Просмотр содержимого документа
«Туған өлкем – мақтанышым»
Туған өлкем – мақтанышым
Мухамадиева Қарлығаш Қазмәлікқызы
КМҚК «Брусничка» балабақшасының тәрбиешісі
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
Мақсаты: Балаларды туған өлкесінің көрікті жерлерімен таныстыру, оның табиғатына, әсем көшелеріне, биік үйлеріне, мәдени орындарына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсаты көзделеді.
Сабаққа тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру, экология, дене тәрбиесі, ән сабақтары, мүсіндеу жапсыру кіреді.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сабағымызға келген қонақтарымен, бір-бірімізбен амандасып алайық.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер-Ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым.
Достарымды көргенде қуана қарсы аламыз. Алақанды ұстасып жылулықты аламыз. Алақандарының жылуы арқылы балалар бір-біріне, қонақтарға, туған жеріне жақсы тілектер айтып жақсылықтар тілейді.
Тәрбиеші:Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші:Біздің Президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы
Республикамыздың тұңғыш Президенті болып сайланды.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтып
береді?
Балалар:Туы, Елтаңбасы, Ән ұран бар.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының қандай қалаларын
білесіндер?
Балалар: Қарағанды, Тараз, Көкшетау, Алматы т.б. Елордамыз Астана, туған өлкеміз-Қарасай ауданы Қаскелең қаласы. Қаламыздың әсемдігін көзбен көруге саяхатқа шығамыз ба?
(Есіктің қонырауын соғып саяхатшы қонаққа келеді)
Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп жүрмін ал бұл қалада мүлде болған емеспін. Қарасай ауданының көрікті жерлерімен танысқым келіп өз картамды ашайын десем ашылмайды, маған сіздердің көмектеріңіз қажет.
Балалар:Чайный көшесінде орналасқан Мәдениет үйіне келдік.
Тәрбиеші: Бұл жерде ертегілер, үлкендерге арналған қойылымдар сахналанады, мерекелер өткізіледі.Балалар, сендер де балабақшада талантты болып өсу үшін ертегілер қойып дайындалып жатырсыңдар. Онда біз «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін тамашалайық. Балалар ертегісіне сахналық көрініс арқылы құрады.
Әрі қрай жүрейік
Бағдаршамға қарайық.
Қызыл көзі жанғанда
Қозғалмай тұрайық.
Сары көзі жанғанда,
Жүруге дайын болайық
Жасыл көзі жанғанда
Жолдан өтіп алайық.
2-аялдама. Сопрт кешені
Бұл жерде спортық түрлерінен жарыстар өтеді. Еліміздің атын шығаратын спорт жұлдыздарын білеміз. Олар: Серік Қонақбаев, Даулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов, Ольга Шишигина. Біз де өскенде спорт түрлерінен үйірмеге барамыз. Қазірден бастап спортпен шұғылданып жүрген Рахат өз өнерін көрсетті.
Тәрбиеші: Енді әрі қарай жолға шығайық, әнімізді айтып жолды қысқыртайық.
3-аялдама. Мұражай.
Мұражайға келдік. Мұражайда ата-бабаларымыздың әртүрлі асыл бұйымдары, зергерлік әшекейлер, ежелгі әртүрлі заттар сақталады. Балалар мұражайда тамашалайды.
1. Зергерлік бұйымдар
2. Ерте кездегі ұлттық аспаптар
3. Ұлттық ыдыс-аяқтар
4. Ұлттық киімдер.
Тәрбиеші: Балалар, саябаққа адамдар не үшін келеді?
Балалар: Демалу үшін.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы ағаштады кесуге, шөптерді жұлуға, торғайларды атуға бола ма екен?
Балалар:Жоқ еш уақытта табиғаттың байлықтарына қиянат жасауға болмайды.
Тиым сөздерді еске түсірейікші
Жалғыз ағашты шаппа.
Суға түкірме
Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба
Көк шөптерді жұлма
Мылтықбай Ерімбетұлы «Ұя бұзба»
«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!»,- Ұрсушы еді менің анам күйгелек. «Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын Шыққанымды «тұлпарымды» сүйрелеп. «Ұя бұзба! Бұзба!»- деймін балама, Өсиетің қандай ғажап, жан ана! Тал - теректі тамырынан қиятын Тас жүректер әлі де көп арада... - Бұзба»- дейді Аспан түгел, жер түгел! Сол өтініш анамды еске келтірер. Анам болып, Ұлы Отаным сөйлейді, - Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар. Сендерге туған қалаларың ұнай ма?
Балалар:Бізге туған өлкеміз ұнайды.
Тапсырма «Ойды толықтыр.» (Дәптермен жұмыс.) «Егер айналадағы табиғатты қорғауға алмасақ, оған қамқорлық жасамасақ, онда....»
Викториналық сұрақтар:
Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)
Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)
Қай құс өзінің атын қайталайды? (Көкек)
Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)
Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Құстың негізгі мекені? (Ұя)
(Балалардың жұмыстары,құстарға ұя жасап,ағаштың басына ілу).
Жер бетіндегі ең ірі жануар? (Піл) Ең ұзақ өмір сүретін жануар? Даусы ең зор жануарды ата? (Аю) Алып жануарларды ата? (Піл) Ақ аюлар қайда мекендейді? Пілдер суда жүзе ала ма? Құстардың ең ұзыны? (Тырна) Шөл кемесінің қызметін атқаратын жануар? (Түйе)
Күнге ұқсайтын гүлді ата? (Күнбағыс)
Емдік қасиеті бар гүл? (Алое)
Көктемнің алғашқы гүлі? (Бәйшешек)
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз саяхатшыға көмектестік, қаламыздың әсем жерлерімен таныстырдық. Біз балабақшамызға оралып табиғи материалдардан саяхатшыға өз қолымыздаң сыйлық жасап берейік.
Балалардың қолөнер жұмыс іс-әрекеті.
Саяхатшы балалардың сыйлығына өз ризашылығын білдіреді. Балаларды мадақтап, өз сыйлық табыс етеді.
Тәрбиеші сабақты қорытындылап, балалар саяхатшымен қоштасады.