Күні: 11.11. 2017жыл Уақыты: 13.05 | Тарих сабағы | Сыныбы: 10 «Б» |
Сабақ тақырыбы | Түрік қағанаты |
Мақсаты | Түрік қағанатының құрылуы, дамуы мен ыдырауы жөнінде нақты мәлімет ала отырып, тақырыпты меңгеру. |
Міндеттері: | 1.Түрік қағанатының құрылуы, дамуы мен ыдырауы оның тарихтағы маңыздығын түсіну. 2. Түрік қағанаты картасын пайдаланып, түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресінің сырын ашып білу, Қытай елінің шапқыншылық соғыстарының арасындағы байланыстарды анықтау, меңгеру. 3.Өз Отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштілік қасиетін арттыру. |
Күтілетін нәтиже | 1.Түрік қағанатының құрылуы, дамуы мен ыдырауы оның тарихтағы маңыздығын біледі. 2. Түрік қағанаты картасын пайдаланып, түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресінің сырын ашып білу, Қытай елінің шапқыншылық соғыстарының арасындағы байланыстарды анықтайды, меңгеруеді. 3. Өз Отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштілік қасиеті артады . |
Кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
І.Ұйымдастыру кезеңі (3минут) | Сәлемдесу 1.Сабақтың мақсатымен таныстыру; 2. Оқушыларды түгендеу, журналды толтыру | Сәлемдесу Сабақтың мақсатымен танысады; |
2.Сыныпты топқа бөлу: Үлестірмелі қағаздар (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпалары)сөздері бойынша топтар құру. | Оқушылар қолына қима қағаздары бойынша топқа бөлінеді, топ жасақталады. |
Үй тапсырмасы (5 минут) | Оқушыларға сұрақтар дайындата отырып орындатылады | Оқушылар сұрақтар дайындап, келесі топтан оқушылар жауап береді |
Топтық жұмыс. (10 минут +9минут) | 1-тапсырма: Постер құрау. 1-топ: Түрік қағанатының құрылуы, аумағы,этникалық құрамы 2-топ: Түрік қағанатының әлеуметтік құрылымы мен сыртқы саясаты 3-топ: Қағанаттың ыдырауына әсер еткен себептер | Әр топ берілген тапсырмасын орындау арқылы тақырып бойынша постермен жұмыс |
Жеке жұмыс Глоссарий (2+1 мин) | Оқушыларға жаңа сөздер беріледі | Әр оқушы сөздердің мағынасын ашады |
Жұптық тапсырма: (3+2минут) | Тарихи оқиғаларды сәйкестендіру | оқушылар жұптасып орындайды. |
Сергіту сәті. (2мин) | «Қара жорға» биі | Оқушылар бой жазады |
Қорытындылау (6 минут) | «Мәңгілік ел» тақырыбына эссе жазу | Әр оқушы берілген тақырып бойынша эссе жазады |
Бағалау(1 минут) | Критерий бойынша бағаланады | Өзін-өзі бағалайды |
Үй тапсырмасы (1 минут) | §22. Оқу, тарихи деректер жинау | Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады. |