50 – жылдардағы ауылшаруашылығының арта қалу себептері, оны шешу жолдары
Тың игеру жылдарындағы халықтың еңбектері ерлігі мен табыстары.
Тың игеру саясатының салдары, тарихи маңызы.
Нақыл сөздер, өлең - жырлар.
«Нан болса, ән болады»
«Ақ бидай – алтын астық дәнім аты»:
«Ақ бидай бүгін шырқар әннің аты»,
Кіріспе сөз.
Шығармашылық топтардың пікірталасы,
Оқушылардың саяси көзғарасы.
Сабақты бекіту.
Сабақты қорытындылау.
Кіріспе сөз. Конференциялық сабағымыздың тақырыбы 1954 – 1956 жылдардағы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру. 1954 жылы басталған тың эпопиясына биыл 60 жыл толып отыр. Алпыс жылдық тарихы бар бұл оқиға дүние жүзілік өркениетке орнын алатын еңбек майданында ерліктің үлгісін көрсеткен миллиондаған адамдардың тарихта қайталанбас үлгісі бар. Жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру да тарихтағы саяси оқиғалар қанша жыл өтсе де ешқашан өз мәнін жоймайтыны анық. Осыған орай қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру оқиғасының мәнін, мазмұнын, қоғамдаы орны мен рөлін пікірлерін еркін білдіретін кәсіби маман ретінде сөз сөйлеу мәдениетін дамытуда шығармашылық жұмыстар тапсырылды.
Топтарға берілген тапсырмалар
Шығармашылық пікірталас бойынша.
– топ Сұрақ:
50 – жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалу себептері қандай?
Ой түйіндеме: соғыстың зардабын ауыл шаруашылығына тигізетін әсері.
Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиянын келтірді. Мал жайлымы, шабындық жерлер қысұарып мал саны кеміді. Әсіресе түйе жылқы, орны толмайтын шығынға ұшырады. Жұмыс қолдарының жетіспеуі , ауыл шаруашылық машиналарының істен шығуы, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, шаруашылықты басқарудың әміршіл – төрешіл жүйесі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімінің нәтижесінен шектеу.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ауылшаруашылығында теріс құбылыстар болды. 1949 – 1953 ж алынған астықтың жылдық орташа шығымдылығы гектарына 7,7 центнер болды. Бұл яғни аз еді. Астық тапшлығы айқын еді. Республикалық мал шаруашылығының жағдайы ауыр болды 1951 ж 4,5 млн ірі қара 1,5 млн жылқы, 1 млн түйе болды..1951 – 1952 ж мал шығыны көп болды. Тың игеру жылдарында мал шаруашылығының артта қалу себебі:
Күштеп ұжымдастыру салдары;
Материалдық – техниканың аздығы;
Жайлымдық жерлердің қысқаруы;
1955 жылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген шаралар жүргізді.
47 колхоз енді 225 совхоз болып қайта құрылды
Жем – шөп базасы кеңейтілді.
Мал бағудың жаңа тәсілдері қабылданды.
Мал шаруашылығына 2 мыңдай маман жіберілді.
Мал өсіруден ерен еңбектері үшін құрметтелген азаматтарда болды . олар Жамбыл обылысы Мойынқұм ауданы Айдарлы колхозының шопаны Жазылбек Қуанышбаев мал шаруашылығын дамытуда үлес қосқан , Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Ол жүн мен қаракөл терілерінің сапасын арттырған. Қаракөл терілері Дели , Бухаресть, Познань, Нью – Йоркте өткізілген акциондар мен жәрмеккелерде көрсетілген болатын. Ол 1958 жылы екінші рет «Орақ пен балға» алтын медалімен марапатталған тұлға.
- Топ . Сұрақ:
50 – жылдардағы ауылшарушылығын дамытып, елді астықпен қамтамассыз ету үшін оны шешуде партия қандай шешімдер қабылдады?
Қазақстан ауылшаруашылығың мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл еліміздегі істің жағдайын бейнелейді.бұл жөнінде КПСС Орталық Комитетінің 1953 ж қыркүйек Пленумында барынша айтылды. Пленум ауылшаруашылығын өркендетудің кең көлемді бағдарламасын қабылдады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы:
Ауылшарушылық еңбекшілерінің егіншілік пен мал шаруашылық өнімдерін материялдық принципін қалпына келтіру.
Колхоздарды, МТС тер мен совхоздарды білікті механизатор кадрлармен қамтамассыз ету;
Барлық ауылшаруашылық процестерін механикаландыру;
Ауылшаруашылық саласына жұмсалатын қаржы көлемін едәуір көбейту;
Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын өсіру;
Партияның ауылшаруашылығын дамыту, азық – түлік тапшылығын,астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы туды.
Тың жер – табиғи күйінде құнарлығы сақталып тұрған, ғасырлар бойы жыртылмаған жерлер. Тың жерлер топырағы қара шірік, қабаты қалың өсімдікке қажетті қоректің заттар мол болды. Тың жер – ұзақ уақыт бойы өңделмеген жыртылған жер. 1954 жылғы 23 ақпан – 2 наурызда КОКП Орталық Комитетінің Пленумы елімізде астық өндіруді одан әрі арттыыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылдады. Пленум Қазақстан , Сібір,Урал, Поволжье, Солтүстік Кавказ. Еділ бойы үшін нақтылы міндеттер белгілеп берді. 1954 – 1955 жылдары дәнді дақылдар егісінің аумағын кемінде 13 млн га арттыру және осы жерлерден 1955 жылы 1100 – 1200 млн пұт астық , оның ішінде 800 – 900 млн пұт астық алу көзделген.
Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Қостанай, ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар, обылыстарын таңдап, алынды.
– топ. Сұрақ.
Көшіріліп келгендерге партия қандай жеңілдіктер берілді?
Тың игеруге басқа республикадан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды.
Дүние мүлкін тегін берді.
Әр отбасы басшысына 500 – 1000 сомға әр мүшесіне 150 – 200 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетті.
10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді.
Мал сатып алу үшін 1500 – 2000 сом несие берілді.
Азық – түлік көмегі ретінде 1,5 центнер астық берілді.
2 жылдан 5 жылға дейін салықтан босатылды.
Ой – түйіндеме: Бұл қабылданған іс – шаралар халықтың еркінен тыс жүріп жатты.
Тың игеру жолындағы күресте Қазақстан еңбекшілері белсене кірісті. Милиондаған гектар жерді игеріп ен далаға жүздеген жаңа поселкелер пайда болды.Казақстанға тың игеру уақытында Ресей Украина, Белорусь және т.б елдерден 1954 – 1956 ж 640 мың адам келді. Оның ішінде 391,5 мың механизатор, 50 мың құрлысшы,3 мың дәрігер,1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам саудагер,2088 директор, бас аграном, инженер, т.б
млн тыңгер келді.
Бірақ жастар арасында пайда табуды көздейтін алаяқтар, қылмыскерлер болды. 650 мың тыңгердің мамандығы бары 150 мыңы ғана. Осындай жағдай тәртіп бұзушылық, мемлекет қаржысын тонау ұрлықты күшейтті.
Атап айтқанда , басқа республикадан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп – интернатта оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Басқа халықтардың көшіріліп келуіне байланысты қазақтардың үлес салмағы 30 пайызға жетпейтіндей деңгейге түсіп, орыстардың үлес салмағы 42 – 47 пайызға дейін өсті.
4– топ. Сұрақ:
Тың игерудегі совхоздар мен колхоздардың рөлі қандай болды?
Еліміздің шығыс аудандарында ауыл шаруашылығын өрге бастыру жөнінде барлық міндетті совхоздар атқарды. совхоздар ауылшаруашылық құралдарын пайдаланып мол өнім ала алатынын көрсетті.1954 жылдың көктемінен бастап Қазақстанда егіске жарамды жерлерді зерттеп, орталығын таңдау кеңінен жүргізілді. Бұл тұрғыда Ресей ,Украинадан топырақ зерттеуші ғалымдар ботаниктер , агрономдар келді. Ғалымдар екі жылдың ішінде 93 млн га бос жатқан жерлерді зерттеп 20 млн га жерді таңдап алды.
Егіс даласының еңбектері партия шақыруларын қызу қолдап 1956 ж тыңның алғашқы мол астығын түсірді. 1954 – 1955 ж 13,4 га жер жыртылып барлығы тың игеру жылдар 25 млн га жер жыртылды. Бұл барлық игерген жердің 60,6 пайызы еді. Тың игеруге 20 млрд сом қаржы жиналды. Егіс даласында 2 млн адам жұмыс жасады.
Тек бір жылдың ішінде ғана 1954 – 1955 жылдар аралығында республиканың тың жерлеінде 337 жаңа совхоз құрылып олардың жалпы көлемі 17 млн га жер болды совхоздар астық өндіретін жоғары механикаландырылған ірі кәсіп орындар ретінде құрылды. Байырғы совхоздар да ұйымдастыру – шаруашылық жағынан нығайды. 1955 жылдың аяғына дейін 631 совхоз жұмыс істеді. 1954 жылдан бастап ақ совхоздарда МТС тер мен колхоздарда трактор егіс бригадалары құрылды.
50 жылдың аяғында тың игеру едәуір нығайды. Совхоздарда 169 мың трактор ,98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасы т.б техника жұмыс істеді. Тың игеру кезінде көптеген қалалар жаңа тас жол темір жол салынды.халық саны көбейіп білім беру ісі жанданды. Жоғары оқу орындары көбейді.
– топ .
Сұрақ: Тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихи маңызы қандай?
Тың эпопеясына бүгінгі көзқараспен қарайтын болсақ бұл қадамның қаншалықты ақталғаны туралы пікір таласуға болады. Себебі, олардың ерлігі бүгінгі жастардың патриоттық сезімін оятуда үлгі бүгінде Қазақстан дүние жүзінде астық шығарудан алдыңғы қатарда бұл жетістік тың игеру жылдарындағы еңбек еткен майдангерлердің еңбегі деп білеміз.
Бүгінде сол мидей далада үлкен, әдемі қалалар, ауылдар бой көтерген. Халық қоныстанған.соған дәлел ретінде , Целиноград бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Астана қаласы болып отыр. Қазақ станның солтүстік өңірінде дамыған өндірістік аудандар пайда болды. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек азық – түлік мәселесін шешу үшін жылына бір тонна астық өндіріп отыруы шарт екен. Бүгінде сол елдердің қатарында Канада,АҚШ, дания, Франция, Венгрия, Румения мемлекеттері тұр. Дүние жүзінде егіс алқаптарында негізінен жұмсақ бидай егіледі ал Қазақстан сапасы жоғары қатты бидай шығады. Еліміз тың игеру арқасында өз қажетімізді толық өтеуге және дүние жүзілік рынокка шығуғы мүмкіндігі бар. КСРО – ның бұрынғы республикалары арасында тек Қазақстан ғана үлкен жетістікке жетуде.осы оқиға туралы жазған Л.И.Брежневтің «Тың эпопеясында» «нан болса, ән болады» - деген сөз жолдары тыңның 60 жылдық тарихын көрсетеді. Бұл еңбек жастарымыздың болашаққа деген үмітін арттырып,еңбекке деген құлшынысына ой түсіреді, себебі біздің бабаларымыз соғыс майданында да еңбек майданында да қандай қиындық болса да қайсарлық пен төзімділік танытты.
« ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ»
Топ
Тың болған жерлер
Қазақстандағы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар обылыстар және
Сібір, Солтүстік Кавказ,Орал,Еділ бойы,
2 – топ
Сандар сөйлейді
1954 – 1959 жтың игеруге 20 млрд сом қаржы жұмсалды.
1954 – 1962 ж қазақстанға 2 млн адам келді. 25 млн га жер жыртылды.1955 ж қазақ саны 2млн 700 мың болса 2010 жылғы санақ бойынша 16,5 млн адам оның 64 пайызы қазақтар болды.
3 – топ
Жетістіктер
Қазақстан КСРО – ның негізгі астықты аймағына айналды.
Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болды.
Еңбекшілер еңбек үлгілерін көрсетті.
Жаңа жерлер мен елді мекендер көбейді.
4 – топ
Кемшіліктер
Экологиялық жағдай ауырлады.
Мал шаруашылығы төмендеді.
Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді.
Жер – су аттары орысша аталды.
Республиканың ұлттық ерекшелігі ескерілмеді.
Тілдік өзгеріске ұшырады
Демократиялық ақуал нашарлады
Тың игеру үшін жүйелі жұмыс 20 жылдан кейін ғана құрылды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің бүгінгі Қазақстан үшін маңыздылығы сол дүние жүзі елдері арасында бидайды экспрттаудан басты орын алында
Бұл жетістікке жетуде еңбек майдангерлерінің ерлік көрсеткені болашаққа деген үміті
Қуаң далаға жан бітірген еңбек ерлеріміздің есімі жастарымызға рух беріп Отанға деген сүйіспеншілігін артырады.
Тың эпопеясының келеңсіз жағдайлары кө болғанымен де ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын құндылығы ешқашан жойылмайтын ел тарихындағы ірі оқиға.
Бағалау:белсенді оқушыларды бағалау мадақтау.
Сабақты бекіту: Еліміздің дамуына өз үлесін қосқан тың майдангерлерінТың игерудің – 60 жылдығымен құттықтай отырып ,оларға ұзақ ғұмыр және дендеріне саулық тілейміз. Бәкір Тәжібаевтың «Тың экспресі» өлеңімен аяқтаймыз.