kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ту?ан ?лкем - ма?танышым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Білім беру саласы: «Таным»                                                                                                  ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті: «Айналамен ?орша?ан орта»                                              Саба?ты? та?ырыбы: «Ту?ан ?лкем - ма?танышым»                                                                                 Саба?ты? ма?саты: Балаларды? ?аза?стан Республикасы мемлекеті туралы т?сініктерін ?рі ?арай бекіту.                                                                                                                                          Білімділік: Балаларды ту?ан ?лкесі Жа?а?зен ?аласыны? к?рікті жерлерімен таныстыру, оны? таби?атын, биік ?йлерін, м?дени орындарын к?рсете отырып, білімдерін ке?ейту.                                                                                 Дамытушылы?: Ойлау ?абілетін жетілдіру, ма?ал-м?тел, та?па?тар?а деген ?ызы?ушылы?ын артырып, ой-?рісін, с?здік ?орын байыту.                                                                                            Т?рбиелік: Ту?ан елге деген с?йіспеншілігін арттыру, елімізді? байлы?ын ма?тан т?тып, м?найшыларды? е?бегін ?адірлеуге, е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу.                                                                                                                                                                               К?рнекіліктері: О?у іс-?рекетіне байланысты, б?гінгі та?ырып?а сай суреттер, слайд.                                                                                                                                                                 ?діс-т?сілдері: К?рсету, т?сіндіру, с?ра?-жауап, ?орытынды, мада?тау.  

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? барысы:                                                                                   Т?рбиеші: - Балалар, б?гін бізде ерекше о?у іс-?рекеті болады. Себебі бізді? б?гінгі саба?ымыз?а к?птеген ?она?тар келіп отыр, ендеше келген ?она?тармен амандасайы?.  Балалар: С?леметсіз бе!                                                                                                                                    Т?рбиеші: Енді балалар, шатты? ше?берін жасап, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

                                                       Ше?бер болып т?райы?,

                                                       Ала?анды ашайы?.

                                                       К?нні? н?рын салайы?,

                                                       Таза ауаны ж?тайы?.

                                                       Ж?рекке жылу сыйлайы?,

                                                       Жинал?ан жылы шуа?ты.

                                                            ?она?тар?а шашайы?.                                                                                                                           Балаларды? іс-?рекеті: ?она?тар?а с?лемін ала?анмен ?рлеу ар?ылы жібереді.                                  Т?рбиеші: - Жарайсы?дар балалар, орындары?а жай?асып отыры?дар.  Денені тік ?стап, ая?ымызды бірге ?осып, ?олымызды тіземізге ?ойып, ?депті де т?ртіпті болып отырайы?.  Т?рбиеші: - Балалар, мен сендерге ж?мба? жасырамын, м??ият ты?да?дар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ту?ан ?лкем - ма?танышым! »

Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Айналамен қоршаған орта» Сабақтың тақырыбы: «Туған өлкем - мақтанышым» Сабақтың мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы мемлекеті туралы түсініктерін әрі қарай бекіту. Білімділік: Балаларды туған өлкесі Жаңаөзен қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, оның табиғатын, биік үйлерін, мәдени орындарын көрсете отырып, білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Ойлау қабілетін жетілдіру, мақал-мәтел, тақпақтарға деген қызығушылығын артырып, ой-өрісін, сөздік қорын байыту. Тәрбиелік: Туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің байлығын мақтан тұтып, мұнайшылардың еңбегін қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Оқу іс-әрекетіне байланысты, бүгінгі тақырыпқа сай суреттер, слайд. Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, қорытынды, мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Тәрбиеші: - Балалар, бүгін бізде ерекше оқу іс-әрекеті болады. Себебі біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр, ендеше келген қонақтармен амандасайық. Балалар: Сәлеметсіз бе! Тәрбиеші: Енді балалар, шаттық шеңберін жасап, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық. Балалардың іс-әрекеті: Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу арқылы жібереді. Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, орындарыңа жайғасып отырыңдар. Денені тік ұстап, аяғымызды бірге қосып, қолымызды тіземізге қойып, әдепті де тәртіпті болып отырайық. Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бөбектерім айтыңдаршы.

Бұл қай мезгілде болады? Балалар: - Күз мезгілі. Тәрбиеші: - Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Балалар: - Күн салқындап, жаңбыр жиі жауады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, қурап жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жеміс-жидектер, астықтар піседі, оны жинап алады. Тәрбиеші: - Қәне, күз айларын атайықшы! Балалар: - қыркүйек, қазан, қараша. Тәрбиеші: - Қазір күздің қай айы? Балалар: - қазан айы. Балалардың күз мезгілі туралы тақпақтары... Тәрбиеші: - Аптаның қай күні? Балалар: - Бейсенбі күні. - Жарайсыңдар, балалар. Өткенді қайталау. Тәрбиеші: - Балалар, өткен сабағымызда қандай тақырыппен таныстық? Балалар: - «Менің Қазақстан». Тәрбиеші: - Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады? Балалар: - Қазақстан Республикасы. Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының призденті кім? Балалар: - Қазақстан Республикасының призденті Н.Ә.Назарбаев. 1991 жылы Республиканың тұңғыш призденті болып сайланды. Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының бас қаласы, елордамыз қай қала? Балалар: - Астана қаласы. Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасы рәміздерін кім айтып береді? Балалар: - Туы, Елтаңбасы, Гимны бар. Тәрбиеші: - Ал, туымыз жайлы кім айтып береді? Балалар: - Туымыздың авторы: Шәкен Ниязбеков. Тудың пішіні тік төртбұрышты, ортасында күн сәулесі нұрын шашып тұр, қыран құс күнге самғай ұшып тұр, шеті қазақ халқының «қошқар мүйіз» өрнегімен өрнектелген. Тәрбиеші: - Елтаңба туралы кім айтады? Балалар: - Елтаңбаның авторы: Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков. Елтаңбаның екі шетінде қос тұлпардың бейнесі, ортасында шаңырақ пішіні дөңгелек күнге ұқсайды. Тәрбиеші: - Гимн туралы кім біледі? Балалар: - Әр мемлекеттің өз гимні болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды. Гимнды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына ұстаймыз. Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, сендер өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер. Сергіту сәті: - Енді балалар, бой жазып, сергіп алайық.

Үлкен шеңбер құрайық,

Бойымызды тік ұстап тұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Қолымызды ашып, жұмайық. (Бірнеше рет қайталанады) Жаңа сабақ. Тәрбиеші: - Балалар, біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыздың аты - « Туған өлкем - мақтанышым » деп аталады. Тәрбиеші: - Балалар, мына суретке назар аударайықшы. - Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан жері үлкен бірнеше облыстардан тұрады. Біз Қазақстандағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрамыз. Біздің туған жеріміз, туған өлкеміз - Жаңаөзен қаласы. Туған жердің табиғаты әр адамға ерекше әсер етеді. Адам өзінің туған жерінен алыс сапарға шыққанда қатты сағынады, оны ешнәрсеге айырбастамайды. Адамның өніп-өскен, білім алып, өмір сүретін мекенін «туған жер немесе туған өлке» дейді. Жаңаөзенде туып өстік. Табиғаты шөлейтті құрғақ ауасы, жері кең, пайдалы қазбаларға бай өлке. Осы біздің Жаңаөзен қаласының құрылғанына 45 жыл толды. Жаңаөзен қаласы мұнайлы қала деп аталады. Себебі мұнда мұнай өндіріледі. Осы мұнайды өндіру арқылы біз табыс көзін тауып отырмыз. Мысалы: біз одан бензин, газ аламыз, бұл өзімізге күнделікті тұрмысқа пайдаланамыз. Мұнайшылар мұнайды жердің астынан алады. Жаздың ыстығына, қыстың суығына шыдап мұнайды шығарады. Мұнайдан шығатын өнімдердің пайдасы мен қоса зияны да бар. Мысалы: мұнай газдан адам ағзасы уланады. Ауаны ластайды. Ауамен біз тыныс аламыз. Сонымен қатар біздің туған өлкеміз - Жаңаөзен қаласының көрікті де, әсем жерлері өте көп. Олар: «Мұнайшы» мәдениет алаңы, Шағын сәулеттік тарихи көріністер, Жастардың салауаттылық орындары, Мәдени - білім нысандары, Қалалық емдеу - сауықтыру мекемелері, өзен кенорны, кәсіпшілігі алаңы, қосалқы шаруашылықтар, кәсіпкерлік нысандар бар. Біз осындай жерлері бар, туған жерімізді, туған өлкемізді мақтан етіп, оның табиғатын аялап, осы туған өлкеміз - Жаңаөзен қаласының бұдан да, өте әдемі болып, көркеюіне біз де, балалар еңбек етіп, өз үлесімізді қосуымыз керек. Тәрбиеші: - Ендеше балалар, біздің өткен тақырыбымыз « Менің Қазақстаным » және де, бүгінгі жаңа тақырыбымыз « Туған өлкеміз - Жаңаөзен » қаласы жайында тақпақтар мен мақал-мәтелдер білеміз бе?

Арайлым: Қазақстан кең өлкем, Айбек: Жайнаған сансыз қаласы,

Көз жеткісіз көлемі. Жайқалған жомарт даласы.

Кіп-кішкентай мен ертең, Ел Отан біздің кең байтақ,

Бүрін жарған өрені. Отанның біздер баласы.

Перизат: Төкті нұрын дала, Меруерт: Жаса - жаса Жаңаөзен,

Астана сұлу қала. Өркен жая бастаған.

Біз оны анамыздай, Болашақтың есігін,

Сүйеміз шын жүректен. Өз қолыңмен аш маған.

Ерасыл: Туған елдей ел болмас, Інжу: Алтын күміс жауған жерден де,

Туған жердей жер болмас. Туып өскен, ел артық.

Темірлан: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Жұлдыз: Отан - елдің анасы.

Ойын: « Кеттік - кеттік орамал» қазақтың ұлттық ойыны. Шарты: Балалар әуен орындалады, орамалды бір-бірімізге береміз, әуен тоқтаған кезде кімнің қолында орамал қалса, сол менің сұрақтарыма жауап береді. Үлгі сұрақтар: Тәрбиеші: - Біздің Отанымыз қалай аталады? Балалар: - Қазақстан деп аталады. Тәрбиеші: - Қазақстанның бас қаласы, елордасы қай қала? Балалар: - Астана қаласы. Тәрбиеші: - Біздің туған жеріміз, туған өлкеміз қай қала? Балалар: - Жаңаөзен қаласы. Тәрбиеші: - Жаңаөзен қаласының құрылғанына неше жыл толды? Балалар: - 45 жыл толды. Тәрбиеші: - Жаңаөзен қаласы қандай қала деп аталады, неліктен? Балалар: - Мұнайлы қала деп аталады. себебі, мұнай өндіріледі. Тәрбиеші: - Жаңаөзен қаласында қандай қазба байлықтарын білесіңдер? Балалар: - Мұнай, газ, керасин, т.б. Тәрбиеші: - Жаңаөзен қаласының қандай көрікті жерлері бар? Балалар: - Мұнайшы-мәдениет алаңы, мәдени-білім нысандары, қалалық емдеу-сауықтыру мекемелері және де т.б.

Сабақты қорытындылау. Балаларды мақтау, мадақтау.





















№15 «Әлия» балабақшасы

«Тексерілді»

Балабақша әдіскері:

Калканова Ж.С.__________









Тақырыбы: « Туған өлкем - мақтанышым »













№3 «Құлыншақ» тобы

Өткізген: Ташенова Злиха









2014-2015 жылы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ту?ан ?лкем - ма?танышым!

Автор: Ташенова Злиха Жабаевна

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198181


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства