kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үндістан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үндістан»

Қызыл Қазақстан орталау мектебі















«Ежелгі Үндістан»

/ашық сабақ/













Мұғалім: Сарсимов С.Е.












2013 жыл


6-сынып. Ежелгі дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: § 18. Ежелгі Үндістан.

Сабақтың мақсаты:

  • Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, әр түрлі суреттер, карталар т.б.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Бүгін кім кезекші?

Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (Оқушылар білімін тексеру, жетілдіру, бекіту).

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау, оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Табиғат жағдайлары.

  2. Ең ежелгі қалалары.

  3. Үнді мемлекетінің құрылуы.

  4. Шаруашылығы.

  5. Әлеуметтік қатынастар.

Үндістанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарының климаттық жағдайы туралы, алғаш өсімдік түрлерінің өсіріліп, жануарлардың қолға үйретіле бастауы туралы айтамын. Суармалы егіншіліктің дамуын түсіндіремін.

Ең ежелгі қалалары, мәдениеті, суды, қоймаларды пайдалануы туралы әсерлі түрде суреттеп жеткіземін. Оқулықтағы археологиялық қазба негізіндегі сурет пен қалпына келтірілген ежелгі үнділік қалалардың суреттерін салыстыра отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсіндіремін. Ганг өзенінің бойында ірі мемлекеттің пайда болуы туралы баяндаймын.

Александр Македонскийдің Парсы мемлекетін жаулап алғаннан кейін Үнді жерін басып алмақ болуы жайлы, Үндістанның көптеген аймақтарын бағындырып, қосып алғаны, Маурия әулеті жайлы әңгімелеймін.

Шаруашылығы - егіншілік кең түрде дами бастады. Қолөнер бұйымдары жетілдіріле түсті. Басқа мемлекеттермен сауда байланысы дамыды. Пайдалы қазбалар молайды. Мемлекет ірілендіріле бастағанда қызметшілер саны көбейді. Әр түрлі салықтар жиналды. Үндістанның әлеуметтік жіктелуінде басқа елдерге қарағанда көптеген өзгешеліктер болды. Олар төрт топқа бөлінді (брахмандар, жауынгерлер, егінші – шаруалар, шудралар). Әрбір топқа сипаттама берген кезде оқулықтағы Ману заңдарынан келтірілген деректік мәліметтерді оқушыларға оқытуға немесе өзім оқи отырып, талдау жасау негізінде түсіндіремін. Бұл оқушылардың үйде сыныптан тыс оқуға арналған мәліметтермен жұмыс жасауға үйренуіне тиімді ықпал етеді.

Брахмандар деп дінді тарататын абыздарды атады. Брахмандар құдай мен адамдар арасын байланыстырушылар деп есептелінді. Брахмандар басқа адамдардан ерекше, қасиетті болып есептелді.

Жауынгерлер елді қорғап, тәртіпті реттеді. Оны өлтірген адам айып төледі. Ата-баба ісін жалғастыратын да солар деп есептелді.

Үшінші топқа егіншілер, қолөнершілер, малшылар, саудагерлер жатты. Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналысуға тиіс болды.

Шудралар ең төменгі, нашар, ауыр, қиын жұмыстарды атқарды. Олардың құлдыққа сатылып кетуі де мүмкін еді.

Бүкіл Үнді қоғамы 4 топқа бөлінді. Әр топтың дәрежесі шектеулі болды. Оны ғылыми тілде варна немесе каста деп атады.

IV. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (ауызша, жазбаша жаттығулар, тапсырмалар).

Тапсырмалар:

  1. Үндістан түбегі қайда орналасқан (картадан көрсету)? Онда қандай өзендер бар? Олар түбектің қай жақтарын алып жатыр?

  2. Ең ежелгі үнді қалалары қай өзеннің бойынан табылды? Қала құрылысының ерекшеліктері неде? Табылған заттар үнді шаруашылығы мен мәдениеті туралы қандай мәліметтер береді?

  3. Магадханың өрлеуі туралы не білесің?

  4. Чандрагупта деген кім? Ол қандай әулетті негіздеді? Ол өмір сүрген кезде қандай өзгерістер болды?

  5. Егіншіліктің дамуына не әсер етті? Қолөнер мен сауданың өркендеуіне патша неліктен бақылау орнатты? Алым-салық жүйесі туралы айт.

  6. Брахмандар мен жауынгерлер кімдер? Ерікті егіншілер мен шудралар кімдер? Неге олар тұйық топтар деп аталды?

Сөздікпен жұмыс.

Брахма-үнді құдайының аты.

Кшатрий- жауынгерлер тобы.

Вайший- егіншілер тобы

Варна-өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топ. Оларды кейде каста деп атайды.

V. Оқушылардың білімін бағалау, қорыту

VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы:§18. Әрбір топ туралы әңгіме құрастыру.
















№ 1

  1. Брахмандар деп кімдерді атайды?

  2. Чандрагупта деген кім?





№ 2

  1. Жауынгерлер деп кімдерді атайды?

  2. Үндістан түбегі деп аталады?





№ 3

  1. Шудралар деп кімдерді атайды?

  2. Арийліктер деп кімдерді атайды?





№ 4

  1. Вайшийлер деп кімдерді атайды?

  2. Маурия әулеті деп атайды?





№ 5

  1. Варна немесе каста деп нені атайды?

  2. Ашок патшаның кезінде Үнді мемлекеті қандай жағдайда болды?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Үндістан

Автор: Сарсимов Сабыр Ермекұлы

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389357

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?ытай, ?ндістан "
    ["seo_title"] => string(15) "k-ytai-undistan"
    ["file_id"] => string(6) "197740"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428306219"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "?ндістан "
    ["seo_title"] => string(8) "undistan"
    ["file_id"] => string(6) "125012"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414864755"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?ытай. ?ндістан "
    ["seo_title"] => string(17) "k-ytai-undistan-1"
    ["file_id"] => string(6) "209882"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431335347"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "ежелгі ?ндістан"
    ["seo_title"] => string(21) "iezhielghi-undistan-1"
    ["file_id"] => string(6) "287227"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454438512"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ежелгі ?ндістан 6 б сынып"
    ["seo_title"] => string(25) "iezhielghiundistan6bsynyp"
    ["file_id"] => string(6) "300363"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456718879"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства