kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих п?ні бойынша саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Монгол шап?ыншылы?ы оны? зардаптарын аны?тайды, на?тылайды, сараптайды, ?осымша ресурстарды ?олданады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих п?ні бойынша саба? жоспары»

Бекітемін:
Сыныбы:
10а
Пәні:
Қазақстан тарихы
Мұғалім:
Ахбулатова М.Б

Сабақтың тақырыбы: Монғол шапқыншылығы және этникалық өзгерістер

Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері.”

Н.Ә.Назарбаев

Оқыту мақсаты:

  • Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері , этникалық өзгерістер жайында мағлұмат алады. Ұлтжандылыққа, отаншылдық сезімге тәрбиеленеді.

Жеке дамыту мақсаты:

Оқытушы үшін жағымды жағдай жасау, сын тұрғысынан ойлауға дағдылау, талдауға үйрету, диалогтық қарым – қатынас орнату, бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Монғолдардың жаулаушылық саясатын анықтайды, қорытындылайды, салыстырады, сараптайды, қажетті мәлімет алады, өздерінің іс – әрекетін бағалайды.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: топтық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Мултимедиялық

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту

ІУ.Бекіту. Қорытынды

Ү.Бағалау

ҮІ.Үй тарсырмасы

І.Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
б)Оқушыларды түгелдеу
в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Қызығушылықты ояту. (психологиялық дайындық)
-Қайырлы күн оқушылар !
Сабағымызды бастамас бұрын кішкене сергіп алайық!
-Егер сендер мектепке және бүгінгі сабаққа қуана- қуана келсеңдер, оң қолдарыңды көтеріңдер
-Егер сендерге еліміздің тағдыры маңызды болса, сол қолдарыңды көтеріңдер
- Егер сендер өздеріңді Отанымыздың патриотымыз деп есептесеңдер, көтерілген екі қолды қосып шапалық ұрамыз.
Рахмет балалар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткенді есте сақтау – оқудың жемісі

І нұсқа

1.Батыс Түрік қағанаты өмір сүрген уақыт

А.603-704 В. 552-603 С.704-756 Д.756-940

2.Түрік қағанатындағы билік лауазымы сатысыА. 20 В.30 С.40 Д.10

3.Қағанаттағы билік берілді А.мұрагерлікпен В.сайланды С. Жері көпке Д. Малы көпке

4.Батыс Түрік қағанатының астанасыА.Тараз В.Сайрам С.Суяб Д. Қашқар

5.Байырғы жазу А. түркі В.қыпшақ С. Ұйғыр Д. Соғды

6.Түркі тілдес халықтың негізгі шаруашылығы

А. егін шаруашылығы В.мал шаруашылығы С.темір өндіру Д.аң аулау

ІІ нұсқа

1.Түргеш қағанаты өмір сүрді А.603-704 В. 552-603 С.704-756 Д.756-940

2.Түргеш қағанаты астанасы А.Тараз В.Сайрам С.Суяб Д. Қашқар

3.Мүйізді қаған А.Жыпыр қаған В.Сұлу қаған С.Бумын қаған Д.Елтеріс қаған

4.Қоғамның қатардағы өкілдері А.тархандар В. Малшылар С.әскери адамдар Д.ябғу

5.Ханға берілді А.Аса таяқ В.Мөр С.мал Д. Ерекше бас киім

6. Соғдылар қай тілге жатады А.иран В.қытай С.парсы Д.түркі

ІІІ нұсқа

1. Қарлұқтардың өмір сүрген уақыты

А.603-704 В. 552-603 С.704-756 Д.756-940

2.1210ж Күшілік жаулап алған өңір А.Жетісу В.Тарбағатай С.Түргеш Д.Суяб

3.Түргештер бөлінді

А.1 В.2 С.3 Д.4

4.Мемлекетке бағыныштылық байқалды

А.алым-салық төлеуден В. Амант беруден С.мөрі болудан Д. Әскер беруден

5.Мемлекеттің нышаны

А.мөр-таңба В:үлестік жер С.сатылы жүйе Д.мемлекеттік басқару

6.Атлах шайқасы болған жыл

А.651ж В.751ж С.851ж Д.951ж

Жауабы

І нұсқа

1.А 2А. 3.А 4.А 5.В 6.А

2нұсқа

1.С 2С. 3.А 4.В 5.В 6.А

3 нұсқа

1.Д 2А. 3.В 4.А 5.А 6.В

(тарихшы мұғалім тексеріп бағасын қояды, топ жетекшісіне береді)

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.

Қызығушылығын ояту. «болжам тренингі» ойлан. Түсінік бер

Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі

өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Оқушылар өз болжамдарын жасайды)



 









Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай«Монғолдардың шапқыншылығы және этникалық өзгерістер»

Негізгі ұғымдар:





  • Шыңғыс хан, монғол империясы, жаугершілік саясаты, Орта Азияны жаулап алу, батысқа жорық, халықтар ерлігі, Отырардың күйреуі,шапқыншылық зардаптары, этникалық өзгерістер.

  • Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

ІІ.Негізгі сатысы. Оқы. Сарала. Түсіндір.


Жоспар:

1.Шыңғыс хан.

2.Монғол шапқыншылығы.

3.Этникалық өзгерістер

  • І топ. “Шыңғыс хан” тапсырма:«Топтық зерттеу» стратегиясы бойынша келесі тапсырма беріледі. (ресурстар беріледі)

Тапсырма:

1.Әңгімелеуші - Шыңғыс хан туралы әңгімелейді;

2.Зерттеуші –Шыңғыс хан туралы деректерді, ресурстарды зерттейді;

3.Суретші – тақырыпқа байланысты бейне материалдар жинақтайды, сызады;

4.Ізденуші – мәліметтер мен фактілерді жинақтайды;

5. қортындылаушы– қазіргі замангы ой түйіндейді

  • ІІтоп. “ Монғол империясы”

Балық қаңқасы әдісі

Тапсырма: монғолдардың жаулаушылық саясатын талқыла, түсіндір, қортындыла.






  • ІІІ топ. Ғалым-этнологтар

Тапсырма: Этникалық өзгерістер” Маршруттық карта

«Білім шыңын бағындыр!»

Оқулықты пайдалан

Көршіңмен сұхбаттас

Мұғаліммен кеңес

І тапсырма. Не білдің?

1.ХІІІ ғасырда Монғол империясының құрылуы жөніндегі екі көзқарасты ата?

2.Шыңғыс хан әскерінің құрамы туралы қандай мәлімет білдіңдер?

3.Монғолдардың жаулап алуы кезінде қала,дала халқы неге азайды?

4.Қазақтың жеке тайпаларының халық болып араласуына әсер еткен қандай жағдай?

5.XIV-XVғғ. қазақ жерінде пайда болған мемлекеттерді ата?

6.Қазақстан жеріндегі ең тұрақты тайпаны ата?

7.Көшпелі өзбектерге енген үш үлкен тайпаны ата?

ІІ тапсырма. Сөздікпен жұмыс

Этноним–

Политоним –

Этносаяси қауымдастық-

ІVтоп. Деректанушылар. Монғол империясы туралы қызықты деректер

Тапсырма:

  • А) Монголдардың әскери ісі

  • Б) М.Шаханов “Отырардың күйреуі” рольдік қойылым.

Топ жетекшілері қадағалау, бағалап отыру.

ІІІ.Рефлексия сатысы «Бес саусақ әдісі»












Жаулап алу зардаптары:

200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

Үйге тапсырма:

§ 27. Монғолдардың шапқыншылығы және жаулап алғаннан
кейінгі этникалық үдерістер (ХІІІ-ХVғғ)

7 сынып оқулығы бойынша 15 жабық тест құрастыру

Хронологиямен жұмыс

Сабақты бағалау


Критерий

Дескриптор

Балл

Топтық жұмысқа қатысуы

(максимум 3 балл)

Топтық жұмысқа мүлдем қатыспайды және берілген тапсырмаға немқұрайлық танытады. Топтағы міндеттерін орындамайды.

0 балл

Топтық талқылауларға кейде қатысады. Өз ойын айтуға ықылас білдірмейді. Топтағы міндеттерін жартылай орындайды, мүмкіндігін толық пайдаланбайды.

1 балл

Топтық жұмысқа қатысады. Әр түрлі идеялар ұсынып, проблемаларды талқылауға қатысады. Топтағы міндеттерін жақсы орындайды.

2 балл

Топтық жұмысқа белсенді қатысады. Құнды идеялар ұсынып, топтық жұмыстың табысты орындалуына атсалысады. Топтағы міндеттерін жоғары деңгейде атқарады.

3 балл

















































Моңғол шапқыншылығы.Шыңғысхан 1206 жылы Онон өзені бойындағы киіз туырлықтылардың Ұлы құрылтайында өзін әлем билеушісі деп жариялады. Моңғол мемлекетін құрған кезденақ, жаулап алу саясатына көшті. Шыңғыс әскерлерінің найман мен меркіттерді, Орман жұрты мен Қытайдың бір бөлігін бағындыруы, Шығыс Түркістанның, Қарлұқтардың ханы мен Алмалықтың билеушісінің өз бетімен моңғолдар билігін мойындауына әкелді. Қарақытай мемлекетінің жойылуынан кейін, Шыңғысхан Орталық Азия даласының жалғыз билеушісіне айналды. Шыңғысхан мемлекеті Хорезм шахы мемлекеті шекара аймағына жақындады. Шыңғысхан мен Хорезм шахы Мұхаммедтің арасында соғыс себептері Шыңғысханның жаугершілік әскери стратегиялық саясаты мен тастай берік қатаң әскери-әкімшілік сипатында жатыр. Мүндай жүйе Түрік қағанаты кезінде өмірге келді. Шыңғысхан империясының халқы да ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мың) болып бөлінді. Мұның үстіне экономикалық мүдде, демек, Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында үстап отырудан түсетін олжаны да ескермеуге болмайды.

Бүкіл Орталық Азияны жаулап алу арқылы ол Иран, Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашты. Шыңғысхан әскері Хорезм жорығына әскери жағынан да, дипломатиялық айлашарғылар жолымен де мүқият дайындалды. Алдымен Шыңғысхан Хорезмшахтың шеткі аймағы саналатын Отырар қаласына сауда керуенін жіберді. 1218 жылы моңғол керуені Отырар қаласында опат болады. Отырарды қыпшақтың үран тайпасы билеушісінің үлы Қайыр хан (Иналчук) билеп түрды. Осылайша, моңғол-қыпшақ қатынастары шиеленісті, Шыңғысхан әскерлері үлкен дайындықтардан кейін 1219 жылы ерте көктемде Алтай асып, Ертіс бойына келеді. Шыңғысхан Ертіске келген кезде мүндағы түркітілдес тайпалар (керейіт, жалайыр, қоңырат, найман) леклегімен оның қолына қосылды. Шыңғысхан қолы Ертіске аяқ тіреген кезден бастапақ, Қазақ даласы моңғолдардың Хорезм жорығының майданына айналды. Шыңғысхан Ертістің бойында түрып әртүрлі әскеристратегиялық қадамдар үйымдастырады, соғыс тактикасын жасайды. 1219 жылы тамыз айының соңында Ертістен қозғалған қалың қол Сырдарияға еш бөгетсіз келіп жетті. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысханның екі үлы Шағатай мен Үгедей қолдары Отырарды қоршауға алды.

Шыңғысханның негізгі күші Бұқараға бет алды. Бүл әрекет Самарқанд, Бұқара, Үргеніш жағынан Отырарға келетін жолды жауып тастады. Отырар осылайша моңғолдардың қоршауында қалды. Отырар қорғанысы 1219 жылы қыркүйектің орта кезеңінен 1220 жылы ақпан айының соңына дейін бес айға созылды. Қала билеушісі Қайырхан мен отырарлықтар қаһармандықпен, қасық қаны қалғанша ерлікпен шайқасты. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қалаларды жаулап алу үшін аттанды. Отырардан кейін, Сығанақ халқы 7 күн, 7 түн қарсыласты. Сырдарияның бойымен Жошы әскері Өзкенд, Барқалықкент, Ашнасты бағындырып, Женд, Жаңакент қалаларына қарай аттанады. Осы жерден Ходжентті алу үшін соғысып жатқан моңғол күштеріне ңосылады. 1220 жылдың көктемінде Ходжент қаласын алумен Орталың Азияны жаулап алу жорығының бірінші кезеңі аяқталып, Шыңғысхан әскерлері екінші кезең Самарқанд жорығына кірісті.

Бұқара, Самарқанд,Үргеніш қалаларының тұрғындары мен қаланы қорғаған әскер қажырлы қарсылық көрсетті. Рашид ад-Диннің хабарлауынша, Хорезм мемлекетінің аса бай бас қаласы Самарқандты жаудан қорғау үшін жиырма ұрыс пілі әкелінген екен. Жалпы қаланы 11 мың әскер жан-тәнімен қорғады. «Алынбайтын қамалды» бұзу үшін Шыңғысхан да барлық мүмкіндіктерін қолданып, қамал бұзатын қондырғылар, отты ысқырғыш жебелер, жарылғыш заттар қолданды. Осы жорық кезінде өзендерден өтетін ұзын саны 48 көпір салынған екен. Шыңғысханның үш ұлы Жошы, Үгедей, Шағатай бастаған 50 мың қол 6 ай бойы Үргеніш қаласын ала алмады. Әмударияның ағысын қалаға қарай бұру және барлық әскери-тактикалық амалдарды қолдану арқылы 1221 жылы 5 мамырда Үргеніш қаласы алынды. Жалпы моңғолдар қатты қарсылық көрсеткен қалаларды өртеп, қорғаушыларын, қашанда, адам айтқысыз қаталдықпен жазалап отырды. Он саусағынан өнері тамған шеберлер моңғол астанасына айдап әкетілді. Хорезм жорығы кезінде мұсылмандар саны жағынан артық болғанымен, ұйымшылдықпен табанды қарсылық көрсете алмады. Тек отырарлық Қайыр хан, Жалел ад-Дин (Хорезм билеушісі Мұхаммед шахтың ұлы), ходженттік Темір Мәлік сияқты жекеленген адамдар ғана жанқиярлық ерліктерімен көзге түсті. Мұхаммед шахтың ізіне түскен Жебе, Сүбедей әскерлерін ертіп Жошы да Аралдың солтүстік шығысындағы Қыпшақ далаларына келеді. Бұл күштер Әзірбайжан жерлері арқылы 1220 жылы Кавказға басакөктеп кіріп, аландар мен қыпшақтарды (орыс жылнамаларында половецтер) талқандайды. Хорезм билеушісі Мұхаммедтің ізіне түсіп көзін жоюды желеу етіп, бүкіл Батыс Дешті Қыпшақ жерлерін бағындырады. Қыпшақ елі тұтқиылдан көктен түскендей пайда болған моңголдардың шапқыншылығынан ауыр қырғынға тап болды. Қыпшақтардың бір тобы туған жерін тастап, бассауғалап жан-жаққа тарыдай шашылды. Қалған бөлігі Русь мемлекетімен бас қосып атақты Калка ұрысына орыстар жағында моңғолдармен шайқасты. Калкадағы жеңістен соң, моңғол әскері Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі Қазақстан даласы) арқылы Ертістегі Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Нәтижесінде қаңлы-қыпшақ жері Жошы ұлысының қарамағына қарады. Бұл болашақтағы Батысқа жорықтың бастамасы, барлау дайындығы болатын. Мұсылман жылнамашы Жувейнидің айтуынша, ұшы-қиыры жоқ Қыпшақ даласының табиғаты Жошыға бірден ұнаған. Осылайша, 1219—1224 жылдары моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына қосылды. Дегенмен бұл жердегі қыпшақтармен қақтығыстар кейін де орын алған. Мысалы, араб жазушысы Ибн Васылдың көрсетуінше, «1229—1230 жылдары Батыс Қазақстан аумағында моңғолдар мен қыпшақтар арасында соғыс өрті лаулаған». Әсіресе 1237 жылы қыпшақтар көп қарсыласты. Моңғолдардың қысымына төтеп бере алмағандары Шығыс Еуропаға қашты. Қыпшақтардың бір бөлігі Венгрия корольдығына қызмет етеді. Моңғолдарға тұтқынға түскен қыпшақтар құлдыққа сатылды. Ондай құлдар Египет пен Дели сұлтанатында көп болды. Түркітектес құлдардан құралған Египеттегі мамлюктер гвардиясы, негізінен, қыпшақтардан тұрды. XIII—XIV ғасырларда моңғолдардан қашқан әлем мұсылмандарының бассауғалайтын жері Египет болды. Кейіннен олар араб-мұсылман өркениетін Шығыстағы моңғолдардан, Батыстағы еуропалық крест жорығы шапқыншылығынан сақтап қалды. Қазақстандағы түркі тайпаларының өкілдері —қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар, наймандар, керейттер моңғолдардың жаулап алу жорықтарына қатысты.













Отырардың күйреуі

Автор: ХI-XII ғасырда Отырар қаласы мәдениеті дамыған әсем қала болады. 1218 жылы Отырар қаласының билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтіріледі. Бұл оқиға Шыңғысханның Орта Азияға шабуыл жасауына себеп болды. Тарихта бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. 1219 жылы моңғолдар қаланы қиратып, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетті.
Әуен тоқтап, сахнада Шыңғысхан қаһарланып отыр. Қасында нөкерлері және басын төмен салып Баласы Шағатай тұр.

Шыңғысхан:
-Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау,
Ойы – дауыл,
Сезімі – аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда.
(Шағатайға оқты көзін қадайды).

Шағатай:
- Осы өкініш мені де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған
Болар бәлкім,
Алдырмай тұр сол қамал.
Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,
Қанша үмітім желге ұшты,
Қанша әскерім жер құшты,
Дала жатыр қызыл қанға боялып.
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы - ер, Тәні – бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті.

Шыңғысхан:
- Шалалаусың (жымияды)
...Қай кезде де айла кескен нарықты,
Жақын барып, үңілместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым жеңіс тауына.
Адам аз ба күшке сеніп адасқан?
Жауың мықты,
Бұған сірә, таласпан,
Әр мықтының осал жері болмай ма?
Болса - қайсы?
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ әр кез сенің жүру керек басыңда,
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!

Шағатай: - Ұқтым әке! (басын иеді)

Сахна шетінде 1- автор:
Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар,
Алты - ақ күнде жермен жексен қирады.
Ақыл – ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.

Сахна шетінде 2- автор:
Үш күннен соң екі адамды Шыңғысханға ап келді
Оның бір – аты аңызға айналған,
Алты ай бойы Отырарды
Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,
Аман өткен сан алапат майданнан,
Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Йассауидың жырларын
Таңнан – таңға жатқа айтудан талмайтын,
Әрі өзгеше ел басқару мәнері
Отырардың қайыр атты ханы еді.

1- автор:
Екіншісі –қара мұртты, қара түн,
Қара түнде қаққан қара қанатын.
Шағатайға Отырардың қақпасын
Ашып берген Қарашоқы болатын
Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан,
Түлкі –сайға, қырын өрге тырмысқан,
Екеуіне алма –кезек көз тастап,
Ұзақ үнсіз ойға шомды Шыңғысхан.

Шыңғысхан:
Ия, Қайырхан, (сәл ойланып кідіріс жасайды)
Рух ердің өзегі ғой қайда да,
Ең әрісі –жеңілістің өзін де
Шешкім кеп тұр өзіңнің пайдаңа.
Жігіттерім рухың қармақты
Салмақ болып, тәніңді әбден қорлапты.
Қорлапты әбден
Құлағыңды құнтитып,
Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып.
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә!
Маған қарап күліп тұрсың сонда да.
Олар сенің жеңгенменен тәніңді,
Амал нешік жеңе алмапты жаныңды.
Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой!
Шіркін сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
Бөлеп дархан күйге мені
Бүкіл әлем билер еді!
Аяғымның астында
Ха-ха-ха-ха! Ал мына бір сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап қылды?
Ха-ха-ха-ха!
Қайғылы әрі күлкілі,
Қайран аңқау дара тұлға
Аңғармайсың қанатыңа жасырынған түлкіні!
Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,
Саған қидым бұл сатқынның билігін.
Қарашоқы: (бағанадан бері масаттанып тұрған Қарашоқы мына сөзден кейін шошып кетті)
- Ұлы ханым !
Әділдік пе мұныңыз?
Өле –өлгенше боп өтейін, құлыңыз,
Отырарды мен қол ұшын бермесем,
Онай жаулап алар ме еді ұлыңыз.
Шыңғысхан: (Түнеріп, орнынан тұрады)
Оған дау жоқ
Сенен асқан бар ма тірі өлік?
Қастерлінің бәрін жыққан табанға
Азғын сен бе?
Әлде мына заман ба?
Тым құрыса, қасиетті бір сезім,
Қалу керек емес пе әрбір адамда?
Рас, менің нөкерлерім безбүйрек .
Зұлымдықты ерлік деп те таниды.
Олар тіпті өкшесімен езгілеп,
Кете алады жазығы жоқ сәбиді.
Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі.
Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?
Құлақ түрер кім қалды енді сенің зарыңа?
О дүние сапарына сатқыным,
Сеніп аттан әділдіктің барына.

Шыңғысхан нөкерлеріне қарап, бұйрық береді)
- Қане, қылыш ұстатыңдар,
- Қайсар батыр Қайыр ханның қолына!

Қайыр: - Тоқта, Шыңғыс: (дауысы саңқ етіп)
Бұл баланың әкесі бір нар текті,
Адам еді елге сыйлы, зиялы,
Адам еді адал ұшқыр қиялы.
Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы
Оны ойласам от жүрегім қан болар,
Сеніміме одан түскен таңба бар.
Мақұл көрсең, әкесі бұл сатқынның
Осы араға алдырғаны жөн болар.
(Шыңғысхан нөкерлеріне бұйрық береді)

Шыңғысхан: Алдырыңдар әкесін:
(Қаба сақал қарт кісіні алып келеді)

Қайыр:
Жылан туса жыланнан,
Құлан туса құланнан,
Таңданатын түк те жоқ.
Бірақ жылан қалай туды қыраннан? (басын төмен салып)

Қария:
- Сыйлы басым қуарды,
Жария етіп жалғанымды,
Менің қыран болғанымды,
Заман бүгін өтірікке шығарды.
Әділі сол, көнбе мейлің, көн мейлің.
Әр адымы қиындаған,
Адал өлім бұйырмаған
Менен сорлы жан бар десең сенбеймін
Көрінетін бетім бар ма еліме?
Мына сатқын перзентіме қосақтап,
Өлтіруге міндеттісің мені де!
Азғындақтың соңы бізбен құрысын
Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін.


Шыңғысхан:
Өкінгенмен болмайды,
Ешкімге де берілмейді бас сауға.
Бұйрық еттім түгел қырып тастауға
Отырырда еркек кіндік қалмайды.

Қария: (Қарашоқының әкесі)
- Қателестің қалады,
Жұма бұрын
Шеткі Елші қақпадан Жүзін жалын қақтаған
Мен құтқарып жібердім бір баланы

Қайыр:
-Бәрекелді, (жүзі көтеріліп)
Бұл еңбегің жарады,
Бірақ одан ұрпақ тарап,
Одан ақын туғанша,
Ал, ол ақын ата жолын қуғанша,
Кеудесіне сиғызғанша даланы,
Талай өзен ағып өтер..... (деп үнсіз ойланып, тізерлеп отыра кетеді)

   





Шыңғыс хан және оның ұлдары туралы

Шыңғысхан — «әлемді сілкіндіруші», ұлы қолбасшы және жаулап алушы — кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.

Осыдан 847 жыл бұрын Кіндік Азияда, дәлірек айтсақ, бүгінгі Монғолия Республикасының шығыс солтүстігіндегі Кентей жотасының Дэлүн-болды атты орманды сайдың бір қуысындағы киіз үйде оң қолына қан шеңгелдеп бір бала шар етіп өмірге келді. Ол дүниені дүркіреткен Шыңғыс хан еді

Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды. Бірақ тағдыр оған оң көзімен қарап, қиындықтармен және жоқшылықтармен күресте үлкен тәжірибе жинап, ол барлық қиын-қыстау кезеңнен аман шығады. Жоқшылықтар болашақ қолбасшы мен әміршінің мінез-құлқын нығайтады, оның дүниеге көзқарасын қалыптастырады. өзара күресте барлық қарсыластарын жеңіп, Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге біріктіреді және 1182 жылы оған «Шыңғыс» деген лауазым беріп, тайпа көсемдері оны хан сайлайды. «Шыңғыс» деген сөз «теңіз-мұхит» дегенді білдіреді. Сонымен, «Шыңғысхан» — теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген лауазым.

Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде «ұлы Яседе» бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.















Шыңғыс ханды әлем екі шекте бағалап келді. Біріншісі, қатыгез, қанішер, әлем мәдениетін жермен жексен еткен күнәһар деп бағалады. Екіншісі, талантты әскери қолбасшы, әлем мәдениеті мен өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері деді.
Иә, екеуі де шындық. Шыңғыс хан қақында сөз саптаушылардың біразы бірінші тұжырымның шылауында кетіп, жамандықтың небір пәле-жаласын оның мойнына артып бақты. Қытай, Парс, Араб, Грузия, Армения, Ресей елдері мен батыс еуропа тарихшылары Ұлы қағанды қорқыныш пен үрейдің «қара тажалы» етіп көрсетіп, ондаған том еңбектер жариялап насихаттады.
Ал екінші тұжырымның етегінен ұстағандар оны ақтап-мақтаумен болды. Шыңғыс хан тым күрделі қайраткер. Жоғарыдағы екі тұжырым қатар тұрғанда ғана Шыңғыс ханның нағыз табиғи бейнесін көрсетіп береді. Екеуі де бір парақтың екі беті сияқты болғандықтан екі пікірге де қатар ой жүгіртсек ұлы тұлғаны түсінетін боламыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарих п?ні бойынша саба? жоспары

Автор: Ахбулатова Майра Бериковна

Дата: 13.06.2016

Номер свидетельства: 334287

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі. "
    ["seo_title"] => string(101) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200086"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428727755"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі "
    ["seo_title"] => string(103) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "200106"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428730799"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Со?алар ??рылысы мен ж?мысы "
    ["seo_title"] => string(33) "sok-alar-k-u-rylysy-mien-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "199620"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428599587"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Мыс тас ?асыры"
    ["seo_title"] => string(12) "mystasgasyry"
    ["file_id"] => string(6) "280460"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453380511"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Мыс тас ?асыры"
    ["seo_title"] => string(13) "mystasgasyry1"
    ["file_id"] => string(6) "280461"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453380519"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства