

Сабақтың барысы:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Үйсіндердің орналасқан жері.

  2. Үйсіндер туралы жазба деректер.

  3. Қоғамдық құрылысы.

  4. Жеке меншік

  5. Кир әскерінің басып кіруі.

  6. Шырақтың ерлігі.

  7. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

  8. Сақтардың мәдени мұралары

  9. Бесшатыр қорымы

  10. Алтын киімді адам

  11. Аң стилі

Жаңа сабақ.

1. Сарматтардың орналасқан жері.

2. Савроматтар.

3. Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар.

4. Қоғамдық құрылысы.


Сарматтардың қоғамдық құрылысы



Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықты







Әскери демократия жетілдірілді







Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды.

Сармат деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Б.з.б. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігінен әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған.

Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің тарихы былай пайымдалған: «Мөде өз әкесімен болған күресте билікті қолына алды. Өзара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері жағдайды пайдаланып, соғыс жариялауға бел байлады. Бір күні көрші ел Дунхудың елшілері Мөдеге келіп, одан өзінің ең жақсы атын беруді талап етті. Бұған ақсақалдар қорланып, Дунхуды жазалау үшін соғыс бастауды өтінді. Алайда Мөде «Көрші отырған адамдардан бір ғана атты аяудың қажеті не?» деп, өзінің сүйікті атын беруді бұйырады. Біраз уақыт өткеннен кейін елшілер қайта келіп, патшалықтағы ең сұлу әйелді – Мөденің әйелін беруді талап етті. Ақсақалдар кеңесі бұл қорлыққа шыдай алмай, құтырған көршілерді жазалау үшін, соғыс бастауды тағы да талап етті. Мөде әйелін беріп жібереді.

Сабақты бекіту:


1. Сарматтардың орналасқан жері.

2. Савроматтар.

3. Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар.

4. Қоғамдық құрылысы.


Ауызша сұрақтар




1



2




3

4

5

6


7

8

9






Үйге тапсырма: Сармат тайпаларының орналасуы.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мыс-тас ?асыры (Энеолит)

Автор: Дзельбаева Сымбат Абдыказыевна

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267850

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""Урок по тему" Тас ж?не ?ола д?уірілеріндегі ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(61) "urok-po-tiemu-tas-zh-nie-k-ola-d-uirilierindieghi-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "286904"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454414186"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства