kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғаттағы өзгерістер алғашқы адамдар өміріне қалай әсер етті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен кәсібінің қалыптасуы туралы біледі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғаттағы өзгерістер алғашқы адамдар өміріне қалай әсер етті»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Мектеп: №43ОМ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: К.К.Карабасова


Сынып: 5


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Табиғаттағы өзгерістер алғашқы адамдар өміріне қалай әсер етті

Сабақ мақсаттары


Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен кәсібінің қалыптасуы мен дамуы турады біледі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау


Бағалау

критерийлері









Білу, түсіну дағдысы: терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, өндіруші шаруашылық, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе ұғымдарының кемінде 4-уінің мағыналарын біледі;

Қолдану дағдысы: мұз басу дәуірі кезеңінде және мұз басу дәуірінен кейінгі кезеңдегі суреттерді топтастыруда кемінде 4-уін кезеңіне қарай дұрыс топтастырады және суреттерді топтастыру себептерін түсіндіреді;

Сыни ойлау мен зерттеу дағдысы: тас дәуірінің кезеңдеріндегі адам өмірі мен шаруашылықта болған өзгерістерді бір-бірімен салыстырып, кемінде 4-інің ерекшелігін талдайды;

Синтез дағдысы: Табиғаттағы орын алған өзгерістердің өз кәсіптеріне тигізген тиімді және тиімсіз әсерлерінің кемінде 2-уін анықтап, қоғамдық құрылыс пен еңбек құралдарындағы өзгерістердің кемінде 3-уін талдайды

Тілдік мақсаттар

Қазақстанның тас ғасыры кезеңіндегі табиғи өзгерістер мен өңдеуші кәсіптен өндіруші кәсіпке өтуі туралы тыңдайды, оқиды, әңгімелейді, жазады (тыңдалым, оқылым және жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, өндіруші шаруашылық, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Палеолит кезеңіндегі табиғаттағы өзгерістер

Палеолит кезеңіндегі ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Мезолит кезеңіндегі табиғаттағы өзгерістер …

Мезолит кезеңіндегі ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Неолит кезеңіндегі табиғаттағы өзгерістер …

Неолит кезеңіндегі ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл оқиғалар/өзгерістер адамзат өмірінде маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені

Құндылықтарды дарыту

Адамзаттың алғашқы табыстарына, археологиялық жәдігерлерге құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Бастапқы білім

Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары, еңбек құралдары және зерттеуші археологтар туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

3-мин









2-мин




Сыныпты топқа бөлу

Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу

(Б) Ой шақыру. Бейнематериалмен жұмыс.


БЫМ Мұз басу дәуірі тақырыбындағы бейнематериалдан үзінді көрсетіп, төмендегі сұрақтар қойылады.

  • Не көрдің?

  • Не сездің?

  • Не ойлайсың?

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.


(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.




1-слайд


Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.


Мұз басу дәуірінен

бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=xRTy2pN7mLM

2,3,4-слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі


7-мин














3-мин





6-мин
















5-мин






10-мин





3-мин




3-мин




3-мин















2-сабақ







13 мин













3- мин

3- мин

3- мин







10 мин












(Б) «Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма-№1 «Сәйкестендір»

Жаңа ұғымдармен жұмыс.

(М) Мұғалім жаңа сөздерді: терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, өндіруші шаруашылық, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе ұғымдарын және олардың мағыналарын сынып қабырғаларының әр жеріне іленеді.

Дескрипторлары:

/ Оқушылар жаңа ұғымдар жазылған карточканы тауып, оларды мағыналары сәйкес суреттер бар қарточкалармен сәйкестендіреді/



(Б) «Қолдану» дағдысына негізделген

тапсырма-№2. «Табиғаттағы өзгерістер»

Суреттермен жұмыс.

(Б) Ежелгі Қазақстанның табиғатындағы өзгерістерді көз алдарына елестету үшін оқушыларға суреттер топтамасы ұсынылады. (Суреттер топтамасында: тропиктік климат, мұз басқан континент, мұздардың ери бастауы, өзен-көлдердің көбеюі, жыл мезгілдері, мамонт, мүйізтұмсық, қылыштісті барыс, бизон, үңгір аюы, қоян, бұғы және т.б)

Дескрипторлары:

/Суреттерді оқушылар мұз басу дәуіріне дейін және мұз басу дәуірінен кейінгі кезеңде деп екіге топтастырады.Оқушылар суреттерді топтастыру себептерін түсіндіреді/


(Т) «Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген

тапсырма-№3. «Шаруашылықтағы өзгерістер» Мәтінмен жұмыс.


Зерттеу сұрағы:

  • Мұз басу дәуірі табиғатты қалай өзгертті?

  • Ауа райы күрт суытып, артынан мұздық еріген кезде Қазақстанда қандай өзгерістер орын алды?

(М) Оқушыларға адамның өнімді еңбекке өтуін, жылқы малын қолға үйретуін, терімшіліктің егіншілікке, аңшылықтың мал шаруашылығына ауысуы туралы қысқаша түсінік беріледі.


(Т) Мұз басу дәуірінен кейінгі адамдардың өміріндегі өзгерістер туралы ықшамдалған мәтін таратылады. Әр топ тас дәуірінің әр кезеңіндегі өзгерістерді және табиғаттағы орын алған өзгерістерге байланысты пайда болған кәсіптерді анықтап, талдайды.


Дескрипторлары:

1-топ. Мезолит кезеңін палеолит кезеңімен салыстырып, адам өміріндегі орын алған өзгерістердегі табады (кем дегенде 3 өзгерістерді табады)

2-топ. Неолитті кезеңін палеолит кезеңімен салыстырып, адам өміріндегі орын алған өзгерістерді табады (кем дегенде 3 өзгерістерді табады)

3-топ.Мезолит пен неолиттегі шаруашылықтағы өзгерістің адамзат үшін қандай пайдасы бар екенін анықтайды (кем дегенде 3 дәйек келтіреді)


(Т) Зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін сынып алдында ауызша қорғайды.Топтардың жауабы төмендегі критерийлерге сәйкес бағалау парағына бағаланады.


Топты бағалау критерийлері:

-нақты дәйектермен салыстырмалы талдайды

-өз пікірін еркін жеткізеді

-тайм-менеджмент сақтайды


Топтар қорғау барысында қалған сынып оқушылары дәптерлеріне қажетті ақпаратты жазып алып отырады.


(Т) «Синтез» дағдысына негізделген

тапсырма-№4.

Кілт сөздер арқылы әңгіме құрастыру.


Т Сыныпты «терімшілер мен аңшылар», «малшылар мен егіншілер», «тоқымашылар мен қыш ыдыс жасаушылар» тобына бөлінеді. Кілтті сөздерді басшылыққа ала отырып, «Алғашқы адамдардың өміріндегі өзгерістер» тақырыбында әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі. Қолдануға ұсынылатын кілт сөздер: терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.

Дескрипторлар:

/Табиғаттағы орын алған өзгерістердің өз кәсіптеріне тигізген тиімді және тиімсіз әсерлерінің кемінде 2-уін анықтап, қоғамдық құрылыс пен еңбек құралдарындағы болған өзгерістердің кемінде 3-уін талдайды/

(Т) 1.Кәсібі мен шаруашылығы

2.Еңбек құралдары мен қару-жарақтары

3.Қоғамдық құрылысы


Топтар өздерінің құрған әңгімелер мазмұнын сынып алдында оқиды.Топтардың жауабы критерийлерге сәйкес бағалау парағына бағаланады.


Интерпретация

Рөлдік ойын. «Ыстық отырғыш»

(Ж) Топтың атынан шыққан оқушы «ыстық отырғышқа» отырып, өздерінің кәсіптеріне сәйкес рөльге еніп, кәсіптеріне орай құралдарына және табиғаттағы өзгеріс олардың кәсібіне қалай әсер еткені туралы әңгімелейді.Мәселен, терімші, аңшы, егінші, малшы, тоқымашы, көзеші т.б

«Көрмеде» келесідей заттар (төмендегі заттар сурет түрінде берілуге болады) қойылуы тиіс:

  • Еңбек құралдар;

  • Қару-жарақтар;

  • Ыдыс-аяқтар;

  • «Тас дәуіріндегі табиғат ... » суреттер топтамасы.

Топтың атынан шыққан оқушы көрмедегі «тарихи ескерткіштермен» сыныпты таныстырады.

5, 6-слайд


Таратпа материалдар

Қосымша-1



Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.




Мезолит дәуіріндегі Қазақстан СББР материалдары

http://e-history.kz/kz/scorm/course/136

Қосымша-1


7-слайд


Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.



8-слайд

Қосымша-1



Бейнематериал

«Тас дәуіріндегі Қазақстан»




Т.Садықов, Ә.Төлеубаев,

Ғ.Халидуллин, Б.Сәрсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы. –

Алматы: Мектеп, 2012 ж.




Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев.

–Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».


Қосымша-2


Байпақов К.М.,

Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы. Палеолиттен орта ғасырға дейінгі Қазақстан жеріндегі сәулет ескерткіштері.

- Алматы, 2009 ж.



9-слайд




Қосымша-1




























10-слайд


Сабақтың соңы

Ой-толғау кезеңі


7-мин











6-мин

Бекіту тапсырмасы «Ақиқат/Жалған»

  1. Ерте палеолитте Үнді мұхиты жағынан қатты суық келіп, Қазақстанда қатты суық болған /Жалған/

  2. Палеолит дәуірінде адамдар табиғаттың дайын өнімдерін иемденді /Ақиқат/

  3. Б.з.б.100-80 мың жылдай бұрын Мұз басу дәуірі басталды /Ақиқат/

  4. Терімшіліктен-егіншілік, аңшылықтан-мал шаруашылығы шықты /Ақиқат/

  5. Мезолит дәуірінде ірі аңдар ауланды /Жалған/

  6. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі-өндіруші шаруашылыққа көшу болды /Ақиқат/


Б Рефлексия.

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игерілгенін көрсетеді. Мысалы, «Менің бүгін білгенім» деген тұсқа оқушылар тапсырмаларды толық, түгел түсіндім десе; «Менің бүгін үйренгенім» деген тұсқа оқушылар тапсырмаларды орындауда сөйлем құрап, өз пікірімді ортаға салып және нақты дәйектермен дәлелдеп үйрендім деуі мүмкін; ал «Менің байқағаным» деген тұсқа оқушылар тапсырмаларды орындауда мезолит кезеңінде мұздың еріп, судың көбеюіне байланысты қайық ойлап табылғанын байқадым деп жауап берсе, «Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді» деген тұсқа Қазақстандық археологтардың мезолит кезеңіндегі зерттеулері туралы білгім келеді деп жауап беруі мүмкін.

Үлгі:

-Менің бүгін білгенім...

-Менің бүгін үйренгенім...

-Менің байқағаным...

-Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді...



11-слайд



Қосымша-1













12-слайд

Қосымша-2


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Табиғаттағы өзгерістер алғашқы адамдар өміріне қалай әсер етті

Автор: Карабасова Камажай Кулжигитовна

Дата: 25.10.2017

Номер свидетельства: 434572

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Урок на тему:"Жетім" "
    ["seo_title"] => string(21) "urok-na-tiemu-zhietim"
    ["file_id"] => string(6) "136795"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417186995"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Сындарлы о?ытуды? тарих п?нін о?ытуда?ы ма?ыздылы?ы"
    ["seo_title"] => string(46) "syndarlyokytudyntarikhpninokytudagymanyzdylygy"
    ["file_id"] => string(6) "331622"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464689652"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""?аза?станны? жеті кереметі " "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-stannyn-zhieti-kieriemieti"
    ["file_id"] => string(6) "227171"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1440617421"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства